«Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуы шартының;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуы шартының;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуы шартының үлгі нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В.Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрi
Е. Досаев ______________
2015 жылғы 19 наурыз
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 163 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын тіркелген тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шарты
№ ______
Бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатын, Қазақстан Республикасы _________________________ мекенжайы бойынша тіркелген (заңды мекенжайы көрсетілсін)
БСН:_____, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын ____________________ _____________________________________________________________ атынан
(қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетілсін)
___________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)
____________________________________________________ бір тараптан
(лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)
және Қазақстан Республикасы _____________________ мекенжайы бойынша
(орналасқан жері көрсетілсін)
тіркелген, БСН:_____, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын
_________________________________________________________ атынан
(толық атауы көрсетілсін)
__________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)
_________________________________________________ екінші тараптан
(лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)
мыналарды:
1) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-VI Қазақстан Республикасының Заңын ((бұдан әрі – Заң);
2) Заңның 6-бабы 10) тармақшаға сәйкес бекітілетін Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген Тіркелген тарифтерді айқындау қағидаларын (бұдан әрі – Тіркелген тарифтерді айқындау қағидалары);
4) Сатушының осы шартты жасасуға берілген өтінімін (20__ жылғы «___»_____ кіріс № ___) (Қағидаларға 1-қосымша);
5) Сатушының Сатып алушыға тіркелген тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сату ниетін назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасты.
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) шарт – Сатушы мен Сатып алушының арасында жасалған осы электр энергиясын сатып алу-сату шарты;
2) ЖЭК электр станциясы – берілетін электр энергиясын өндіретін ЖЭК пайдалану объектісі;
3) берілетін электр энергиясы – беру нүктесіне берілген, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келетін, электр станциясы өндірген барлық электр энергиясы;
4) беру нүктесі – электр станциясын энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу нүктесі;
5) коммерциялық есепке алу аспабы – беру нүктесінде орнатылған, заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген, берілетін электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;
6) берілетін ай – тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де басталатын және тиісті айдың соңғы күні сағат 00.00-де аяқталатын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша берілетін электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;
7) жұмыс күні – Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;
8) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталған күн – электр станциясының электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн;
9) Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) – электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстанның БЭЖ жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, Жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше.
2. Шарттың нысанасы
2. Шартқа сәйкес Сатушының электр станциясында өндірілген және беру нүктесіне берілген электр энергиясының барлық көлемін Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады.
3. Коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған немесе беру нүктесінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары ақаулы болған кезеңде электр станциясы өндірген және энергия беруші ұйымның желісіне берілген электр энергиясына Сатып алушы ақы төлемейді және Тараптардың өзара есеп айырысулары кезінде ескерілмейді. Бұл ретте Сатушының коммерциялық есепке алу аспаптарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы фактілері мен кезеңі желілеріне электр станциясы қосылған энергия беруші ұйымның тиісті актісімен расталуы тиіс.
4. Даулы жағдайларда ЖОҰДО беретін, Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін түпкілікті құжат болып табылады.
