РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 № 154 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а.
_________________ М. Құсайынов
2015 жылғы 27 наурыз
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 211 бұйрығымен бекітілген |
Мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің
қалыптасуы және оның жұмыс істеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің қалыптасуы және жұмыс істеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін қалыптастыру және жұмыс істеу (бұдан әрі – Жүйе) тәртібін айқындайды.
2. Жүйе мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеу, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдері туралы ақпаратты автоматты түрде жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға арналған.
3. Осы Қағидада қолданылатын ұғымдар Заң анықтамасынан алынған.
2. Жүйенің қалыптасу тәртібі
4. Мұнайды өндіру және оның айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – Субьектілер) мұнайды, оның ішінде газ конденсатын және табиғи конденсатын және табиғи газын өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның шығыны, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету туралы ақпаратты есепке алу жүйесінде бар көлемдерге аудит өткізіп және ықпалдасу мүмкіндіктеріне баға беру үшін Жүйе операторына береді (бұдан әрі – Субъектілердің ішкі жүйесі).
5. Жүйені қалыптастыру және оны өнеркәсіптік қолданысқа енгізу бойынша іс-шараларын өткізу үшін мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі уәкілетті орган) құрамына уәкілетті органның, Жүйе операторының және өзге мүдделі тұлғалар кіретін жұмыс тобын құрады.
Жүйені өнеркәсіптік қолданысқа қабылдау кезеңінде жұмыс тобының құрамына ақпараттындыру саласындағы өкілетті органның өкілдері енгізіледі.
6. Жұмыс тобы өз бетімен немесе өзге ұйымдардан кеңесшілер және (немесе) сарапшылар тарту арқылы:
1) ішкі жүйесі бар субъектілердің талдауын жасау графигін әзірлейді;
2) ішкі жүйесі бар субъектілердің талдауын жасайды;
3) ішкі жүйесі бар субъектілерді ықпалдастыру және Жүйені қалыптастыру алгоритімін жасайды;
4) Жүйеге ықпалдастыру мақсатында әр Субъектіге ішкі жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды;
5) ішкі жүйесі бар Субъектіні Жүйеге ықпалдастыру графигін жасайды;
6) ішкі жүйелері сынақтық қолдану кезеңінде ықпалдастырылатын Субъектілер тізімін айқындайды.
7. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізуден бұрын жұмыс тобы келесі іс-шараларды өткізеді:
1) Жүйенің және субъектілердің ықпалдастырылған ішкі жүйелерінің өзара ақпараттық іс-қимылын байқаудан өткізу;
2) сынақтық пайдалану нәтижесіне талдау жасап, қажеттілік болса – өзара ақпараттық іс-қимыл шеңберінде әзірленген сервистерді пысықтау;
3) қосылатын сервистегі ақпараттық сұраныстың қарқынына баға беру, жүктемелік тестілеу;
4) Жүйені алдын ала сынақтан өткізу.
8. Жүйені өнеркәсіптік қолданысқа енгізу осы ереженің 7-тармағында аталып өткен өткізілген іс-шаралардың оң нәтижесі негізінде жүзеге асырады.
9. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін Жүйе операторы сынақтық пайдалану кезеңінде ықпалдастырылмаған Субъектілердің ішкі жүйелерін ықпалдастыруды жүзеге асырады.
10. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізгеннен кейін Субъектілер ішкі жүйелермен Жүйенің өзара ақпараттық іс-қимылының жұмыс істеу тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
3. Жүйенің жұмыс істеу тәртібі
11. Жүйеге жаңа ақпаратты қосу және (немесе) Жүйедегі ақпаратқа өзгеріс енгізу Жүйенің дерекқорына жаңа ақпараттық жазбалар жасау жолымен жүзеге асырылады.
12. Өзара ақпараттық іс-қимыл процесінде мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеу, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдері туралы ақпарат Жүйеге берілуге жатады.
13. Мемлекеттік құпия, комерциялық құпия немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпия ақпараттардан өзге Жүйедегі ақпараттар жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады (бұдан әрі - жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат).
14. Жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты қалыптастыру және тарату мақсатында Жүйе операторы Жүйедегі ақпаратты өңдеуді және талдау жасауды, сонымен қатар уәкілетті органға таратылуы шектелген ақпараттар бойынша статистикалық және аналитикалық баяндама дайындауды жүзеге асырады.
15. Жүйенің бағдарламалық-техникалық құралдарын қолданусыз жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратқа қол жеткізу Жүйе операторымен аталған ақпаратты ресми интернет-қорларында орналастыру, статистикалық жинақтарды, талдау материалдарын дайындау мен іске асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзге де әдістер арқылы жүзеге асырылады.
16. Субъектілерге Жүйенің бағдарламалық-техникалық құралдарын қолдану арқылы Жүйедегі жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттар мен өздері берген ақпаратқа қол жеткізуді Жүйе операторы қамтамасыз етеді.
17. Мемлекеттік құпия, комерциялық құпия немесе өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпия ақпараттарға қол жетімділік уәкілетті тұлғаның жазба өтініші бойынша жүзеге асырылады.
18. Жүйеде қамтылған ақпаратты қорғау Жүйе операторымен қорғаудың ұйымдық және техникалық шараларын қолдану, сонымен Қазақстан Республикасы ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес Жүйені пайдалануды бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.
19. Жүйені құру, пайдалану және жетілдіру барысында ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін:
1) Жүйеде қамтылған ақпаратты қорғау талаптарын қалыптастыру;
2) Жүйенің қорғау жүйесін (ішкі жүйе) әзірлеу және енгізу;
3) ақпараттық қауіпсіздік талаптары бойынша сертификатталған ақпаратты қорғау құралдарын қолдану, сонымен қатар Жүйені ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау;
4) ақпараттық-телекоммуникациялық желілер арқылы берілетін ақпаратты қорғау;
5) Жүйені пайдалану барысында ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.
20. Жүйе операторы ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:
1) жүйедегі ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге және (немесе) ақпарат қолжетімділік құқығы жоқ тұлғаларға беруге жол бермеуді;
2) жүйедегі ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу дәйектерін уақытылы анықтауды;
3) ақпарат өңдеу техникалық құралдарының жұмыс істеуінің бұзылуына әсер ететін жағдайларды болдырмауды;
4) жүйедегі ақпаратқа рұқсатсыз қолжетімділік салдарынан жойылған немесе өзгертілген ақпаратты жедел түрде қалпына келтіру мүмкіндігін;
5) ақпараттың қорғалу деңгейін қамтамасыз етуді тұрақты түрде бақылауды қамтамасыз етеді.