Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10890 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны бекітілсін.
      2. «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 246-ө бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8648 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-04/287 бұйрығына
1-қосымша        

Үлгілік нысан

_________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы)

20___ жылға арналған аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары

Р/с №

Іс-шаралар атауы

Оның ішінде тоқсандар бойынша

Жиыны

1

2

3

4

1. Аңшылық алқаптарды қорғау

1.

Аңшылық алқаптарды қорғау жөніндегі іс-шаралар өткізу (километр/мың теңге)






2.

Аншлагтар, паннолар, трафареттер, маңдайшалар орнату және жаңарту (дана)






3.

Жануарлар дүниесіне жанашырлықпен қарау идеяларын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, буклеттер шығару, сұхбат) (дана)






4.

Қорықшылық қызметті арнайы киіммен, жанар-жағармай материалдарымен, қызметтік қарумен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету (дана/теңге)






2. Жабайы жануарларды есепке алу

5.

Жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алуды жүргізу (километр (гектар)/мың теңге)






3. Өсімін молайту іс-шаралары

6.

Тұз жалау орындарын жасау және жаңарту (дана)






7.

Тұз сатып алу және орналастыру (килограмм)






8.

Қосымша қоректендіру алаңқайларын жабдықтау (дана)






9.

Жем астауларын жасау және орнату (дана)






10.

Бұдан бұрын орнатылған жем астауларын жөндеу (дана)






11.

Шөп дайындау және салу (тонна)






12.

Астық қалдықтарын дайындау және шашу (килограмм)






13.

Жемшөп танаптарына тұқым себу (гектар)






14.

Жасанды су айдындарын құру (дана)






15.

Қоректік шөптер өсіру (гектар)






16.

Жануарлар дүниесі объектілерін жерсіндіру, жануардың түрі (дана)






17

Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда өсіру, жануардың түрі (дана)






4. Аңшылық шаруашылығы іс-шаралары

18.

Шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруды жүргізу (гектар/мың теңге)






19.

Кордондар салу, жолдарды жөндеу, техника сатып алу (дана /километр)






20.

Қасқырларды, қаңғыбас иттерді ату (дана)






21.

Тиісті аймақтың ветеринариялық қызметтерімен жабайы етқоректі жануарлардың құтыру ауруына қарсы алдын-ала иммунитеттеу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізу (қорек арқылы иммунитеттеу үшін брикет-қармақжемдерін тарату дана/гектар)






5. Пайдалану іс-шаралары

22.

Дарақтарға спорттық-әуесқой аңшылықты (кәсіпшілік аңшылық) ұйымдастыру және өткізу (мың теңге)






Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-04/287 бұйрығына
2-қосымша       

Үлгілік нысан

_____________________________________________
(балық шаруашылығы субъектісінің атауы)

20__- 20__ жылдарға арналған балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспары

Р/с №

Іс-шаралар атауы

Оның ішінде жылдар бойынша

Жиыны

Аяқталу нысаны

20_





Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін кәсіптік балық аулауды жүргізу үшін бекіту кезінде

1. Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту іс-шаралар*

1.1

Мекендейтін табиғи ортасына балық *жіберу(мың дана)





Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері

1.2

Балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу мыналарды қамтиды:
1) қатты өсімдіктерді шабу (гектар);
2) түп тереңдету жұмыстарын жүргізу (метр3);
3) шабақтар мен ересек балықтарды бөлініп кеткен су айдындарынан құтқару (дана).





Аумақтық органға растайтын құжаттармен бірге іс-шаралардың орындалғаны туралы есеп беру (орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы)

1.3

Балықтың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, кескіндеме ою жүргізу (дана)





2. Ғылыми жұмыстар

2.1

Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жай-күйін зерттеулер мыналарды қамтиды:
1) балық ресурстары және басқа да су жануарларын алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемiн анықтау;
2) балық аулау тәртібі бойынша ұсынымдар (мың теңге);
3) өсімін молайту бойынша ұсынымдар** (мың теңге);
4) балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу бойынша ұсынымдар** (мың теңге).





Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы (қажет жағдайда биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары)













3. Аулау және өңдеу базаларын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар

3.1

Балық және басқа да су жануарларының өнімдерін өңдеу бойынша технологиялық жабдықтарды сатып алу, монтаждау және (немесе) жаңарту (мың теңге)





Сатып алу-сату шарты, орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

3.2

Арнайы жабдықтарды, көлікті, жүзу құралдары мен аулау жарақтарын сатып алу және (немесе) жөндеу (мың теңге)

4. Балық ресурстарымен және басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар

4.1

Қорықшылық қызметін құру, оларды арнайы киім, айырым белгілері мен су автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, қызметтік қарумен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету (мың теңге)





Шарттар, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

4.2

Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау іс-шараларын жүргізу және идеясын бұхаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны)





Мақалалар, эфирлік анықтамалар

4.3

Аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін, трансферттерді және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана)





Орындалған жұмыстар актілері

5. Балық шаруашылығы іс-шаралары

5.1

Жағалаудағы іргелес белдеуді санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес орнату (километр2)





Орындалған жұмыстар актілері

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін әуесқой (спорттық) балық аулау жүргізу үшін бекіту кезінде

1. Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі іс-шаралар*

1.1

Мекендейтін табиғи ортасына балық жіберу**(мың дана)





Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері

1.2

Балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу мыналарды қамтиды:
1) қатты өсімдіктерді шабу (гектар);
2) түп тереңдету жұмыстарын жүргізу (метр3);
3) шабақтар мен ересек балықтарды бөлініп кеткен су айдындарынан құтқару (дана).