5. Индекстеу нәтижесінде тіркелген тарифтің шамасын не Сатушымен келісілген тіркелген тарифті индекстеу тәртібін өзгерту тіркелген тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын, тиісті өзгерістерді қолдану басталған күн көрсетіле отырып, осы Шартқа қосымша келісімге қол қою арқылы ресімделеді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері
6. Сатушы:
1) ай сайын, беру айынан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде беру айында электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымның желісіне жіберудің іс жүзіндегі тәулік сайынғы сағатпен есептегендегі көлемі туралы ақпаратты Сатып алушыға беруге;
2) ай сайын, беру айынан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей Сатып алушыға берілген электр энергиясының көлемін көрсете отырып, беру айында берілген электр энергиясына орындалған жұмыстар актісін ұсынуға;
3) ай сайын беру айынан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей Сатып алушыға орындалған жұмыстар актісі мен электр энергиясының электр желілеріне берілген іс жүзіндегі көлемі үшін шот-фактураны беруге;
4) жыл сайын 1 - 31 қаңтар аралығындағы кезеңде өткен қаржы жылына өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізуге;
5) электр станциясын коммерциялық пайдаланудың жоспарланған күні басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Сатып алушыға айларға бөлінген, ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі кезеңге электр энергиясын шығарудың, оны желіге жіберудің болжамды көлемі туралы ақпарат беруге;
6) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталғаннан кейін Сатып алушыға ай сайын, беру айы басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын алдағы беру айына арналған электр энергиясын шығарудың, оны желіге жіберудің болжамды көлемі туралы ақпаратты (электр энергиясын берудің бір айлық кестесі) беруге;
7) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталғаннан кейін Сатып алушыға жыл сайын, жиырмасыншы желтоқсанға қарай айларға бөлінген, алдағы жылға арналған электр энергиясын шығарудың болжамды көлемі, оны желіге жіберу туралы ақпаратты беруге;
8) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталғаннан кейін Сатып алушыға беру айынан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей - электр энергиясын желіге жіберудің іс жүзіндегі айлық, тәуліктік, сағаттық көлемін ұсынуға;
9) егер өз бастамасы бойынша осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы шешім қабылдаса, ол болжамды бұзу күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Сатып алушыны жазбаша хабардар етуге;
10) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы бірін-бірі дереу хабардар етуге міндетті.
7. Сатып алушы:
1) Сатушыдан орындалған жұмыстар актісін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оған қол қояды немесе егер ол Сатушының электр энергиясының берілген көлемі туралы деректерімен келіспесе, сол мерзімде Сатушыға бас тартудың негізділігін растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, өзінің жазбаша уәжделген бас тартуын жіберуге;
2) электр энергиясының беру айында берілген көлемі туралы Тараптар арасында келіспеушіліктердің бар-жоғына қарамастан, беру айы аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң он бес жұмыс күні ішінде тиісті орындалған жұмыстар актісінде көрсетілген электр энергиясының беру айында берілген барлық көлемі үшін Сатушыға ақы төлеуге;
3) егер өз бастамасы бойынша осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы шешім қабылдаса, ол болжамды бұзу күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Сатып алушыны жазбаша хабардар етуге;
4) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы бірін-бірі дереу хабардар етуге міндетті.
8. Сатушы:
1) бір-бірінен осы Шарттың ережелерін орындауды талап етуге;
2) осы Шартта көрсетілген, электр станциясының генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуатын ұлғайтпау шартымен электр станциясына ағымдағы немесе күрделі жөндеуді, оның ішінде негізгі генерациялайтын жабдықты ауыстыра отырып жүзеге асыруға;
3) осы Шарттан туындайтын өзінің қолда бар және болашақтағы құқықтары мен талаптарын Сатып алушыға беруге құқығы бар, Сатып алушыны талаптарды басқаға беру туралы тиісті шарт жасасқанға дейін хабардар етуге;
4) электр станциясы үшінші тұлғаға иеліктен шығарылған жағдайда, осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін нақ осы тұлғаға толықтай беруге құқылы. Мұндай жағдайда, осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер электр станциясына арналған құқықтармен бір мезгілде үшінші тұлғаға өтеді.
9. Сатып алушы:
1) бір-бірінен осы Шарттың ережелерін орындауды талап етуге;
2) егер электр энергиясының беру айында берілген көлемі туралы Тараптар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудің қорытындылары бойынша Сатып алушының Сатушыға артық сома төлеу фактісі анықталатын болса, мұндай артық төленген сома болашақ төлемдерде Сатушыға тиесілі сомалардан Сатып алушының ұстап қалуға құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
10. Шартта көзделген төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін Сатып алушы Сатушының талап етуі бойынша оған мерзімін өткізіп алған әрбір күнтізбелік күн үшін мерзімін өткізіп алған соманың 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ мерзімін өткізіп алған соманың 10 %-нан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.
