"Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 212 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 14747 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

       1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 212 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10781 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

       1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

       2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

       3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

       4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Досмұхамбетов