"Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.02.2022 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген |
Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірлеген және бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарын аккредиттеу (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.02.2022 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" және "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" деген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетеді (бұдан әрi – портал).
3. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымды және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк "Аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26414 болып тіркелді) (бұдан әрі – 1341 Бұйрық) нысандары бойынша аккредиттеудi куәландыратын ресми құжат болып табылады, ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. 1341 Бұйрығымен бекітілген нысаны бойынша бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымы және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымы аккредиттеу рәсімінен өтеді.
6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық–коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.09.2023 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салуды жіберу арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын (оператор) мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды (ӨӘҚНМК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНМК ЕД), немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РБҚБСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан – әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.
2-тарау. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің тәртібі
9. Процестің сипаттамасын, нысанын, мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде) баяндалған.
Сұрау салу және мәліметтер нысандары осы Қағидалардың 2 және 3 қосымшаларына сәйкес ұсынылады.
Кәсіби ұйымдар аккредитация алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.09.2023 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күн мерзімі ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 04.02.2022 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
куәлік беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8 – тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;
2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді – бір жұмыс күн ішінде;
3) орындаушы құжаттың мазмұнын қарастырады – бір жұмыс күні ішінде;
4) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс жұмыс күні ішінде;
куәлікті қайта рәсімдеу кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;
2) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті қайта рәсімдеу туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және қайта рәсімдеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс күн ішінде.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.09.2023 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Кәсіби ұйымдар мынадай:
1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;
2) алып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2020 № 988 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3) өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы;
4) осы Қағидаларға сәйкестігі талаптарына жауап береді.
Кәсіби ұйымдардың мынадай:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;
2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру;
3) этика мәселелері;
4) дауларды қарау жөніндегі жұмыс органдары бар.
Кәсіби ұйымдардың қосымша жарғыда айқындалған жұмыс органдары бар.
Кәсіби ұйымдар аккредиттеу сәтінен бастап бір ай ішінде Консультациялық органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін және The Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломын, не "аудитор" біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін, не кәсіби бухгалтер сертификатын, не экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласында (ғылыми) дәрежесін растай отырып, бір өкілін ұсынады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2020 № 988 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.02.2022 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.3-тарау. "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
13. Процестің сипаттамасын, нысаны мен мерзімдерін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, осы Қағидалардың 4 қосымшасында "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде) баяндалған.
Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу үшін сұрау салу, мәліметтер нысаны және материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес ұсынылады.
Сертификаттау жөніндегі ұйымдар аккредиттеуден өту үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.09.2023 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттардың болу фактісі анықталған жағдайда қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
куәлікті беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетілген ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің тиісті басшылықтың басшысы қабылдайды және кейіннен орындаушыға бір жұмыс күні іші бөлу үшін қызметті берушінің басшылығына береді;
2) орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және олар толық болған жағдайда, ұсынылған құжаттар пакетінен қазақ және орыс тілдерінде емтихан модулін және "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Әдеп" пәндері бойынша емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламасы бойынша материалдарына қорытынды беру үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне – бір жұмыс күні ішінде жібереді;
3) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің емтихан модулін және "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Әдеп" пәндері бойынша емтихан нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламасы бойынша материалдарды қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ көрсетілген қызметті берушінің "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)" – жеті жұмыс күні ішінде қарауы және қорытынды беруі;
4) орындаушының қорытынды жобасын, куәлік беру туралы бұйрық жобасын дайындауы және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, Заң қызметі басқармасының басшысымен келісуі, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бекітуі, бұйрықты тіркеуі немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауы және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруі – бір жұмыс күні ішінде;
куәлікті қайта ресімдеу кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетілген, ұсынған құжаттарды қызметті берушінің тиісті басшылықтың басшысы қабылдайды және кейіннен орындаушыға – бір жұмыс күні ішінде бөліп беруі үшін қызмет берушінің басшылығына береді;
2) орындаушының қорытынды жобасын, куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын дайындауы және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, заң қызметі басқармасының басшысымен келісуі, сондай–ақ оларды көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бекітуі, бұйрықты тіркеуі немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауы және қайта ресімдеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауапты – екі жұмыс күні ішінде беруі.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Емтихан, апелляциялық комиссиялардың құрамы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар бұл туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
17. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған бухгалтерлердің кәсіби ұйыммен бірлесіп емтихан өткізеді.
18. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар мынадай:
1) оқудан тәуелсіз емтихан жүйесінің болу;
2) бухгалтерлердің кәсіби ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болу;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптарды сақтау;
4) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасына шолуды қамтитын емтихан модульдерiнiң, оларды жаңарту жүйесiнiң болуы;
5) емтихан өткізу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету;
6) осы Қағидаларға сәйкестігі талаптарына жауап береді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 04.02.2022 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша |
"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.09.2023 № 979 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі– көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Куәлік беру–5 (бес) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжттар мен мәліметтердің |
1) кәсіптік ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болып табылады: |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. |
Кәсiптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысаны |
Сұрау салу
Аккредиттеуді (қайта рәсімдеу, телнұсқасын беру) өтінемін
__________________________________________________________________
Қызметті жүзеге асыру үшін кәсіби ұйымның, сертификат жөніндегі ұйымның (қажеттісінің астын сызып көрсету) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
__________________________________________________________________
Орналасқан жері:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар дұрыс және жарамды болып табылады
"___" ___________ 20__ жыл
Кәсіби ұйымның, сертификаттау
жөніндегі ұйымның басшысы ____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Мәліметтер
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2020 № 988 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы мүшелерінің құрамы ____________________________
_________________________________________________________________________
(бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – БСН) көрсетіледі)
№ 1 кесте
Бухгалтердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН) | Бухгалтердің тегі | Бухгалтердің аты | Бухгалтердің әкесінің аты | Жұмыс орны (ұйымның атауы) | Лауазымы | Пошталық индексі | Ел/ облыс/аудан/елді мекен | Көшенің аты | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
Кестенің жалғасы
Үй нөмірі | Пәтердің нөмірі | Телефон нөмірі | Электрондық мекенжайы | Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі | Кәсіби бухгалтер сертификатының берілген күні | Жұмыс тәжірибесі (Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі) | Кәсіби ұйымға кірген күні | Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
№ 2 кесте
Бухгалтерлік ұйымның БСН | Бухгалтерлік ұйымның атауы | Пошталық индексі | Ел/ облыс/аудан/елді мекен | Көшенің аты | Үйдің нөмірі | Үйдің индексі | Пәтердің/кеңсенің нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Кестенің жалғасы
Телефон нөмірі | Факс нөмірі | Кәсіби ұйымға кірген күні | Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі | Бухгалтерлік ұйым басшысының ЖСН | Бухгалтерлік ұйым басшысының аты | Бухгалтерлік ұйым басшысының тегі | Бухгалтерлік ұйым басшысының әкесінің аты |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы жұмыс органдарының болуы туралы мәліметтер
Бөлімшенің атауы | Бөлімше басшысының лауазымы | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Бөлімше басшысының тегі | Бөлімше басшысының аты | Бөлімше басшысының әкесінің аты (бар болса) | бөлімше басшысының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы
Иә | Жоқ |
1 | 2 |
Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымының басшысы ___________ ____________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша |
"Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Куәлік беру – 10 (он) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, куәліктің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) сертификаттау жөніндегі ұйым басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болып табылады: |
10 | Мемлекетті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. |
Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысаны |
Мәліметтер Бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымымен өзара іс-қимыл туралы келісім*
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Күнi | Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы | Жарамдылық мерзімі (үш жылдан кем емес) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескертпе: * барлық келісімдер бойынша мәліметтер ұсынылады
Тәуелсіз емтихан жүйесінің құрылымы туралы мәліметтер*
Бөлiмшенің атауы | Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі -басшының ЖСН) | Басшының тегі | Басшының аты | Басшының әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Оқытушы ұйымдарға қатысы бар ма | Лауазымының атауы | Байланыс телефоны | Электрондық мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Емтихан комиссиясының құрамы**
