Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10676 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 01.06.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ағаш кесу билетінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орман билетінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Ағаш кесу мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 23 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 11 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 9 ақпан



  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18-02/40 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

Сериясы

Серия

Қазақстан

Республикасы



Республика

Казахстан

Ағаш кесу билеті
Лесорубочный билет

      1. Облысы______________________ "_____"____________________ 20___ жыл

      Область год

      2. Мекеме (орман иеленуші)___________________________________________

      Учреждение (лесовладелец)

      3. Ағашты кесу тәсілі________________________________________________

      Способ рубки

      4. Орманшылық________________________________________________________

      Лесничество

      5. Мемлекеттік орман қоры санаты_____________________________________

      Категория государственного лесного фонда

      6. Пайдалану түрі____________________________________________________

      Вид пользования

      7. Есепке алу тәсілі_________________________________________________

      Способ учета

      8. Негізінде_________________________________________________________

      На основании

      9. Рұқсат етіледі ___________________________________________________

      Разрешается

      10. 20__ жылдың кеспеағаш қоры есебіне ________________ сүректер кесуге рұқсат беріледі

      Вырубить в счет лесосечного фонда 20__ года ____________________________ древесины

      11. Ағаштарды тартып шығаратын аралық________________________________

      Расстояние вывозки

Орамдардың №

№ кварталов

Телім №

№ выдела

Кеспе-

ағаштың № /ауданы, га –

№ лесосеки/ площадь, га

Мөлдектердің №/ ауданы, га –

№ делянок/ площадь, га

Шаруашылық

Хозяйство

Өскіндердің сақталуын қамтамасыз ету қажет

Обеспечить сохранение подроста

ауданы, га

на площади, га

1 га саны, мың дана -

кол-во тыс. шт. на 1 га








Барлығы:

Итого:




      Продолжение таблицы

Тығыздалған текше метрдегі сүрек көлемі

Объем древесины в плотных куб.м

Ставка бойынша құны теңгемен

Стоимость по ставке в тенге

Төленуге тиіс, теңге

Причитается к уплате, тенге

Кәделік

деловой

Отындық

дровяной

шөпшектер мен бұтақтар

хвороста и сучьев

Барлығы

Итого

Кәделік

деловой

Отындық

дровяной

шөпшектер мен бұтақтар

хвороста и сучьев

Барлығы

Итого











      12. Дайындалатын ағаш өнімі үшін төлемақыны бюджетке енгізу мерзімі

      _____________________________________________________________________

      Сроки внесения в бюджет платы за заготавливаемую лесопродукцию

      13. Кесуге жатпайды__________________________________________________

      Рубке не подлежат (тұқымдық ағаштар, тұқымдық жерлер және басқа ағаштардың саны - количество семенников, семенных куртин и других деревьев)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      14. Ағаш дайындауды аяқтау мерзімі "___" _______20___жыл

      Срок окончания заготовки "___" _______20___год

      15. Уақытша қоймалар орны ___________________________________________

      Места временных складов

      16. Тасып әкетуге рұқсат берілді_____________________________________

      Вывозка разрешается

      17. Тасып әкету мерзімі "___"____________20___жыл

      Срок окончания вывозки "___" ___________20___год

      18. Мезгілінен бұрын кесуге рұқсат етіледі __________________________

      Досрочная вырубка разрешается

      19. Ағаштың қабығын аршу, ағашты химиялық өңдеу мерзімі _____________

      Сроки окорки, химической обработки древесины

      20. Кеспеағашты тазарту тәсілі ______________________________________

      Способ очистки лесосеки

      21. Ағаштарды бекітілген технологиялық картаға сәйкес кесу керек ____

      Разработку лесосек произвести согласно утвержденным технологическим картам

      22. Ерекше шарттар __________________________________________________

      Особые условия

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      M.O. __________________________________________________________

      М.П. __________________________________________________________

      Мекеме басшысы ______________________________________________________

      Руководитель (тегі, аты, әкесінің аты, қолы – подпись, фамилия, имя, отчество)

      учреждения

      Инженер______________________________________________________________

      (Тегі, аты-жөні, қолы – подпись, фамилия, имя, отчество)

      23. Орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасының ормандарында сүректі түбірімен босату қағидаларын және Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға міндетті. Көрсетілген қағидаларды бұзғаны үшін, сондай-ақ орман пайдаланушы ағаш кесілген жерді тазартудан жалтарған кезде орман шаруашылығы мемлекеттік басқару органдары сүрек дайындауды және орман пайдаланушылар жүргізіп жатқан басқа да жұмыстарды тоқтата тұрады.

