"Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 сәуірде № 10796 тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрі                                     Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ____________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің  
2015 жылғы 3 наурыздағы   
№ 183 бұйрығымен     
бекітілген         

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары

1. Негізгі ережелер

      1. Осы «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) коммуналдық мақсаттағы объектілерді жобалауға, орналастыруға, сумен жабдықтауға, су бұру жолдарына, жарықтандыруға, желдетуге, үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
      2. Осы Санитариялық қағидалар жобаланатын, салынып жатқан, реконструкцияланатын және жұмыс істеп тұрған коммуналдық мақсаттағы объектілерге қолданылады.
      3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
      1) арнайы киім – жұмыскерді сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауға арналған арнайы әзірленген киім және жұмыс істеу үшін қажетті сипаттарды қамтамасыз етеді;
      2) коммуналдық мақсаттағы объектілер (бұдан әрі – объектілер) әлеуметтік мақсаттағы, тұрмыстық қызмет көрсету және халыққа қызмет көрсететін объектілер: қонақ үйлер, жатақханалар, моншалар, хауыздар, жүзу бассейндері, кір жуу орындары, химиялық тазарту (бұдан әрі - химтазарту), шаштараз және косметикалық, косметологиялық қызметтер;
      3) косметикалық қызметтер – коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы мекемелерде және спорттық-сауықтыру мекемелеріндегі көрсетілетін медициналық бақылауды қажет етпейтін косметикалық рәсімдер;
      4) косметикалық рәсімдер - косметикалық ахаулықтарды емдеу және олардың алдын алуға бағытталған шаралар, сондай ақ шаш түсу және тері қартаюының алдын алу. Емдік косметологиялық рәсімдерді дәрігер-дерматолог орындайды, ал кейбіреулерін мейірбикелер орындайды. Мейірбикелер орындайтын косметологиялық рәсімдерді дәрігердің тағайындауымен және оның қадағалауымен және басшылығымен жүзеге
      5) косметологиялық кабинет – денсаулық сақтау ұйымдарындағы косметологиялық қызмет көрсететін үй-жай;
      6) солярий (косметологияда) – косметикалық тері күюін алу мақсатында қолданылатын жасанды ультракүлгін сәулелендіру қондырғысы, сондай-ақ осы қондырғылар орнатылған үй-жай.

2. Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Коммуналдық мақсаттағы объектілерді орналастыру кезінде халықтың өмір сүруінің санитариялық-гигиеналық жағдайларын нашарлатуға жол берілмейді.
      5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда объектілердің құрылысын жүргізуге, реконструкциялауға және пайдалануға беруге жол беріледі.
      6. Объектілер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына (бұдан әрі - нормалау құжаттары) сай санитариялық-қорғаныш аймағын белгілейді .
      7. Объектінің аумағы қоршалады, абаттандырылады, көгалдандырылады, жарақтандырылады және тазалықта күтіп-ұсталады. Аумақты жинау күн сайын жүргізіледі, адамдар немесе көліктер қозғалысы орындарына жылдың жылы кезеңінде су себіледі, қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады.
      8. Ғимараттар мүмкіндіктері шектеулі адамдардың және мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайландырылған арнайы қондырғылармен жабдықталады.
      9. Объектілердің ғимараттары жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, желдету, ауа баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
      Ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелері нормалау құжаттарына сәйкес судың берілуін қамтамасыз етеді.
      Су бұру жүйелері сарқынды судың қауіпсіз ағуын қамтамасыз етеді. Санитариялық-техникалық желілер, құрылғылар мен аспаптар жарамды күйде болады.
      10. Кәріз жүргізілмеген аудандарда ғимаратқа 25 метрден (бұдан әрі - м жақын емес қашықтықта су өтпейтін шұңқыры бар аулалық дәретхана көзделеді.
      Қазылған шұңқырлар, септиктер көлемінің кемінде үштен екі бөлігі толған соң, уақтылы тазаланып, дезинфекцияланады. Жергілікті тазарту құрылғылары өндірушінің техникалық құжаттамасына сәйкес жабдықталады. жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Үй-жайларды және баспалдақ алаңдарын желдету ашылатын терезе және есік ойықтары арқылы, табиғи жарықтандыру терезе ойықтары арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарақтандырылумен қамтамасыз етіледі.
      Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Шырақтар қорғаныш плафондарымен тұмшаланып жабылады.
      12. Артық шу, діріл, ультракүлгін, инфрақызыл, элекромагниттік сәулелену көзі болып табылатын жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
      13. Үй-жайларды тікелей функционалдық мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді.
      14. Объектілердің барлық үй-жайларында жуу, тазарту құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, 7 күн сайын бір реттен сиретпей күрделі жинау жұмыстары жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, сөрелермен немесе стеллаждармен жабдықталған, арнайы бөлінген орында (үй-жайда) сақталады.
      15. Пайдаланылған төсек жабдықтары мен жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе ыстық және суық су келтірілген, бөлінген үй-жай, арнайы жабдық болған жағдайда тікелей объектілерде жүргізіледі. Жеке кір жуатын орынды жабдықтаған жағдайда, кір және таза заттардың қарсы ағымы мен қиылысуына жол бермейтін жуу технологиялық процестердің реттілігі (ағындылығы) сақталады.
      16. Дезинфекциялау ерітінділері заттың атауы, ерітіндінің қоюлануы мен дайындау мерзімі көрсетілген таңбасы бар ыдыстарда сақталады. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген дезинфекциялау ерітінділері оның дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес берілген қоюлыққа сәйкес дайындалады.
      17. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау   бойынша іс-шаралар ұйымдармен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика  министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10388 енгізілді) Санитариялық қағидаларының талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
      18. Объектілерде жұмыскерлерге арналған демалу және ас ішу бөлмелері (орындары), жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтауға арналған жағдайлар, себезгі бөлмесі мен дәретхана көзделеді.
      19. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайлар қол жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
      20. Үй-жайды әрлендіруде орын алған ақаулықтар (сынған қаптау плиткалары, линолеумнің және басқа да жабындар мен құралдардың
      21. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар, аяқ-киімді тазалау үшін торлар орнатылады.
      22. Қоқысты жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады, алаң тұрғын үй ғимараттарынан, балаларға арналған ойын алаңдарынан, демалу және спортпен айналысу орындарынан 25 метрден жақын емес (бұдан әрі – м) және 100 м.-ден алыс емес қашықтықта орналастырылады. Үш жағынан 1,5 м. биіктікте қоршалады.
      23. Үй-жайларды, аумақты жинаумен айналысатын жұмыскерлер арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
      24. Объект басшылығы жұмысқа орналасу алдында алдын ала және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан, гигиеналық оқудан өтуді қамтамасыз етуге міндетті. Жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалар жұмыс орындарында сақталады.
      25. Жұмыс орны болып табылатын үй-жайларда темекі шегуге тыйым салынады. Темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегуге жол берілмейтіндігі туралы белгі орнатылады.