Емтихан комиссиясының ережесі | Емтихан комиссиясына қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі | Емтихан комиссиясына қатысушының тегі | Емтихан комиссиясына қатысушының аты | Емтихан комиссиясына қатысушының әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Емтихан комиссиясына қатысушының негізгі жұмыс орны | Емтихан комиссиясына қатысушының лауазымы | Емтихан комиссиясына қатысушының байланыс телефоны | Емтихан комиссиясына қатысушының электрондық мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кестесінің жалғасы
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым жүзеге асыратын кәсіби бухгалтерді сертификаттаудан өтуге жоғары білімі және кемінде соңғы бес жылда бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, есеп-талдамалық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі заңгерлер үшін (мемлекеттік және орыс тілдерінде): заң саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде соңғы үш жыл | Мамандығы көрсетілген жоғарғы білімі болуын растайтын құжаттын атауы | Жоғары білімі болуын растайтын құжатты кім берді | Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың берілген күні | Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың нөмірі | Кәсіби бухгалтер сертификатын берген ұйымның атауы (ол болған жағдайда) | Кәсіби бухгалтер сертификаты берілген күн (ол болған жағдайда) | Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі (ол болған жағдайда) |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе:
** кемiнде он мүше, оның ішінде кәсіби бухгалтер куәлігі бар кемiнде 5 мүше, заңгер білімі және заң саласында соңғы 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар кемінде 1 мүше.
Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 6-қосымша |
Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін материалдар мазмұнына қойылатын талаптар
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 396 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы талаптар уәкілетті органға сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу үшін ұсынылатын материалдарға қойылады.
2. "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)", "Әдеп" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдар мыналардан:
1) емтихандық модульден;
2) емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібінен тұрады.
3. "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)", "Әдеп" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдардың мазмұны:
1) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына" (бұдан әрі – ХҚЕС);
2) Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі)" Кодексіне (бұдан әрі – салық Кодексі);
3) "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес келуі тиіс;
4) "Басқарушылық есеп" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес келуі тиіс;
5) "Қаржы және қаржы менеджменті" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес келуі тиіс;
6) "Әдеп" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес келуі тиіс.
4. Көрсетілген пәндер бойынша аккредиттеу үшін материалдар "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік" пәні бойынша көшіріп пайдаланусыз (плагиатсыз) оларды ұсыну күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ қолданыстағы өзгерістерді және қазақ және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудармаларды ескере отырып, ХҚЕС-ға сай болады.
Өзара іс-қимыл туралы Меморандум жасасқан сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдарға келісілген пәндер бойынша модульдерді бірлесіп дайындау мүмкіндігіне жол беріледі.
5. Жекелеген пәндер бойынша емтихандық модуль мыналарды:
1) "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік" пәні бойынша - кемінде екі жүз тестілік сұрақтар жауаптары мен және жүз тапсырма шешімдерімен, әрбір ХҚЕС бойынша бір тапсырма. Бұл ретте емтихан есеп айырысу және пікірталас бөлімдерін қамтитын бес тапсырмадан тұрады. Шоғырландырылған балансты не кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепті дайындау жөніндегі тапсырма міндетті болып табылады;
2) "Салықтар" пәні бойынша – салық Кодексінің барлық бөлімдерін қамтитын жауаптары мен кемінде үш жүз тестілік сұрақтары және кемінде жетпіс есеп шешімдерімен;
3) "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)" пәні бойынша – "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)" пәні бойынша – "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде екі жүз қырық тестілік сұрақтар жауаптарымен және жетпіс есеп шешімдерімен қамтиды.
4) "Басқарушылық есеп" пәні бойынша – "Басқарушылық есеп" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптары мен кемінде екі жүз тестілік сұрақтары және кемінде жетпіс есеп шешімдерімен;
5) "Қаржы және қаржы менеджменті" пәні бойынша – "Қаржы және қаржы менеджменті" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптары мен кемінде екі жүз тестілік сұрақтары және кемінде жетпіс есеп шешімдерімен;
6) "Әдеп" пәні бойынша – "Әдеп" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптары мен кемінде екі жүз тестілік сұрақтары және кемінде отыз есеп шешімдерімен.
