"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 192-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
2. "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 422 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 336 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 26 шілдеде № 7086 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д. Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 213 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 247 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту
пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 192-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде тұлғаларға, көлік құралдарына және бақылауға жататын тауарларға (жүктерге) қатысты санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру тәртібін (бұдан әрі - Қағида) айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпаратпен алмасу – осы Қағидаға сәйкес жүктелген функцияларды орындау барысында алынған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ МКК) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - ҚР ҰЭМ ТҚҚК) арасында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары шеңберіндегі мәліметтерді беру рәсімі;
2) бақылауға жататын тауарлар – Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын, адамға қауіп төндіретін тауарлар, химиялық, биологиялық және радиоактивті заттар, қалдықтар және өзге де жүктер, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы және Кеден одағының кедендік аумағына жылжыйтын тамақ өнімдері, материалдар және бұйымдар;
3) межелі кеден органы – қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің басқа органы;
4) санитариялық-карантиндік бақылау – Кеден одағының кедендік аумағына жұқпалы, паразитарлық ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына ықтимал қауіпті заттарды және өнімдерді кіргізуге жол бермеу мақсатында жүргізілетін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы адамдар мен тауарларды (жүктерді) өткізу кезінде тауарлардың (жүктердің) санитариялық-эпидемиологиялық және адамдардың денсаулық жағдайына бақылау.
3. Кеден одағының кедендік аумағы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарын жабдықтау мен техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгі талаптарына сәйкес келетін жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.
4. Лауазымды тұлғалар, санитариялық-карантиндік бақылау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде өз қызметінде "Кеден одағында санитарлық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімін, Қазақстан Республикасының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын басшылыққа алады.
2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту
пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру
тәртібі және МКК мен ТҚҚК аумақтық органдарының өзара іс-қимылы
5. Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғалары көлік құралдарына, контейнерлерге, бақылауға жататын тауарларға (жүктерге), олар Кеден одағының кедендік аумағына (аумағынан) келген (кеткен) кезде санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу шеңберінде:
1) Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін көлік құралдарын, контейнерлерді көзбен қарап тексеруді, автокөлік жүргізушілеріне сауалнаманы;
2) көлік құралдарын, контейнерлерді, оның ішінде инфекцияны тасушылар мен инфекцияны жұқтырғыштардың бар болуына (жәндіктер, тірі және өлген кеміргіштердің немесе олардың болуының ізі) санитарлық тексеріп қарауды;
3) автомобильмен өту пункті басшысының шешімі бойынша инфекцияны жұқтырғыштар мен тасушылары бар болған жағдайда (жәндіктер, тірі және өлген кеміргіштердің немесе олардың болуының ізі) көлік құралдарын, контейнерлерді санитариялық тұраққа жеткізуді;
4) дезинфекциялық, дезинсекциялық және (немесе) дератизациялық іс-шаралардың жүргізуін ұйымдастыруды;
5) нарықта санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – Бірыңғай санитариялық талаптар) және (немесе) жаңадан қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың Техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтін тауарлардың айналымына жол бермеу мақсатында КОК шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және кедендік аумағында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға бірыңғай тізбеге (бұдан әрі – Тауарлардың бірыңғай тізбесі) сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасындағы автомобильмен өту пункттерінде бақылауға жататын тауарларға санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды;
6) оларға қатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің қаулысымен әкелуге және ҚР ҰЭМ ТҚҚК-ға бақылау нәтижелері бойынша ақпаратты ұсынуға шектеулері бар өнімдерді (тауарларды) әкелуге санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
7) автомобильмен өту пункттерінде Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға дене қызуын қашықтықтан өлшеуге арналған жабдықтың көмегімен санитариялық-карантиндік бақылау ұйымдастыруды жүзеге асырады.
6. Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын ҚР ҚМ МКК мен ҚР ҰЭМ ТҚҚК аумақтық бөлімшелері науқасты немесе инфекциялық аурумен (паразитарлық) ауырады деп күдік тудырған адамды көлік құралында және (немесе) өткізу пунктінде анықтаған жағдайда бірлескен жариялау схемасын және жедел өзара іс-қимыл жоспарын бекітеді.
7. ҚР ҚМ МКК аумақтық бөлімшелерінің автомобильмен өту пункттерінің лауазымды тұлғалары және ҚР ҰЭМ ТҚҚК-ның аумақтық бөлімшелері мынадай жағдайларда:
1) ауру адамды немесе инфекциялық (паразитарлық) аурумен ауырады деп күдік тудырған адамды анықтаған кезде осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде өзара іс-қимылдың технологиялық схемасына (бұдан әрі – Технологиялық схема) сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы (алдыни алу) іс-шараларды уақтылы өткізу үшін;
2) адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті бақылаудағы тауарларды (жүктерді) әкелу қауіпі болған кезде;
3) Кеден одағына мүше мемлекеттерде және басқа мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде;
4) консультативтік және әдістемелік көмек көрсету қажет болған жағдайда өзара іс-қимылда болады.
