"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика | |
министрі | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген |
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) коммуналдық мақсаттағы объектілерді жобалауға, орналастыруға, сумен жабдықтауға, су бұру жолдарына, жарықтандыруға, желдетуге, үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық мақсаттағы объектілерге қолданылады.
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) арнайы киім – жұмыскерді сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауға арналған арнайы әзірленген киім және жұмыс істеу үшін қажетті сипаттарды қамтамасыз етеді;
2) коммуналдық мақсаттағы объектілер (бұдан әрі – объектілер) әлеуметтік мақсаттағы, тұрмыстық қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсететін объектілер: қонақ үйлер, жатақханалар, моншалар, хауыздар, жүзу бассейндері, кір жуу орындары, химиялық тазарту (бұдан әрі - химтазарту), шаштараз және косметикалық, косметологиялық қызметтер;
3) косметикалық қызметтер – коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы мекемелерде және спорттық-сауықтыру мекемелеріндегі көрсетілетін медициналық бақылауды қажет етпейтін косметикалық рәсімдер;
4) косметикалық рәсімдер - косметикалық ахаулықтарды емдеу және олардың алдын алуға бағытталған шаралар, сондай ақ шаш түсу және тері қартаюының алдын алу. Емдік косметологиялық рәсімдерді дәрігер-дерматолог орындайды, ал кейбіреулерін мейірбикелер орындайды. Мейірбикелер орындайтын косметологиялық рәсімдерді дәрігердің тағайындауымен және оның қадағалауымен және басшылығымен жүзеге
5) косметологиялық кабинет – денсаулық сақтау ұйымдарындағы косметологиялық қызмет көрсететін үй-жай;
6) солярий (косметологияда) – косметикалық тері күюін алу мақсатында қолданылатын жасанды ультракүлгін сәулелендіру қондырғысы, сондай-ақ осы қондырғылар орнатылған үй-жай.
2-тарау. Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Коммуналдық мақсаттағы объектілерді орналастыру кезінде халықтың өмір сүруінің санитариялық-гигиеналық жағдайларын нашарлатуға жол берілмейді.
5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда объектілердің құрылысын жүргізуге, реконструкциялауға және пайдалануға беруге жол беріледі.
6. Объектілер "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына (бұдан әрі - нормалау құжаттары) сай санитариялық-қорғаныш аймағын белгілейді .
7. Объектінің аумағы қоршалады, абаттандырылады, көгалдандырылады, жарақтандырылады және тазалықта күтіп-ұсталады. Аумақты жинау күн сайын жүргізіледі, адамдар немесе көліктер қозғалысы орындарына жылдың жылы кезеңінде су себіледі, қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады.
8. Ғимараттар мүмкіндіктері шектеулі адамдардың және мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайландырылған арнайы қондырғылармен жабдықталады.
9. Объектілердің ғимараттары жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, желдету, ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
Ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелері нормалау құжаттарына сәйкес судың берілуін қамтамасыз етеді.
Су бұру жүйелері сарқынды судың қауіпсіз ағуын қамтамасыз етеді. Санитариялық-техникалық желілер, құрылғылар мен аспаптар жарамды күйде болады.
10. Кәріз жүргізілмеген аудандарда ғимаратқа 25 метрден (бұдан әрі - м жақын емес қашықтықта су өтпейтін шұңқыры бар аулалық дәретхана көзделеді.
Қазылған шұңқырлар, септиктер көлемінің кемінде үштен екі бөлігі толған соң, уақтылы тазаланып, дезинфекцияланады. Жергілікті тазарту құрылғылары өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес жабдықталады. жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Үй-жайларды және баспалдақ алаңдарын желдету ашылатын терезе және есік ойықтары арқылы, табиғи жарықтандыру терезе ойықтары арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарақтандырылумен қамтамасыз етіледі.
Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Шырақтар қорғаныш плафондарымен тұмшаланып жабылады.
12. Артық шу, діріл, ультракүлгін, инфрақызыл, элекромагниттік сәулелену көзі болып табылатын жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
13. Үй-жайларды тікелей функционалдық мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді.
14. Объектілердің барлық үй-жайларында жуу, тазарту құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, 7 күн сайын бір реттен сиретпей күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, сөрелермен немесе стеллаждармен жабдықталған, арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады.
15. Пайдаланылған төсек жабдықтары мен жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе ыстық және суық су келтірілген, бөлінген үй-жай, арнайы жабдық болған жағдайда тікелей объектілерде жүргізіледі. Жеке кір жуатын орынды жабдықтаған жағдайда, кір және таза заттардың қарсы ағымы мен қиылысуына жол бермейтін жуу технологиялық процестердің реттілігі (ағындылығы) сақталады.
16. Дезинфекциялау ерітінділері заттың атауы, ерітіндінің қоюлануы мен дайындау мерзімі көрсетілген таңбасы бар ыдыстарда сақталады. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген дезинфекциялау ерітінділері оның дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес берілген қоюлыққа сәйкес дайындалады.
17. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша іс-шаралар ұйымдармен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10388 енгізілді) Санитариялық қағидаларының талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
18. Объектілерде жұмыскерлерге арналған демалу және ас ішу бөлмелері (орындары), жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтауға арналған жағдайлар, себезгі бөлмесі мен дәретхана көзделеді.
19. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайлар қол жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
20. Үй-жайды әрлендіруде орын алған ақаулықтар (сынған қаптау плиткалары, линолеумнің және басқа да жабындар мен құралдардың
21. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар, аяқ-киімді тазалау үшін торлар орнатылады.
22. Қоқысты жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады, алаң тұрғын үй ғимараттарынан, балаларға арналған ойын алаңдарынан, демалу және спортпен айналысу орындарынан 25 метрден жақын емес (бұдан әрі – м) және 100 м.-ден алыс емес қашықтықта орналастырылады. Үш жағынан 1,5 м. биіктікте қоршалады.
23. Үй-жайларды, аумақты жинаумен айналысатын жұмыскерлер арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
24. Объект басшылығы жұмысқа орналасу алдында алдын ала және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқудан өтуді қамтамасыз етуге міндетті. Жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалар жұмыс орындарында сақталады.
25. Жұмыс орны болып табылатын үй-жайларда темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегуге жол берілмейтіндігі туралы белгі орнатылады.
3-тарау. Қонақ үйлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Қонақ үйлер бөлек тұрған ғимараттарда орналастырылады немесе жеке кіретін есігі бар көп функциялы ғимараттар құрамына енуі мүмкін.
27. Көп функциялы ғимараттар құрамындағы қонақ үйлерді жобалау кезінде және қонақ үйлердің үй-жайлары басқа да ұйымдармен біріктірілген жағдайда, қонақ үйлер жоспарлы түрде бөлектенеді, оқшауланады және жеке кіру есіктерімен қамтамасыз етіледі.
28. Қонақ үйлердің тұрғын жайларын жертөледе және төменгі қабаттарда орналастыруға жол берілмейді.
29. Үш және одан көп қабатты қонақ үйлер ғимараттарында қоқыс салғыш құбырлар жобаланады. Қоқыс салғыш құбырлардың өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа және дыбыс өтпейтіндей оқшауланып жабдықталады және адамдар тұрақты тұратын тұрғын және қызмет үй-жайларына жапсарлас салынбайды. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелердің немесе олармен іргелес және үнемі адамдар болатын үй-жайлардың астына орналастыруға жол берілмейді.
30. Қонақ үйлердің нөмірлерінде санитариялық торап, киім ілетін орындар көзделеді. Тұру алаңы бір тұрғынға шаққанда кемінде 6 шаршы метрді (бұдан әрі – м2) құрайды.
31. Тұрғын үй-жайлардың шудан оқшаулануы сақталған жағдайда қонақ үйлердің тұрғын қабаттарында қоғамдық тамақтану үй-жайларын (барлар, кафелер, буфеттер) орналастыруға жол беріледі.
32. Қонақ үйлердің нөмірлері мен баспалдақ алаңдары табиғи және аз жарықтандырылу нормалары осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
33. Қонақ үйлер ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған жағдайда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
34. Қонақ үйлердің дәретханалары жуынатын раковиналармен, қол сүртуге арналған электр сүлгімен немесе жеке майлықтармен, жуғыш құралмен, дәретхана қағазын ұстағышпен, унитаз тазалау үшін сыйымдылыққа салынған щеткамен, қоқысқа арналған себетпен жабдықталады.
35. Қонақ үйлердің нөмірлері мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Кілем бұйымдары шаңнан тазартылады, жұмсақ жиһаздар шаңсорғышпен немесе арнайы щеткамен тазартылады.
Дәретханаларды жинау жұмыстары нөмірдің барлық басқа аймақтарын жинау аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
36. Қонақ үйдегі нөмірлер мен ортақ пайдалану орындарын күрделі жинау кемінде айына бір рет жүргізіледі.
37. Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.
Дәретханалардың унитаздары және писсуарлары дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетканың (ерштердің) көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады және сумен шайылып, жуылады.
38. Қонақ үйдің жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
39. Қонақ үйде тұратындар үшін бір орынға кемінде төрт төсек жабдығының жиынтығы көзделеді. Қонақ үйлердегі төсек жабдықтары мен сүлгілерді ауыстыру күн сайын жүргізіледі. Тұрған қонақтар нөмірден кеткеннен кейін ылғалды жинау жүргізіледі.
40. Әрбір бөлме жинаушы таза және пайдаланылған төсек жабдықтарын, нөмірлерді жинау құралдарын тасымалдауға арналған арбалармен, қоқыс жинауға арналған, бір рет қолданылатын полиэтилен пакеттермен қамтамасыз етіледі.
Арбаларды жабдықтау жеке үй-жайда жүргізіледі, пайдаланылған төсек жабдықтары пакеттерге және қаптарға жиналады. Таза төсек жабдықтары ашық күйде тасымалдауға жол берілмейді.
4-тарау. Жатақханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
41. Жатақханаларды жобалау және салу кезінде дәлізді жүйедегі тұрғын бөлмелер 10 бөлмеден аспайтын және пәтерлі жүйедегі 3 бөлмеден аспайтын санитариялық торап, себезгі бөлмелері көзделеді.
