Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10958 тіркелді

Қолданыстағы

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің      
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 391 бұйрығымен   
бекітілген      

Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық
тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен
мазмұнына қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-12) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
      2) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы – энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
      3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектордың субъектілері;
      4) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
      5) энергетикалық ресурстар – қордағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);
      6) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну;
      7) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
      8) энергия үнемдеу аймағы – энергия ресурстарын тұтынатын және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілері болып табылатын технологиялық процестің, жабдықтың және оның қамтамасыз ету жүйесінің негізгі және қосалқы бөлігі, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың сапа менеджменті жүйесінің іс-шаралары.

2. Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік
энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу
және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар

      3. Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) осы Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді және оның бекітілген мерзімін көрсете отырып, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысымен бекітіледі.
      4. Іс-шаралар жоспарына толықтырулар мен (немесе) өзгерістер оны бекіту және қайта бекіту мерзімін көрсету арқылы Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысымен бекітіледі.
      5. Іс-шаралар жоспары шартты түрде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру объектілеріне, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдық іс-шараларына, сондай-ақ өнім, үйлер, ғимараттар мен құрылыстар алаңы бірлігіне энергия ресурстарын және суды тұтыну көлемдерін төмендету бойынша талаптарға сәйкес келетін энергия үнемдеу аймақтарына бөлінген.
      6. Іс-шаралар жоспарының әрбір ұстанымына, сондай-ақ энергия ресурсының түріне код және реттік нөмір беріледі. Іс-шара коды іс-шара мен энергетикалық ресурс түрінің қысқартылған атауын білдіреді.
      7. Іс-шаралардың орындалу мерзімін Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері өздігінен белгілейді.
      8. Әрбір энергия үнемдеу аймағы бойынша және жалпы бүкіл Іс-шаралар жоспары бойынша іс-шараларды іске асыруға жоспарлан шығыстардың қорытынды мәндері анықталады.
      9. Іс-шаралар жоспары осы Талаптарға қосымшаға сәйкес 1-кесте мен 2-кестеден тұрады.
      10. Іс-шаралар жоспарының 1-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) 1-кестенің 1-бағаны (Код және нөмір) – энергия үнемдеу аймағының қысқартылған атауы түріндегі іс-шара коды және іс-шараның екі немесе үш саннан тұратын реттік нөмірі;
      2) 1-кестенің 2-бағаны (Іс-шаралар) – іс-шараның сөздер мен атаулардың қысқаруынсыз толық атауы;
      3) 1-кестенің 3, 4, 5, 6, 7-бағандары (Орындалу мерзімі, жыл) – іс-шараның жылдың күні мен айын білдіретін, цифрлар түріндегі орындалу мерзімі (мысалы 09.04). Орындалу мерзімі көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады. Жыл ішінде бірнеше орындалу мерзімін белгілеуге жол берілмейді;
      4) 1-кестенің 8, 9, 10, 11, 12-бағандары (Жоспарлан шығыстар) – жоспарлан қаржы шығыстары миллион теңгемен көрсетіледі. Жоспарлан шығыстар көрсетілмейтін бағандарда сызықша (–) қойылады;
      5) 1-кестенің 13-бағаны (Орындалу туралы белгі) – осы іс-шараның орындалуын растайтын құжаттар бойынша деректер. Растайтын құжаттар көшірмесі Іс-шаралар жоспарына қосымшалар болып табылады. Егер іс-шара бірнеше жұмыстар негізінде немесе бірнеше ұйымдардың қатыстырылуымен орындалса, онда әрбір растайтын құжат бойынша деректер көрсетіледі.
      11. Іс-шаралар жоспарының 2-кестесі мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) 2-кестенің 1 және 2-бағандары (Код және реттік нөмір, энергетикалық ресурс атауы) – толтырылмайды;
      2) 2-кестенің 3, 4, 5, 6, 7-бағандары (Энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтудың жоспарланған көлемі) – 2-кестенің 2-бағанында көрсетілген және бүтін санды білдіретін үтірден кейінгі 3 саны бар (мысалы, 3,721) цифр түріндегі энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарланған азайтудың өлшем бірліктеріндегі көлемі. Энергетикалық ресурстарды тұтынуды азайтудың жоспарлан көлемі әр жылға көрсетілуі тиіс;
      3) 2-кестенің 8, 9, 10, 11, 12-бағандары (Жоспарлан үнемдеу, млн. теңге) – энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарлан азайтудан 2-кестенің (3, 4, 5, 6, 7-бағандары) ақшалай баламадағы жоспарланған үнемдеу (миллион теңге);
      4) 2-кестенің 13-бағаны (Барынша жоғары қуаттың ықтимал төмендеуі) – барынша жоғары қуаттың ықтимал төмендеуі электр энергиясына (кВт), жылу энергиясына (Гкалл*сағ) және судың жұмсалуына (м3/сағ) жатады;
      5) 2-кестенің 14-бағаны (Орындалу туралы белгі) – қорытындының нөмірі мен күні және Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі атауы көрсетілген энергия аудиті қорытындысы бойынша деректер.
      12. Іс-шаралар жоспарының электрондық түрі Microsoft Excel кестелік редакторында жасалады.