8. ҚР ҰЭМ ТҚҚК-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының арналары арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу туралы ақпаратпен алмасу ұйымдастырылады.
9. Инфекциялық және паразитарлық ауруларды, сондай-ақ адам өмірі үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдерді (тауарларды) әкелудің нақты қауіпі туындаған жағдайларда, ҚР ҰЭМ ТҚҚК ҚР ҚМ МКК-ға инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды әкелудің (уланудың) және таралудың, адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті өнімдерді (тауарларды) әкелуден алдын алуға бағытталған тиісті шаралар (бұдан әрі – профилактикалық шаралар) қабылдау қажеттілігі туралы хабарлайды.
ҚР ҚМ МКК алынған ақпаратты ҚР ҚМ МКК-ның аумақтық бөлімшелеріне профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру үшін жолдайды.
Санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары автомобильмен өту пункттерінде ҚР ҰЭМ ТҚҚК аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп Кеден одағының кедендік шекарасына санитариялық күзетуді қамтамасыз ету үшін талап етілетін профилактикалық іс-шараларды жүргізеді.
10. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде тиісті санитариялық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында ҚР ҰЭМ ТҚҚК:
1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде тұрған аудандарда және шекаралас аумақтарда, адамдардың инфекциялық аурулары пайда болған ошақтары туралы, сондай-ақ шекаралас аумақтарда, сол немесе өзге өнімдердің ластанғаны немесе инфекцияланғаны туралы ақпаратты алу кезінде қабылдануы қажет шаралар, сондай-ақ эпидемиологиялық қауіптің жойылғаны туралы уақтылы хабарлайды;
2) ҚР ҚМ МКК-ны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитариялық бас дәрігер қаулысының күшін тоқтату немесе жою туралы уақтылы ақпараттандырады.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде тиісті санитариялық-карантиндік бақылауды тиісті жүргізу мақсатында ҚР ҚМ МКК:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ай сайын ҚР ҰЭМ ТҚҚК-ға мәліметтерді ұсынады;
2) санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының КОК шешіміне сәйкес санитариялық-карантиндік бақылау бойынша есепке алу құжаттамасының жүргізілуін қамтамасыз етеді;
3) КОК шешімімен бекітілген нысан бойынша, сондай-ақ Кеден одағының сыртқы шекарасындағы автомобильмен өту пункттері бөлігінде жиынтық ақпаратты ҚР ҰЭМ ТҚҚК-ға ұсынуды қамтамасыз етеді;
4) ауру адамды немесе Технологиялық схемаға сәйкес аумақтың санитариялық күзеті бойынша іс-шаралардың өткізілуін талап ететін аурумен ауырады деп күдік тудырған адамды анықтаған кезде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде ҚР ҰЭМ ТҚҚК мен ҚР ҚМ МКК аумақтық бөлімшелерінің жедел өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасына 1-қосымша |
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту
пункттерінде өзара іс-қимылдың технологиялық схемасы
1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары науқасты немесе инфекциялық аурумен (паразитарлық) ауырады деп күдік тудырған адамды анықтаған кездегі әрекеті:
1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер органының автомобильмен өту пунктінің басшысын Кеден одағының кедендік аумағына келген адамдардың аурумен ауыратынына күдігі туралы хабарлайды;
2) жариялау схемасына сәйкес санитариялық күзет бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуді талап ететін аурулардың жағдайлары туралы ТҚҚК аумақтық бөлімшелеріне хабарландыру;
3) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы аумақтық мемлекеттік кірістер органының автомобильмен өту пункті басшысының шешімі бойынша көлік құралын санитариялық алаңға орналастыруды ұйымдастырады;
4) көлік құралы бойынша өткізуді және жүргізушінің, жолаушылардың шығуын, багаждың, жүктердің түсуін тоқтата тұру;
5) шекаралық және кедендік бақылау жүргізуді тоқтата тұру;
6) эпидемиологияға қарсы іс-шаралардың өткізілуі аяқталғанға дейін көлік құралының және ондағы адамдардың күзетін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
7) науқасты немесе инфекциялық аурумен (паразитарлық) ауырады деп күдік тудырған адамды анықтау орны бойынша немесе одан әрі емдеу-профилактикалық көмек көрсетумен айналысатын мекемеге (ұйымға) ауру диагнозын жоюға қажетті мерзімге, ол расталған кезде толық емделгенге дейін емдеуге жатқызуды ұйымдастырумен уақытша оқшаулауға арналған үй-жайға дереу уақытша оқшаулау;
8) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларына шұғыл жеке профилактиканы жүргізеді;
9) ҚР ҰЭМ ТҚҚК аумақтық бөлімшелеріне және Емдеу-алдын алу мекемелеріне (бұдан әрі - ЕПМ) шұғыл хабарлау және шақыртуды ұйымдастырады;
10) дезинфекцияны, жәндіктер немесе кеміргіштер анықталған кезде – көлік құралдардың, жүктердің және багаждың дератизациясын, дезинсекциясын ұйымдастырады;
11) шетел азаматтары емделуге жатқызудан бас тартқан жағдайда одан кейінгі шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
12) Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін көлік құралындағы адамда ауру анықталған, не аурулардың қоздырғыштарымен ластануына күдігі бар жүкті тапқан жағдайда мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы басқа елдің азаматтарының (науқас және олармен байланыста болған адамдардың) кіруіне, транзитпен өтуіне, не өз аумағына бақылауға жататын тауарларды (өнімдерді) әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды;
13) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтарды анықтаған кезде, сондай-ақ инфекциялық аурулардың және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулардың) нақты туындау және таралу қаупі кезінде Өткізу пункттерін мониторингтеудің өңірлік басқармасына (бұдан әрі - ӨПМӨБ) дереу хабарлайды.