Бұл ретте барлық пәндер бойынша білімді тексеру жазбаша емтихан жолымен, оның ішінде онлайн режимінде жүргізіледі.
6. Көрсетілген пәндер бойынша тестілік сұрақтар барлық ХҚЕС-ті, сондай-ақ осы талаптарға тиісінше тізбелердегі тақырыптарды қамтиды. Бұл ретте "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік" пәні бойынша әрбір ХҚЕС бойынша кемінде алты сұрақ, "Салықтар" пәні бойынша салық Кодексінің барлық бөлімдері, "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)" пәндері бойынша әрбір тақырыпқа кемінде он төрт сұрақ, "Әдеп" пәні бойынша әрбір тақырыпқа кемінде екі сұрақ жасалады.
Тестілердің жауаптары жалғыз дұрыс жауап болатындай етіп жасалады. Тестілік сұрақтарда "Неғұрлым дұрыс жауапты көрсетіңіз" деген үлгі бойынша тест конструкциясына және тест бойынша жауаптарда "Барлық жауаптар дұрыс" деген үлгі бойынша конструкцияларға жол берілмейді.
Тестерілерде ахуалдық есептерді көрсетіп дұрыс жауабын талап етуге жол беріледі.
7. Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібі:
1) емтихандық билеттерді қалыптастыру қағидасын;
2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидасын;
3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидасын қамтиды.
Емтихандық билет 5 (бес) тапсырмадан тұрады:
1) әрқайсысы бірдей теориялық және практикалық сұрақтарды қамтитын төрт тапсырма (маңыздылығы бойынша 5-тен (бес) 30 (отыз) баллға дейін);
2) жиырма тест сұрақтары (әр жауап үшін 1 (бір) балл);
Емтихан нәтижелерін бағалау қағидасы тестінің дұрыс жауаптары үшін, есептерді шешкені үшін берілетін баллдар мөлшерін, сондай-ақ емтиханды тапсыру үшін жалпы сомалық баллды ("өту" баллды) қамтиды, ол мүмкін болатын 100 (жүз) балдан кемінде 75 (жетпіс бес) баллды құрайды.
8. Тапсырма шарттар мен оларды шешуге арналған сұрақтардан тұрады.
Есептердің шартында қандай кезеңге және қандай өлшем бірліктерінде ақпарат көрсетілгені және қандай нақты ахуал бойынша тапсырма қойылғаны көрсетіледі.
Тапсырма кемінде 3-5 сұрақтардан құралады, бұл ретте олар бір мезгілде мыналарды қамтиды:
1) "Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік" пәні бойынша - шоғырландырылған бухгалтерлік балансты немесе шоғырландырылған пайда мен зияндар туралы есеп жасау бойынша сұрақ, оған әртүрлі ХҚЕС бойынша олардың арифметикалық шешімімен кем дегенде төрт ішкі сұрақтарды қамтиды;
2) "Салықтар" пәні бойынша - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша сұрақтар (кемінде екі түрі) немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір түрі бойынша өтпелі тапсырма және салық Кодексінің бөлімдері бойынша сұрақтар;
3) "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)" пәні бойынша – "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде он тақырып бойынша сұрақтарды қамтиды.
4) "Басқарушылық есеп" пәні бойынша – "Басқарушылық есеп" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде екі тақырып бойынша сұрақтарды қамтиды;
5) "Қаржы және қаржы менеджменті" пәні бойынша – "Қаржы және қаржы менеджменті" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде екі тақырып бойынша сұрақтарды қамтиды;
6) "Әдеп" пәні бойынша – "Әдеп" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде екі тақырып бойынша сұрақтарды қамтиды;
9. Аккредиттеу үшін материалдар қателерсіз жазылады, мазмұны дәйекті қисынмен беріледі.
10. Аккредиттеу үшін материалдарды жасау кезінде шрифттің көлемі - кемінде 12 Tіmes New Roman.