      Лесопользователи обязаны строго соблюдать правила отпуска древесины на корню в лесах Республики Казахстан и правила пожарной безопасности в лесах Республики Казахстан. За нарушение указанных правил, а также при уклонении лесопользователя от очистки мест рубок, государственные органы управления лесным хозяйством приостанавливают заготовку древесины и иные работы, проводимые лесопользователями.

      24. Сүректі түбірімен босату қағидаларымен және өрт қауіпсіздігі қағидаларымен таныстым

      С правилами отпуска древесины на корню и правилами пожарной безопасности ознакомлен

      25. Орман пайдаланушы _________________________________________

      Лесопользователь (лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты – должность, подпись, фамилия, имя, отчество)

      26. Ағаштарды тасып әкету мерзімдерінің ұзартылғаны туралы белгілер

      Отметки о представлении отсрочек по вывозке __________________

      ____________________________________________________________________

      Мөр орны, мекеме басшысы _____________________________________

      Место печати, руководитель учреждения (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы – подпись, фамилия, имя, отчество (при наличии))

      27. Ағаш кесетін жерді куәләндіру мәліметтері бойынша орманды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар

      Мероприятия по восстановлению леса по материалам освидетельствования мест рубок

      28. Орманның қалпына келуін қамтамасыз ететін өскінді сақтау__________гектар

      Сохранение подроста, обеспечивающего восстановление леса

      Мыналар талап етіледі:

      Требуется:

      29. Орман ағаштарын отырғызу ______________ гектар

      Cоздание лесных культур на

      30. Ағаштың табиғи өсуіне көмектесу____________________ гектар

      Содействие естественному возобновлению на

      31. Мекеме басшысы ____________________________________________

      Руководитель учреждения (тегі, аты, әкесінің аты, қолы – подпись, должность, фамилия, имя, отчество)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18-02/40 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Сериясы

Серия

Қазақстан

Республикасы



Республика

Казахстан

Орман билеті
Лесной билет

      на ______________________________________________

      (орман пайдаланудың түрі – вид лесопользования)

      "____"_______________ 20___ жыл

      год

      1. Облысы ___________________________________________________________

      Область

      2. Мекеме (орман иеленуші) __________________________________________

      Учреждение (лесовладелец)

      3. Орманшылық________________________________________________________

      Лесничество

      4. Айналым __________________________________________________________

      Обход

      5. Орам мен телімнің нөмірлері ______________________________________

      Номера кварталов и выделов

      _____________________________________________________________________

      6. Негізінде ________________________________________________________

      На основании ________________________________________________________

      7. Рұқсат етілсін ___________________________________________________

      Допустить

      _____________________________________________________________________

      (орман пайдаланушы және оның пошталық мекен–жайы – лесопользователь

      и его почтовый адрес)

      к ___________________________________________________________________

      (орман пайдаланудың түрі – вид лесопользования)

      8. Ауданда ___________, мөлшерде ____________________________________

      На площади (га) в размере (саны, көлемі – количество, объем)

      9. Такса бойынша құны _________________________________________ теңге

      Стоимость по таксе

      11. Ерекше шарттар __________________________________________________

      Особые условия

      Пайдалану мерзімі "__"_______ 20___ жылдан "__"_____ 20__ жыл аралығы

      Срок пользования с "___"________ 20 ____ года по "___"____ 20___года

      M.O. Мекеме басшысы ___________________________________________

      М.П. Руководитель учреждения

      Инженер _______________________________________________________

      Инженер

      Орман пайдалану қағидаларымен, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікпен таныстым

      С правилами лесопользования, правилами пожарной безопасности в лесах и ответственностью за их нарушения ознакомлен

      Орман пайдаланушының қолы _____________________________________

      Подпись лесопользователя

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 18-02/40 бұйрығына
3-қосымша

Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу,
сақтау, толтыру және беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 13-бабы 1-тармағының 18-28) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағаш кесу билеті мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру тәртібін анықтайды.

      2. Мемлекеттiк орман қорында орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылады:

      1) сүрек дайындау;

      2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;

      3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар, бүршiктер) дайындау;

      4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарталар орналастыру, көкөніс, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман жамылғысы мен жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау);

      5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетi үшiн пайдалану;

      6) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану;

      7) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшiн пайдалану;

      8) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін пайдалану.

