Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 336 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 422 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 шілдеде № 7086 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 213 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 247 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 26.03.2015 № 213 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 26.03.2015 № 247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 192-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (С.Н. Баймағанбетов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзімізге қалдырамыз.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі            Қаржы министрі
      _______ С. Қайырбекова               ___________Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2011 жылғы 29 маусымдағы 
№ 336 және         
      Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2011 жылғы 27 маусымдағы 
№ 422 бірлескен бұйрығымен
бекітілген         

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру қағидасы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 192-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларға, көлік құралдарына және бақылауға жататын тауарларға (жүктерге) қатысты санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру тәртібін (бұдан әрі - Қағида) айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақпаратпен алмасу – осы Қағидаға сәйкес жүктелген функцияларды орындау барысында алынған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚР ҚМ КБК) мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - ҚР ДСМ МСЭҚК) арасында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары шеңберіндегі мәліметтерді беру рәсімі;
      2) бірлескен тексеріп қарау актісі - бақылаушы органдардың өткізу пункттері арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты санитарлық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында жүзеге асырылған, тауарлар мен көлік құралдарына тексеруді жүргізгенін растайтын құжат;
      3) межелі кеден органы – қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтайтын кеден органы және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттің өзге де кеден органы;
      4) санитарлық-карантиндік бақылау - тұлғаларға, көлік құралдарына және бақылауға жататын тауарларға (жүктерге) қатысты, өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жүргізетін және инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды (улануды) әкелудің және таралудың, аумақты санитарлық қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуді талап ететін адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті өнімдерді (тауарларды) әкелудің алдын алуға бағытталған мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) түрі;
      5) кедендік тексеріп қарау – кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды салынған кедендік пломбаларын немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын бұза отырып ашуға, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеуге және өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзуға байланысты іс-әрекеттері;
      6) кедендік тексеру – кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларын не дыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды салынған кедендік пломбаларын немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын бұза отырып ашуға, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін бөлшектеуге және өзге де тәсілдермен бүтіндігін бұзуға байланысты іс-әрекеттері.
      3. Автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау санитарлық-карантиндік бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті ғимараттарды, үй-жайлар мен құжаттарын жабдықтау мен техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгі талаптарына сәйкес келетін жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Санитарлық-карантиндік бақылау функцияларын орындайтын лауазымды адамдар, өз қызметінде "Кеден одағында санитарлық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімін, Қазақстан Республикасының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын басшылыққа алады.

