Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жерді бағалаудың экологиялық критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 19 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 27 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 наурыз
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілген
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері
1. Қоныстану аумақтары жерінің экологиялық жай-күйінің критерийлері
Корсеткіштер |
Экологиялық |
Төтенше экологиялық |
Салыстырмалы |
Негізгі көрсеткіштер |
|||
Экспозициялық дозасының топырақтың үстіңгі қабатынан 1 метр (бұдан әрі – м) деңгейдегі қуаты, сағатқа микрозиверт (бұдан әрі - мкЗВ/сағ) |
400-ден астам |
200-400 |
кемінде 200 |
Радиоактивті ластану, шаршы шақырымға кюри (бұдан әрі - Кu/км2) цезий-137 |
40-тан астам |
15-40 |
20-ға дейін |
стронций-90 |
3-тен астам |
1-3 |
кемінде 1 |
плутоний |
1-ден астам |
1-0,1 |
кемінде 0,1 |
Химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші (бұдан әрі - Zс) |
128-ден астам |
32-128 |
16-32 |
Қосымша көрсеткіштер |
|||
1 килограммда (бұдан әрі - кг) топырақта гельминттер жұмыртқаларының болуы |
100-ден астам |
11-100 |
1-10 |
1 граммда (бұдан әрі - г) топырақтағы патогенді микроорганизмдердің саны |
10-6 -дан астам |
105-10-6 |
жоқ |
*Коли-титр |
0,001-ден астам |
0,001-0,0001 |
1,0-0,01 |
*Ескертпе - топырақ үшін коли-титр - грамында топырақтың 1 ішек таяқшасы болатын ең аз массасы.
2. Тозған топырақ пен жерді анықтауға арналған диагностикалық критерийлер
1. Жердің бұзылуы.
Бұзылған жердің диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
- жер бедерінің морфометрикалық сипаттамасы:
- салыстырмалы түрде табиғи жер бетінің тереңдігі немесе биіктігі (м);
- жер кертпешінің еңістік бұрышы (градус);
- жердің литологиялық құрылысының бұзылуы:
- 0-30 см және 0-100 см қабатта органогендік қабат пен қарашірінді қорының қуаты бойынша құнарлы қабат пен әлеуетті құнарлы жыныстың болуы;
- жер бетінің бөтен үйінділермен жабылуы;
жер беті және жер асты суларының сипаттамасы:
- жер асты суының деңгейі (м);
- сулардың минералдануы (г/л);
- су жайылуының ұзақтығы (ай).
2. Физикалық (егіншілік) азып-тозу.
Физикалық азып-тозу мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланады:
- гранулометриялық құрамы;
- жыртылатын (қарашірінді) топырақ қабатының біркелкі тығыздығы, г/см3
- текстуралық (агрегатішілік) кеуектілік, см3/г;
- тұрақты құрылымдық (жарылып кеткенін есептемегенде, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г;
топырақтың жыртылатын (қарашірінді) қабатының құрылымы:
- агрономиялық тұрғыдан бағалы және суға төзімді агрегаттардың болуы;
- құрылымдық бөліктердің жай-күйі мен қасиеттері;
топырақтың су-физикалық параметрлері:
- су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік);
- негізгі гидрологиялық константтары (ВЗ, НВ) және аэрацияның кеуектілігі;
- бөртуі.
3. Аграрлық тозу.
Топырақтың мынадай теңгерімділік сипаттамалары (органикалық заттар, қоректік элементтер, катионды-анионды құрамы) аграрлық тозудың диагностикалық критерийлері болып табылады:
- топырақ бейініндегі қарашірінді қорының кемуі (А+В) бастапқы мөлшерден %;
- бастапқы рН мөлшерден рН%;
- физикалық батпақтың кемуі (%);
- қарашіріндінің сапалық құрамы;
- негізгі қоректендіру элементтерінің жалпы қорының азаюы;
- қоректендіру элементтерінің қозғалмалы нысандарымен өсімдіктердің қамтамасыз етілуі;
- катиондық алмасу сыйымдылығы, топырақтың негіздермен толығу дәрежесі, сіңірілген негіздердің құрамы.
Аграрлық құнарсызданудың қосымша критерийлері мыналар болып табылады:
- лайлы фракцияның минералогиялық құрамы;
- белсенді микробтық биомасса деңгейінің төмендеуі (есе саны);
- фитоуыттылығы;
- топырақ ферментациялық белсенділігінің төмендеуі;
- топырақ мезофаунасының биомассасы;
- биологиялық әртүрліліктің азаюы (Симпсон индексі, нормадан %);
- шымтезектің түзілуі (мм/жыл).
4. Эрозия.
Эрозияны бағалау үшін статикалық немесе динамикалық критерийлер пайдаланылады, мұның соңғысы топырақ бетінің де ландшафтың да жай-күйін көрсетуі мүмкін.
4.1. Су эрозиясы.