      3. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін алдағы жылға ағаш кесу мен орман билеттері бланкілерінің жалпы қажеттілігін анықтайтын уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – аумақтық орган) өтінімдері негізінде орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) дайындайды.

      4. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілері беті басылған тормен көмкерілген өрнекті қағазда нөмірлері мен әріптік сериялары көрсетіле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады.

      Басылған бланкілер әрқайсысы кітапша түрінде жеке 25 жиынтықтан көбейтіледі.

      Ведомство өзінің аумақтық органдары арқылы облыс аумағында орналасқан мемлекеттік орман иеленушілерді бланкілермен жабдықтайды.

      5. Аумақтық органдар және ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін алатын мемлекеттік орман иеленушілер олардың есебін жүргізеді және жылдық есеппен бірге ведомствоға ағаш кесу мен орман билеттері бланкілерінің кірісі мен шығысы туралы есеп береді, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылға оларға қажеттілікті мәлімдейді.

2. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін есепке алу және сақтау

      6. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілері қатаң есептілік бланкілері болып табылады және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен есепке алынуға және сақталуға жатады.

      7. Ағаш кесу мен орман билеттері бланкілерінің жасалуына қарай, бірақ ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны аяқталатын күннен кешіктірмей, ведомство аталған бланкілерді бағалы сәлемдемелер етіп жібереді немесе оларды сенімхат бойынша өзіне ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдарға береді.

      Аумақтық орган бланкілер алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың жергілікті атқарушы органның қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілерге берілуін қамтамасыз етеді. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін бере отырып, аумақтық орган босатылған бланкілер санына екі дана етіп жүк құжатын жазады, олардың біреуі алушы – мемлекеттік орман иеленушіге беріледі, ал екіншісі аумақтық органның іс қағаздарында қалады.

      8. Ағаш кесу мен орман билеттері бланкілерінің кірісі мен шығысын есепке алуды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін есепке алу кітабы бойынша (бұдан әрі - Қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабы) мемлекеттік орман иеленушінің бухгалтерлік есеп қызметі жүргізеді.

      Орман пайдаланушыларға нақты берілген және бүлінген ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін мемлекеттік орман иеленушінің есебінен шығару осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы бланкілердің кірісі мен шығысы туралы есептің негізінде жүргізіледі.

      9. Орман пайдаланушыларға беру үшін жұмсалған ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін мемлекеттік орман иеленуші шығысқа - қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабында нөмірлерін, берілген күнін және олардың нақты кімге берілгенін көрсете отырып, билеттің әрбір жиынтығын жеке-жеке шығарады.

      Бүлінген бланкілер бір бұрышынан екіншісіне қиғаш сызық тартылып, Қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабы бойынша шығысқа шығарылып, жеке папкада сақталады.

      10. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілері сейфтерде, темір шкафтарда немесе құлып салынатын темір жәшіктерде сақталады.

      Бланкілер сақталатын сейфтер, шкафтар және жәшіктер құлыпталып, оларға бланкілердің сақталуына және жұмсалуына жауапты адамда сақталатын мөр басылады.

      11. Орман пайдаланушылармен барлық есеп айырысу аяқталғаннан кейін ағаш кесу мен орман билеттерінің үшінші данасы сақтау және Қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабына олардың пайдаланылуы туралы белгі қою үшін мемлекеттік орман иеленушінің бухгалтерлік есеп қызметіне тапсырылады.

      Бухгалтерлік есеп қызметі ағаш кесу мен орман билеттері бойынша есеп айырысулардың аяқталғанын тексеріп, осыдан кейін оларды сақтауға қабылдап алады.

      Бухгалтерлік есеп қызметі сақтауға қабылдап алған ағаш кесу мен орман билеттері нөмірлер ретімен "20__ жылғы ағаш кесу мен орман билеттері" деген атаумен арнайы іске тігіледі.

      Іске тігілген ағаш кесу мен орман билеттеріне және оларға қоса тіркелген материалдарға тізілім жасалып, ол жылдың аяғында тігіледі.

      Бухгалтерлік есеп қызметі сақтауға қабылдап алған ағаш кесу мен орман билеттері оларға қатысты барлық материалдармен және құжаттармен бірге бес жыл бойы сақталады, содан кейін жойылуға жатады. Ағаш кесу мен орман билеттерінің істерін жоюды мемлекеттік орман иеленушінің басшысы тағайындайтын құрамы үш адамнан тұратын комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін жою туралы акт жасай отырып жүргізеді.