11. Тараптар осы Шартта көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
12. Сатушы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Сатып алушының алдындағы өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, Сатып алушы мынадай іс-қимылдар тәртібін орындауға міндеттенеді:
1) Сатып алушы Сатушыға міндеттемелердің бұзылғаны туралы хабарлайды және жол берілген бұзушылықтарды жою қажеттігін ескертеді;
2) Егер Сатушы хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік үш айдан кешіктірмейтін мерзімде жол берілген бұзушылықтарды жоятын болса, онда Сатушы өз міндеттемелерін бұзбаған болып есептеледі;
3) Егер Сатушы Сатып алушыдан хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік үш ай ішінде жол берілген бұзушылықтарды жоймаса, онда Сатып алушы Сатушыға жол берілген бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы қайталап хабарлама жібереді;
4) Егер Сатушы Сатып алушыдан қайталап хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік үш ай ішінде жол берілген бұзушылықтарды жоймаса, онда Сатып алушы өз міндеттемелерін орындауға Сатушыны мәжбүрлеу және Сатушы жол берілген бұзушылықтарды толық жойғанға дейін осы Шарттың қолданысын тоқтата тұру туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
13. Электр станциясын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен алынатын электр энергиясы теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді Сатып алушы дербес жүзеге асырады.
14. Осы Шарттың талаптары Тараптардың өзара келісімі бойынша ғана өзгертілуі және жазбаша нысанда ресімделуі мүмкін.
5. Дауларды шешу
15. Осы Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
16. Тараптар осы Шарт бойынша дауларды тікелей келіссөздер арқылы шешуге тырысуы тиіс.
17. Тараптардың әрқайсысы осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты дауды шешу, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де дауларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.
18. Осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты, сондай-ақ өзгеше жолмен осы Шартқа байланысты барлық даулар Сатып алушының орналасқан жері бойынша соттың қарауына жатады.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
19. Егер Шарт талаптарының орындалмағаны және (немесе) тиісінше орындалмағаны форс-мажор мән-жайларының салдарынан болған болса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.
20. Осы Шарттың орындалуына кедергі келтіретін, Тараптардың бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылуына немесе ұқыпсыздыққа байланысты емес және күтпеген жерден болатын сипаты бар оқиға форс-мажорлық мән-жай деп танылады.
21. Қандай да бір себеппен Сатып алушыда жеткілікті ақшаның болмауы форс-мажорлық мән-жай болып табылмайды және Сатып алушыны төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін жауаптылықтан босатпайды.
22. Форс-мажорлық мән-жай әсеріне ұшыраған Тарап бұл туралы екінші Тарапты форс-мажорлық мән-жайдың сипатын, туындау себебін және растайтын құжаттарды ұсынып, олардың болжамды ұзақтығын көрсете отырып, күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.
23. Индекстеу нәтижесінде тіркелген тарифтің шамасын не Сатушымен келісілген тіркелген тарифті индекстеу тәртібін өзгерту - Тіркелген тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын, тиісті өзгерістерді қолдану басталған күн көрсетіле отырып, осы Шартқа қосымша келісімге қол қою арқылы ресімделеді.
7. Шарттың қолданылу мерзімі
24. Осы Шарт ____ жылғы «___» __________ бастап күшіне енеді.
25. Осы Шарт және онда көрсетілген тіркелген тариф шығарылған электр энергиясы энергия беруші ұйымның электр желісіне берілген электр станциясының электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап он бес жыл өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
26. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
27. Осы Шарт Астана қаласында жасалды, оған екі Тарап та қол қойды және Сатып алушы оны 20__ жылғы «_____»_________ № _____ жасалған шарттар тізіліміне тіркеді.