1) Жазықтық эрозиясы
Жазықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
- топырақ бейіні қуатының азаюы, (А+В) %;
- топырақ бейінінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), сол ортадағының %;
- топырақтың үстіңгі көкжиегінің гранулометриялық құрамының өзгеруі;
- топырақ массасының жоғалуы, т/га/жыл;
- ашық қалған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төселіп жатқан жыныстың (D) көлемі, жалпы көлемнің %-ы;
- эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %;
Қосымша қритерийлер мыналар болып табылады:
- қарашірінді (жыртылатын жер) көкжиек (см) қуаттың кемуі;
- құнарлы заттар қорының кемуі;
- шаю жылдамдығы;
- жер бетінің еңістігі және эрозиялық үдерістер дамуының қауіптілігі.
2) Сызықтық эрозия
Сызықтық эрозияның диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
- аумақтың жыралармен бөлінуі (км/км2);
- жер бетіне қатысты алғанда су шайып кеткен орлардың тереңдігі, см.;
- топырақ массасының жоғалуы (т/га/жыл);
- жаңа жыралардың пайда болуы және барларының өсуі.
Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:
- жыраның тереңдігі;
- алаңының бірлігіне келетін жыра саны;
- алаңының бірлігіне келетін жыралардың жалпы алаңы;
- жыралардың су жинау алаңының кейбір сипаттамалары.
4.2. Жел эрозиясы.
Санамаланғаннан басқа жел эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
- құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см.;
- жер пайдаланудан шығып қалған алқаптардың алаңы (табиғи алқаптарда өсімдіктер өспей қалған), жалпы алаңының %;
- жайылымдық өсімдіктердің проективті жауып қалуы, аймақтық алаңының %;
- азып-тозған жайылымдар алаңының өсу жылдамдығы, жылына %;
- қозғалмалы құм алаңы, жалпы алаңының %;
- қозғалмалы құм алаңының артуы, жылына %;
Қосымша параметрлердің арасында мынадай критерийлер пайдаланылады:
- дефляцияның үдемелілігі немесе дефляцияның жылдамдығы;
- «А+В қарашірінді шегі қуатының кемуі»;
- гранулометриялық құрамның жеңілдеуі;
- шөп қалыңдығы мен егістің сиреу дәрежесі.
5. Тұздану.
Тұздану дәрежесінің негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
- үстіңгі құнарлы қабаттағы уытты тұздардың құрамы (%);
- уытты сілтіліктің ұлғаюы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г. топыраққа;
- тұздалған жер алаңының артуы, жылына %;
- ортаның реакциясы (тұз және су сығындысындағы рН).
Қосымша критерийлер ретінде жер асты суларының деңгейі мен минералдануы туралы деректер пайдаланылады.
6. Сортаңдану.
Сортаңданудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
- алмасатын натрий құрамының артуы (катионды алмасу сыйымдылығынан (КАС) %-бен);
- алмасатын магний құрамының артуы (КАС) %-бен);
- ортаның реакциясы (рН).
Топырақтың физикалық қасиеттері және әсіресе топырақ құрылымының сортаңдануының қосымша критерийлері болып табылады.
7. Батпақтану.
Диагностикалық критерийлер мыналар болып табылады:
- топырақ суларының деңгейін көтеру, м;
- су жайылуының ұзақтығы (ай);
- топырақ суларының минералдануы (г/дм3);
Қосымша бейіннің (гидроморфизм белгілері) морфологиялық құрылысының сипаттамалары пайдаланылуы мүмкін.
3. Топырақ және жердің тозу дәрежесін белгілеу критерийлері
Көрсеткіштер |
Тозу деңгейі |
||||
(өте |
(әлсіз) |
(орташа) |
(көте |
(жоғары) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Абиотикалық үйіндінің қуаты, см |
<2 |
2-10 |
11-20 |
21-40 |
>40 |
Беткі қабатына қатысты (тұтастығы бұзылмаған) ойылу тереңдігі (см) |
<20 |
20-40 |
41-100 |
101-200 |
>200 |
Физикалық саз өлшерінің шамаға азаюы, бастапқыдан %* |
<5 |
5-15 |
16-25 |
26-32 |
>32 |
Топырақтың жыртылатын қабаты тұтастығының тең салмақты тығыздығының артуы, бастапқы мөлшерден %* |
<10 |
