Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 09.01.2017 № 5 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | В. Школьник |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау
және бақылау туралы ережесі
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергетикасы саласында қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, техникалық диспетчерлеу мен тұтынудың сенiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен үнемдiлiгiн жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау мiндетi электр станциялардың, электр желілерінің энергетикалық жабдықтарын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануда жеке және заңды тұлғалардың электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілер техникалық талаптарының бұзушылықтарын ескерту, анықтау және бұлтартпау болып табылады.
4. Мемлекеттік энергетикалық бақылау:
1) электр және жылу энергиясының сапасы жөнiндегi техникалық талаптардың сақталуына;
2) өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiнiң сақталуына;
3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемдi пайдаланылуына, оны өндiру, беру, тұтыну режимдерiн оңтайландыруға;
4) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң күзгi-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығына жүргiзiледi;
5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң техникалық талаптарының орындалуын;
6) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желiлерiнiң, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдалану құрылғыларының пайдаланылуы мен олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.
5. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік энергетикалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 килоВольттан асатын электр желілерін, белгіленген қуаттылығы 100 Гигакаллория/сағаттан астам магистралдық жылу желілері мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйі жөніндегі талаптарды сақтау жөнінде тексеруді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
7. Энергетикалық бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) электр және энергия құрылғыларына қол жеткiзеді;
2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желiлерiнiң, сондай-ақ тұтынушылардың электр жабдықтарының техникалық жай-күйiн кезең-кезеңмен тексерудi жүзеге асырады;
3) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;
4) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеуді, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиiмдiлiгiн тексеруді жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi жүзеге асырады;
6) бақылауындағы энергетикалық жабдыққа зерттеу жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексеру кезiнде және электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезiнде сарапшыларды тартады;
7) энергияны үнемдеудің нормативтiк-әдiстемелiк актiлерiн, құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлеудi ұйымдастырады;
8) ұйымдардың меншiк иелерiне аварияларға, жазатайым жағдайлар мен электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң өзге де техникалық талаптарын өрескел бұзуға жол берген кiнәлi тұлғаларды тәртiптiк жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы материалдарды тиiстi мемлекеттiк органдарға жiбереді;
9) электр энергетикасы кәсiпорындарының объектiлер мен жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын бағалау жөнiндегі комиссияларына қатысады;
10) электр станцияларының, жылу және электр желiлерiнiң жұмысындағы Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикасы жүйесiн бiрнеше бөлiктерге бөлуге, электр және жылу энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге, iрi электр жабдығын бүлдiруге әкеп соққан iрi технологиялық бұзушылықтарды тексерудiң есебiн жүргiзедi.