      12. Жыл аяқталғанда бланкілерді есепке алу кітабында ағаш кесу мен орман билеттерінің қалдығы есептен бөлек шығарылады. Аяқталған жылдың соңындағы бланкілердің қалдығы келесі жылға көшіріледі.

3. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілерін толтыру және беру

      13. Ағаш кесу мен орман билеттері бірдей нөмірі бар үш данада толтырылады:

      1) біріншісі – орман пайдаланушыға беріледі, ол оны орман пайдаланудың аяқталуына дейін сақтайды және мемлекеттік орман иеленушінің, ведомство мен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғаларының, ормандарды мемлекеттік бақылау органдары мен табиғат қорғауды бақылау органдары өкілдерінің талап етуі бойынша көрсетеді;

      2) екіншісі – орманшылыққа жіберіледі, ол учаске беру, орман пайдалануға рұқсат беру үшін негіз болып табылады және орман күтуші оны куәландыру актісімен бірге мемлекеттік орман иеленушіге тапсырады;

      3) үшіншісі – мемлекеттік орман иеленушіде қалдырылады.

      14. Ағаш кесу мен орман билеттерінің бланкілері машинада басу құралдарының (компьютер) көмегімен толтырылады, ал олар болмаған жағдайда көк түсті сиясы бар қаламмен әрбір данасы ұқыпты түрде анық және тап-таза күйінде толтырылады. Өшіруге және былғауға болмайды.

      15. Ағаш кесу жұмыстарын жүргізуге ағаш кесу билеті орман пайдаланушыға ведомство сүрек дайындау көлемін бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) көзделген тәртіппен кеспеағашты игерудің технологиялық карталары болған жағдайда беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Ағаш кесу билеті қолданылатын мерзім ішінде оған қажет болуына қарай оған:

      1) дайындалған ағаш материалдарын тасып әкетуге рұқсат беру туралы;

      2) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) ағаш кесу билеті бойынша орман пайдалану құқығының ауысуы туралы және басқа да жазбалар жазылып, белгілер қойылады.

      "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10141 нөмірмен тіркелген) бекітілген нысан бойынша ағаш кесілген жерді куәландыру туралы акт дайындалған ағаш материалдарын тасып әкетуге рұқсат беру үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ағаш кесу билеті былай толтырылады:

      1) "Пайдалану түрі" деген 6-жолда: басты, аралық, өзге де мақсаттарда пайдалану үшін ағаш кесу көрсетіледі немесе қосалқы сүрек ресурстарын дайындаудың нақты түрі көрсетіледі;

      2) "Кесу тәсілі" деген 3-жолда: ағаштарды жаппай, іріктеп, біртіндеп, ерікті түрде іріктеп кесу, бірлі-жарым ағаштарды кесу көрсетіледі.

      Орманға күтім жасау мақсатында ағаш кесуге арналған ағаш кесу билетін жазып беру кезінде "іріктеп" деген сөзден кейін күтім жасау үшін кесу түрін (жарықтандыру, тазарту, сирету, өтпелі кесу, санитариялық мақсатта кесу) көрсету қажет, ал басқа мақсаттарда ағаш кесу түрлеріне ағаш кесу билетін жазып беру кезінде – ағаш кесу тәсілінен (жаппай, іріктеп) кейін кесудің нысаналы мақсаты көрсетіледі (санитариялық мақсатта кесу, өтімді қоқыстарды жинау, электр желісін тартуға жол аршу, құрылыс салуға алаңқайлар тазарту, зерттеу жұмыстары кезінде нысаналар жасау және өзге де мақсаттар үшін). Қосалқы сүрек ресурстары дайындалған жағдайда ол жолға сызықша қойылады;

      3) "Есепке алу тәсілі" деген 7-жолда: кесуге белгіленген алқап бойынша, ағаштардың саны бойынша, дайындалған ағаш материалдарының немесе қосалқы ағаш ресурстарының саны бойынша есепке алу тәсілі көрсетіледі.