Аумақтық органға растайтын құжаттармен бірге іс-шаралардың орындалғаны туралы есеп беру (орындалған жұмыстардың актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы)

1.3

Балықтың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, кескіндеме ою жүргізу (дана)





2. Балық ресурстарымен және басқа да жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар

2.1

Қорықшылық қызметін құру, оларды арнайы киім, айырым белгілері мен су автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, қызметтік қарумен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету (мың теңге)





Шарттар, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

2.2

Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау іс-шараларын жүргізу және идеясын бұхаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны)





Мақалалар, эфирлік анықтамалар

2.3

Аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін, трансферттірді және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана)





Орындалған жұмыстар актілері

3. Балық шаруашылығы іс-шаралары

3.1

Жағалаудағы іргелес белдеуді санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес орнату (километр2)





Орындалған жұмыстар актілері

3.2

Әуесқой (спорттық) балық аулау құрал-саймандарын жалға беру және жолдама беруді қоса алғанда (дана) Азаматтарды қабылдау және оларға қызметтер көрсетуге арналған тиісті базаны (лагерді) салу және орналастыру мен құрылысы ***





Ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

3.3

Әуесқой (спорттық) балық аулауға арналған су көліктерінің және автокөліктердің тұрақ орындарын ұйымдастыру (мың теңге)





4. Ресурсты зерттеулер жүргізу

4.1

Су қоймада балық ресурстарын және мекен ететін ортасын жылсайынғы ғылыми зерттулерін өткізу, оған қоса әуесқой (спорттық) балық аулауды тұтынуға арналған балық ресурстарын алып қою квотасын есептегенде (мың теңге)





Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, қызмет көрсеткені үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

4.2

Әуесқой (спорттық) балық аулау су қоймасының және/немесе учаскесінің өткізу қуатын анықтау (мың теңге)





4.3

Әуесқой (спорттық) балық аулауға арналған жыл сайынғы іс-шараларды анықтау





Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін көл-тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін бекіту кезінде

1.

Ихтиофаунаны жетілдіруге бағытталған балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу мыналарды қамтиды:
1) суқойманы балықтандыру және балық отырғызу материалдарын сатып алу (мың дана);
2) қатты өсімдіктерді шабу (гектар);
3) түп тереңдетету жұмыстарын жүргізу (метр3).





Балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері, орындалған жұмыстар актілері

2.

Балықтың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, кескіндеме ою жүргізу (дана)





3.

Ихтиофаунаның жағдайына зерттеу жүргізу мыналарды қамтиды (мың теңге):
1) балық ресурстарының және басқа да жануарларының жалпы және кәсіптік қоры;***
2) өсімін молайту бойынша ұсынымдар;
3) балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу бойынша ұсынымдар;
4) балық ресурстарының және мекен ететін ортасының санитарлы-эпидемиологиялық жағдайын анықтау.***





Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы (қажет жағдайда биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары)

4.

Балық өсіру – мелиорациялық техниканы сатып алу (мың теңге)





Шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

5.

Қорықшылық қызметшілердің болуы (мың теңге)





6.

Жағалаудағы іргелес белдеуді санитариялық және өзге де нормаларға сәйкес орнату (километр2) ****





Орындалған жұмыстар актілері

4. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін бекіту кезінде

1.

Балық өсіру үшін шарбақтарды сатып алу (мың теңге)





Шарт, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

2.

Жағалау инфроқұрылымын жасауға арналған шығын (мың теңге)





3.

Балық отырғызу материалын алу (мың дана)





Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері

4.

Балыққа жем сатып алу (мың теңге)





Сатып алу-сату шарты, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

5.

Шарбақтарды күзетуді ұйымдастыру (мың теңге)





6.

Ғылыми зерттеулерге арналған шығын (мың теңге)*****





Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы (қажет жағдайда биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары)

7.

Шарбақтық шаруашылығын жүргізуді қамтамасыз ету үшін техника сатып алу, тауарлы балықты тасмалдау (мың теңге)





Сатып алу-сату шарты, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, атқарылған жұмыс туралы актілері

8.

Штат жұмысшыларының ақысы (мың теңге)





Еңбек шарты, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

      Ескертпе:
      * - балық ресурстарын қайта өндіру шаралары, ащы-тұзды су қоймаларынан басқа барлық су қоймаларында жүргізіледі.
      ** - балық шаруашылығы ғылыми ұйымдарының ұсынысы бойынша.
      ***- бірінші жыл
      ****- екінші жыл
      *****- қажет болған жағдайда (пайдаланушылардың қарауына байланысты)