3. Қонақ үйлерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      26. Қонақ үйлер бөлек тұрған ғимараттарда орналастырылады немесе жеке кіретін есігі бар көп функциялы ғимараттар құрамына енуі мүмкін.
      27. Көп функциялы ғимараттар құрамындағы қонақ үйлерді жобалау кезінде және қонақ үйлердің үй-жайлары басқа да ұйымдармен біріктірілген жағдайда, қонақ үйлер жоспарлы түрде бөлектенеді, оқшауланады және жеке кіру есіктерімен қамтамасыз етіледі.
      28. Қонақ үйлердің тұрғын жайларын жертөледе және төменгі қабаттарда орналастыруға жол берілмейді.
      29. Үш және одан көп қабатты қонақ үйлер ғимараттарында қоқыс салғыш құбырлар жобаланады. Қоқыс салғыш құбырлардың өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа және дыбыс өтпейтіндей оқшауланып жабдықталады және адамдар тұрақты тұратын тұрғын және қызмет үй-жайларына жапсарлас салынбайды. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелердің немесе олармен іргелес және үнемі адамдар болатын үй-жайлардың астына орналастыруға жол берілмейді.
      30. Қонақ үйлердің нөмірлерінде санитариялық торап, киім ілетін орындар көзделеді. Тұру алаңы бір тұрғынға шаққанда кемінде 6 шаршы метрді (бұдан әрі – м2) құрайды.
      31. Тұрғын үй-жайлардың шудан оқшаулануы сақталған жағдайда қонақ үйлердің тұрғын қабаттарында қоғамдық тамақтану үй-жайларын (барлар, кафелер, буфеттер) орналастыруға жол беріледі.
      32. Қонақ үйлердің нөмірлері мен баспалдақ алаңдары табиғи және  аз жарықтандырылу нормалары осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
      33. Қонақ үйлер ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған жағдайда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
      34. Қонақ үйлердің дәретханалары жуынатын раковиналармен, қол сүртуге арналған электр сүлгімен немесе жеке майлықтармен, жуғыш құралмен, дәретхана қағазын ұстағышпен, унитаз тазалау үшін сыйымдылыққа салынған щеткамен, қоқысқа арналған себетпен жабдықталады.
      35. Қонақ үйлердің нөмірлері мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізіледі. Кілем бұйымдары шаңнан тазартылады, жұмсақ жиһаздар шаңсорғышпен немесе арнайы щеткамен тазартылады.
      Дәретханаларды жинау жұмыстары нөмірдің барлық басқа аймақтарын жинау аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
      36. Қонақ үйдегі нөмірлер мен ортақ пайдалану орындарын күрделі жинау кемінде айына бір рет жүргізіледі.
      37. Ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделеді.
      Дәретханалардың унитаздары және писсуарлары дезинфекциялау ерітіндісімен өңделген арнайы щетканың (ерштердің) көмегімен дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады және сумен шайылып, жуылады.
      38. Қонақ үйдің жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.
      39. Қонақ үйде тұратындар үшін бір орынға кемінде төрт төсек жабдығының жиынтығы көзделеді. Қонақ үйлердегі төсек жабдықтары мен сүлгілерді ауыстыру күн сайын жүргізіледі. Тұрған қонақтар нөмірден кеткеннен кейін ылғалды жинау жүргізіледі.
      40. Әрбір бөлме жинаушы таза және пайдаланылған төсек жабдықтарын, нөмірлерді жинау құралдарын тасымалдауға арналған арбалармен, қоқыс жинауға арналған, бір рет қолданылатын полиэтилен пакеттермен қамтамасыз етіледі.
      Арбаларды жабдықтау жеке үй-жайда жүргізіледі, пайдаланылған төсек жабдықтары пакеттерге және қаптарға жиналады. Таза төсек жабдықтары ашық күйде тасымалдауға жол берілмейді.

4. Жатақханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      41. Жатақханаларды жобалау және салу кезінде дәлізді жүйедегі тұрғын бөлмелер 10 бөлмеден аспайтын және пәтерлі жүйедегі 3 бөлмеден аспайтын санитариялық торап, себезгі бөлмелері көзделеді.
      42. Жатақхана ғимараттарында:
      1) тұрғын бөлмелердің үстіңгі қабаттарында және оларға тікелей жапсарлас санитариялық тораптар, қол жуғыштар, себезгі бөлмелерін орналастыруға;
      2) тұрғын үй-жайлар астында қоқыс камерасын орналастыруға;
      3) қоқыс салғыш құбырлар мен электр қалқандарын тұрғын бөлмелерге жанастыруға;
      4) санитариялық-техникалық аспаптарды тұрғын бөлмелердің қоршау қабырғаларына тікелей бекітуге жол берілмейді.
      43. Жатақханалардың тұрғын бөлмелерінің алаңы бір адамға шаққанда 6,0 м2 кем болмауы тиіс.
      44. Көп қабатты жатақханалардағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, атап айтқанда дәретханалар, қол жуатын бөлмелер, кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, ортақ ас үйлер, жинау мүкәммалын сақтауға арналған үй-жайлар (орын) әр қабатта орналастырылады.
      45. Медициналық пункт үй-жайлары 1-қабатта орналастырылады, мәдени-көпшілік іс-шараларға, тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар 1 немесе 2-қабаттарда тұрғын үй-жайлардан оқшау орналастырылады.
      46. Кір жуу бөлмелері дәлізден шлюз арқылы бөлектенеді, суық су мен ыстық су жүргізілген ванналармен, ылғалға төзімді жабыны бар орындықтармен немесе үстелдермен, стеллаждармен, легендермен; кір және киім кептіруге арналған үй-жайлар кірді кептіруге және үтіктеуге арналған құрылғылармен жабдықталады.
      47. Ас үйлер плиталармен, жуу ұяшығымен, үстелдермен жабдықталады.
      48. Кір жууға және кептіруге арналған үй-жайлар, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар механикалық сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
      49. Жатақхана үй-жайларындағы ауаның есептелген параметрлері  мен ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
      50. Жатақханалардың барлық тұрғын үй-жайлары, сондай-ақ ортақ дәліздері мен холлдары табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Санитариялық тораптарды, себезгі бөлмелерін, қоймалар мен адамдар аз уақыт болатын басқа да қосалқы үй-жайларды табиғи жарықсыз орналастыруға жол беріледі.
      51. Терезе әйнектері таза күтіп-ұсталады, ластануына байланысты тазартылады.
      52. Жатақханалардың үй-жайларында қоқысқа арналған урналар, ас үйлерде тағам қалдықтарына арналған қақпағы тығыз жабылатын, толуына байланысты тазартылатын сыйымдылықтар қойылады.
      Ортақ қолданылатын үй-жайлар мен дәліздерге қоқыс шығаруға және қалдықтар салынған сыйымдылықтарды сақтауға жол берілмейді.
      53. Жұмсақ мүкәммал (матрацтар, көрпелер, жастықтар) эпидемиялық
      Матрацтардың ластануына қарай жуылатын ауыстырмалы сыртқы тыспен қамтамасыз етіледі. Төсек жабдықтары ластануына қарай, бірақ кемінде күнтізбелік 7 күнде бір рет ауыстырылады.
      54. Төсек жабдықтарының қосымша жиынтығы (матрацтардың тыстары, жастықтар, көрпелер) бөлек шкафтарда (стеллаждарда) сақталады.