      18. Түбірімен босатылатын сүректі есепке алу кесу тәсілдеріне байланысты:

      1) алқабы бойынша – жаппай кесудің барлық түрлерінде, сондай-ақ өтімді қоқыстарды жинау кезінде;

      2) кесуге белгіленген ағаштардың саны бойынша – іріктеп кесу кезінде және сүрекдің сегіз сантиметр және одан да жуан болған жағдайда; іріктеп санитариялық кесу және бірлі-жарым ағаштарды кесу кезінде;

      3) егер кесуге жататын сүрек қорын алдын ала анықтау мүмкін болмаса, дайындалған ағаш материалдарының мөлшері бойынша жүргізіледі.

      Шөпшектерде, қураған ағаштарда, құйын құлатпаларында, жел сұлатпаларында жұмыс жүргізген жағдайда сүрек босату ағаш кесу билетінде дайындалатын сүректің дәл мөлшері көрсетіле отырып жүргізіледі.

      Босатылатын сүректің мөлшері есепке алудың барлық түрінде тығыз текше метрлер бойынша айқындалады. Сексеуіл сүрегін босатқан кезде оны массасын тоннамен есептеуге рұқсат етіледі.

      Қосалқы сүрек ресурстарын босату мынадай өлшем бірліктерін қолдана отырып, олардың мөлшері бойынша есепке алынып жүргізіледі:

      1) тонналар - шайыр, ағаш шырындары, қабығы, жапырақтары, бүршіктері (килограммен есептеледі) үшін;

      2) қоймалық текше метрлер – кесілген ағаш қалдықтары, түбірлер, тамырлар, қурайлар, бұтақты азық, қылқан жапырақты ағаш бұтақтары үшін;

      3) даналар – жіңішке ағаштар мен қурайдан, тал шыбықтардан, сондай-ақ жаңа жылдық шыршалардан дайындалатын ұсақ сортименттер үшін.

      19. Ағаш кесу билетінің мәтіндік бөлігінде "Негізінде" деген сөзден кейін өсіп тұрған сүректі босатудың негіздемесі көрсетіледі.

      Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің жыл сайынғы көлемін бекіту туралы ведомство басшысының бұйрығы сүректі түбірімен босатуға негіз болып табылады.

      "Рұқсат етіледі" деген сөздерден кейін орман пайдаланушының толық атауы, өтінім берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе оның заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      "20__ жылдың кеспеағаш қоры есебінен кесілсін" деген 10-жолда кеспеағаш қоры бөлінген жыл, сондай-ақ қай орманнан (өсіп тұрған, қураған, өрттен, зиянкестерден зақымданған, жел құлатқан және басқалар) ағаш кесуге рұқсат етілетіні көрсетіледі.

      "Тасымалдау қашықтығы" деген 11-жолда кеспеағаштан жалпы жұрт пайдаланатын жолға дейінгі қашықтық көрсетіледі, ол кеспеағаш орталығынан жолға дейінгі ең қысқа қашықтық бойынша картографиялық материалдармен анықталады және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 506-бабына сәйкес жергілікті рельефке байланысты түзетіледі.

      "Мемлекеттік орман қорының санаты" деген 5-жолда мемлекеттік орман қорының санаттары: ерекше қорғалатын орман аумақтары, қала ормандары мен орман саябақтары, жасыл аймақтар, эрозияға қарсы ормандар, егістік пен топырақ қорғайтын ормандар және басқалары көрсетіледі.

      20. Ағаш кесу билетінің мәтіндік бөлігіндегі кестеде мыналар көрсетіледі:

      1) гектардың оннан бір бөлігіне дейінгі дәлдікпен кеспеағаштар көлемі гектармен, сондай-ақ шаруашылық (қылқан жапырақты, қатты жапырақты немесе жұмсақ жапырақты) көрсетіледі. Қажет болуына қарай шаруашылық басты тұқымды бойынша: қарағай, шырша, сексеуіл, тал және басқа да шаруашылықтар деп көрсетіледі;

      2) "Өскіннің сақталуын қамтамасыз ету" деген бағандарда - өскін және кеспеағашты бөлу кезінде жүргізілген есепке сәйкес 1 гектарға шаққанда мың данадағы өскін саны сақталуға тиіс алқап;

      3) "Тығыз текше метрмен алғанда сүрек көлемі" деген бағандарда - босатылатын бір текше метрге дейін дәлдікпен босатылатын сүрек көлемі;

      4) "Теңгемен ставка бойынша құны" деген бағандарда - орман пайдалану үшін ақы мөлшерін мемлекеттік орман иеленуші түбірімен босатылатын сүрек көлемін және ол үшін белгіленген ақы ставкаларын, шайыр, ағаш шырындарын, қосалқы ағаш ресурстарын дайындау көлемдері, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 506-бабына және "Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған ережелер мен әдістемелік нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 нөмірмен тіркелген) бұйрығымен бекітілген олардың бағасы басшылыққа алына отырып есептелген кеспеағаштың материалдық-ақшалай бағасының негізінде анықтайды;

      5) "Төленуге тиіс, теңге" деген бағанда төленуге тиіс сома көрсетіледі. Тегін босатылатын жағдайда бұл бағанда "тегін" деп жазылады.