10-20 |
21-30 |
31-40 |
>40 |
Тұрақты құрылымдық (жарылуды есепке алмағанда, агрегатаралық) кеуектілік, см3/г |
>0,2 |
0,11-0,2 |
0,06-0,1 |
0,02-0,05 |
<0,02 |
Текстуралық кеуектілік (агрегатішілік), см3/г |
>0,3 |
0,26-0,3 |
0,2-0,25 |
0,17-0,19 |
<0,17 |
Сүзу коэффиценті, м/тәулік |
>1,0 |
0,3-1,0 |
0,1-0,3 |
0,01-0,1 |
<0,01 |
Тастақтылығы, жамылғының %-ы |
<5 |
5-15 |
16-35 |
36-70 |
>70 |
Топырақтық бейіні қуатының төмендеуі (А+В), бастапқыдан %* |
<3 |
3-25 |
26-50 |
41-60 |
>60 |
Топырақ бейінінде қарашірінді шегі қуатының азаюы (А+В), бастапқыдан %* |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-60 |
>60 |
Микроэлементтер (Мn, Со, Мо, В, Сu, Ғе, Zn) құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Жылжымалы фосфор құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Алмасатын калий құрамының азаюы, қамтамасыз етілуінің орташа дәрежесінен % |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Топырақ ортасындағы РН-тың өзгеруі, орташа көрсеткіштен % |
<10 |
10-15 |
16-20 |
21-25 |
>25 |
Топырақ массасының шығыны т/га/жыл |
<5 |
5-25 |
26-100 |
101-200 |
>200 |
Ашылған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төсеме жыныстың (D) алаңы, жалпы алаңнан % |
0-2 |
3-5 |
6-10 |
11-25 |
>25 |
Эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына % |
<0,5 |
0,5-1,0 |
1,1-2,0 |
2,1-5,0 |
>5,0 |
Беткі қабатқа қатысты шайылу және су қазуының тереңдігі, см |
<20 |
20-40 |
41-100 |
101-200 |
>200 |
Аумақтың жыралармен бөлінуі, км/км2 |
<0,1 |
0,1-0,3 |
0,4-0,7 |
0,8-2,5 |
>2,5 |
Құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см |
<2 |
2-10 |
11-20 |
21-40 |
>40 |
Жерді пайдаланудан шығарылған табиғи алқаптардың алаңы (өсімдік өспеген), жалпы алаңнан % |
<10 |
10-30 |
31-50 |
51-70 |
>70 |
Жайылымдық өсімдіктің жобалық жамылғысы, аймақтықтан % |
>90 |
71-90 |
51-70 |
11-50 |
<10 |
Тозған жайылымдар алаңының ұлғаю жылдамдығы, жылына % |
<0,25 |
0,25-1,0 |
1,1-3,0 |
3,1-5,0 |
>5 |
Жылжымалы құмдар алаңы, жалпы алаңнан % |
0-2 |
3-5 |
6-15 |
16-25 |
>25 |
Жылжымалы құмдар алаңының ұлғаюы, жылына % |
<0,25 |
0,25-1,0 |
1,1-2,0 |
2,1-4,0 |
>4 |
Жоғарғы құнарлы қабаттағы уытты тұздар сомасының құрамы (%): |
<01 |
0,1-0,2 |
0,21-0,3 |
0,31-0,5 |
>0,5 |
- тұзданудың сульфатты, хлоридті-сульфатты типі кезінде |
<0,3 |
0,3-0,6 |
0,61-1,0 |
1,1-2,0 |
>2,0 |
- тұзданудың хлоридті, сульфатты-хлоридті типі кезінде |
<0,2 |
0,2-0,5 |
0,51-0,7 |
0,71-1,0 |
>1,0 |
- тұзданудың содалы, хлоридті-содалы, сульфатты-содалы, содалы-сульфатты, содалы-хлоридті типі кезінде |
<0,1 |
0,1-0,4 |
0,41-0,6 |
0,61-0,8 |
>0,8 |
- тұзданудың басқа түрлері үшін |
<0,1 |
0,25 |
0,26-0,5 |
0,51-0,8 |
>0,8 |
Уытты сілтіліктің артуы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г топыраққа |
<0,7 |
0,7-1,0 |
1,1-1,6 |
1,7-2,0 |
>2,0 |
Тұзданған топырақ алаңының артуы, жылына % |
0-0,5 |
0,5-1,0 |
1,1-2,0 |
2,1-5,0 |
>5,0 |
Алмасу натрий құрамының артуы (КАС-тан %-бен): |
<1 <5 |
1-3 -10 |
3-7 10-15 |
7-10 5-20 |
>10 >20 |
Алмасатын магний құрамының артуы (КАС-тан %) |
<40 |
40-50 |
51-60 |
61-70 |
>70 |
3 г/дм3, м дейін минералданумен жер асты сулары деңгейінің жиналу тереңдігі, м |
<1,0 |
0,81-1,0 |
0,61-0,80 |
0,30-0,60 |
>0,30-0,60 |
- жартылай шөлейтті, шөлейтті аймақтарда |
<3 |
3,0-2,0 |
1,99-1,5 |
1,49-1,0 |
>1,0 |
- далалық аймақта |
>4 |
3,1-4,0 |
2,1-3,0 |
1,0-2,0 |
<1,0 |
Минералданған (>3 г/л) жер астындағы сулар деңгейінің жату тереңдігі, м |
>7 |
5-7 |
5-3 |
3-2 |
<2 |
Су басу ұзақтығы (беткі ылғалдану), ай |
<3 |
3-6 |
6-12 |
12-18 |
>18 |
*Ескертпе - бастапқы ретінде жұтаңданбаған ұқсас жердің жай-күйі (нөлдік жұтаңдану дәрежесі) қабылданады.