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылдар

      5. ҚР ҚМ КБК-ның және ҚР ДСМ МСЭҚК-ның аумақтық бөлімшелері мынадай жағдайларда:
      1) ауру адамды немесе инфекциялық және паразитарлық аурумен ауырады деп күдік тудырған адамды анықтаған кезде;
      2) адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті бақылаудағы тауарларды (жүктерді) әкелу қауіпі болған кезде;
      3) кеден одағына мүше мемлекеттерде және басқа мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде;
      4) консультативтік және әдістемелік көмек көрсету қажет болған жағдайда өзара іс-қимыл жасайды.
      6. ҚР ДСМ МСЭҚК және ҚР ҚМ КБК-ның аумақтық бөлімшелері науқасты немесе инфекциялық аурумен ауырады деп күдік тудырған адамды көлік құралында және (немесе) өткізу пунктінде анықтаған жағдайда бірлескен жариялау схемасы және жедел өзара іс-қимылдың жоспарын бекітеді.
      7. Кеден органының лауазымды тұлғалары көлік құралында инфекциялық және (немесе) паразиттік ауру белгілері бар адамды анықтаған кезде, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары келгенге дейін мынадай санитарлық-эпидемиологияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізеді:
      1) ҚР ДСМ МСЭҚК аумақтық бөлімшелеріне шұғыл хабарлайды;
      2) өткізу пункті әкімшілігінің шешімі бойынша көлік құралын санитарлық алаңға жеткізуді ұйымдастырады;
      3) көлік құралы бойынша экипаж мүшелерінің, жолаушылардың өтуін және шығуын, багаждың, жүктердің түсіруін тоқтата тұрады;
      4) көлік құралында шекаралық, кедендік бақылауды жүргізуді тоқтата тұрады;
      5) эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу аяқталғанға дейін көлік құралын және ондағы бар адамдарды күзетуді ұйымдастырады;
      6) науқасты денсаулық ұйымына кейіннен орналастыра отырып, оны өткізу пунктінің оқшаулағышына жедел уақытша оқшаулауды ұйымдастырады;
      7) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға шұғыл жеке профилактиканы жүргізеді;
      8) науқаспен байланыста болған адамдарға сауал жүргізу және обсервациялау, және одан әрі оларды медициналық көрсеткіштер бойынша денсаулық сақтау ұйымына емделуге жатқызу;
      9) инфекциялық және (немесе) паразиттік ауру белгілерімен немесе инфекциялық және (немесе) паразиттік аурумен ауырады деп күдік тудырған науқас анықталған көлік құралдарына дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастырады.
      8. Кеден органының лауазымды тұлғалары көлік құралдарына, контейнерлерге, бақылауға жататын тауарларға (жүктерге), олар кеден одағының кедендік аумағына (аумағынан) келген (кеткен) кезде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу щеңберінде:
      1) Кеден одағының кедендік шекарасынан кесіп өтетін көлік құралдарын, контейнерлерді көзбен қарап тексеруді, автокөлік жүргізушілеріне сауалнаманы;
      2) көлік құралдарын, контейнерлерді, оның ішінде инфекцияны тасушылар мен инфекцияны жұқтырғыштардың бар болуына (жәндіктер, тірі және өлген кеміргіштердің немесе олардың болуының ізі) санитарлық тексеріп қарауды;
      3) өткізу пункті әкімшілігінің шешімі бойынша инфекцияны жұқтырғыштар мен тасушылары бар болған жағдайда (жәндіктер, тірі және өлген кеміргіштердің немесе олардың болуының ізі) бар көлік құралдарын, контейнерлерді санитарлық тұраққа жеткізуді;
      4) дезинфекциялық, дезинсекциялық және (немесе) дератизациялық шараларды жүргізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      9. ҚР ДСМ МСЭҚК-пен өзара іс-қимыл жасау мақсатында, ҚР ҚМ КБК Мемлекеттік органдардың Бірыңғай көліктік жүйесінің арналары арқылы өткізу пункттерінде бақылауды жүргізу туралы ақпаратпен алмасуды ұйымдастырады.
      10. ҚР ҚМ КБК-ның ақпаратты қабылдау, бақылау және бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің клиенттік қосымшасымен жабдықталған арнайы бөлінген орындарында (бұдан әрі - ЖБО) ҚР ҚМ КБК-мен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ҚР ДСМ МСЭҚК жауапты лауазымды тұлғалары орналасады.
      11. ҚР ҚМ КБК-дағы ҚР ДСМ МСЭҚК-нің жауапты тұлғаларының жұмыс кестесін (бұдан әрі - ҚР ҚМ КБК-ғы ҚР ДСМ МСЭҚК-нің операторлары) ҚР ДСМ МСЭҚК-нің бірінші басшысы бекітеді.
      12. Өткізу пункттерінен ақпарат ҚР ДСМ МСЭҚК-ның ҚР ҚМ КБК-дағы операторларына құзыреттілігі бойынша өткізу пункттері кеден органдарының лауазымды тұлғалары өткізілетін тауарлар (жүктер) мен көлік құралдарына қатысты жасаған іс-қимылдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарының талаптарына сәйкестігін бағалау және осы тауарлар (жүктер) мен көлік құралдарына қатысты одан әрі іс-қимылдар туралы шешім қабылдау үшін уәкілеттігі бойынша келіп түседі.
      13. ҚР ҚМ КБК-ғы ҚР ДСМ МСЭҚК-нің операторлары ақпаратты алған сәттен бастап екі сағаттан кешіктірмей Жедел басқару орталығының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЖБО АЖ) тексеру рәсімін аяқтайды.
      14. Өткізу пункттері арқылы өткізілетін жеке тауарлар (жүктер) бойынша неғұрлым толығырақ тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, ҚР ҚМ КБК-ғы ҚР ДСМ МСЭҚК-нің операторлары осы тауарларға (жүктерге) қатысты қабылдануы қажет шараларды айқындайды. Бұл үшін ЖБО-дағы ҚР ДСМ МСЭҚК-нің жауапты тұлғасы ЖБО АЖ-ны қолдана отырып межелі кеден органына хабарлайды.
      15. Өткізу пунктіндегі ҚР ДСМ МСЭҚК-ның, ҚР ҚМ КБК-ның аумақтық бөлімшелерінің мамандары ҚР ҚМ КБК-да қызметті жүзеге асыратын ҚР ДСМ МСЭҚК-нің лауазымды тұлғасы айқындаған, осы тауарларға (жүктерге) қатысты шараларды қабылдайды.
      16. Инфекциялық және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам өмірі үшін ықтималды қауіпті заттар мен өнімдерді (тауарларды) әкелудің нақты қауіпі туындаған жағдайларда, ҚР ДСМ МСЭҚК ҚР ҚМ КБК-ға инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды әкелудің (уланудың) және таралудың, адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті өнімдерді (тауарларды) әкелуден алдын алуға бағытталған тиісті шара (бұдан әрі – профилактикалық шаралар) қолдану қажеттілігі туралы хабарлайды.
      ҚР ҚМ КБК алынған ақпаратты ҚР ҚМ КБК-ның аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – кеден органдары) профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру үшін жолдайды.
      Кеден органдары ҚР ДСМ МСЭҚК аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитарлық күзетуді қамтамасыз ету үшін талап етілетін профилактикалық іс-шараларды бірлесіп жүргізеді.
      Санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту үшін кеден органдары ҚР ДСМ МСЭҚК-ның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін тұлғалар мен көлік құралдарын, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін бақылаудағы тауарлар (жүктер) мен көлік құралдарын, мемлекеттік санитарлық-карантиндік бақылау, оның ішінде тұлғаларды кедендік тексеру, тауарларды (жүктерді) және көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау мен бақылаудағы тауарлардың (жүктердің) сынамаларын алу бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асырады.
      Тауарлар мен көлік құралдарына бірлесіп тексеру жүргізген кезде Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 10 қазандағы № 47, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 217, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2002 жылғы 23 қазандағы № 353-І, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 34, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 3 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде бақылаушы органдардың өзара іс-қимылдары және оларды үйлестіру жөніндегі нұсқаулығының (бұдан әрі - Нұсқаулық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2174 болып тіркелген) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бірлесіп тексеру актісі (бұдан әрі - Акт) жасалады. Актіні тіркеу Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тауарлар мен көлік құралдарын бірлесіп тексеру актілерін тіркеу журналында жүргізіледі.
      17. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және өткізу пункттерінде тиісті санитарлық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында ҚР ДСМ МСЭҚК:
      1) санитарлық-карантиндік бақылауға жататын өнімдерді әкелуге берілген рұқсаттар бойынша, сондай-ақ санитарлық-карантиндік бақылауға жататын өнімдерді әкелуге қайта тіркелген, тоқтатыла тұрған және кері қайтарылған рұқсаттар бойынша ҚР ҚМ КБК-ға ақпарат ұсынады;
      2) өткізу пункттері тұрған аудандарда және шекаралас аумақтарда, адамдардың инфекциялық аурулары пайда болған ошақтары туралы, сондай-ақ шекаралас аумақтарда, сол немесе өзге өнімдердің ластанғаны немесе инфекцияланғаны туралы ақпаратты алу кезінде қабылдануы қажет шаралар, сондай-ақ эпидемиологиялық қауіптің жойылғаны туралы мәліметтерді уақытылы ұсынады;
      3) ҚР ҚМ КБК-ның жазбаша сұрау салуы бойынша ҚР ДСМ МСЭҚК аумақтық бөлімшелерінің мамандарын автомобиль өткізу пункттеріне тұлғаларға қатысты санитарлық- карантиндік бақылауды жүзеге асыру үшін жібереді.
      18. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және өткізу пункттерінде тиісті санитарлық-карантиндік бақылауды жүргізу мақсатында ҚР ҚМ КБК:
      1) өткізу пункттерімен қатар, сондай-ақ ЖБО-да бақылаушы органдар лауазымды тұлғаларының іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      2) ҚР ДСМ МСЭҚК-ға осы Қағиданың қосымшасына сәйкес ЖБО АЖ-дан мәліметтерді ұсынады;
      3) ЖБО-дан клиенттік ұсыныспен ақпартты қабылдау, бақылау және берудің автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған жұмыс орнын бөледі.
      4) ЖБО-да өз қызметін өткізу пункттерін және байланыс арналарын қолдауды жүзеге асыратын бақылаушы органдардың ақпаратымен электрондық алмасу жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді;
      5) ҚР ДСМ МСЭҚК-ға инфекциялық және (немесе) паразиттік ауру белгілері бар тұлғаларға қатысты Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру үшін ҚР ДСМ МСЭҚК аумақтық бөлімшелерінің мамандарын тарту туралы жазбаша сұрау салуды жолдайды.