42. Жатақхана ғимараттарында:
1) тұрғын бөлмелердің үстіңгі қабаттарында және оларға тікелей жапсарлас санитариялық тораптар, қол жуғыштар, себезгі бөлмелерін орналастыруға;
2) тұрғын үй-жайлар астында қоқыс камерасын орналастыруға;
3) қоқыс салғыш құбырлар мен электр қалқандарын тұрғын бөлмелерге жанастыруға;
4) санитариялық-техникалық аспаптарды тұрғын бөлмелердің қоршау қабырғаларына тікелей бекітуге жол берілмейді.
43. Жатақханалардың тұрғын бөлмелерінің алаңы бір адамға шаққанда 6,0 м2 кем болмауы тиіс.
44. Көп қабатты жатақханалардағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, атап айтқанда дәретханалар, қол жуатын бөлмелер, кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, ортақ ас үйлер, жинау мүкәммалын сақтауға арналған үй-жайлар (орын) әр қабатта орналастырылады.
45. Медициналық пункт үй-жайлары 1-қабатта орналастырылады, мәдени-көпшілік іс-шараларға, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар 1 немесе 2-қабаттарда тұрғын үй-жайлардан оқшау орналастырылады.
46. Кір жуу бөлмелері дәлізден шлюз арқылы бөлектенеді, суық су мен ыстық су жүргізілген ванналармен, ылғалға төзімді жабыны бар орындықтармен немесе үстелдермен, стеллаждармен, легендермен; кір және киім кептіруге арналған үй-жайлар кірді кептіруге және үтіктеуге арналған құрылғылармен жабдықталады.
47. Ас үйлер плиталармен, жуу ұяшығымен, үстелдермен жабдықталады.
48. Кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар механикалық сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
49. Жатақхана үй-жайларындағы ауаның есептелген параметрлері мен ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
50. Жатақханалардың барлық тұрғын үй-жайлары, сондай-ақ ортақ дәліздері мен холлдары табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін, қоймалар мен адамдар аз уақыт болатын басқа да қосалқы үй-жайларды табиғи жарықсыз орналастыруға жол беріледі.
51. Терезе әйнектері таза күтіп-ұсталады, ластануына байланысты тазартылады.
52. Жатақханалардың үй-жайларында қоқысқа арналған урналар, ас үйлерде тағам қалдықтарына арналған қақпағы тығыз жабылатын, толуына байланысты тазартылатын сыйымдылықтар қойылады.
Ортақ қолданылатын үй-жайлар мен дәліздерге қоқыс шығаруға және қалдықтар салынған сыйымдылықтарды сақтауға жол берілмейді.
53. Жұмсақ мүкәммал (матрацтар, көрпелер, жастықтар) эпидемиялық
Матрацтардың ластануына қарай жуылатын ауыстырмалы сыртқы тыспен қамтамасыз етіледі. Төсек жабдықтары ластануына қарай, бірақ кемінде күнтізбелік 7 күнде бір рет ауыстырылады.
54. Төсек жабдықтарының қосымша жиынтығы (матрацтардың тыстары, жастықтар, көрпелер) бөлек шкафтарда (стеллаждарда) сақталады.
5-тарау. Моншалар мен хауыздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
55. Моншалар мен хауыздар жеке тұрған ғимараттарда немесе жеке кіретін есігі болған жағдайда кір жуу орнымен бір ғимаратта, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастырылады.
56. Монша және хауыз үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, бөлмесі, санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар кіреді.
57. Моншаларда қосымша орындар болған жағдайда, шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын орналастыруға жол беріледі.
Шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын құралдармен жабдықтау және әрлеу жұмыстары нормалау құжаттарына сәйкес орындалады.
58. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға жол беріледі. Сыйымдылығы 200 және одан да көп орындық моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
59. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.
60. Терезе ойықтарында ашылатын фрамугалар немесе желкөздер көзделеді.
61. Моншалар мен хауыздарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған қатты жартылай қатты және жиһаздар, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер қолданылады. Ағаш траптарды пайдалануға жол берілмейді.
62. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер қолданылады. Жуыну үшін ағаш легендер қолдануға жол берілмейді.
63. Моншалар мен хауыздарда жеке қолдану үшін және пакеттерде берілетін таза және құрғақ заттар (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза заттар пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
64. Моншалар мен хауыздардың үй-жайларында тазалық сақталады. Кәріз траптарының бітеліп қалуына және еденде лас судың жиналуына жол берілмейді.
65. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім кептіріліп, пакеттерге салынып беріледі.
66. Жуыну бөлімшелеріндегі легендерді, ванналарды өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартушы заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Легендер, ванналар дезинфекцияланады және сумен шайылады.
67. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету, үй-жайларды, мүкәммалды және жабдықтарды жинау, дезинфекциялау жүргізіледі.
68. Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен хауыздардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.
69. Монша мен хауыздарда жуынып-шайыну және себезгі бөлмелерінде кір жууға және кір кептіруге, моншаның пайдаланылуына қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтауға жол берілмейді.
6-тарау. Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
70. Бассейндер бөлек тұрған ғимараттарда, қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған (немесе ішіне салынған) үй-жайларда орналастырылады. Бассейндер тұрғын ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
71. Аквапарктер тұрғын, саябақ немесе рекреациялық аймақта оқшау тұрған аумақта орналастырылады.
72. Бассейн үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет кіреді.
73. Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) қозғалысының реттілігін қамтамасыз
74. Бассейн ванналарының көлемі бассейнге келуші ересектер үшін бір адамға шаққанда кемінде 5 м2, балалар үшін кемінде 4 м2 болуы тиіс.
75. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.
76. Айналма жолдар, бассейн ваннасының қабырғалары мен түбі су өтпейтін материалдардан жасалады, ванна зал құрылысының ішкі беті ылғалға төзімді материалдардан жасалады. Айналма жолдардың бассейн ваннасының түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болады.
77. Себезгіден бассейн ваннасына дейінгі жүретін жолда ағынды сулы аяқ ванналар орналастырылады, олардың көлемі айналып өту мүмкіндігін болдырмайды. Бассейннің себезгі бөлмесінен айналып өту жолына тікелей шығатын жағдайда аяқ ваннасының болмауына жол беріледі.
78. Бассейн себезгілері өтпелі болуы және шешінетін орыннан айналма жолына баратын бағытта орналасады, кабиналармен, жеке араластырғыштармен, ыстық және суық су желісімен, гигиена заттарына, сүлгілер мен жөкелерге арналған құрылғылармен жабдықталады.
79. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен су бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі.
80. Теңіз суымен толтырылған бассейндер үшін су алу орнын таңдау, нөсерлі жаңбыр суынан және сарқынды судан, өзендерден, порттардан, айлақтар мен жағажайлардан шығатын ластанған су көздерінің әсерінен тыс жердегі теңіз учаскесінің санитариялық жағдайы және судың сапасы ескеріле отырып жүргізіледі.
81. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі. Теңіз суымен толтырылған бассейндерде рециркуляциялық жүйені пайдалануға жол берілмейді.
Спорттық-сауықтыру бассейндерінде су алмастырудың рециркуляциялық жүйесі, шағын бассейндерде (ванна көлемі 70 м аспаса) судың толассыз ағысы қолданылады.
82. Рециркуляциялық ауыстыру жағдайында бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 пайыз (бұдан әрі - %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады.
83. Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары жұмыстың тиімділігімен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір ванна өзінің реагенттерді автоматты түрде дозалауды және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесімен жабдықталады.
84. Ванналарға жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру).
әдісі (ультракүлгінді сәулелендіру) қолданылады.
86. Ванналар оған жұмсалатын, рециркуляция жүйесіне түсетін, қосылатын таза су шығындарын есептейтін өлшеуіштермен, зерттеу үшін су сынамасын алуға арналған шүмектермен жабдықталады.
87. Ванна түбі су бұру желісінен төмен орналасқан жағдайда ваннаны босату сорғының көмегімен жүзеге асырылады.
88. Су бұру жүйесінен ванналарға су ағынының кері ағып келуіне жол берілмейді.
89. Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайлары микроклиматының параметрлеріне қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада белгіленген.
90. Бассейн ванналарының залдары, дайындық сабақтарына арналған залдар, хлорлау немесе озондау үй-жайлары сору және сыртқа тарату желдеткішінің жеке жүйелерімен жабдықталады.
91. Жүзушілердің тыныс алу аймағындағы ауадағы бос хлордың шоғырлануы бір текше метрге 0,1 миллиграммнан (бұдан әрі - мг/м3), озон - 0,16 мг/м3 аспауы тиіс.
92. Ваннасы бар бассейн залы табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Жарық ойықтарының көлемі су үсті көлемін қоса алғандағы бассейн үй-жайлары көлемінің 20 %-нан кем болмайды. Жарық ойықтарының басым бөлігі фрамугалармен немесе желкөздермен жабдықталады.
93. Су бетінің неғұрлым аз жарықтандырылуы 100 люкс (бұдан әрі - лк), суға секіру бассейндерінде - 150 лк., су добы үшін 200 лк. құрайды. Барлық бассейндерде іске қосылған жарықтандырудан басқа су бетін 5 лк. кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ететін автономды авариялық жарықтандыру көзделеді.
94. Күрделі және ағымдағы жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру, суды ағызу және ваннаға жаңа су толтыру олардың санитариялық-техникалық күйіне, зертханалық бақылау нәтижелеріне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің ұйғарымдарына (қаулыларына) байланысты жүргізіледі.
95. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі құжаттары болғанда қолданылады.
96. Маусымдық бассейндерде су құбырынан келетін су болмаған жағдайда жер үсті немесе жер асты көздерінің суын, оны күн сайын ауыстырып отырған жағдайда, қолдануға жол беріледі.
97. Ванна суды ауыстырып құятын науалардың ернеуіне дейін толтырылады, ол толық толтырылмаған жағдайда қолдануға жол берілмейді.
98. Залда шу деңгейі 60 децибелден (бұдан әрі - дБА) аспауы керек, сабақтар өткізу және жарыстар уақытында тиісінше 82 дБА және 110 дБА-ға дейін.
99. Әрбір жүзу сабағы өтер алдында объектінің немесе шаруашылық орындарындағы температура мен салыстырмалы ауа ылғалдылығы, бассейн суының температурасы мен ванна суындағы дезинфекциялау құралдарының қалдық шоғырлануы көрсеткіштеріне бақылау жүргізеді.
100. Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.
101. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын дезинфекциялау күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет жүргізіледі.
102. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын зарарсыздандыру кезінде судың 1 адамға шаққандағы шығыны:
1) суды хлорлау және бромдау кезінде – сағатына 2 текше метрден (бұдан әрі – м3/с) кем емес;
2) суды ультракүлгін сәулемен өңдегенде – кемінде 1,8 м3/с;
3) суды озондағанда – кемінде 1,6 м3/с.
103. Бассейннің ағынды үлгідегі ваннасындағы бір сағаттық су шығыны жүзуге үйрету ваннасының көлемінің кемінде 20–25 %-ын, қалған жағдайда ванна көлемінің кемінде 15 %-ын құрайды.
104. Бассейнді пайдалану үзілісі ұзақ болған кезде (6 және одан да астам сағат) бассейн ванналарының суындағы дезинфекциялау құралдары бос хлордың қалдық шоғырлануынан текше дециметрге 1,5 миллиграммен (бұдан әрі – мг/дм3)) қамтамасыз етіледі.
105. Бассейн суы сапасының көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген деңгейлерден аспайды.
Суды ас тұзы электролизімен алынатын натрий гипохлоритімен зарарсыздандырған кезде бассейн ваннасындағы хлоридтердің 700 мг/дм3 дейінгі құрамына жол беріледі.
106. Бассейннің үй-жайлары мен ванналарын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, қажет болған жағдайда, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды және басқаларды дезинфекциялау жүзеге асырылады.
107. Бассейндердің үй-жайлары мен ванналарды күрделі жинау айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
108. Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, купальник), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, сүлгі, денесін жууға арналған жуғыш заттар, губка (жөке), резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі (шомылуға арналған киімсіз) қабылдайды.
109. Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Бассейн суының сапасына өндірістік бақылауды бассейннің өндірістік
110. Су сынамалары екі нүктеден - бассейн ванналарының судың бетінен 25-30 см терең және тайыз тереңдіктегі бөлігінен алынады.
111. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібінде жүргізілген талдаулардың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.
Бассейн жабылады, бассейннің қалыбы шайылады және дезинфекцияланады, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі.
7-тарау. Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
112. Өз-өзіне қызмет көрсету кір жуу орны мен кірді қабылдау-тапсыру пункттерін қоспағанда, кір жуу орындарын тұрғын үйлерде орналастыруға жол берілмейді. Кірді қабылдау-тапсыру пункттері тұрғын ғимараттарда орналасқан жағдайда, олар үй-жайларының тұрғын бөліктен оқшауланған кіру есігімен және кір және таза заттарды қабылдауға, сақтауға және беруге арналған бөлек үй-жайлармен жабдықталады.
113. Кір жуу орындарының сәулеттік-жоспарлау шешімі технологиялық процестің ағындылығының сақталуын көздейді және таза және кір заттардың жанасуына, қиылысуына жол бермейді.
114. Жабдықталған жылумен қамтамасыз ету, желдету және ауа баптау жүйелері ауа сапасының гигиеналық нормативтерін, шу мен діріл деңгейлерін, сондай-ақ кір жуу үй-жайларының жылу беру маусымында жол берілетін микроклимат параметрлерін: ауа температурасының плюс 18-22 Цельсия градус (бұдан әрі – оC), салыстырмалы ылғалдылықтың 30-65 % болуын қамтамасыз етеді.
115. Кір жуатын орынның үстіндегі қабатаралық жабындар басқа үй-жайларды будан, жылудан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
116. Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлардың терезелері орналасқан жағдайда, кір жуатын және кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен желкөзсіз қатты жабылуы тиіс.
117. Аурухана төсек жабдықтарын жуу кезінде, аурухана төсек жабдықтарының басқа заттармен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желі бөлінеді.
118. Таза және кір заттарды сақтау үй-жайларында стационарлардың функционалдық бөлімшелерінің атауы көрсетілген стеллаждар бөлінеді.
Терапиялық, хирургиялық, обсервациялық, инфекциялық бейіндегі бөлімшелердің заттары бір-бірінен бөлек сақталуы тиіс.
үсті дезинфекцияланады.
119. Инфекция жұқтырылған төсек жабдықтары өңделетін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын қабылдау үй-жайы басқа үй-жайлардан оқшауландырылады;
төсек жабдықтарын қабылдау, іріктеу және жуу үй-жайлары дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;
инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын суға жібітіп қою төсек жабдықтарын іріктеу бөлмесінде жүргізіледі;
жуу алдында және жуу кезінде төсек жабдықтары зарарсыздандырылады.
120. Кір және таза киім-кешекті тасуға арналған жеке легендер, арбалар таңбаланады және мақсат бойынша қолданылады.
121. Тұтынушыға беру кезінде бұйымдар орамдалады.
8-тарау. Химиялық тазарту орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
122. Ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, қонақ үй кешендерінде және гипермаркеттерде орналасқан шағын-химтазарту орындары кіретін және шығатын жеке есікпен, дербес желдету жүйесімен жабдықталады. Жеке кіріп-шығу есіктерін жайғастыру мүмкін болмаған жағдайда, шағын-химтазарту орындары азық-түлік және балаларға арналған тауарларды, сондай-ақ дәрілік заттар мен науқастарды күтуге арналған заттар сатылмайтын аймақта орналастырылады.
123. Химиялық тазарту орындарының өндірістік үй-жайлары (цехтары) жеке тұрған ғимараттарда немесе ғимараттардың тік жоспарлануын және тітіркендіргіш әсер беретін, қолданылатын химиялық заттарды ескере отырып, сондай-ақ таза және кір бұйымдар қозғалысы ағынының қиылысуын болдырмау үшін қоғамдық үй-жайлардың бірінші қабатында орналастырылады.
124. Өндірістік үй-жайлардың алаңын технологиялық процестердің сипатына, санына, өндірістік жабдықтардың типіне және жұмыскерлердің санына қарай айқындалады.
125. Есіктердің сыртқы ойықтары мен қақпалар жылдың суық мезгілінде ауаны жылыту үшін тамбурлармен және жылы ауа перделерімен жабдықталады.
126. Негізгі және қосалқы өндірістік үй-жайлардың қабырғасы, төбесі және едені зиянды химиялық заттардың жиналуына жол бермейтін, сіңірмейтін материалдармен өңделеді.
127. Едендер химиялық берік және су өткізбейтін материалдармен жабылады, еден құрылысы сұйық заттың төгілуі және үй-жайларды ылғалды жинау кезінде төгінділердің өткізілмеуін қамтамасыз етеді.
128. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар ғимараттарда орналасқан химтазарту орнының желдету жүйесі осы ғимараттың желдету жүйесінен дербес жабдықталады.
129. Химиялық заттар бөлу көздері бар жұмыс орындары, сондай-ақ дақтарды кетіру, ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстары жергілікті сыртқа тарату құрылғылары болған жағдайда жүргізіледі.
130. Шламды автоматты түсіру жүйесімен жабдықталмаған машиналарда шламды қолмен түсіру кезінде, ерітінді буын сыртқа шығару жүйесімен жабдықталған машиналарды қоспағанда, машиналардың артқы қабырғасы үстінен жергілікті сыртқа тарату құрылғысы, машинаның алдыңғы қабырғасы жанынан барабан ашылған кезде іске қосылатын жергілікті сыртқа тарату құрылғысы жабдықталады.
131. Химтазарту орнында ауа рециркуляциясына жол берілмейді.
132. Желдеткіш жабдықтары желдеткіш камераларда орнатылады, шудан оқшаулау және дірілді басу құрылғыларымен жабдықталады.
133. Технологиялық механикалық сыртқа тарату желдеткіш жүйесінің тиімділігі жылына 1 рет, жалпы алмасу механикалық желдету жүйесінің тиімділігі 3 жылда 1 рет бақыланады.
134. Өндірістік үй-жайлар жалпы жарықтандыру және/немесе құрамдастырылған жарықтандыру және авариялық жарықтандыру жүйелерімен жабдықталады.
135. Жабдықтардан сарқынды суды ағызу жабық тәсілмен жүргізіледі. Сарқынды суды өндірістік үй-жайлардың еденіне, су бұру жүйесіне ағызуға арналған ашық науаларға жіберуге жол берілмейді.
Химтазарту машиналарының су бөлгіштерінен шыққан құрамында еріткіштердің буы бар су шлам ретінде пайдаланылады.
136. Еріткіштерді қолдану арқылы бұйымдарды құрғақ химиялық тазалау жүргізілген кезде үздіксіз және тұйық айналым бойынша барлық операциялардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
137. Жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді жеткізу, мөлшерлеу және салу, сүзуге арналған ұнтақтарды жағу және сүзгі элементтерін механикалық жолмен тазалау бойынша өндірістік операциялар жеке қорғаныш құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.
138. Технологиялық жабдықтардың сыртқы бетінің температурасы кемінде 43 оC құрайды.
139. Бұйымдарды химиялық тазартудың технологиялық процестерінде сапасы және қауіпсіздігі туралы құжаттары бар реагенттер, заттар және препараттар қолданылады.
140. Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сыртқа тарату желдеткішімен, стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді едені бар қоймаларда сақталады.
141. Өндірістік учаскелерде химиялық материалдар бір тәуліктік нормадан аспайтын мөлшерде сақталады.
асырылады. Тұтынушыға бұйым қаптамаланған түрде беріледі.
143. Персонал арнайы киіммен және аяқкиіммен, жеке қорғаныш құралдармен қамтамасыз етіледі.
9-тарау. Халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
144. Осы Санитариялық қағидалардың талаптары реконструкциялау пластикалық хирургия, тері және тері асты ауруларын емдеу медициналық қызметтеріне, денсаулық сақтау объектілері құрамындағы косметологиялық, массаж кабинеттеріне және солярий объектілеріне қолданылмайды.
145. Объектілер тұрғын бөлігінен оқшауланған кiру есiгi және дербес желдету жүйесі болған жағдайда тұрғын үй ғимараттарының бірінші және төменгі қабаттарына орналастырылады.
Жертөле қабаттары қосалқы және көмекшi үй-жайлар ретінде пайдаланылады.
146. Ғимараттар мен үй-жайлардың көлемдi-жоспарлау және конструктивтiк шешiмдері көрсетілетiн қызметтер түрі және олардың қуаттылығымен анықталады. Объектілерде ыстық және суық су жүргізілген раковинамен жабдықталған, дезинфекциялауға, құралдарды залалсыздандыру алдында тазартуға және залалсыздандыру арналған үй-жай немесе арнайы орын бөлінеді.
