Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10751 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 17 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      _____________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 17 ақпан

Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы 
№ 18-02/39 бұйрығымен  
бекітілген       

Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени,
туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының
мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман
пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман
пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру
және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға
рұқсат беру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-12) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалардың күші, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, мемлекеттік орман қорының аумағына қолданылады.
      3. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға мемлекеттік орман қоры учаскелері (бұдан әрі – құрылыс объектілерін салу учаскелері) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты қолданылатын мерзімге беріледі.

2. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға
құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және оларды
пайдалануға рұқсат беру тәртібі

      4. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға учаске беруді және оларды пайдалануға рұқсат беруді орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскелері орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
      5. Құрылыс объектілерін салуға учаскелер және оларды пайдалануға рұқсат алу үшін орман пайдаланушы ведомствоға немесе жергілікті атқарушы органға тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген құрылыс объектісінің эскизін (эскиздік жобасын) оған эскизіге (эскиздік жобаға) мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындыларын қосып, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды нұсқада не қағазға жазылған күйінде өтініш береді.
      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінішті ведомство немесе жергілікті атқарушы орган ол тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды. Эскизге (эскиздік жобаға) ескертулер болмаған жағдайда келісімделіп, ведомствоның мөрімен куәландырады. Эскиз (эскиздік жоба) бойынша ескертулер болған жағдайда көрсетілген ескертулерді жою үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ол орман пайдаланушыға қайтарылады, осыдан кейін құжаттар ведомствоға немесе жергілікті атқарушы органға қайта беріледі.
      Орман пайдаланушы осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын бермеген жағдайда ведомство немесе жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттарды бас тарту себептерін жазбаша көрсетіп, өтініш берушіге қайтарады.
      7. Ведомство немесе жергілікті атқарушы орган келісілген эскизбен (эскиздік жобамен) бір мезгілде орман пайдаланушыға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша учаскелерді объект салу үшін пайдалануға рұқсат береді, Рұқсат белгіленген объектіні жобалау жөніндегі орман пайдаланушының тапсырмасын орындауға негіз болып табылады.
      8. Орман пайдаланушы қағаз түрінде рұқсат алуға өтінім жасаған кезде рұқсат электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және ведомствоның немесе жергілікті атқарушы органның мөрімен және ведомствоның немесе жергілікті атқарушы орган басшысының қол қоюымен куәландырылады.
      9. Жұмыс жүргізу басталғанға дейін орман пайдаланушы құрылысты бастайтыны туралы мемлекеттік орман иленушіні және ведомствоның аумақтық органдарын жазбаша хабардар етеді.
      10. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 102-2-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік орман қоры жерлерінде
орман пайдаланушыларға құрылыс 
объектілерін салуға учаскелер беру
қағидаларына 1-қосымша      

Нысан

Учаскені құрылыс объектісін салу үшін пайдалануға рұқсат беру
өтініш

Өтініш беруші _______________________________________________________
заңды мекенжайы _____________________________________________________
телефон _____________________________________________________________
факс ________________________________________________________________
өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ___________________
Өтініш берушінің өкілі ______________________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)),
                              лауазымы, сенімхат қоса беріледі)
тұрақты мекенжайы ___________________________________________________
телефон _____________________________________________________________
факс ________________________________________________________________
өтініш берушінің электрондық поштасының мекенжайы ___________________
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы,
                              ЖСН/БСН)
__________________________________________________________ мақсатында
_____________________________________________________________________
                  (мемлекеттік органның атауы)

мемлекеттік орман иеленуші __________________________________________
                              (мемлекеттік орман иеленушінің атауы)

жасалған 20___ жылғы «__» ______ мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына сәйкес өтініш берушінің ұзақ
мерзімді берілген орман пайдалануындағы учаскені:____________________
_____________________________________________________________________
                     (құрылыс объектісінің атауы)
_____________________________________________________________________
                   (объект салынатын учаскенің атауы)

пайдалануға рұқсат беруді сұрайды.

Өтінішке қоса беріледі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қолы ________________________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөр орны (заңды тұлға үшін)

Өтінішті қабылдады __________________________________________ _______
             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)   (күні)

Мемлекеттік орман қоры жерлерінде
орман пайдаланушыларға құрылыс 
объектілерін салуға учаскелер беру
қағидаларына 2-қосымша      

Нысан

Құрылыс объектісін салуға учаскені пайдалануға рұқсаты

_____________________________________________________________________
  (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы, ЖСН/БСН, жеке және заңды
                      тұлғаның мекенжайы)
_____________________________________________________________ берілді
         (құрылыс объектісін салуға учаскенінің атауы)
__________________________________________________________ мақсатында
Учаскенің орналастыру орны___________________________________________

Рұқсатты берген орган _______________________________________________
Рұқсаттың берілген уақыты 20__ жылғы «___» ________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі 20__ жылғы «___» ______
Рұқсатты берген органның басшысы
________________________________________________________  ___________
         (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))         (қолы)

Мөр орны