Кеден одағының кедендік  
шекарасы арқылы автомобиль
өткізу пункттерінде      
санитарлық-карантиндік   
бақылауды жүзеге асыру   
қағидасына қосымша       

ҚР ДСМ МСЭҚК-ға ҚР ҚМ КБК ұсынатын мәліметтер

      1. Кедендік бақылау департаментінің/кеденнің атауы.
      2. Жөнелтуші кеден органының атауы.
      3. Кеден бекетінде ресімделген күні.
      4. Құжаттың түрі.
      5. Транзиттік декларацияның/ХЖТ нөмірі (Халықаралық жол тасымалдау кітабы).
      6. Көлік құралының нөмірі.
      7. Өткізудің түрі.
      8. Кедендік бақылау департаментінің/кеденнің атауы.
      9. Межелі кеден органының атауы.
      10. Тауарларды жөнелтуші елдің атауы.
      11. Тауарларды жөнелтушінің мекенжайы.
      12. Тауарды жөнелтушінің атауы.
      13. Тауардың межелі елінің атауы.
      14. Тауарды алушының мекенжайы.
      15. Тауарды алушының атауы.
      16. Тауардың салмағы.
      17. Тауарлар орындарының саны.
      18. СЭҚ ТН бойынша тауардың коды (Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасы).
      19. Тауардың сипаттамасы.
      20. ҚР ДСМ МСЭҚК операторының ескертпесі.
      21. ҚР ДСМ МСЭҚК операторының ескертпесін енгізу күні.
      22. ҚР ДСМ МСЭҚК операторының ескертпесін енгізу уақыты.
      23. ҚР ДСМ МСЭҚК операторының Т.А.Ә.
      24. ҚР ДСМ МСЭҚК операторының ескертпесі бойынша қабылданған шаралар.