Энергия аудитінің қорытындысы  
бойынша Мемлекеттік энергетикалық
тізілім субъектісі әзірлейтін, 
энергия үнемдеу және энергия  
тиімділігін арттыру жөніндегі 
іс-шаралар жоспарының нысаны мен
мазмұнына қойылатын талаптарға 
қосымша             

Нысан

Бекітемін
____________________ _____________________
бірінші басшының лауазымы ұйымның қысқартылған атауы
___________ ______________________________
қолы                     Т.А.Ә.А.              
20__ жылғы «___» _________________________
(бекіту мерзімі)    
(20 __ жылғы «___» ______________________)
(қайта бекіту мерзімі)      

М.О.

1-кесте

___________________________________________________________
ұйымның толық атауы

20__ - 20__ жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Код және нөмір

Іс-шаралар
 
 

Орындалу мерзімі, жыл

Жоспарланған шығыстар, млн. теңге

Орындалу туралы белгі

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Энергия үнемдеу аймағы: Электрмен жабдықтау және жарықтандыру

ЭЖжЖ.01













ЭЖжЖ.02













ЭЖжЖ.03













...













Жиыны:









----

Барлығы

----

Энергия үнемдеу аймағы: Жылумен жабдықтау және жылыту

ЖЖжЖ.01













ЖЖжЖ.02













ЖЖжЖ.03













...













Жиыны:









----

Барлығы

----

Энергия үнемдеу аймағы: Желдету, салқындату, ылғалдандыру

ЖСЫ.01













ЖСЫ.02













ЖСЫ.03













...













Жиыны:









----

Барлығы

----

Энергия үнемдеу аймағы: Сумен қамтамасыз ету және су бұру

СС.01













СС.02













СС.03













...













Жиыны:









----

Барлығы

----

Энергия үнемдеу аймағы: Технологиялық құрал-жабдық

TҚ.01













TҚ.02













TҚ.03













...













Жиыны:









----

Барлығы

----

Энергия үнемдеу аймағы: Есепке алу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер

ЕҚ.01













ЕҚ.02













ЕҚ.03













...













Жиыны:









----

Барлығы

----

Энергия үнемдеу аймағы: Энергия менеджменті

ЭМ.01













ЭМ.02













ЭМ.03













...













Жиыны:









----

Барлығы

----

Энергия үнемдеу аймағы: Персоналды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

ҚБА.01













ҚБА.02













ҚБА.03













...













Жиыны:









----

Барлығы

----

Жоспар бойынша жиыны









----

Жоспар бойынша барлығы

----

2-кесте

Код және нөмір

Энергетикалық ресурс атауы

Энергетикалық ресурстарды тұтынуды жоспарланған азайту көлемі

Жоспарланған үнемдеу, млн. теңге

Барынша жоғары қуаттың ықтимал төмендеуі

Орындалуы туралы белгі

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

20__

13

14

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Өнім/аумақ бірлігіне энергия ресурстарын тұтыну көлемдерін төмендету

ҚО.01

Қатты отын (тонна)











-


Газ.02

Газ (м3)











-


СО.03

Сұйық отын (тонна)











-


ЭЭ.04

Электр энергиясы (кВт*сағ)














ЖЭ.05

Жылу энергиясы (ГКалл)













С.06

Су (м3)













Жиыны:











-

-

Барлығы




-

      Келісілді:       Әзірлеушілер:

      Ескертпе:
      1. Іс-шаралар кодының мағынасы:
      1) ЭЖжЖ. – электрмен жабдықтау және жарықтандыру;
      2) ЖЖжЖ. – жылумен жабдықтау және жылыту;
      3) ЖСЫ. – желдету, салқындату, ылғалдандыру;
      4) СС. – сумен қамтамасыз ету және су бұру;
      5) ТҚ. – технологиялық құрал-жабдық;
      6) ЕА. – Есепке алу және бақылау аспаптары мен құралдары, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер;
      7) ЭM. – энергия менеджменті;
      8) ҚБА. – қайта даярлау және біліктілікті арттыру;
      9) ҚО. – қатты отын;
      10) Газ. – газ;
      11) СО. – сұйық отын;
      12) ЭЭ. – электр энергиясы;
      13) ЖЭ. – жылу энергиясы;
      14) С. – су.
      2. 2-кестенің 13-бағанында өлшем бірлігі электр энергиясы үшін кВт, жылу энергиясы үшін Гкалл*сағ және су үшін м3/сағ болады.