5. Моншалар мен хауыздарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      55. Моншалар мен хауыздар жеке тұрған ғимараттарда немесе жеке кіретін есігі болған жағдайда кір жуу орнымен бір ғимаратта, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық корпустарында орналастырылады.
      56. Монша және хауыз үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, бөлмесі, санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық үй-жайлар, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар кіреді.
      57. Моншаларда қосымша орындар болған жағдайда, шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын орналастыруға жол беріледі.
      Шаштараз, массаж, косметикалық кабинеттерді, қоғамдық тамақтану объектілерін, жеке гигиена заттары мен басқа да тауарларды сатуға арналған дүңгіршектерді, жеке заттарды сақтау қоймаларын құралдармен жабдықтау және әрлеу жұмыстары нормалау құжаттарына сәйкес орындалады.
      58. Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға жол беріледі. Сыйымдылығы 200 және одан да көп орындық моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
      59. Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.
      60. Терезе ойықтарында ашылатын фрамугалар немесе желкөздер көзделеді.
      61. Моншалар мен хауыздарда жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалған қатты жартылай қатты және жиһаздар, шешіну-киіну және себезгі бөлмелерінде резеңке кілемшелер қолданылады. Ағаш траптарды пайдалануға жол берілмейді.
      62. Жуыну үшін жоғары температура әсеріне төзімді және оңай жуылатын және өңделетін легендер қолданылады. Жуыну үшін ағаш легендер қолдануға жол берілмейді.
      63. Моншалар мен хауыздарда жеке қолдану үшін және пакеттерде берілетін таза және құрғақ заттар (ақжаймалар, сүлгілер) пайдаланылады. Таза заттар пайдаланылғандардан бөлек сақталады.
      64. Моншалар мен хауыздардың үй-жайларында тазалық сақталады. Кәріз траптарының бітеліп қалуына және еденде лас судың жиналуына жол берілмейді.
      65. Әр келушіден кейін резеңке аяқ-киім фунгицидтік әсері бар дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Резеңке бұйымдарды өңдеу үшін таңбаланған сыйымдылықтар бөлінеді. Дезинфекциялаудан кейін аяқ киім кептіріліп, пакеттерге салынып беріледі.
      66. Жуыну бөлімшелеріндегі легендерді, ванналарды өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартушы заттар, щеткалар мен шүберектер көзделеді. Легендер, ванналар дезинфекцияланады және сумен шайылады.
      67. Күн сайын жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жайларды желдету, үй-жайларды, мүкәммалды және жабдықтарды жинау, дезинфекциялау жүргізіледі.
      68. Бу қабылдау бөлмесін қоспағанда, моншалар мен хауыздардың үй-жайлары қоқыс салатын урналармен қамтамасыз етіледі.
      69. Монша мен хауыздарда жуынып-шайыну және себезгі бөлмелерінде кір жууға және кір кептіруге, моншаның пайдаланылуына қатысы жоқ заттар мен құралдарды сақтауға жол берілмейді.

6. Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      70. Бассейндер бөлек тұрған ғимараттарда, қоғамдық ғимараттарға жапсарлас салынған (немесе ішіне салынған) үй-жайларда орналастырылады. Бассейндер тұрғын ғимараттарда орналастырылған жағдайда қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
      71. Аквапарктер тұрғын, саябақ немесе рекреациялық аймақта оқшау тұрған аумақта орналастырылады.
      72. Бассейн үй-жайларының құрамына: киім ілетін орны бар вестибюль, ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет кіреді.
      73. Бассейн үй-жайларының ішін жоспарлау келушілер (шешіну-киіну орны-себезгі бөлмесі-бассейн ваннасы) қозғалысының реттілігін қамтамасыз
      74. Бассейн ванналарының көлемі бассейнге келуші ересектер үшін бір адамға шаққанда кемінде 5 м2, балалар үшін кемінде 4 м2 болуы тиіс.
      75. Шешіну-киіну орындары киім сақтауға арналған жеке шкафтармен және отыруға арналған орындықтармен жабдықталады.
      76. Айналма жолдар, бассейн ваннасының қабырғалары мен түбі су өтпейтін материалдардан жасалады, ванна зал құрылысының ішкі беті ылғалға төзімді материалдардан жасалады. Айналма жолдардың бассейн ваннасының түбінің жабын материалдары оларды тазалау және дезинфекциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болады.
      77. Себезгіден бассейн ваннасына дейінгі жүретін жолда ағынды сулы аяқ ванналар орналастырылады, олардың көлемі айналып өту мүмкіндігін болдырмайды. Бассейннің себезгі бөлмесінен айналып өту жолына тікелей шығатын жағдайда аяқ ваннасының болмауына жол беріледі.
      78. Бассейн себезгілері өтпелі болуы және шешінетін орыннан айналма жолына баратын бағытта орналасады, кабиналармен, жеке араластырғыштармен, ыстық және суық су желісімен, гигиена заттарына, сүлгілер мен жөкелерге арналған құрылғылармен жабдықталады.
      79. Судың ластанған жоғарғы қабатын тазарту суды ауыстырып құятын науалармен су бұру жүйелеріне жіберу арқылы жүргізіледі.
      80. Теңіз суымен толтырылған бассейндер үшін су алу орнын таңдау, нөсерлі жаңбыр суынан және сарқынды судан, өзендерден, порттардан, айлақтар мен жағажайлардан шығатын ластанған су көздерінің әсерінен тыс жердегі теңіз учаскесінің санитариялық жағдайы және судың сапасы ескеріле отырып жүргізіледі.
      81. Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі қолданылады немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет судың толық ауыстырылуы қамтамасыз етіледі. Теңіз суымен толтырылған бассейндерде рециркуляциялық жүйені пайдалануға жол берілмейді.
      Спорттық-сауықтыру бассейндерінде су алмастырудың рециркуляциялық жүйесі, шағын бассейндерде (ванна көлемі 70 м аспаса) судың толассыз ағысы қолданылады.
      82. Рециркуляциялық ауыстыру жағдайында бассейн жұмысының әрбір 8 сағатқа есептегенде кемінде 10 пайыз (бұдан әрі - %) су құбырының таза суын үздіксіз қоса отырып, су тазаланады және зарарсыздандырылады.
      83. Суды тазалау, зарарсыздандыру және тарату құрылыстары жұмыстың тиімділігімен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір ванна өзінің реагенттерді автоматты түрде дозалауды және судың тұрақты температурасын қамтамасыз ететін су дайындау жүйесімен жабдықталады.
      84. Ванналарға жіберілетін су зарарсыздандырылады (хлорлану, бромдалу, озондалу, ультракүлгінді сәулелендіру).
әдісі (ультракүлгінді сәулелендіру) қолданылады.
      86. Ванналар оған жұмсалатын, рециркуляция жүйесіне түсетін, қосылатын таза су шығындарын есептейтін өлшеуіштермен, зерттеу үшін су сынамасын алуға арналған шүмектермен жабдықталады.
      87. Ванна түбі су бұру желісінен төмен орналасқан жағдайда ваннаны босату сорғының көмегімен жүзеге асырылады.
      88. Су бұру жүйесінен ванналарға су ағынының кері ағып келуіне жол берілмейді.
      89. Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайлары микроклиматының параметрлеріне қойылатын талаптар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада белгіленген.
      90. Бассейн ванналарының залдары, дайындық сабақтарына арналған залдар, хлорлау немесе озондау үй-жайлары сору және сыртқа тарату желдеткішінің жеке жүйелерімен жабдықталады.
      91. Жүзушілердің тыныс алу аймағындағы ауадағы бос хлордың шоғырлануы бір текше метрге 0,1 миллиграммнан (бұдан әрі - мг/м3), озон - 0,16 мг/м3 аспауы тиіс.
      92. Ваннасы бар бассейн залы табиғи жарықтандырылумен қамтамасыз етіледі. Жарық ойықтарының көлемі су үсті көлемін қоса алғандағы бассейн үй-жайлары көлемінің 20 %-нан кем болмайды. Жарық ойықтарының басым бөлігі фрамугалармен немесе желкөздермен жабдықталады.
      93. Су бетінің неғұрлым аз жарықтандырылуы 100 люкс (бұдан әрі - лк), суға секіру бассейндерінде - 150 лк., су добы үшін 200 лк. құрайды. Барлық бассейндерде іске қосылған жарықтандырудан басқа су бетін 5 лк. кем емес жарықтандыруды қамтамасыз ететін автономды авариялық жарықтандыру көзделеді.
      94. Күрделі және ағымдағы жөндеулер, инженерлік жабдықтарды ауыстыру, суды ағызу және ваннаға жаңа су толтыру олардың санитариялық-техникалық күйіне, зертханалық бақылау нәтижелеріне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің ұйғарымдарына (қаулыларына) байланысты жүргізіледі.
      95. Реагенттер, сумен жанасатын материалдар сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі құжаттары болғанда қолданылады.
      96. Маусымдық бассейндерде су құбырынан келетін су болмаған жағдайда жер үсті немесе жер асты көздерінің суын, оны күн сайын ауыстырып отырған жағдайда, қолдануға жол беріледі.
      97. Ванна суды ауыстырып құятын науалардың ернеуіне дейін толтырылады, ол толық толтырылмаған жағдайда қолдануға жол берілмейді.
      98. Залда шу деңгейі 60 децибелден (бұдан әрі - дБА) аспауы керек, сабақтар өткізу және жарыстар уақытында тиісінше 82 дБА және 110 дБА-ға дейін.
      99. Әрбір жүзу сабағы өтер алдында объектінің немесе шаруашылық орындарындағы температура мен салыстырмалы ауа ылғалдылығы, бассейн суының температурасы мен ванна суындағы дезинфекциялау құралдарының қалдық шоғырлануы көрсеткіштеріне бақылау жүргізеді.
      100. Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін шаю, оны жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен жүргізіледі.
      101. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын дезинфекциялау күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет жүргізіледі.
      102. Бассейннің рециркуляциялық үлгідегі ваннасын зарарсыздандыру кезінде судың 1 адамға шаққандағы шығыны:
      1) суды хлорлау және бромдау кезінде – сағатына 2 текше метрден (бұдан әрі – м3/с) кем емес;
      2) суды ультракүлгін сәулемен өңдегенде – кемінде 1,8 м3/с;
      3) суды озондағанда – кемінде 1,6 м3/с.
      103. Бассейннің ағынды үлгідегі ваннасындағы бір сағаттық су шығыны жүзуге үйрету ваннасының көлемінің кемінде 20–25 %-ын, қалған жағдайда ванна көлемінің кемінде 15 %-ын құрайды.
      104. Бассейнді пайдалану үзілісі ұзақ болған кезде (6 және одан да астам сағат) бассейн ванналарының суындағы дезинфекциялау құралдары бос хлордың қалдық шоғырлануынан текше дециметрге 1,5 миллиграммен (бұдан әрі – мг/дм3)) қамтамасыз етіледі.
      105. Бассейн суы сапасының көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген деңгейлерден аспайды.
      Суды ас тұзы электролизімен алынатын натрий гипохлоритімен зарарсыздандырған кезде бассейн ваннасындағы хлоридтердің 700 мг/дм3 дейінгі құрамына жол беріледі.
      106. Бассейннің үй-жайлары мен ванналарын күн сайын жинау жұмыс күнінің соңында, қажет болған жағдайда, ауысым арасындағы үзіліс кезінде жүргізіледі. Үй-жайларды жинаумен қоса айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды және басқаларды дезинфекциялау жүзеге асырылады.
      107. Бассейндердің үй-жайлары мен ванналарды күрделі жинау айына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
      108. Бассейнде жүзумен айналысатын адамдар шомылатын киім (плавки, купальник), ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстырылатын аяқ киім, сүлгі, денесін жууға арналған жуғыш заттар, губка (жөке), резеңке бас киімді (бассейн ванналарының суын шашпен ластауды болдырмау үшін) пайдаланады, бассейн залына шығу алдында себезгі (шомылуға арналған киімсіз) қабылдайды.
      109. Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
      Бассейн суының сапасына өндірістік бақылауды бассейннің өндірістік
      110. Су сынамалары екі нүктеден - бассейн ванналарының судың бетінен 25-30 см терең және тайыз тереңдіктегі бөлігінен алынады.
      111. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібінде жүргізілген талдаулардың нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.
      Бассейн жабылады, бассейннің қалыбы шайылады және дезинфекцияланады, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі.

7. Кір жуу орындарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      112. Өз-өзіне қызмет көрсету кір жуу орны мен кірді қабылдау-тапсыру пункттерін қоспағанда, кір жуу орындарын тұрғын үйлерде орналастыруға жол берілмейді. Кірді қабылдау-тапсыру пункттері тұрғын ғимараттарда орналасқан жағдайда, олар үй-жайларының тұрғын бөліктен оқшауланған кіру есігімен және кір және таза заттарды қабылдауға, сақтауға және беруге арналған бөлек үй-жайлармен жабдықталады.
      113. Кір жуу орындарының сәулеттік-жоспарлау шешімі технологиялық процестің ағындылығының сақталуын көздейді және таза және кір заттардың жанасуына, қиылысуына жол бермейді.
      114. Жабдықталған жылумен қамтамасыз ету, желдету және ауа баптау жүйелері ауа сапасының гигиеналық нормативтерін, шу мен діріл деңгейлерін, сондай-ақ кір жуу үй-жайларының жылу беру маусымында жол берілетін микроклимат параметрлерін: ауа температурасының плюс 18-22 Цельсия градус (бұдан әрі – оC), салыстырмалы ылғалдылықтың 30-65 % болуын қамтамасыз етеді.
      115. Кір жуатын орынның үстіндегі қабатаралық жабындар басқа үй-жайларды будан, жылудан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді.
      116. Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлардың терезелері орналасқан жағдайда, кір жуатын және кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен желкөзсіз қатты жабылуы тиіс.
      117. Аурухана төсек жабдықтарын жуу кезінде, аурухана төсек жабдықтарының басқа заттармен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желі бөлінеді.
      118. Таза және кір заттарды сақтау үй-жайларында стационарлардың функционалдық бөлімшелерінің атауы көрсетілген стеллаждар бөлінеді.
      Терапиялық, хирургиялық, обсервациялық, инфекциялық бейіндегі бөлімшелердің заттары бір-бірінен бөлек сақталуы тиіс.
      үсті дезинфекцияланады.
      119. Инфекция жұқтырылған төсек жабдықтары өңделетін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
      инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын қабылдау үй-жайы басқа үй-жайлардан оқшауландырылады;
      төсек жабдықтарын қабылдау, іріктеу және жуу үй-жайлары дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;
      инфекция жұқтырылған төсек жабдықтарын суға жібітіп қою төсек жабдықтарын іріктеу бөлмесінде жүргізіледі;
      жуу алдында және жуу кезінде төсек жабдықтары зарарсыздандырылады.
      120. Кір және таза киім-кешекті тасуға арналған жеке легендер, арбалар таңбаланады және мақсат бойынша қолданылады.
      121. Тұтынушыға беру кезінде бұйымдар орамдалады.