147. Косметикалық кабинеттерде мынадай косметикалық процедураларды жүргізуге рұқсат етіледі: бетті және мойынды гигиеналық уқалау, тері ауруларымен асқынбаған бетті гигиеналық тазарту, қасты және кірпікті бояу, жасанды кірпік өсіру, қасты қыру, әрлеу, маникюр, педикюр, пилинг.
148. 3 жұмыс орнына дейiнгі шаштараз залдарында маникюр үшін қосымша алаңы кемінде 6 м2 бiр жұмыс орны орналастырылады. Шаштараз және косметикалық, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілер үй-жайлары ауданының нормативтері осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген.
149. Солярийлерде УФ-С ультракүлгін сәулелі диапазонды жабдықтарды қолдануға жол берілмейді. Солярийлерді пайдалану олардың техникалық паспорттары мен нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
150. Солярийдің жалпы алаңы техникалық сипаттамаға сәйкес аппараттың өзі алатын орыннан және ауданы кемінде 3,0 м2 шешіну аймағынан тұрады. Солярий қызметі оператордың көмегімен ұсынылған жағдайда, оператор үшін кемінде 6,0 м2 қосымша аймақ бөлінеді.
151. Солярийлерді пайдалануға арналған үй-жай механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жеке желдету ағынының келуі ұйымдастырылады.
152. Солярийдің шамдарын ауыстыру журналда міндетті түрде белгілей отырып, техникалық паспортта көрсетілген нормативті сағат орындалған жағдайда жүргізіледі. Істен шыққан шамдар қауіпсіз түрде кәдеге жаратылады.
153. Әрбір сеанстан кейін келуші жанасқан солярий кабинасының барлық үстіңгі беттері дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Тік солярийді қолданған кезде келушілерге жеке сүлгі мен аяқ киім ұсынылады.
154. Аппарат ішіндегі желдеткіш тесіктері ластанған сайын әлсін-әлсін тазартылып отырады.
155. Солярийдің персоналы мен келушілерге әсер ететін физикалық факторлар деңгейі мынадай гигиеналық нормативтерден аспайды:
1) электромагниттік өрістің кернеуі кемінде 25 вольтметрден;
2) токтың электрлік өрісінің өнеркәсіптік жиілігінің кернеуі (50 Гц) – кемінде 0,5 киловольтметрден.
156. Сәулелік әсері бар тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар үшін ультракүлгін сәулесінің рұқсат етілген қарқындылығы 280-315 нанометр (бұдан әрі – нм) диапазонда 1,9 ватметр шаршыдан (бұдан әрі – Вт м2) және 315-400 нм диапазонда 10 Вт м2 аспайды. 200-280 нм дипазонында сәулеленуге жол берілмейді.
157. Арнайы көзілдіріксіз, сондай-ақ алғашқы екі сеанс арасында 48 сағаттық үзіліс сақталмаған жағдайда, келушілерге солярийге кіруге жол берілмейді.
158. Порфюмерлік-косметикалық өнімдердің және шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және келушілерге өткізу қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болған жағдайда жүргізіледі.
159. Жұмыс орнының саны үшеуге дейiн болғанда табиғи желдету желкөз және фрамуганың көмегiмен, үштен артық болғанда жасанды іске қосылатын сыртқа тарату желдету арқылы жүзеге асырылады. Қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды қоспағанда, барлық үй-жайлар үшін желдету жүйесі ортақ болуы мүмкін.
Тырнақ өсіру шеберінің жұмыс орны жергілікті мәжбүрлі сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
160. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.
161. Ерлер және әйелдер залдарында шаштараздардың қолын жууға және келушілердің басын жууға арналған раковиналар жеке-жеке жабдықталады.
162. Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемi және құрылымы бойынша олардың жасына және бойына сәйкес жабдықталады.
163. Косметикалық кабинет, маникюр және педикюр кабинеттерi қол және құралдарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
164. Ауысымдағы жұмыскерлер саны 10 адамнан кем болғанда персоналға арналған киім ілетін орыны бар тамақ ішу бөлмесі, сондай-ақ келушілерге арналған киім ілетін орны бар вестибюль мен күту залын
165. Таза заттар мен порфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар стеллаждармен немесе шкафтармен, кір заттарға арналған қақпағы бар ыдыстармен жабдықталады. Қолданылған кір және таза заттарды араластыруға жол берілмейді.
166. Қию жұмыстары оқшауланған үй-жайда жүргізіледі, оның алаңы, бірақ бір жұмыс орны кемінде 4,5 м2 және жабдық жиынтығы жүргізілетін жұмыстың көлемі мен сипаты ескеріле отырып қабылданады.
167. Косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталады. Сәулелендіргіштердің жұмыс режимі мен уақыты есепке алынады.
168. Физиотерапиялық аппаратура арнайы жабдықталған кабинеттерде кабинетке кемінде бiр аппараттан орналастырылады. Кабинет алаңы бір кушеткаға 6 м2, бiрақ кемінде 12 м2 есебiмен қабылданады.
169. Қауiптiлiгі 1-ші және 2-ші сыныпты лазерлiк қондырғылар ортақ үй-жайларда орналастырылады. Қауiптiлiгi 3-ші және 4-ші сыныпты лазерлiк қондырғылар бөлек немесе қоршалған үй-жайларда орналастырылады. Есiкке лазерлiк қауiптiлiк белгiсі және автоматты түрде қосылатын "Қауiптi, лазер қосылып тұр!" деген жарық таблосы iлiнедi.
Ашық үлгідегi лазер қондырғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауiпсiздiк көзді жеке қорғаныш құралдарын (жарық фильтрлі қорғаныс көзілдіріктері, бет қорғаушы қалқанша) қолдану жолымен қамтамасыз етiледi.
3-ші және 4-ші сыныпты лазерлік қондырғыларды жергілікті сыртқа тарату құрылғысынсыз қолдануға жол берілмейді.
170. Әрбір келушiлердің дербес қолдануы үшін таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Таза, қолданылған заттар, парфюмерлік-косметикалық заттар, сондай-ақ жуу және дезинфекциялау құралдары бөлек сақталады.
Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға астылық лентамен қолданылады.
171. Қолданылған заттарды және жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе арнайы жабдықталған жеке бөлінген үй-жайы болған жағдайда тікелей объектіде жүргізіледі. Персоналдың жұмыс және жеке киімдері бөлек сақталады.
172. Клиенттің мойнындағы және бетіндегі қиылған шашты алу таза жеке сулықпен немесе мақталы тампонмен жүргізіледі. Қиылған шаштарды алу үшін шашақты қолдануға тыйым салынады.
173. Қиылған шаштарды тұрмыстық қалдық ретінде шығарады.
174. Әсемдеу косметикасын жағу үшiн бiр рет қолданылатын құралдар пайдаланылады. Қарындаштар әрбiр клиенттен кейiн ұшталады немесе кесiледi, далап, тушь, тень және опа бiр рет қолданылатын кистілермен жағылады. Косметикалық рәсімдер үшін бір рет қолданылатын мақта дискілер және спонждар пайдаланылады.
келушiден кейiн ауыстырылатын тампонмен немесе шашақпен жүргiзiледi.
175. Қысқыштарды, бигудилерді, қалпақтар мен шашты химиялық бұйралауға арналған торларды, шашты іріктеп бояуға арналған бас киімдерді әр клиенттен соң жуу құралдарымен ағынды су астында жуады. Таза жиынтықтарды қаптамаланған күйінде жұмыс орындарында сақтайды.
176. Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуады, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар зарарсыздандырғышқа немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салады.
177. Электр ұстараларының алынатын пышақтарын, косметикалық жабдыққа және аспаптарға қоса жүретін электродтарды дезинфекциялау ерітіндісіне салынған тампондармен (15 минут сайын) екі рет сүртеді.
178. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.
179. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң дезинфекцияланады.
180. Маникюр мен педикюрді бiр рет қолданылатын сулықтармен және зарарсыздандырылған жиынтықтармен жасаған жағдайда, олар алдын ала дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін кәдеге жаратылуға жіберіледі.
181. Маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж жасау, косметикалық қызмет көрсету (көрсетілетін косметикалық қызмет түріне қарай) құрамында кемінде үш жинағы бар жеке жиынтықтар болған жағдайда жүргізіледі.
Тері, шырышты беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.
182. Маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг құралдарын, мата сулықтарын, мақта түйірлерін, сондай-ақ басқа да жұмсалатын материалдарды бу, ауа немесе зарарсыздандыру химиялық әдісімен зарарсыздандырылғаннан кейін микроорганизмдермен екінші рет байланыспайтындай жағдайларда сақтайды.
Бір рет қолданылатын зарарсыздандырылған тұтыну материалдарын қолданған жағдайда әр келуші үшін қор қамтамасыз етіліп, олар кейін кәдеге жаратылады.
183. Тері беті немесе шырышты қабық зақымдалуы мүмкін манипуляцияларда (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құралдар әр клиенттен соң алдын ала сумен шайылмастан дезинфекциялау ерітіндісіне салынады. Дезинфекция аяқталғаннан кейін құралдар алды тазалауға және зарарсыздандыруға жатады.
Құралдарды зарарсыздандыру алды тазалау, дезинфекциялау және зарарсыздандыру осындай мақсаттар үшін жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі. Құралдарды өндеуге арналған үй-жай "лас аймаққа" және "таза аймаққа" функционалды бөлiнедi. "Лас аймақта" құралдарды алдын ала тазалау, "таза аймақта" құралдарды дезинфекциялау және зарарсыздандыру
184. Құралдарды зарарсыздандыру үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтары бар жабдықтар, аппаратуралар және материалдар пайдаланылады.
185. Эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру мен бақылау және маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг және косметикалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдарды дезинфекциялау, зарарсыздандыру алдында тазалау және зарарсыздандыру режимін күн сайын бақылау объектінің әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге жүктеледі.
186. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирусты гепатит маркерлеріне тексерiледi.
187. Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда, қорғаныш заттарымен (саусаққа кигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлер клиенттермен жұмыс істеуге жіберілмейді.