8. Тараптардың деректемелері және қолтаңбалары
Сатушы |
Сатып алушы |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 163 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген босату бағасының деңгейінен аспайтын тарифтер бойынша сатып алуының үлгі шарты
№ ______
Бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатын,
Қазақстан Республикасы _________________________ мекенжайы бойынша
тіркелген (заңды мекенжайы көрсетілсін)
БСН:_____, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын _________________
_________________________________________________________ атынан
(қаржы-есеп айырысу орталығының толық атауы көрсетілсін)
________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)
___________________________________________________ бір тараптан
(лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)
және Қазақстан Республикасы __________________________ мекенжайы
бойынша (орналасқан жері көрсетілсін)
тіркелген, БСН:_____, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын
_________________________________________________________ атынан
(толық атауы көрсетілсін)
_________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)
________________________________________________ екінші тараптан
(лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)
мыналарды:
1) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-VI Қазақстан Республикасының Заңын ((бұдан әрі – Заң);
2) Заңның 6-бабы 10) тармақшаға сәйкес бекітілетін Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
3) Сатушының осы шартты жасасуға берілген өтінімін (20__ жылғы «___»_____кіріс № ___) (Қағидаларға 1-қосымша);
4) Сатушының Сатып алушыға жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану объектісі өндірген электр энергиясын сату ниетін назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасты.
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) шарт – Сатушы мен Сатып алушының арасында жасалған осы электр энергиясын сатып алу-сату шарты;
2) ЖЭК электр станциясы – берілетін электр энергиясын өндіретін ЖЭК-ті пайдалану объектісі;
3) берілетін электр энергиясы – беру нүктесіне берілген, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкес келетін, электр станциясы өндірген барлық электр энергиясы;
4) беру нүктесі – электр станциясын энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу нүктесі;
5) коммерциялық есепке алу аспабы – беру нүктесінде орнатылған, заңнамада белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген, берілетін электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған техникалық құрылғы;
6) берілетін ай – тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-де басталатын және тиісті айдың соңғы күні сағат 00.00-де аяқталатын ЖЭК-ті пайдалану объектілерінен берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша берілетін электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;
7) жұмыс күні – Сатып алушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;
8) ТЭН-дегі тариф – ЖЭК-ті пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен және онымен келісілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген деңгейден аспайтын электр энергиясын босату бағасы;
9) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталған күн – осы Шартқа қол қойылғаннан кейін қолданысқа енгізілетін электр станциялары үшін электр станциясының электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күн немесе осы Шартқа қол қойғанға дейін қолданысқа енгізілген электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойған күн (жұмыс істеп тұрған және пайдалануға берілген ЖЭК-ті пайдалану объектілері үшін);
10) Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі - ЖО ҰДО) - электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстанның БЭЖ жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, Жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше.
2. Шарттың нысанасы
2. Осы Шарт бойынша Сатушының электр станциясында өндірілген және беру нүктесіне берілген электр энергиясының көлемін Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады.
3. Даулы жағдайларда ЖОҰДО беретін, Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін түпкілікті құжат болып табылады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері
4. Сатушы:
1) ай сайын, беру айынан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде беру айында электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымның желісіне жіберудің іс жүзіндегі тәулік сайынғы сағатпен есептегендегі көлемі туралы ақпаратты Сатып алушыға беруге;
2) ай сайын, беру айынан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей Сатып алушыға берілген электр энергиясының көлемін көрсете отырып, беру айында берілген электр энергиясына орындалған жұмыстар актісін ұсынуға;