8. Химиялық тазарту орындарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      122. Ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, қонақ үй кешендерінде және гипермаркеттерде орналасқан шағын-химтазарту орындары кіретін және шығатын жеке есікпен, дербес желдету жүйесімен жабдықталады. Жеке кіріп-шығу есіктерін жайғастыру мүмкін болмаған жағдайда, шағын-химтазарту орындары азық-түлік және балаларға арналған тауарларды, сондай-ақ дәрілік заттар мен науқастарды күтуге арналған заттар сатылмайтын аймақта орналастырылады.
      123. Химиялық тазарту орындарының өндірістік үй-жайлары (цехтары) жеке тұрған ғимараттарда немесе ғимараттардың тік жоспарлануын және тітіркендіргіш әсер беретін, қолданылатын химиялық заттарды ескере отырып, сондай-ақ таза және кір бұйымдар қозғалысы ағынының қиылысуын болдырмау үшін қоғамдық үй-жайлардың бірінші қабатында орналастырылады.
      124. Өндірістік үй-жайлардың алаңын технологиялық процестердің сипатына, санына, өндірістік жабдықтардың типіне және жұмыскерлердің санына қарай айқындалады.
      125. Есіктердің сыртқы ойықтары мен қақпалар жылдың суық мезгілінде ауаны жылыту үшін тамбурлармен және жылы ауа перделерімен жабдықталады.
      126. Негізгі және қосалқы өндірістік үй-жайлардың қабырғасы, төбесі және едені зиянды химиялық заттардың жиналуына жол бермейтін, сіңірмейтін материалдармен өңделеді.
      127. Едендер химиялық берік және су өткізбейтін материалдармен жабылады, еден құрылысы сұйық заттың төгілуі және үй-жайларды ылғалды жинау кезінде төгінділердің өткізілмеуін қамтамасыз етеді.
      128. Өндірістік, қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар ғимараттарда орналасқан химтазарту орнының желдету жүйесі осы ғимараттың желдету жүйесінен дербес жабдықталады.
      129. Химиялық заттар бөлу көздері бар жұмыс орындары, сондай-ақ дақтарды кетіру, ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстары жергілікті сыртқа тарату құрылғылары болған жағдайда жүргізіледі.
      130. Шламды автоматты түсіру жүйесімен жабдықталмаған машиналарда шламды қолмен түсіру кезінде, ерітінді буын сыртқа шығару жүйесімен жабдықталған машиналарды қоспағанда, машиналардың артқы қабырғасы үстінен жергілікті сыртқа тарату құрылғысы, машинаның алдыңғы қабырғасы жанынан барабан ашылған кезде іске қосылатын жергілікті сыртқа тарату құрылғысы жабдықталады.
      131. Химтазарту орнында ауа рециркуляциясына жол берілмейді.
      132. Желдеткіш жабдықтары желдеткіш камераларда орнатылады, шудан оқшаулау және дірілді басу құрылғыларымен жабдықталады.
      133. Технологиялық механикалық сыртқа тарату желдеткіш жүйесінің тиімділігі жылына 1 рет, жалпы алмасу механикалық желдету жүйесінің тиімділігі 3 жылда 1 рет бақыланады.
      134. Өндірістік үй-жайлар жалпы жарықтандыру және/немесе құрамдастырылған жарықтандыру және авариялық жарықтандыру жүйелерімен жабдықталады.
      135. Жабдықтардан сарқынды суды ағызу жабық тәсілмен жүргізіледі. Сарқынды суды өндірістік үй-жайлардың еденіне, су бұру жүйесіне ағызуға арналған ашық науаларға жіберуге жол берілмейді.
      Химтазарту машиналарының су бөлгіштерінен шыққан құрамында еріткіштердің буы бар су шлам ретінде пайдаланылады.
      136. Еріткіштерді қолдану арқылы бұйымдарды құрғақ химиялық тазалау жүргізілген кезде үздіксіз және тұйық айналым бойынша барлық операциялардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
      137. Жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді жеткізу, мөлшерлеу және салу, сүзуге арналған ұнтақтарды жағу және сүзгі элементтерін механикалық жолмен тазалау бойынша өндірістік операциялар жеке қорғаныш құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі.
      138. Технологиялық жабдықтардың сыртқы бетінің температурасы кемінде 43 оC құрайды.
      139. Бұйымдарды химиялық тазартудың технологиялық процестерінде сапасы және қауіпсіздігі туралы құжаттары бар реагенттер, заттар және препараттар қолданылады.
      140. Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сыртқа тарату желдеткішімен, стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді едені бар қоймаларда сақталады.
      141. Өндірістік учаскелерде химиялық материалдар бір тәуліктік нормадан аспайтын мөлшерде сақталады.
      асырылады. Тұтынушыға бұйым қаптамаланған түрде беріледі.
      143. Персонал арнайы киіммен және аяқкиіммен, жеке қорғаныш құралдармен қамтамасыз етіледі.