2. Көлік құралдарына және жеке тұлғаларға санитариялық-карантиндік бақылау, сондай-ақ қажеттілік болған кезде санитариялық-эпидемиологияға қарсы іс-шаралар аяқталғанда, өз функцияларын жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттік бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына кіруге болады.
3. Кеден одағының кедендік шекарасындағы өткізу пункттеріне санитариялық күзет бойынша іс-шаралар өткізуді талап ететін аурудан қайтыс болған көлік құралы келген кезде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
аумақтың санитариялық күзет бойынша іс-шаралар өткізуді талап ететін аурулардың оқиғалары туралы жариялау схемасын, және санитариялық-эпидемиологияға қарсы іс-шаралардың жедел жоспарын қолданады;
жариялау схемасына сәйкес тасымалдаудың ерекше шарттарын сақтай отырып, мәйітханадан мәйітті алуды және тасымалдауды ұйымдастыру үшін тиісті қызметке хабардар етеді;
осы Технологиялық схеманың 1-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүргізеді.
4. ҚР ҰЭМ ТҚҚК аумақтық бөлімшелерінің әрекеті:
1) аурудың эпидемиялық ошағы туындауының себептері мен жағдайларын белгілеу, сондай-ақ науқаспен байланыста болған және (немесе) ауруға (залалдану) күдігі бар адамдарды анықтау мақсатымен эпидемиологиялық тергеу жүргізеді;
2) келу немесе оқшаулау сәтінен бастап аурудың инкубациялық кезеңі ішінде жолаушыларды, көлік құралының жүргізушілерін, өткізу пункттерінің мемлекеттік бақылау органдарының лауазымды тұлғаларын қоса алғанда, науқаспен байланыста болған адамдарға медициналық қадағалауды анықтайды, оқшаулайды және (немесе) ұйымдастырады. Оқшаулау және қадағалау диагнозды алған жағдайда жойылуы мүмкін;
3) науқаспен байланыста болған адамдарды кейіннен көлік құралынан уақытша изоляторға эвакуациялау үшін сауалнама жүргізеді;
4) зертханалық зерттеулер жүргізу үшін науқастардан (аурумен ауыратын күдігі бар) және науқастармен (көрсеткіштер бойынша) байланыста болған адамдардан биологиялық материалдардың алуын ұйымдастырады;
5) кеміргіштердің өліктері анықталған кезде зерттеу үшін зертханаға іріктеуді және жеткізуді жүргізеді;
6) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасының бұзушылықтарын анықтаған кезде, сондай-ақ инфекциялық аурулардың және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланулар) нақты туындау және таралу қаупі кезінде, санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға жасаған зерттеу актісінің негізінде Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органының немесе оның аумақтық бөлімшенің басшысы (оның орынбасары) 24 сағаттан кешіктірмей жауапты тұлғаларға белгіленген мерзімде оны міндетті орындауы үшін:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы анықталған заңнаманың бұзушылықтарын жою туралы;
инфекциялық аурулармен ауырған науқастармен байланыста болған адамдарға зертханалық зерттеу және мұндай тұлғаларға медициналық қадағалау жүргізу туралы;
жаппай инфекциялық емес ауруларды (улануларды) тудыртуы мүмкін бақылауға жататын тауарлардың бағалауын жүргізу туралы;
қосымша санитариялық-эпидемиологияға қарсы (алдын алу) іс-шараларды жүргізу туралы;
өткізу пунктіндегі көлік құралына дезинфекция, дезинсекция және дератизация бойынша жұмыстар жүргізу туралы ұйғарымдарды береді.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасына 2-қосымша |
ҚР ҰЭМ ТҚҚК-ға ҚР ҚМ МКК ұсынатын мәліметтер
1. Жөнелтуші кеден органының атауы.
2. Кеден бекетінде декларацияланған күні.
3. Көлік құралының нөмірі.
4. Өткізудің түрі (импорт).
5. Межелі кеден органының атауы.
6. Тауарларды жөнелтуші елдің атауы.
7. Тауарды жөнелтушінің атауы.
8. Одақ елдері тауарларының межелі ел атауы.
9. Тауарларды алушының атауы.
10. Жүк тауарларының салмағы.
11. Тауарлар орындарының саны.
12. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды.
13. Тауардың сипаттамасы.