188. Жұмыскерлер жеке гигиенаның мынадай:
1) клиентке қызмет көрсету алдында және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу;
2) косметикалық кабинеттерде қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптарымен жұмыс жасау;
3) шаш бояуды қолғаптармен жүргізу;
4) жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу;
5) арнайы киіммен жұмыс жасау;
6) жеке және арнайы киімді бөлек сақтау қағидасын сақтауға міндетті.
189. Қанмен немесе сарысумен ластанған қол немесе қолғаптар сабынды қолдана отырып, ағынды сумен жуылады, кейіннен дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.
10-тарау. Инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
190. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда объектілерде шектеу іс-шаралары енгізіледі және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
191. Қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар (алдын ала жазу бойынша), химиялық тазарту, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) қызметі медициналық маска киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып және осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
192. Бизнес орталықтардың жұмысы (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер мен консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері және т.б.) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
193. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (баспахана қызметін көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) және өзге де объектілердің қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмай, осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
194. Халықтың (қонақ үйлердің, отельдердің) тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
195. Мәдениет объектілерінің қызметі (жеке және 30 адамға дейін топтық дайындық) осы Санитариялық қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
196. СПА орталықтарының, моншалардың, хауыздардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметі осы Санитариялық қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
197. Медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалары) қызметі осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес талаптарға сай күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.
198. Халыққа арналған фитнес, спорт кешендері қызметтерін көрсету жөніндегі объектілердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 1-қосымша |
Қонақ үйлердің үй-жайларын жасанды жарықпен
жарықтандырудың ең төменгі нормалары
р/с | Үй-жайлардың атауы | Шамдарды жаққандағы ең аз жарықтандыру (люкстерде) | Нормативтің қатысы бар беті | |
қызуы | люминисценттік | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Нөмірлер (тұрғын үй-жайлар) | 30 | 75 | еденнен 0,8 м |
2 | Вестибюль | 50 | 100 | Еден |
3 | Ортақ қонақ бөлмелер, холлдар, буфеттер, барлар және басқалар | 75 | 150 | еден |
4 | Қызмет көрсету бюросы, әкімшілік үй-жайлар, тұрғындарға қызмет көрсету үй-жайлары | 75 | 200 | еденнен 0,8 м |
5 | Негізгі баспалдақтар, ортақ дәліздер, орталық киім кептіру орны, шеберханалар, тазалау және үтіктеу бөлмелері | 30 (50)* | 100 | еден |
6 | Ортақ санитариялық тораптар, нөмірлердегі (үй-жайлардағы) санитариялық тораптар | 30 | 75 | еден |
7 | Ортақ себезгілер | 50 | - | еден |
8 | Қызмет көрсететін персоналға арналған үй-жай | 75 | 150 | еденнен 0,8 м |
9 | Қойма үй-жайлары | 20 | - | еденнен 0,8 м |
10 | Техникалық үй-жайлар | 30 | - | еден |
*жақша ішіндегі сан – шеберханалар үшін
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 2-қосымша |
Жатақхана үй-жайларындағы ауаның есептелген
параметрлері мен ауа алмасу жиілігі
Р/с | Үй-жайлар | Жылдың салқын мезгіліндегі ауаның рұқсат етілген температурасы, оС, төмен емес | Ауа алмасу жиілігі | |
Ішке сору | Сыртқа тарату | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жатақхананың тұрғын бөлмесі | 18 | 1 м2-ге кемінде 3 м3/с | - |
2 | Электр плитасы және газ плитасы бар жатақхананың ас үйі | 16 | - |
кемінде 60 м3/с |
16 | - | |||
3 | Жуыну бөлмесі | 22 | - | 25 м3/с |
4 | Дәретхана | 18 | - | 25 м3/с |
5 | Ортақ қолданылатын санитариялық торап | 18 | - | 1 унитазға 50 м3/с |
1 писсуарға 25 м3/ч | ||||
6 | Себезгі | 22 | - | 5 есе |
7 | Киім тазалайтын және үтіктейтін гардеробтық бөлме | 18 | - | 1,5 есе |
8 | Вестибюль, ортақ дәліз, жатақхананың баспалдақ алаңы | 16 | - | - |
9 | Кір жуатын орын | 15 | 5 есе | 5 есе |
10 | Жатақханадағы кір кептіру, үтіктеу орындары | 15 | есептеу бойынша, бірақ кемінде 3 есе | 3 есе |
11 | Жатақханалардағы шаруашылық және төсек жабдықтарын қоятын орындар | 12 | - | 1,5 есе |
12 | Қоқыс жинау камерасы | 5 | - | 1 есе (қоқыс жіберу құбырының өзегі арқылы) |
13 | Жаттығу залы | 16 | 3 есе | 3 есе |
14 | Кітапхана | 18 | - | 0,5 есе |
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 3-қосымша |
Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы
параметрлеріне қойылатын талаптар
Р/с | Үй-жай | Су температурасы, 0С | Ауа температурасы, 0С | Салыстырмалы ылғалдылық % | 1 сағаттағы ауа алмасу параметрлері | Ауа қозғалысының жылдамдығы (м/сек) | |
ішке сору | сыртқа тарату | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Ересектерге арналған ванна | 24-26 | - | - | - | - | - |
2 | Балаларға арналған ванна | 30 | - | - | - | - | - |
3 | Бассейн ванналарының залдары | - | Су температурасынан 1-2 жоғары | 60 % көп емес |
1 келушіге кемінде 80 м3/сағ, | 0,5 көп емес | - |
4 | Оқу-дайындалу залы | - | 18 | - | 1 келушіге кемінде 80 м3/сағ | 0,2 көп емес | - |
1 сағаттағы ауа алмасу жиілігі | |||||||
5 | Шешіну орны | - | 25 | - | Себезгілерді есепке ала отырып, тенгерім бойынша | 2 (себезгілерден) | - |
6 | Себезгілер | - | 25 | - | 5 | 10 | - |
7 | Массаж бөлмесі | - | 22 | - | 4 | 5 | - |
8 | Хауыз камералары | - | 120-ден көп емес | - | - | 5 (адам жоқ кезде мерзімдік іске қосылатын) | - |
9 | Судың анализіне арналған зертхана | - | 18 | - | 2 | 3 | - |
Ескертпе:
мезгілінде плюс 28оС, үйренушілер үшін плюс 29оС болуы тиіс
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 4-қосымша |
Бассейн суы сапасының көрсеткіштері
р/с | Көрсеткіш | Өлшем бірліктері | Норматив |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Лайсаңдығы | литрге миллиграмм (бұдан әрі - мг/л) | 2,0-ден көп емес |
2 | Түсі | град | 20-дан көп емес |
3 | Иісі | балл | 3-тен көп емес |
4 | рН сутегі иондарының шоғырлануы | - | 6,5-9,0 шегінде |
5 | Қалдық байланысқан хлор | мг/л | 1,2-ден көп емес |
6 | Қалдық бос хлор | мг/л | 1-6 жасқа дейінгі балалар үшін 0,1-0,3; ересектер үшін 0,3-0,6 |
7 | Аммонийлік азот (азот бойынша) | мг/л | 0,2-ден көп емес |
8 | Озон (озондау кезінде) | мг/л | 0,3-тен көп емес |
9 | Перманганатты тотықтану | мг/л | 5,0-ден көп емес |
10 | Хлороформ | мг/л | 0,2-ден көп емес |
11 | Формальдегид (озондау кезінде) | мг/л | 0,05-тен көп емес |
12 | Жалпы микробтар саны (ЖМС) | 1 мл-де | 100-ден көп емес |
13 | Жалпы колиформдық бактериялар (ЖКБ) | 100 мл-де | жоқ |
14 | Термотолерантты колиформдық бактериялар (ТКБ) | 100 мл-де | жоқ |
15 | Колифагтар | 100 мл-де | жоқ |
16 | Алтын тәріздес стафилококк (Staphylococcus aureus) | 100 мл-де | жоқ |
17 | Ішек инфекцияларын қоздырғыштар | 1000 мл-де | жоқ |
18 | Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa) | 100 мл-де | жоқ |
19 | Циста лямблийлері | 50 л-де | жоқ |
20 | Гельминт жұмыртқалары мен личинкалары | 50 л-де | жоқ |
21 | Легионелла (Legionella pheumophilia) | 100 мл-де | жоқ |
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 5-қосымша |
Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі
р/с | Көрсеткіш | Бақылау жиілігі |
1 | 2 | 3 |
Бассейн суы | ||
1 | Лайсаңдығы | 1 рет жұмыс уақытында |
2 | Түсі | |
3 | Иісі | |
4 | Температурасы | |
5 | Сутектік көрсеткіш | Жұмыс басталар алдында және әрбір 4 сағат сайын |
6 | Қалдық байланысқан хлор | |
7 | Қалдық бос хлор | |
8 | Озон (озондау кезінде) | |
9 | Перманганатты тотықтану | Айына 1 рет |
10 | Хлороформ | |
11 | Формальдегид (озондау кезінде) | |
12 | Аммоний азоты | |
13 | Жалпы микроб саны (бұдан әрі - ЖМС) | Айына 1 рет |
14 | Жалпы колиформдық бактериялар (бұдан әрі - ЖКБ) | |
15 | Термолерантты колиформдық бактериялар (бұдан әрі - ТКБ) | |
16 | Колифагтар | |
17 | Алтын тәріздес стафилококк (Staphylococcus aureus) | |
18 | Ішек инфекцияларын қоздырғыштар | ЖМС, ЖКБ және/немес ТКБ-ға талдаудың қанағатанарлықсыз болуы кезінде |
19 | Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa) | |
20 | Лямблий цистиддері | |
21 | Гельминт жұмыртқалары мен личинкалары | |
22 | Легионелла (Legionella pheumophilia) | |
Су аймағының ауасы | ||
23 | Хлороформ | Судағы хлороформ шоғырлануы 0,2 мг/л көп болған кезде |
24 | Хлор | |
25 | Температура | 1 рет жұмыс уақытында |
26 | Салыстырмалы ылғалдылық | |
27 | Ауа қозғалысының жылдамдығы | Ашылу алдында және желдету құрылғыларын жөндеуден/алмастырудан кейін |
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 6-қосымша |
Шаштараздық және косметикалық, косметологиялық қызмет көрсету
объектілері үй-жайларының алаңы
р/с | Үй-жайлардың атауы | 1 жұмыс орнына белгіленген алаң, м2 | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Келушілерге арналған үй-жайлар: |
3,0-тен 10 жұмыс орнына дейін | күту залы мен киім ілетін орын алаңы кемінде 6 м2 |
2 | Шаштараздық қызмет көрсету залы: - шебер-шаштараздың әмбебап жұмыс орны | 7,0 | бейініне қарамастан бір жұмыс орнына кемінде 15,0 м2 |
3 | Косметикалық кабинет | әр жұмыс орнына 8,0, бірақ 12,0-ден кем емес | |
4 | Маникюр кабинеті | 6,0 | әйелдер залында маникюр үстелін орналастыру кезінде – қосымша 6,0 м2 шаштараз |
5 | Педикюр кабинеті | 8,0 | |
6 | Косметологиялық кабинет | әр жұмыс орнына 8,0 бірақ 12,0-ден кем емес | |
7 | Массаж кабинеті | 9,0 | |
8 | Қию жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жай | 8,0 | әрбір қосымша жұмыс орнына 4,0 м2 |
9 | Кір жуу орны | 9,0-дан жоғары (жуғыш машиналарының типін ескергенде) | орталықтандырылған кір жуу кезінде көзделмеуі тиіс |
10 | Ас ішу және демалу үй-жайлары | 6,0 | |
11 |
Қосалқы үй-жайлар: |
| |
12 | Парфюмерлік-косметикалық өнімдер, дезинфекциялау, жуу құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар | 4,0 | |
13 | Мед. қалдықтарды уақытша сақтайтын үй-жайлар | 4,0 | |
14 | Зарарсыздандыру бөлмесі | 8,0 | |
15 | Киім ілетін орын | 1 жұмыс орнына 0,3 м2 |
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 7-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде қызмет көрсету (сұлулық салондары, шаштараз (алдын ала жазылу бойынша), химиялық тазалау, кір жуу орындары, ұйымдастыру техникасын жөндеу) саласындағы объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қызмет көрсету саласы объектілерінің жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайларды қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялау және жуу заттарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорының болуы.