9. Халыққа шаштараздық және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      144. Осы Санитариялық қағидалардың талаптары реконструкциялау пластикалық хирургия, тері және тері асты ауруларын емдеу медициналық қызметтеріне, денсаулық сақтау объектілері құрамындағы косметологиялық, массаж кабинеттеріне және солярий объектілеріне қолданылмайды.
      145. Объектілер тұрғын бөлігінен оқшауланған кiру есiгi және дербес желдету жүйесі болған жағдайда тұрғын үй ғимараттарының бірінші және төменгі қабаттарына орналастырылады.
      Жертөле қабаттары қосалқы және көмекшi үй-жайлар ретінде пайдаланылады.
      146. Ғимараттар мен үй-жайлардың көлемдi-жоспарлау және конструктивтiк шешiмдері көрсетілетiн қызметтер түрі және олардың қуаттылығымен анықталады. Объектілерде ыстық және суық су жүргізілген раковинамен жабдықталған, дезинфекциялауға, құралдарды залалсыздандыру алдында тазартуға және залалсыздандыру арналған үй-жай немесе арнайы орын бөлінеді.
      147. Косметикалық кабинеттерде мынадай косметикалық процедураларды жүргізуге рұқсат етіледі: бетті және мойынды гигиеналық уқалау, тері ауруларымен асқынбаған бетті гигиеналық тазарту, қасты және кірпікті бояу, жасанды кірпік өсіру, қасты қыру, әрлеу, маникюр, педикюр, пилинг.
      148. 3 жұмыс орнына дейiнгі шаштараз залдарында маникюр үшін қосымша алаңы кемінде 6 м2 бiр жұмыс орны орналастырылады. Шаштараз және косметикалық, косметологиялық қызметтер көрсететін объектілер үй-жайлары ауданының нормативтері осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген.
      149. Солярийлерде УФ-С ультракүлгін сәулелі диапазонды жабдықтарды қолдануға жол берілмейді. Солярийлерді пайдалану олардың техникалық паспорттары мен нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      150. Солярийдің жалпы алаңы техникалық сипаттамаға сәйкес аппараттың өзі алатын орыннан және ауданы кемінде 3,0 м2 шешіну аймағынан тұрады. Солярий қызметі оператордың көмегімен ұсынылған жағдайда, оператор үшін кемінде 6,0 м2 қосымша аймақ бөлінеді.
      151. Солярийлерді пайдалануға арналған үй-жай механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жеке желдету ағынының келуі ұйымдастырылады.
      152. Солярийдің шамдарын ауыстыру журналда міндетті түрде белгілей отырып, техникалық паспортта көрсетілген нормативті сағат орындалған жағдайда жүргізіледі. Істен шыққан шамдар қауіпсіз түрде кәдеге жаратылады.
      153. Әрбір сеанстан кейін келуші жанасқан солярий кабинасының барлық үстіңгі беттері дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Тік солярийді қолданған кезде келушілерге жеке сүлгі мен аяқ киім ұсынылады.
      154. Аппарат ішіндегі желдеткіш тесіктері ластанған сайын әлсін-әлсін тазартылып отырады.
      155. Солярийдің персоналы мен келушілерге әсер ететін физикалық факторлар деңгейі мынадай гигиеналық нормативтерден аспайды:
      1) электромагниттік өрістің кернеуі кемінде 25 вольтметрден;
      2) токтың электрлік өрісінің өнеркәсіптік жиілігінің кернеуі (50 Гц) – кемінде 0,5 киловольтметрден.
      156. Сәулелік әсері бар тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар үшін ультракүлгін сәулесінің рұқсат етілген қарқындылығы 280-315 нанометр (бұдан әрі – нм) диапазонда 1,9 ватметр шаршыдан (бұдан әрі – Вт м2) және 315-400 нм диапазонда 10 Вт м2 аспайды. 200-280 нм дипазонында сәулеленуге жол берілмейді.
      157. Арнайы көзілдіріксіз, сондай-ақ алғашқы екі сеанс арасында 48 сағаттық үзіліс сақталмаған жағдайда, келушілерге солярийге кіруге жол берілмейді.
      158. Порфюмерлік-косметикалық өнімдердің және шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және келушілерге өткізу қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттары болған жағдайда жүргізіледі.
      159. Жұмыс орнының саны үшеуге дейiн болғанда табиғи желдету желкөз және фрамуганың көмегiмен, үштен артық болғанда жасанды іске қосылатын сыртқа тарату желдету арқылы жүзеге асырылады. Қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды қоспағанда, барлық үй-жайлар үшін желдету жүйесі ортақ болуы мүмкін.
      Тырнақ өсіру шеберінің жұмыс орны жергілікті мәжбүрлі сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
      160. Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.
      161. Ерлер және әйелдер залдарында шаштараздардың қолын жууға және келушілердің басын жууға арналған раковиналар жеке-жеке жабдықталады.
      162. Балаларға қызмет көрсетуге арналған креслолар өз өлшемi және құрылымы бойынша олардың жасына және бойына сәйкес жабдықталады.
      163. Косметикалық кабинет, маникюр және педикюр кабинеттерi қол және құралдарды жууға арналған раковиналармен жабдықталады.
      164. Ауысымдағы жұмыскерлер саны 10 адамнан кем болғанда персоналға арналған киім ілетін орыны бар тамақ ішу бөлмесі, сондай-ақ келушілерге арналған киім ілетін орны бар вестибюль мен күту залын
      165. Таза заттар мен порфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар стеллаждармен немесе шкафтармен, кір заттарға арналған қақпағы бар ыдыстармен жабдықталады. Қолданылған кір және таза заттарды араластыруға жол берілмейді.
      166. Қию жұмыстары оқшауланған үй-жайда жүргізіледі, оның алаңы, бірақ бір жұмыс орны кемінде 4,5 м2 және жабдық жиынтығы жүргізілетін жұмыстың көлемі мен сипаты ескеріле отырып қабылданады.
      167. Косметикалық, маникюр және педикюр кабинеттерi жабық үлгідегi бактерицидті ультракүлгiн сәулелендіргіштермен жабдықталады. Сәулелендіргіштердің жұмыс режимі мен уақыты есепке алынады.
      168. Физиотерапиялық аппаратура арнайы жабдықталған кабинеттерде кабинетке кемінде бiр аппараттан орналастырылады. Кабинет алаңы бір кушеткаға 6 м2, бiрақ кемінде 12 м2 есебiмен қабылданады.
      169. Қауiптiлiгі 1-ші және 2-ші сыныпты лазерлiк қондырғылар ортақ үй-жайларда орналастырылады. Қауiптiлiгi 3-ші және 4-ші сыныпты лазерлiк қондырғылар бөлек немесе қоршалған үй-жайларда орналастырылады. Есiкке лазерлiк қауiптiлiк белгiсі және автоматты түрде қосылатын «Қауiптi, лазер қосылып тұр!» деген жарық таблосы iлiнедi.
      Ашық үлгідегi лазер қондырғыларымен жұмыс істеу кезіндегі қауiпсiздiк көзді жеке қорғаныш құралдарын (жарық фильтрлі қорғаныс көзілдіріктері, бет қорғаушы қалқанша) қолдану жолымен қамтамасыз етiледi.
      3-ші және 4-ші сыныпты лазерлік қондырғыларды жергілікті сыртқа тарату құрылғысынсыз қолдануға жол берілмейді.
      170. Әрбір келушiлердің дербес қолдануы үшін таза заттар қоры (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Таза, қолданылған заттар, парфюмерлік-косметикалық заттар, сондай-ақ жуу және дезинфекциялау құралдары бөлек сақталады.
      Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға астылық лентамен қолданылады.
      171. Қолданылған заттарды және жұмыс киімдерін жуу кір жуатын орындарда немесе арнайы жабдықталған жеке бөлінген үй-жайы болған жағдайда тікелей объектіде жүргізіледі. Персоналдың жұмыс және жеке киімдері бөлек сақталады.
      172. Клиенттің мойнындағы және бетіндегі қиылған шашты алу таза жеке сулықпен немесе мақталы тампонмен жүргізіледі. Қиылған шаштарды алу үшін шашақты қолдануға тыйым салынады.
      173. Қиылған шаштарды тұрмыстық қалдық ретінде шығарады.
      174. Әсемдеу косметикасын жағу үшiн бiр рет қолданылатын құралдар пайдаланылады. Қарындаштар әрбiр клиенттен кейiн ұшталады немесе кесiледi, далап, тушь, тень және опа бiр рет қолданылатын кистілермен жағылады. Косметикалық рәсімдер үшін бір рет қолданылатын мақта дискілер және спонждар пайдаланылады.
келушiден кейiн ауыстырылатын тампонмен немесе шашақпен жүргiзiледi.
      175. Қысқыштарды, бигудилерді, қалпақтар мен шашты химиялық бұйралауға арналған торларды, шашты іріктеп бояуға арналған бас киімдерді әр клиенттен соң жуу құралдарымен ағынды су астында жуады. Таза жиынтықтарды қаптамаланған күйінде жұмыс орындарында сақтайды.
      176. Тарақтар, щеткалар, шаш қиюға арналған қайшыларды әрбір клиенттен кейін ағынды сумен жуады, қолдану жөніндегі нұсқаулығы бар зарарсыздандырғышқа немесе дезинфекциялау ерітіндісіне салады.
      177. Электр ұстараларының алынатын пышақтарын, косметикалық жабдыққа және аспаптарға қоса жүретін электродтарды дезинфекциялау ерітіндісіне салынған тампондармен (15 минут сайын) екі рет сүртеді.
      178. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.
      179. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң дезинфекцияланады.
      180. Маникюр мен педикюрді бiр рет қолданылатын сулықтармен және зарарсыздандырылған жиынтықтармен жасаған жағдайда, олар алдын ала дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін кәдеге жаратылуға жіберіледі.
      181. Маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж жасау, косметикалық қызмет көрсету (көрсетілетін косметикалық қызмет түріне қарай) құрамында кемінде үш жинағы бар жеке жиынтықтар болған жағдайда жүргізіледі.
      Тері, шырышты беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.
      182. Маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг құралдарын, мата сулықтарын, мақта түйірлерін, сондай-ақ басқа да жұмсалатын материалдарды бу, ауа немесе зарарсыздандыру химиялық әдісімен зарарсыздандырылғаннан кейін микроорганизмдермен екінші рет байланыспайтындай жағдайларда сақтайды.
      Бір рет қолданылатын зарарсыздандырылған тұтыну материалдарын қолданған жағдайда әр келуші үшін қор қамтамасыз етіліп, олар кейін кәдеге жаратылады.
      183. Тері беті немесе шырышты қабық зақымдалуы мүмкін манипуляцияларда (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, татуаж, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құралдар әр клиенттен соң алдын ала сумен шайылмастан дезинфекциялау ерітіндісіне салынады. Дезинфекция аяқталғаннан кейін құралдар алды тазалауға және зарарсыздандыруға жатады.
      Құралдарды зарарсыздандыру алды тазалау, дезинфекциялау және зарарсыздандыру осындай мақсаттар үшін жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі. Құралдарды өндеуге арналған үй-жай «лас аймаққа» және «таза аймаққа» функционалды бөлiнедi. «Лас аймақта» құралдарды алдын ала тазалау, «таза аймақта» құралдарды дезинфекциялау және зарарсыздандыру
      184. Құралдарды зарарсыздандыру үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтары бар жабдықтар, аппаратуралар және материалдар пайдаланылады.
      185. Эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру мен бақылау және маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг, пилинг және косметикалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдарды дезинфекциялау, зарарсыздандыру алдында тазалау және зарарсыздандыру режимін күн сайын бақылау объектінің әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге жүктеледі.
      186. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирусты гепатит маркерлеріне тексерiледi.
      187. Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Персоналда ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған жағдайда, қорғаныш заттарымен (саусаққа кигішпен, лейкопластырьмен) оқшауланбаған жұмыскерлер клиенттермен жұмыс істеуге жіберілмейді.
      188. Жұмыскерлер жеке гигиенаның мынадай:
      1) клиентке қызмет көрсету алдында және қызмет көрсеткеннен кейін сабынмен қолды мұқият жуу;
      2) косметикалық кабинеттерде қолдарды өңдеу үшін тері антисептиктерін қолдану, қорғаныш бетперделерімен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке, латекс қолғаптарымен жұмыс жасау;
      3) шаш бояуды қолғаптармен жүргізу;
      4) жұмыс орнында темекі шекпеу және ас ішпеу;
      5) арнайы киіммен жұмыс жасау;
      6) жеке және арнайы киімді бөлек сақтау қағидасын сақтауға міндетті.
      189. Қанмен немесе сарысумен ластанған қол немесе қолғаптар сабынды қолдана отырып, ағынды сумен жуылады, кейіннен дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына 
1-қосымша             

