Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10756 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 152 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 28.04.2018 № 152 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.07.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.07.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты ресми жариялауға "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне, сонымен бірге мерзімді баспа басылымдарына жолдануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________А. Мамытбеков

      2015 жылғы 13 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 27 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 130 бұйрығымен
бекітілген

Теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.07.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.07.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Теңіз бен ішкі су айдындардағы мұнай операциялары мұнайды барлау, өндіру, қажетті технологиялық және ілеспе объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды қамтиды.

      3. Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық секторындағы жер қойнауы учаскелерінде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операциялары белгілі бір тереңдікпен шектелуі мүмкін.

2. Теңізде, ішкі су айдындарда, төтенше экологиялық жағдай
аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда
мұнай операцияларын жүргізу тәртібі

      4. Теңізде, ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұнай операцияларын жүргізу мүмкіндігі туралы жалпы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы негізінде қабылдайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 25.07.2017 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтарында жұмыстарды жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 126-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Жобалау құжаттарының көрсеткіштерін өзгерткен кезде жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізеді.

      Жобалау құжаттары (оларға өзгерістер және/немесе толықтырулар) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекіткенге дейін Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады.

      Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия қаралған жобалау құжаттарын бекітуге ұсынған кезде жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жобалау құжаттарын бекітеді.

      7. Жер қойнауын пайдаланушы теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде бұл операцияларды теңіз кеме қатынасына, балық аулауға және әдетте, Заңның 93-бабына сәйкес теңіздің нақты учаскесінде жүзеге асырылатын өзге де заңды қызметке кедергі мен зиян келтірмейтіндей етіп жүзеге асырады.

      Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы Заңның 93-бабына сәйкес теңіздің ластануын болдырмау жөніндегі арнаулы бағдарламаларды әзірлейді және оларды жобалау құжаттарының құрамында бекітеді.

      Бұл бағдарламалар:

      1) жүргізілетін мұнай операцияларын ішкі бақылау;

      2) персоналды оқыту;

      3) ұңғымаларды бақылауға алу, авариялық және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған және теңіз ластанған жағдайда қажетті жабдықтармен және материалдармен қамтамасыз ету;

      4) теңізде аварияларды және олардың зардаптарын жоюға маманданған өзге де ұйымдарды тарту;

      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде функционалдық аймаққа бөлу негізінде Кодекстің және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес шаруашылық немесе өзге қызметке толық тыйым салынған және жұмыстардың жекеленген түрлерін жүргізуге қосымша уақытша шектеулер салынған қорықтық учаскелер бөлінеді.

      Кен орындарын пайдаланған кезде Каспий теңіздің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында мұнай тасымалдау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптар сақталған жағдайда құбыр жолдар арқылы жүзеге асырылады.

      9. Төтенше экологиялық жағдай аймақтарында мұнай операцияларын жүргізу Кодекстің 176-бабында белгіленген құқықтық режимді сақтаумен жүзеге асырылады.

      10. Жер қойнауын пайдаланушылармен теңіздегі, ішкі су айдындардағы, төтенше экологиялық жағдай аймақтарындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мұнай операциялары Заңның 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілетін пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарына сәйкес жүргізіледі.