3) ай сайын беру айынан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей Сатып алушыға орындалған жұмыстар актісі мен электр энергиясының электр желілеріне берілген іс жүзіндегі көлемі үшін шот-фактураны беруге;
4) жыл сайын 1 - 31 қаңтар аралығындағы кезеңде өткен қаржы жылына өзара есеп айырысуларды салыстыруды жүргізуге;
5) егер пайдалануға берілген электр станциясының іс жүзіндегі параметрлері жобалық параметрлерден өзгешеленетін болса, бұл туралы Сатып алушыны хабардар етуге;
6) егер электр станциясы осы Шарт қолданылған кезеңде пайдалануға берілсе, Сатушы электр станциясын коммерциялық пайдаланудың жоспарланған күні басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Сатып алушыға айларға бөлінген, ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі кезеңге электр энергиясын шығарудың, оны желіге жіберудің болжамды көлемі туралы ақпарат беруге;
7) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталғаннан кейін Сатып алушыға ай сайын, беру айы басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын алдағы беру айына арналған электр энергиясын шығарудың, оны желіге жіберудің болжамды көлемі туралы ақпаратты (электр энергиясын берудің бір айлық кестесі) беруге;
8) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталғаннан кейін Сатып алушыға жыл сайын, жиырмасыншы желтоқсанға қарай айларға бөлінген, алдағы жылға арналған электр энергиясын шығарудың болжамды көлемі, оны желіге жіберу туралы ақпаратты беруге;
9) электр станциясын коммерциялық пайдалану басталғаннан кейін Сатып алушыға беру айынан кейінгі айдың бесі күнінен кешіктірмей - электр энергиясын желіге жіберудің іс жүзіндегі айлық, тәуліктік, сағаттық көлемін ұсынуға;
10) егер өз бастамасы бойынша осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы шешім қабылдаса, ол болжамды бұзу күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Сатып алушыны жазбаша хабардар етуге;
11) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы бірін-бірі дереу хабардар етуге міндетті.
5. Сатып алушы:
1) Сатушыдан орындалған жұмыстар актісін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оған қол қояды немесе егер ол Сатушының электр энергиясының берілген көлемі туралы деректерімен келіспесе, сол мерзімде Сатушыға бас тартудың негізділігін растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, өзінің жазбаша уәжделген бас тартуын жіберуге;
2) электр энергиясының беру айында берілген көлемі туралы Тараптар арасында келіспеушіліктердің бар-жоғына қарамастан, беру айы аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң он бес жұмыс күні ішінде тиісті орындалған жұмыстар актісінде көрсетілген электр энергиясының беру айында берілген барлық көлемі үшін Сатушыға ақы төлеуге;
3) егер өз бастамасы бойынша осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы шешім қабылдаса, ол болжамды бұзу күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын Сатып алушыны жазбаша хабардар етуге;
4) өз атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және шарттың талаптарын орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы бірін-бірі дереу хабардар етуге міндетті.
6. Сатушы:
1) бір-бірінен осы Шарттың ережелерін орындауды талап етуге;
2) осы Шартта көрсетілген, электр станциясының генерациялайтын жабдығының белгіленген жиынтық қуатын ұлғайтпау шартымен электр станциясына ағымдағы немесе күрделі жөндеуді, оның ішінде негізгі генерациялайтын жабдықты ауыстыра отырып жүзеге асыруға;
3) осы Шарттан туындайтын өзінің қолда бар және болашақтағы құқықтары мен талаптарын Сатып алушыға беруге құқығы бар, Сатып алушыны талаптарды басқаға беру туралы тиісті шарт жасасқанға дейін хабардар етуге;
4) электр станциясы үшінші тұлғаға иеліктен шығарылған жағдайда, осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін нақ осы тұлғаға толықтай беруге құқылы. Мұндай жағдайда, осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер электр станциясына арналған құқықтармен бір мезгілде үшінші тұлғаға өтеді.
7. Сатып алушы:
1) бір-бірінен осы Шарттың ережелерін орындауды талап етуге;
2) егер электр энергиясының беру айында берілген көлемі туралы Тараптар арасындағы келіспеушіліктерді реттеудің қорытындылары бойынша Сатып алушының Сатушыға артық сома төлеу фактісі анықталатын болса, мұндай артық төленген сома болашақ төлемдерде Сатушыға тиесілі сомалардан Сатып алушының ұстап қалуға құқылы.
4. Тараптардың жауапкершілігі
8. Шартта көзделген төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін Сатып алушы Сатушының талап етуі бойынша оған мерзімін өткізіп алған әрбір күнтізбелік күн үшін мерзімін өткізіп алған соманың 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ мерзімін өткізіп алған соманың 10 %-нан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.