Қонақ үйлердің үй-жайларын жасанды жарықпен
жарықтандырудың ең төменгі нормалары

р/с

Үй-жайлардың атауы

Шамдарды жаққандағы ең аз жарықтандыру (люкстерде)

Нормативтің қатысы бар беті

қызуы

люминисценттік

1

2

3

4

5

1

Нөмірлер (тұрғын үй-жайлар)

30

75

еденнен 0,8 м

2

Вестибюль

50

100

Еден

3

Ортақ қонақ бөлмелер, холлдар, буфеттер, барлар және басқалар

75

150

еден

4

Қызмет көрсету бюросы, әкімшілік үй-жайлар, тұрғындарға қызмет көрсету үй-жайлары

75

200

еденнен 0,8 м

5

Негізгі баспалдақтар, ортақ дәліздер, орталық киім кептіру орны, шеберханалар, тазалау және үтіктеу бөлмелері

30 (50)*

100

еден

6

Ортақ санитариялық тораптар, нөмірлердегі (үй-жайлардағы) санитариялық тораптар

30

75

еден

7

Ортақ себезгілер

50

-

еден

8

Қызмет көрсететін персоналға арналған үй-жай

75

150

еденнен 0,8 м

9

Қойма үй-жайлары

20

-

еденнен 0,8 м

10

Техникалық үй-жайлар

30

-

еден

*жақша ішіндегі сан – шеберханалар үшін

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына 
2-қосымша             

Жатақхана үй-жайларындағы ауаның есептелген
параметрлері мен ауа алмасу жиілігі

Р/с

Үй-жайлар

Жылдың салқын мезгіліндегі ауаның рұқсат етілген температурасы, оС, төмен емес

Ауа алмасу жиілігі

Ішке сору

Сыртқа тарату

1

2

3

4

5

1

Жатақхананың тұрғын бөлмесі

18

1 м2-ге кемінде 3 м3

-

2

Электр плитасы және газ плитасы бар жатақхананың ас үйі

16

-

кемінде 60 м3
2 конфорлы плита бар болғанда кемінде 60 м3/с;
3 конфорлы плита бар болғанда кемінде 75 м3/с;
4 конфорлы плита бар болғанда кемінде 90 м3/с;

16

-

3

Жуыну бөлмесі

22

-

25 м3

4

Дәретхана

18

-

25 м3

5

Ортақ қолданылатын санитариялық торап

18

-

1 унитазға 50 м3

1 писсуарға 25 м3

6

Себезгі

22

-

5 есе

7

Киім тазалайтын және үтіктейтін гардеробтық бөлме

18

-

1,5 есе

8

Вестибюль, ортақ дәліз, жатақхананың баспалдақ алаңы

16

-

-

9

Кір жуатын орын

15

5 есе

5 есе

10

Жатақханадағы кір кептіру, үтіктеу орындары

15

есептеу бойынша, бірақ кемінде 3 есе

3 есе

11

Жатақханалардағы шаруашылық және төсек жабдықтарын қоятын орындар

12

-

1,5 есе

12

Қоқыс жинау камерасы

5

-

1 есе (қоқыс жіберу құбырының өзегі арқылы)

13

Жаттығу залы

16

3 есе

3 есе

14

Кітапхана

18

-

0,5 есе

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына 
3-қосымша          

Жабық жүзу бассейндерінің негізгі үй-жайларының микроклиматы
параметрлеріне қойылатын талаптар

Р/с

Үй-жай

Су температурасы, 0С

Ауа температурасы, 0С

Салыстырмалы ылғалдылық %

1 сағаттағы ауа алмасу параметрлері

Ауа қозғалысының жылдамдығы (м/сек)

ішке сору

сыртқа тарату

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Ересектерге арналған ванна

24-26

-

-

-

-

-

2

Балаларға арналған ванна

30

-

-

-

-

-

3

Бассейн ванналарының залдары

-

Су температурасынан 1-2 жоғары

60 % көп емес

1 келушіге кемінде 80 м3/сағ,

1 көрерменге кемінде 20 м3/сағ.