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
3) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізу арқылы желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы, желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
4) персонал арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқаулық және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
5) ұйымға кіреберісте дене температурасын байланыссыз немесе байланыс тәсілімен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалды тепловизорлар) өлшеуге арналған аппараттарды қолдана отырып, персоналдың дене температурасын бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді шұғыл шақыруды қамтамасыз ету;
6) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған персонал мен клиенттер үшін сулықтар қорының болуы;
7) жұмыс күні ішінде қолғаптарды (әрбір клиенттен кейін оларды ауыстыру шартымен), медициналық маскаларды (әрбір 2 сағат сайын оларды ауыстыру шартымен) пайдалану;
8) жұмыс үй-жайларында бактерицидті шамдарды (келушілер мен персонал болмаған жағдайда пайдаланылады) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдаланылады) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында қолдану;
9) жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау, оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілеуді қамтамасыз ету;
10) тек маска киген келушілерді кіргізу;
11) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша).
2. Объект басшылығы клиенттер жиналатын "күту аймағын" болдырмай, алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, келуші (клиент) мен қызметкер (сұлулық салоны мен шаштараздан басқа) арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз етеді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтады.
3. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беткейлерін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жалпы пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып жүргізіледі.
Беткейлерді өңдеу дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүрту тәсілімен немесе дезинфекциялау ерітіндісін тозаңдату арқылы сулау тәсілімен жүргізіледі.
4. Жұмыс орнында дайындалатын дезинфекциялау ерітінділерін құралдың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оның дайындалған күні көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақтау керек.
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау ерітінділері оның дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес берілген концентрацияға сәйкес дайындалады;
5. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялау іс-шараларын жүргізеді.
6. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.
7. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру, және жөтелу кезінде пайдаланылған сулықтар), бір рет қолданылатын жинау шүберегі пакеттерге жиналады және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге салынады.
8. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен келісім шарт бойынша жүргізіледі.
9. Персоналды тамақ ішуі белгіленген орындарда жүргізіледі, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақтар бөледі.
10. Химиялық тазалау және кір жуу орындарында: лас киім-кешекті шығару және клиенттің үйіне таза киім-кешекті жеткізу барынша қамтамасыз етіледі, жоғарыда көрсетілген тәсілмен қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, олар мен қызметкердің арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып үй-жайда бір мезетте маскада екі клиенттен артық емес болуы, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайту қамтамасыз етіледі.
11. Сұлулық салондарында, шаштараздарда:
1) оңтайлы жұмыс аймақтарының шекаралары белгіленген креслолар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау;
2) персоналдың әр келушіге арналған құралдарды өңдеу қағидаларын қатаң сақтауы;
3) шаштарға арналған бигуди, қысқыштар, қалпақтар мен торларды жуу құралдарымен ағынды сумен әр клиенттен кейін ағынды сумен өңдеу;
4) қырқылған шашты жабық қалаққа тікелей креслолардың жанында қақпағы бар ыдыстарға жинау, одан әрі дезинфекциялау ерітіндісімен бүрку арқылы сулау тәсілімен кәдеге жарату;
5) әрбір клиенттен кейін жұмыс орнын қосымша өңдеу қамтамасыз етіледі.
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 8-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа қызмет көрсету (типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі) бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. Қағида 8-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Халыққа қызмет көрсету объектілерінің жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялау және жуу заттарының, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорын қамтамасыз ету;
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама беру және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
4) байланыссыз немесе байланыс тәсілімен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалды тепловизорлар) дене температурасын өлшеуге арналған аппараттарды қолдана отырып, ұйымға кіру кезінде қызметкерлердің дене температурасын бақылау, қызметкерлерді ЖРВИ және тұмау симптомдарымен жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;
5) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, қызметкерлер мен клиенттер үшін телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған қорының болуы;
6) тек маска киген келушілерге ғана киюге рұқсат беру;
7) қолғаптарды, медициналық маскаларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану (әрбір 2 сағат сайын);
8) оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау;
9) желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
10) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша).
2. Объектінің басшылығы клиенттер жиналатын "күту аймағын" алып тастай отырып, алдын ала жазу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, келуші (Клиент) мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтықты барынша қамтамасыз етуді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
3. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс үстін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын), жалпы пайдаланылатын орындарды (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитарлық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирусицидті әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
Үстіңгі беттерді өңдеу дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүрту тәсілімен немесе дезинфекциялау ерітіндісін тозаңдату арқылы суару тәсілімен жүргізіледі.
4. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғану құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізеді.
5. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған салфеткалар), бір рет қолданылатын жинау шүберегін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастайды.
6. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі.
7. Персоналдың жұмыс орындарында тамақ ішуіне, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақ бөлуді көздеуге жол берілмейді.
8. Объектіде персонал мен келушілердің белгіленген ережелерді сақтауына және персоналмен күнделікті нұсқама өткізуге жауапты тұлға тағайындалады.
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 9-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа тұру бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. Қағида 9-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Объектіге қонақтарды жеткізу бойынша көлік қызметтерін көрсету кезінде көлік құралын жинау журналына белгі қоя отырып, вирусқа қарсы әсер ететін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, көлік құралының салонын ылғалды жинау қамтамасыз етіледі.
2. Қонақүйлерде, отельдерде келушілердің қауіпсіздігі мақсатында:
1) кіреберістегі келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті);
2) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша) қамтамасыз етіледі.
3. Персоналдың қауіпсіздігі мақсатында:
1) персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) қызметкерлерді барынша қашықтан жұмыс форматына ауыстыр, қысқарту, өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс уақытын барынша қысқарту;
3) санитайзерлерді кіру және шығу кезінде пайдалану;
4) объектіге бір сәттік кіру 2 адамнан аспайды;
5) үй-жай ішіндегі адамдар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
6) маскалар болған кезде персоналға рұқсат беру;
7) кіру кезінде персоналдың температурасын өлшеу қамтамасыз етіледі.
4. Бөлімше басшылары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) респираторлық инфекцияның кез келген белгілерімен (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы), симптомдары, жоғары температура анықталған немесе пайда болған жағдайда персоналды жұмысқа жіберуді болдырмау, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруды ұйымдастыру және жедел жәрдем келгенше осы қызметкерді оқшаулау;
2) персоналдың жұмысын ұйымдастыру кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
3) журналға белгі қоя отырып, жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және басқа да вирустық ауруларға ерекше назар аудара отырып, қызметкерлердің жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін жүргізу.
5. Нөмір қоры қызметінің бастығы қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
6. Дезинфекция үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.
7. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
8. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялық іс-шараларды жеке қорғану құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізеді.
9. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда сақталады.
10. Объектіде 15 минут ішінде күніне 2 реттен кем емес желдету режимі қамтамасыз етіледі.
11. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитарлармен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету).
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорының (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғану маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын салфеткалар немесе тері антисептиктерінің болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған жеке қорғану құралдарын жинауды шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге өткізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактиикалық бойынша жаднамалардың болуы;
4) келушілер көп жиналатын жерлерде (холлдар, залдар, мейрамхана) бактерицидті шамдарды (келушілер мен қызметкерлер болмаған жағдайда пайдалануға) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында пайдалануға;
5) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
6) COVID-19 кезінде персоналды жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру;
7) персоналдың жұмыс және демалыс аймақтарында қабырға дезинфекциялау құралдарын орнату.
12. Халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы шағын қонақүйлерде, хостелдерде, қонақүйлерде және басқа да объектілерде:
1) COVID-19 бойынша карантин кезінде персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) персоналдың санитерайзерлерді кіру және шығу кезінде пайдалануы;
3) персоналды жеке қорғану құралдары (маскалар) болған кезде кіргізу;
4) қызметкерлердің дене температурасын өлшеуге, жоғары температурада және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, бұл туралы журналға тиісті белгілер қойылады;
5) қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде құралдарды қолдану;
6) үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді;
7) дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
13. Объектінің басшылығы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) персоналдың жеке гигиенасын сақтауы үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың жұмыс істеуі, жуу құралдарымен, санитайзерлермен, қағаз сүлгілермен қамтамасыз ету);
2) бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорының (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстыру ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет) немесе көп рет қолданылатын қорғану маскаларының (келесі қолдану алдында кейіннен жуу және термиялық өңдеу арқылы), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және тұтастығы бұзылған кезде), қолды өңдеуге арналған дезинфекциялайтын салфеткалар немесе тері антисептиктерінің болуы. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған жеке қорғану құралдарын жинауды шығару үшін арнайы бөлінген орындарда пакеттерге өткізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату;
3) көрінетін және қолжетімді жерлерге қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнату, коронавирустық инфекцияның профилактикасы бойынша жаднамалардың болуы;
4) есептік қажеттілікке, өңдеу ауданы мен еселігіне қарай дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорының болуы;
6) қызметкерлерді жеке гигиена ережелері бойынша мерзімді оқыту және COVID-1 кезінде қажетті шаралар мен іс-қимыл жоспарын іске асыру.