9. Тараптар осы Шартта көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
10. Сатушы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Сатып алушының алдындағы өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, Сатып алушы мынадай іс-қимылдар тәртібін орындауға міндеттенеді:
1) Сатып алушы Сатушыға міндеттемелердің бұзылғаны туралы хабарлайды және жол берілген бұзушылықтарды жою қажеттігін ескертеді;
2) Егер Сатушы хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік үш айдан кешіктірмейтін мерзімде жол берілген бұзушылықтарды жоятын болса, онда Сатушы өз міндеттемелерін бұзбаған болып есептеледі;
3) Егер Сатушы Сатып алушыдан хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік үш ай ішінде жол берілген бұзушылықтарды жоймаса, онда Сатып алушы Сатушыға жол берілген бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы қайталап хабарлама жібереді;
4) Егер Сатушы Сатып алушыдан қайталап хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік үш ай ішінде жол берілген бұзушылықтарды жоймаса, онда Сатып алушы өз міндеттемелерін орындауға Сатушыны мәжбүрлеу және Сатушы жол берілген бұзушылықтарды толық жойғанға дейін осы Шарттың қолданысын тоқтата тұру туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.
11. Электр станциясын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен алынатын электр энергиясы теңгерімсіздігін қаржылық реттеуді Сатып алушы дербес жүзеге асырады.
12. Осы Шарттың талаптары Тараптардың өзара келісімі бойынша ғана өзгертілуі және жазбаша нысанда ресімделуі мүмкін.
5. Дауларды шешу
13. Осы Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
14. Тараптар осы Шарт бойынша дауларды тікелей келіссөздер арқылы шешуге тырысуы тиіс.
15. Тараптардың әрқайсысы осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты дауды шешу, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де дауларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.
16. Осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты, сондай-ақ өзгеше жолмен осы Шартқа байланысты барлық даулар Сатып алушының орналасқан жері бойынша соттың қарауына жатады.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
17. Егер Шарт талаптарының орындалмағаны және (немесе) тиісінше орындалмағаны форс-мажор мән-жайларының салдарынан болған болса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.
18. Осы Шарттың орындалуына кедергі келтіретін, Тараптардың бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылуына немесе ұқыпсыздыққа байланысты емес және күтпеген жерден болатын сипаты бар оқиға форс-мажорлық мән-жай деп танылады.
19. Қандай да бір себеппен Сатып алушыда жеткілікті ақшаның болмауы форс-мажорлық мән-жай болып табылмайды және Сатып алушыны төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін жауаптылықтан босатпайды.
20. Форс-мажорлық мән-жай әсеріне ұшыраған Тарап бұл туралы екінші Тарапты форс-мажорлық мән-жайдың сипатын, туындау себебін және растайтын құжаттарды ұсынып, олардың болжамды ұзақтығын көрсете отырып, күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.
7. Шарттың қолданылу мерзімі
21. Осы Шарт ____ жылғы «___» ___________ бастап күшіне енеді.
22. Осы Шарт пен онда көрсетілген ТЭН тарифі _____ дейін қолданылады (қолданылу мерзімі мен кезеңі көрсетілсін).
23. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
24. Осы Шарт Астана қаласында жасалды, оған екі Тарап та қол қойды және Сатып алушы оны 20__ жылғы «__» _________ № _____ жасалған шарттар тізіліміне тіркеді.