0,5 көп емес

-

4

Оқу-дайындалу залы

-

18

-

1 келушіге кемінде 80 м3/сағ

0,2 көп емес

-


1 сағаттағы ауа алмасу жиілігі

5

Шешіну орны

-

25

-

Себезгілерді есепке ала отырып, тенгерім бойынша

2 (себезгілерден)

-

6

Себезгілер

-

25

-

5

10

-

7

Массаж бөлмесі

-

22

-

4

5

-

8

Хауыз камералары

-

120-ден көп емес

-

-

5 (адам жоқ кезде мерзімдік іске қосылатын)

-

9

Судың анализіне арналған зертхана

-

18

-

2

3

-

Ескертпе:
мезгілінде плюс 28оС, үйренушілер үшін плюс 29оС болуы тиіс

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына 
4-қосымша            

Бассейн суы сапасының көрсеткіштері

р/с

Көрсеткіш

Өлшем бірліктері

Норматив

1

2

3

4

1

Лайсаңдығы

литрге миллиграмм (бұдан әрі - мг/л)

2,0-ден көп емес

2

Түсі

град

20-дан көп емес

3

Иісі

балл

3-тен көп емес

4

рН сутегі иондарының шоғырлануы

-

6,5-9,0 шегінде

5

Қалдық байланысқан хлор

мг/л

1,2-ден көп емес

6

Қалдық бос хлор

мг/л

1-6 жасқа дейінгі балалар үшін 0,1-0,3; ересектер үшін 0,3-0,6

7

Аммонийлік азот (азот бойынша)

мг/л

0,2-ден көп емес

8

Озон (озондау кезінде)

мг/л

0,3-тен көп емес

9

Перманганатты тотықтану

мг/л

5,0-ден көп емес

10

Хлороформ

мг/л

0,2-ден көп емес

11

Формальдегид (озондау кезінде)

мг/л

0,05-тен көп емес

12

Жалпы микробтар саны (ЖМС)

1 мл-де

100-ден көп емес

13

Жалпы колиформдық бактериялар (ЖКБ)

100 мл-де

жоқ

14

Термотолерантты колиформдық бактериялар (ТКБ)

100 мл-де

жоқ

15

Колифагтар

100 мл-де

жоқ

16

Алтын тәріздес стафилококк (Staphylococcus aureus)

100 мл-де

жоқ

17

Ішек инфекцияларын қоздырғыштар

1000 мл-де

жоқ

18

Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa)

100 мл-де

жоқ

19

Циста лямблийлері

50 л-де

жоқ

20

Гельминт жұмыртқалары мен личинкалары

50 л-де

жоқ

21

Легионелла (Legionella pheumophilia)

100 мл-де

жоқ

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына 
5-қосымша              

Өндірістік бақылау жүргізудің ұсынылатын жиілігі

р/с

Көрсеткіш

Бақылау жиілігі

1

2

3


Бассейн суы

1

Лайсаңдығы

1 рет жұмыс уақытында

2

Түсі

3

Иісі

4

Температурасы

5

Сутектік көрсеткіш

Жұмыс басталар алдында және әрбір 4 сағат сайын

6

Қалдық байланысқан хлор

7

Қалдық бос хлор

8

Озон (озондау кезінде)

9

Перманганатты тотықтану

Айына 1 рет

10

Хлороформ

11

Формальдегид (озондау кезінде)

12

Аммоний азоты

13

Жалпы микроб саны (бұдан әрі - ЖМС)

Айына 1 рет

14

Жалпы колиформдық бактериялар (бұдан әрі - ЖКБ)

15

Термолерантты колиформдық бактериялар (бұдан әрі - ТКБ)

16

Колифагтар

17

Алтын тәріздес стафилококк (Staphylococcus aureus)

18

Ішек инфекцияларын қоздырғыштар

ЖМС, ЖКБ және/немес ТКБ-ға талдаудың қанағатанарлықсыз болуы кезінде

19

Көк іріңді таяқша (Pseudomonas aeruginosa)

20

Лямблий цистиддері

21

Гельминт жұмыртқалары мен личинкалары

22

Легионелла (Legionella pheumophilia)

Су аймағының ауасы

23

Хлороформ

Судағы хлороформ шоғырлануы 0,2 мг/л көп болған кезде

24

Хлор

25

Температура

1 рет жұмыс уақытында

26

Салыстырмалы ылғалдылық

27

Ауа қозғалысының жылдамдығы

Ашылу алдында және желдету құрылғыларын жөндеуден/алмастырудан кейін

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларына 
6-қосымша            

Шаштараздық және косметикалық, косметологиялық қызмет көрсету
объектілері үй-жайларының алаңы

р/с

Үй-жайлардың атауы

1 жұмыс орнына белгіленген алаң, м2

Ескертпе

1

2

3

4

1

Келушілерге арналған үй-жайлар:

- күту залы

- келушілер киім ілетін орын

3,0-тен 10 жұмыс орнына дейін

1,5 – одан кейінгі әрқайсысына 0,3

күту залы мен киім ілетін орын алаңы кемінде 6 м2

2

Шаштараздық қызмет көрсету залы: - шебер-шаштараздың әмбебап жұмыс орны

7,0

бейініне қарамастан бір жұмыс орнына кемінде 15,0 м2 

3

Косметикалық кабинет

әр жұмыс орнына 8,0, бірақ 12,0-ден кем емес


4

Маникюр кабинеті

6,0

әйелдер залында маникюр үстелін орналастыру кезінде – қосымша 6,0 м2 шаштараз

5

Педикюр кабинеті

8,0


6

Косметологиялық кабинет

әр жұмыс орнына 8,0 бірақ 12,0-ден кем емес


7

Массаж кабинеті

9,0


8

Қию жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жай

8,0

әрбір қосымша жұмыс орнына 4,0 м2

9

Кір жуу орны

9,0-дан жоғары (жуғыш машиналарының типін ескергенде)

орталықтандырылған кір жуу кезінде көзделмеуі тиіс

10

Ас ішу және демалу үй-жайлары

6,0


11

Қосалқы үй-жайлар:

- жабдықтау жиынтығын сақтайтын орын;

- жинастыру мүкәммалы мен қиылған шашты сақтау орны


6,0


2,0


12

Парфюмерлік-косметикалық өнімдер, дезинфекциялау, жуу құралдарын сақтауға арналған үй-жайлар

4,0


13

Мед. қалдықтарды уақытша сақтайтын үй-жайлар

4,0


14

Зарарсыздандыру бөлмесі

8,0


15

Киім ілетін орын

1 жұмыс орнына 0,3 м2