15. Барлық объектілерде жұмыс процесін ұйымдастыру кезінде:
1) адамдар көп жиналатын жерлерде, жүріп-тұру қарқындылығы байқалатын ресепшен алдында, едендегі белгілер арқылы немесе шектеу тіректері арқылы орындарды белгілеу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау;
2) іргелес аумақты тазалықта ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет "санитариялық" күн өткізу;
3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды бекіту (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, ды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
4) желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің профилактикалық тексеру жүргізумен үздіксіз жұмысы (фильтлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда), әрбір 2 сағат сайын желдету режимін сақтау;
5) егер келген кезде немесе қонақтардың келуі кезінде аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т.б.) байқалатын болса және жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттігі және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау кезінде қызметкерлер арасында ден қою жоспары туралы нұсқама өткізу;
6) мейманханалық аймақтарда бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта дивандар, орындықтар орнату;
7) әрбір келуші/клиент шыққаннан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, бөлмелерді күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етіледі.
15. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асыралады. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді.
17. Нөмірлерде немесе асханаларда қонақтардың тамақтануын ұйымдастыру үстелдердің арасында кемінде 1 метр қашықтық және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қонақтардың жиналуын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде жүзеге асырылады.
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 10-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мәдениет объектілеріне (жеке және 30 адамға дейін топтық репетициялар) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. Қағида 10-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Күшейтілген эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету мақсатында мәдениет объектілерінде мыналар жүргізіледі:
1) қызметкерлер мен келушілердің кіреберісте дене температурасын бақылау, COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) жоққа шығармайтын симптомдардың болуын сұрау;
2) кіреберісте, холлдарда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифтілерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату;
3) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша);
4) клиенттер жиналатын "күту аймағын" алып тастай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру, келуші (клиент) мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз ету, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту.
2. Мыналар қамтамасыз етіледі:
1) іргелес аумақты тазалықта ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет "санитариялық" күні;
2) үй-жайларды жинауға және персоналдың қолын өңдеуге, тыныс алу органдарын жеке қорғану құралдарына арналған дезинфекциялайтын құралдардың төмендетілмейтін (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз ету;
3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, майлықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
4) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама өткізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
5) персоналдың жұмыс күні ішінде қолғаптарды, маскаларды/респираторларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануы;
6) әрбір 2 сағат сайын барлық үй-жайларды желдету режимін қамтамасыз ету;
7) сеанстар арасында кейіннен 15 минутқа желдете отырып, залдарға дезинфекция жүргізуге кемінде 30 минут үзіліс (сүйеніштерді, есіктердің тұтқаларын, креслолардың шынтақ қойғыштарын сүрту);
8) әр залдағы сеанстар санын шектеу (3-тен көп емес), қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып, көрермендерді залға жіберу (кресло арқылы отырғызу және т. б.);
9) профилактикалық қарау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету (фильтрлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда).
10) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есіктің тұтқаларын, сөндіргіштерді, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдаланылатын орындарды (гардероб, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вируциалды әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау жүргізу.
4. Техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекцияны жеке қорғану құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде жүргізуі қажет.
Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.
5. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.
6. Тамақ ішу арнайы бөлінген бөлмеде жүргізіледі. Тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттар үшін үй-жай бөлу көзделеді.
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 11-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде СПА орталықтарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. Қағида 11-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Объектілерде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) кірер кезде және жұмыс күні ішінде (көрсетілімдер бойынша) термометриямен жұмыс ауысымы алдында қызметкерлердің күн сайынғы кіру фильтрін, ЖРВИ және тұмау симптомдарымен қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғына, оның ішінде отбасы мүшелерінде болуына, шетелден келгендермен байланысты сұрау, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдар бар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;
2) кіретін жерде келушілер мен клиенттердің температурасын өлшеуді қамтамасыз ету;
3) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жүргізу;
4) кіреберісте дозаторлары бар тері антисептиктерімен, құрамында спирті бар парфюмерлік-косметикалық заттар немесе дезинфекциялық қолды өңдеуге арналған орын ұйымдастыру;
5) алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру (мүмкіндігінше), монша мен сауна ғимаратының ішінде келушілердің күтуін болдырмау, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту;
6) 1,5 м қашықтықта таңбаларды (булаудан басқа) салу арқылы келушілер мен қызметкерлер үшін әлеуметтік қашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) қызметкерлер мен келушілерге арналған жеке гигиена ережелерін сақтау және қолды тері антисептиктерімен өңдеу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
8) қызметкерлердің арнайы киімдері мен келушілерге арналған киімдерді күнделікті жууды қамтамасыз ету;
9) әр 2 сағат сайын және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (гардеробтарды, тамақ ішетін, демалу бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
10) дезинфекциялық ерітінділерді заттың атауы, ерітіндінің шоғырлануы және оны дайындау күні көрсетілген таңбасы бар ыдыстарда дезинфекциялық затты қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес сақтау;
11) персоналдың жеке қорғану құралдарын пайдалана отырып дезинфекция жүргізуі: униформа, қолғап, медициналық маска;
12) жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда сақтау;
13) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде фильтрлерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізу арқылы желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; желдету режимін сақтау;
14) қол жууға арналған раковинамен және дозаторы бар тері антисептиктерімен жабдықталған арнайы бөлінген бөлмеде тамақ ішу;
15) келушілерге арнайы бөлінген орындарда жылыту мүмкіндігімен тек оралған сусындар мен дайын тамақ өнімдерін өнеркәсіптік қаптамада (ланч-бокстар) ұсыну;
16) профилактикалық шаралар мен жеке гигиена ережелерін сақтау туралы келушілерді және жұмыскерлерді хабардар ету (дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында қолды жуу, әлеуметтік қашықтық жүргізу қажеттілігі және т. б.).
2. Спорттық іс-шараларды (бассейндер) өткізу ара қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып (кресло арқылы отырғызу) залға жобалық қуаттың 50% - дан астам жиналуынан аспайтын келушілерді жіберумен жүзеге асырылады.
3. Карантин кезеңінде купельдер мен бассейндер пайдаланылмайды.
Бассейндердің, жағажайлардың жұмысын ұйымдастыру
1. Күн сайын бассейнге және жағажайға іргелес жерлерге, сондай-ақ орналасқан шағын сәулет формаларына, күннен қорғауға мен демалуға арналған жабдықтарға (орындықтар, шезлонг және т. б.) дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып дезинфекция жүргізу;
2. Бассейнге бару алдында бассейнге келушілерге душ қабылдау, қолды және бетті сабынмен жуу, шешіну бөлмесінде және бассейндер мен жағажайларға барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтау жүргізіледі.
3. Қашықтықты сақтау үшін бассейндерде киінуге арналған кабиналардың бөлігін жабуды қамтамасыз ету.
4. Объектілерде:
1) бассейнде айналысатын бір адамға санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету: ересектер үшін кемінде 5 шаршы метр, балалар үшін кемінде 4 шаршы метр. Бассейнде бір мезгілде орналасқандардың саны 30 адамнан аспауы тиіс;
2) санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес бассейндерде су сапасына, су дайындау және суды зарарсыздандыру тиімділігіне өндірістік бақылауды күшейту;
3) әлеуметтік қашықтық үшін жеткілікті орын санын ескере отырып, жағажайларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) жағажай жабдықтарын орналастыру (шезлонгтар, шешінетін бөлмелер, аяқты жуғыштар және т.б.) әлеуметтік қашықтық қағидаларын сақтай отырып жүргізіледі.
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 12-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары) қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 1. Жұмыс режиміне қойылатын талаптар
Ескерту. Қағида 12-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Медициналық-әлеуметтік объектілерде (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) күшейтілген эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету мақсатында):
2. Әлеуетті ата-аналар COVID-19-да теріс нәтижемен зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде жетім балалармен одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін кездесу үшін әлеуетті ата-аналардың балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі;
3. Объектілерде анықталған симптомдары бар (дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) пациенттерді (персоналды) уақытша оқшаулау үшін кемінде 2 төсек оқшаулағыш бөлінеді. Изолятордың жұмыс тәртібі инфекциялық стационардың жұмыс режиміне сәйкес келеді.
4. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан келіп түскен пациенттер үшін 14 күнге дейін болатын жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді, жай-күйі мен термометрияға сұрау жүргізу арқылы күніне 3 реттен кем емес қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеледі.
5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түскен пациенттер COVID-19-ға зертханалық тексерудің нәтижесі теріс болған кезде қабылданады.
6. Респираторлық инфекциялар симптомдары (дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) пайда болған персонал пациенттерде симптомдар пайда болған кезде дәрігер-консультантты шақыра отырып, дереу изоляторға орналастырылады.
7. COVID-19 бойынша карантин кезінде пациенттер мен персоналға күніне 3 реттен кем емес жағдайна сұрау жүргізу мен термометрия арқылы қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеу арқылы медициналық бақылау жүргізіледі.
8. Науқаста ЖРВИ (пневмония) белгілері анықталған кезде инфекциялық стационарға тасымалдауды COVID-19 бойынша жедел медициналық жәрдем бригадасы жүзеге асырады.
9. Науқас немесе COVID-19-мен байланыста болған адам анықталған және оқшауландырылған жағдайда, қорытынды дезинфекция мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізіледі.
10. COVID-19 науқасты немесе байланыста болған адамды анықтау және оқшаулау кезінде қорытынды дезинфекция жүргізуге өтінімді COVID-9 жағдайын анықтаған медицина қызметкері береді.
11. Медициналық-әлеуметтік объектінің іргелес аумағын қорытынды өңдеу мекеменің өтініміне сәйкес ұйымдардың күшімен және қаражатымен жүргізіледі.
12. Пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін көрнекі ақпараттық материалдарды (жаднамалар, нұсқаулықтар) ұсына отырып, COVID-19 профилактикасы бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.
13. Объектіде COVID-19 кезінде карантиндік (эпидемияға қарсы) іс-шараларды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары, олардың орындалуын бақылаумен бекітіледі.
14. Күн сайын (әрбір ауысым алдында) режим талаптарының сақталуына нұсқама және мониторинг жүргізіледі.
15. Объектінің эпидемиологы (штатында эпидемиолог болмаған кезде жауапты медицина қызметкері) аптасына кемінде 1 рет қызметкерлерге сақ болу және COVID-19 кезінде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу мәселелері бойынша оқыту жүргізеді.
16. Объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) белгіленген нормаларға сәйкес пациенттердің толыққанды тамақтануы, тамақ тарату, асхана ыдыстарын өңдеу кезінде гигиеналық ережелерді сақтау. Тамақтану тұру бөлмелерінде жүргізіледі;
2) пациенттердің асханалық ыдыстарын жуу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және қоғамдық тамақтану объектілерінде, ас блоктарында және сауда объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауға қойылатын талаптарға сәйкес буфеттерде жүзеге асырылады;
3) жуу және дезинфекциялау құралдарының төмендетілмейтін қорымен (үш айлық қажеттілікті айқындай отырып), арнайы киіммен, медициналық маскалармен, қолғаптармен, тері антисептиктерімен, бір реттік майлықтармен және жинау мүкәммалымен (шелектер, шүберек швабрлары).
17. Үй-жайларды тазалауды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы жинау жүргізу үшін жауапты персонал айқындалады. Жауапты тұлғаларды бекітумен жинау кестесі жасалады;
2) барлық үй-жайларда күніне 3 реттен кем емес күнделікті ылғалды жинау есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), қол жууға арналған раковиналарды, терезелер мен шырақтарды, терезе алды, есік ойықтарын, төсек жанындағы тумбочкаларды, қосқыштар мен розеткаларды, лифтілерді міндетті түрде өңдеу арқылы жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
3) дезинфекциялау қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, мынадай еселікпен жүргізіледі:
- есіктердің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ қойғыштарын), қосқыштар мен розеткаларды, лифт кнопкаларын өңдеу- әрбір 2 сағат сайын;
-санитариялық тораптар (еден, санитариялық-техникалық жабдықтар, оның ішінде крандардың вентильдері, унитаз бөшкелерін, перилалар) - күніне 3 рет.
18. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыстың барлық түрлерін бір рет немесе бірнеше рет қолданылатын ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаптармен орындау керек. Жинау мүкәммалы жинау жүргізілгеннен кейін міндетті дезинфекциялауға жатады.
19. Медициналық-әлеуметтік объектілердің барлық үй-жайларын күніне кемінде 15 минут 6 рет желдете отырып, ауаның температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне (тазалау, жуу, дезинфекциялау, фильтрлерді ауыстыру және т. б.) тексеру жүргізіледі.
20. Үй-жайларда (холлдар, тамақ қабылдау залдары) күн сайын жабық үлгідегі ультракүлгін бактерицидті сәулелендіру құралдары немесе адамдардың қатысуымен тәулік бойы қолдану мүмкіндігі бар рециркуляторлар пайдаланылады. Рециркуляторлар үй-жайдың периметрі бойынша немесе оның нұсқаулығына сәйкес орнатылады. Сәулелендіру құралдарының қажеттілігі мен жұмыс режимі дайындаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес, олар орнатылатын үй-жайлардың ауданына қарай есептеледі.
21. Персонал бір рет қолданылатын медициналық маскаларды (маскаларды ауыстыру әрбір 2 сағатта кемінде 1 рет) пайдаланады, антисептиктерді пайдалана отырып, қолды гигиеналық өңдеу жүргізіледі, медициналық манипуляциялар жүргізу кезінде - бір рет қолданылатын стерильді қолғап пайдаланылады.
22. Кір жуу мекеме жанындағы кір жуу орындарында немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шарт бойынша жүргізіледі. Кір жуатын орын болған жағдайда тұратындар мен қызметкерлер үшін әртүрлі технологиялық ағындар көзделеді.
23. Төсек жабдықтарын (матрацтар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялау дезинфекциялау камерасының үй - жайында жүргізіледі, болмаған жағдайда-шарт бойынша жүргізіледі. Төсек жабдықтарын камералық дезинфекциялау пациент шығарылғаннан, басқа ұйымдарға ауыстырғаннан немесе қайтыс болғаннан кейін жүргізіледі.
24. Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, әкету және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі. COVID-19 байланысты медициналық қалдықтарды кәдеге жарату қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
25. Үйде қызмет көрсететін ұйымдардың басшылығы мынаны қамтамасыз етеді:
1) қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен, оларға үйге бару үшін автокөлікпен;
2) қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркей отырып, әлеуметтік қызметкерлердің жағдайына күнделікті сауалнама жүргізу және термометриямен;
3) респираторлық инфекциялар симптомдары (дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы, әлсіздік, жөтел, ентігу) бар әлеуметтік қызметкерлерді жұмыстан шеттету.
26. Мүгедектер мен қарттардың тұрғын үй-жайларындағы ылғалды жинау Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
27. Уақытша болу ұйымдарына жаңадан келіп түскендер үшін (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандары үшін) 14 күнге дейін болатын және жай-күйін сұрау жүргізу мен термометрия арқылы күніне кемінде 3 рет қағаз немесе электрондық жеткізгіште тіркеліп, жеке палата (немесе изолятор) бөлінеді.
"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 13-қосымша |
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде фитнес, спорт кешендерінің қызметтерін көрсететін объектілердің қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. Қағида 13-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Объектілердің жұмысын қайта бастауға санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайларды қамтамасыз еткен кезде жол беріледі:
1) Жұмыскерлерді жеткізу/тасымалдау қызметтік автобуспен/автокөлікпен жұмысқа және жұмыстан орталықтандырылған жеткізу кезінде жүргізушіні қолды өңдеуге арналған антисептикпен және қорғану құралдарымен (арнайы киім, маскалар мен қолғаптар), оларды міндетті түрде талап етілетін жиілікпен ауыстыра отырып қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір рейстің алдында автокөлік салонын дезинфекциялау және кейіннен желдетуді жүргізу;
2) жолаушылардың кіруі және шығуы үшін автобустардың/шағын автобустардың барлық есіктерін бір мезгілде ашу;
3) салонға отыратын орындардың санына сәйкес маскадағы жолаушыларды кіргізу.
2. Объектінің әкімшілігі:
1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу;
2) қызметкерлердің күн сайынғы кіріс фильтрі кірген кезде және жұмыс күні ішінде термометриямен жұмыс ауысымының алдында (көрсетілімдер бойынша), респираторлық аурулар симптомдарының болуына, оның ішінде отбасы мүшелерінде, ЖРВИ және тұмау симптомдарымен қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында шетелден келгендермен байланыстың болуына, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін. Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін оқшауланады;
2) кіруде келушілер мен клиенттердің температурасын өлшеу;
3) ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде жобалық қуаттың 50% - на дейін бір мезгілде жиналудан аспайтын келушілерді жіберу және қашықтық бойынша белгіленген талаптарды сақтай отырып көрермендерді залға жіберу (кресло арқылы отырғызу және т. б.);
4) аптасына 1 рет "санитариялық" күн өткізу;
5) көрінетін жерлерде және кіреберісте дозаторлары бар тері антисептиктерін орнату;
6) үй-жайлардың ауданына байланысты алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыру, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту;
7) спорттық жабдықтарды, тренажерлерді кемінде 1,5 м қашықтықта орналастыру, топтық сабақ студияларында белгілеу арқылы әлеуметтік дистанциялау қағидаттарын сақтау;
8) жаттығу базаларында сабақ өткізу кезінде спортшылар топтарының өзара іс-қимылын барынша азайту;
9) сабақтар өткізу уақытын қоспағанда, спортшылар мен келушілердің спорт ұйымдарында маска киіп жүруі;
10) үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолын өңдеуге, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-ға арналған дезинфекциялайтын құралдардың төмендетілмейтін (кемінде бес күндік) қоры;
11) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды айқындау (жұмыс күні ішінде температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқаулық жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, қолғаптарды, салфеткаларды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
12) қызметкерлер арасында нұсқама өткізу және келушілерді жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, профилактикалық, әлеуметтік дистанциялау шараларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау туралы хабардар ету;
13) қызметкерлердің қолғаптарды, маскаларды/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануы;
14) әрбір 2 сағат сайын оқу-жаттығу процесі мен сабақтар (жаттығулар) өткізілетін жұмыс орындары мен үй-жайларды желдету;
15) жұмыс үй-жайларында бактерицидті шамдарды (келушілер мен қызметкерлер болмаған жағдайда пайдаланылады) және (немесе) ауаны рециркуляторларды (адамдардың қатысуымен пайдаланылады) ауаны тұрақты зарарсыздандыру мақсатында қолдану;
16) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, тұтқаларды, жанасатын беттерді (спорт жабдықтары мен мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, әрбір 3 сағат сайын вирусицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларға ылғалды жинау жүргізу);
17) профилактикалық тексеру жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің үздіксіз жұмысы (фильтрлерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда);
18) Техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғану құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;
19) жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін сақтауды қамтамасыз етеді.
3. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) кейіннен жинау, зарарсыздандыру және жою арқылы бір реттік ыдыс пайдаланылады;
2) көп реттік ыдыстарды пайдаланған кезде – оны 65 градустан төмен емес температурада арнайы жуу машиналарында немесе сол температурада дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып қолмен өңдеу;
3) бөтелкедегі суды қоспағанда, спорт объектілеріне келушілерге дайын тағамдар мен сусындарды өткізуге жол берілмейді (толық күн болатын немесе тұрақты болатын спортшыларға арналған жаттығу базаларынан басқа);
4) жалпы тамақтану орындары үшін жалпы қабылданған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.
5) жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді, тамақ арнайы бөлінген тамақ ішетін бөлмеде қабылданады. Тамақ ішетін бөлме болмаған кезде дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттарға арналған үй-жайлар бөлінеді.