8. Тараптардың деректемелері және қолтаңбалары
Сатушы |
Сатып алушы |
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 163 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын шартты тұтынушыларға сатуының үлгі шарты
№ ______
Бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталатын,
Қазақстан Республикасы ________________________ мекенжайы бойынша
тіркелген (заңдық мекенжайы көрсетілсін)
БСН:_____, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын, «Жаңартылатын
энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестік атынан _____________________ негізінде (өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)
әрекет ететін _____________________________________ бір тараптан
(лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)
және Қазақстан Республикасы ________________________ мекенжайы
бойынша (орналасқан жері көрсетілсін)
тіркелген, БСН:_____, бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын
_________________________________________________________ атынан
(толық атауы көрсетілсін)
_________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттіктердің туындау негізі көрсетілсін)
________________________________________________ екінші тараптан
(лауазымы және Т.А.Ә. көрсетілсін)
мыналарды:
мыналарды:
1) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы»
2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-VI Қазақстан Республикасының Заңын ((бұдан әрі – Заң);
2) Заңның 6-бабы 10) тармақшаға сәйкес бекітілетін Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 6 сәуірдегі № 10622 бұйрығымен бекітілген «Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифтерді айқындау қағидалары) назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасты.
1. Терминдер мен анықтамалар
1. Осы шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) шарт – Сатушы мен Сатып алушының арасында жасалған, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын сатып алу-сатудың осы шарты;
2) жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын шартты тұтынушылар (бұдан әрі – шартты тұтынушылар) – көмірді, газды, мұнай өнімдерін және ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын алатын электр энергиясы нарығының субъектілері; жиынтық қуаттылығы отыз бес мегаваттан жоғары, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектрстанциялары;
3) берілетін электр энергиясы – Қазақстан Республикасында қолданылатын нормалар мен талаптарға сәйкес келетін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясы;
4) есепті кезең – тиісті айдың бірінші күні сағат 00.00-ден бастап тиісті айдың соңғы күні сағат 00.00-ге дейін берілетін электр энергиясын іс жүзінде беретін күнтізбелік ай, оның нәтижелері бойынша берілетін электр энергиясының сатып алу-сату көлемінің түпкілікті есебі жүргізіледі;
5) жұмыс күні – Сатушы үшін жұмыс күні болып табылатын күн;
6) Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі (бұдан әрі – іс жүзіндегі теңгерім) – орталықтандырылмаған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, есепті кезең ішінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін мекенжай бойынша бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Іс жүзіндегі теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады.
7) Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы (бұдан әрі – ЖО ҰДО) – электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етуді қоса алғанда, Қазақстанның БЭЖ жедел басқаруға және оның жұмысының сенімділігіне жауапты, Жүйелік оператордың құрылымына кіретін бөлімше;
8) шартты тұтынушы – электр энергиясын өндіру үшін көмірді, газды, мұнай өнімдерін және ядролық отынды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден электр энергиясын алатын электр энергиясы нарығының субъектісі (электр энергиясын импорттаушы); жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан жоғары бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар гидроэлектрстанциясы.
2. Шарттың нысанасы
2. Осы Шарт бойынша электр энергиясын тұтыну аймағына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын Сатушы сатады, ал Сатып алушы сатып алады.
3. Егер ЖОҰДО беретін Қазақстан Республикасының көтерме электр энергиясы нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгеріміне сәйкес айқындалған, Сатушы Сатып алушыға берген электр энергиясының іс жүзіндегі мөлшері тараптармен келісілген электр энергиясының мөлшерінен өзгеше болса, Сатушы Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгеріміне ЖО ҰДО қол қойғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сатып алушыға түзетілген шот-фактура шығару арқылы айырмашылық шамасына түзету жүргізуге міндетті.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері
4. Сатушы:
1) шот-фактураны акт негізінде электр энергиясын берудің есепті айынан кейінгі айдың 20 (жиырмасы күнінен) кешіктірмей Сатып алушыға жіберуге;
2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін тоқсан сайын келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз салыстыру жүргізуге міндетті.