11. Аккредиттеуге арналған материалдар жаңартылған және өзгерген жағдайда күнтізбелік тоқсан күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады:
1) ХҚЕС; Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданысқа енгізілген күннен бастап ұсынылады.
"Басқарушылық есеп" пәні бойынша тақырыптар тізімі:
- Басқарушылық есептің теориялық негіздері мен практикалық аспектілері. Компаниядағы бухгалтердің рөлі. Басқару есебінің мәні мен мақсаттары.
- Шығындарды жіктеу.
- Материалдар шығындарын есепке алу және талдау.
- Еңбекке ақы төлеуді есепке алу және талдау.
- Өндірістік үстеме шығыстарды есепке алу.
- Позаказная калькуляция шығындар.
- Үдерісті калькуляция.
- Шығындар сметасы.
- Қызмет нәтижелерін бақылау және бағалау.
- Өндірістік шығындарды ауыспалы шығындар бойынша толық бөлу арқылы шығындарды есептеу.
- "Шығындар-өнім көлемі-пайда" арақатынасын талдау (CVP-талдау).
- Кешенді өндіріс пен жанама өнімдер шығындарын есепке алу. Шығындарды бөлу.
- Баға туралы шешім қабылдау.
- Ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияларды қабылдау.
- Өндірістегі ақауды (шығынды) есепке алу.
- Басқарушылық шешімдер қабылдау.
- Қорларды басқару.
"Қаржы және қаржы менеджменті" пәні бойынша тақырыптар тізбесі:
- Қаржылық ойдың тарихы.
- Қаржы экономикалық категория ретінде.
- Қаржыны басқару.
- Ұйымдағы қаржылық менеджменттің мәні және ұйымдастырылуы.
- Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқару.
- Ұйымның айналым капиталын басқару.
- Қаржылық көрсеткіштерді талдау.
- Кәсіпорын капиталының құны мен құрылымын басқару.
- Инвестициялық шешімдерді қабылдау негіздері.
- Ұйым активтерінің құны мен кірістілігін бағалау.
- Ұйымның дивидендтік Саясаты. Дивидендтік саясатты қалыптастыру тәсілдері. Дивидендтік саясат түрлері. Компания иелеріне дивидендтер төлеуді оңтайландыру.
- Тәуекелдерді басқару, тәуекелдер түрлері. Қаржылық тәуекелдердің мәні. Қаржылық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістері.
- Корпоративтік басқарудың іргелі қағидаттары.
"Құқық (Азаматтық құқық, Банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы)" пәні бойынша тақырыптар тізбесі:
- Жалпы ережелер.
- Азаматтық құқықтық қарым қатынастардың субъектілері.
- Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары.
- Азаматтық құқықтар объектілері
- Мәмілелер
- Өкілдік. Сенімхат.
- Азаматтық құқықтағы мерзімдер
- Міндеттемелер
- Шарт.
- Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу.
- Зияткерлік меншігі.
- Сақтандыру.
- Зейнетақы заңнамасы.
"Әдеп" пәні бойынша тақырыптар тізімі:
- Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлер этикасы кодексінің жалпы қолданылуы.
- Іргелі қағидаттарға кіріспе.
- Тұжырымдамалық негіздер (қолдану).
- Объективтілік, тұтастылық
- Кәсіби құзыреттілік және тиісті мұқияттылық.
- Құпиялылық.
- Көпшілік алдындағы кәсіби бухгалтерлер.
- Бизнестегі кәсіби бухгалтер.
- Ақпаратты дайындау және ұсыну.
- Кәсіби мінез-құлық, кездесулер.
- Кәсіби тағайындау.
- Мүдделердің қайшылығы.
- Екінші пікірлер.
- Сыйақы және басқа да сыйақы түрлері.
- Қаржылық мүдделер, көтермелеу.
- Тапсырыс берушінің активтерін сақтау.
- Заңдар мен ережелердің сақталмауына ден қою.
- Аудиторлық тапсырмалар мен шолу тексерулеріндегі тәуелсіздік принципі.
- Аудит және шолу тексерулерінен басқа сенімділік тапсырмалар үшін тәуелсіздік.