5. Сатып алушы:
1) ай сайын жаңартылатын энергия көздері объектілерінен электр энергиясы берілген айға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын Сатушыға электр энергиясын шығарудың, энергия беруші ұйымдардың желісіне жіберудің болжамды көлемдері немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден қабылдау туралы ақпаратты Сатушыға беруге;
2) жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға қарай алдағы жылға арналған электр энергиясын шығарудың, желіге жіберудің болжамды жылдық ай сайынғы көлемдері туралы ақпаратты Сатушыға жіберуге;
3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінен беру айы аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Сатушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын есепті кезең ішінде бергені үшін ақы төлеуге;
4) тиісті шот-фактураны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сатушыны хабардар етуге және Сатушыға наразылықтарын көрсетіп, жазбаша өтініш беруге;
5) электр энергиясының дау айтылып отырған көлеміне қатысты Сатушы мен Сатып алушы арасындағы осы көлемге қатысты дау реттелгеннен кейін, 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей дау реттелгеннен кейін келесі айда электр энергиясының Тараптармен келісілген көлеміне ақы төлеуге;
6) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін тоқсан сайын келіспеушіліктерді көрсете отырып немесе онсыз салыстыру жүргізуге міндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі
6. Шартта көзделген төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін Сатып алушы Сатушының талап етуі бойынша оған мерзімін өткізіп алған әрбір күнтізбелік күн үшін мерзімін өткізіп алған соманың 0,1 %-ы (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ мерзімін өткізіп алған соманың 10 %-нан (он пайызынан) аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді.
7. Тараптар осы Шартта көзделген міндеттемелерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
5. Дауларды шешу
8. Осы Шарттан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
9. Есепті айда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау айтылған кезде Тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлеміне қатысты жазбаша қарсылықтарды Сатушы Сатып алушыдан алған кезден бастап күнтізбелік отыз күні ішінде осы дауды келіссөздер арқылы шешуге күш-жігерін салуға міндетті. Егер тараптар есепті айда берілген электр энергиясының көлемі туралы дау бойынша келісімге келе алмаса, дау сот тәртібімен түпкілікті шешуге жатады. Әрбір Тараптың осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне, тоқтатыла тұруына және бұзылуына байланысты дауды шешу, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де дауларды шешу үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.
10. Даулы жағдайларда ЖОҰДО беретін, Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың іс жүзіндегі теңгерімі Тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін түпкілікті құжат болып табылады.
11. Осы Шартты жасауға, оның жарамдылығына, орындалуына, өзгертілуіне және бұзылуына, сондай-ақ осы Шартқа өзге де мәселелерге байланысты барлық даулар Сатушының орналасқан жері бойынша соттың қарауына жатады.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
12. Егер Шарт талаптарының орындалмағаны және (немесе) тиісінше орындалмағаны форс-мажор мән-жайларының салдарынан болған болса, Тараптар ол үшін жауапты болмайды.
13. Осы Шарттың орындалуына кедергі келтіретін, Тараптардың бақылауына бағынбайтын, олардың жаңылуына немесе ұқыпсыздыққа байланысты емес және күтпеген жерден болатын сипаты бар оқиға форс-мажорлық мән-жай деп танылады.
14. Форс-мажорлық мән-жай әсеріне ұшыраған Тарап бұл туралы екінші Тарапты форс-мажорлық мән-жайдың сипатын, туындау себебін және растайтын құжаттарды ұсынып, олардың болжамды ұзақтығын көрсете отырып, күнтізбелік он күн ішінде хабардар етуге міндетті.
7. Шарттың қолданылу мерзімі
15. Осы Шарт ____ жылғы «___» __________ бастап күшіне енеді.
16. Осы Шарттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы «__» ______ бастап 20___ жылғы 31 желтоқсан аралығы.
17. Осы шарт Тараптардың кез-келгенінің бастамасы бойынша, осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шартқа қосымша келісім жасасу арқылы өзгертілуі мүмкін.
18. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
19. Осы Шарт Астана қаласында жасалды, оған екі Тарап та қол қойды және Сатушы оны 20 __ жылғы «__»_________№ _____ жасалған шарттар тізіліміне тіркеді.
8. Тараптардың деректемелері және қолтаңбалары
Сатушы |
Сатып алушы |