      Кесте әрбір мөлдек бойынша жеке-жеке толтырылады.

      Ағаш кесу билеті екі немесе одан көп босату бірліктеріне (кеспеағаштар немесе мөлдектер) жазылатын жағдайда кестенің соңында осы билетке енгізілген барлық босатылатын бірліктер бойынша жалпы қорытындысы шығарылады.

      21. "Дайындалатын орман өнімдері үшін бюджетке төлемақы енгізу мерзімдері" деген 12-жолда әрбір мерзім бойынша жарна төлеу күні мен оның мөлшері көрсетіледі.

      Сүректі түбірімен, шайырды, ағаш шырындары мен қосалқы ағаш ресурстарын босату кезінде (шамалы мөлшері бойынша немесе алқабы бойынша есепке ала отырып, сондай-ақ қателер анықталған жағдайда) дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы ағаш ресурстарының жалпы мөлшері ағаш кесу билетінде көзделген мөлшермен (көлеммен) сәйкес келмеген жағдайларда (егер дайындау онда көрсетілген жерлерде жүргізілген жағдайда) мемлекеттік орман иеленушілер төлем сомасын қайта есептеуді және оны орман пайдаланушылардың қайта есептеу кезінде анықталған нақты дайындалған көлем үшін төлеуін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда қосымша есептелген соманы орман пайдаланушылар кезекті төлем жасау мерзімінде бюджетке енгізуі тиіс.

      Мемлекеттік орман иеленушінің сүректі түбірімен босатумен айналысатын маманы ағаш кесу билеті жазылған күннен кейін, сондай-ақ орман пайдаланушылардың жеке шоттарына-карточкаларына тиісті жазбалар жазу үшін оған әрбір өзгеріс енгізілген күннен кейін ертеңінен қалдырмай оның үшінші данасын өзінің бухгалтерлік есеп қызметіне тапсырады. Бухгалтерлік есеп қызметінің аталған жазбаларды енгізуі туралы ағаш кесу билетіне белгі қойылады.

      22. "Кесуге жатқызылмайды" деген 13-жолда Ағаш кесу тәртібіне сәйкес кеспеағашта (мөлдекте) нақ қандай ағаштың кесілмейтіні, мысалы: ___ дана мөлшерде артықшылығы бар ағаштар, __ дана мөлшерде тұқымдық ағаштар және жазылған ағаш кесу билеті бойынша кесуге арналмаған басқа да ағаштар, өскіннің сақталу пайызы және өзге де мәліметтер көрсетіледі.

      23. "Дайындау мерзімінің аяқталуы" деген 14-жол "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірімен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/178 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10679 болып тіркелген) көзделген тәртіппен толтырылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. "Уақытша қойма орындары" деген 15-жолда уақытша (аралық) қоймалар орналасқан орамдардың нөмірлері көрсетіледі.

      25. "Тасып әкетуге рұқсат етіледі" деген 16-жол былай толтырылады:

      1) сүрек босату кезінде алқабы ескеріле отырып, "Тасып әкетуге рұқсат етіледі" деген сөздерден кейін "дайындаумен бір мезгілде" деп көрсетілуі тиіс;

      2) сүрек босату кезінде мөлшері бойынша ескеріле отырып, "Тасып әкетуге рұқсат етіледі" деген сөздерден кейін "дайындаумен бір мезгілде уақытша орман қоймаларына" немесе "дайындалған ағаш материалдарының мөлшері куәландырылғаннан кейін" деп көрсетілуі тиіс;

      3) сүрек босату кезінде өрттер, сондай-ақ дауыл құлатқан және желсұлатпаларынан зақымдалған екпелерде мөлшері бойынша ескеріле отырып, "Тасып әкетуге рұқсат етіледі" деген сөздерден кейін "дайындаумен бір мезгілде" деп көрсетілуі тиіс.

      26. "Тасып әкетуді аяқтау мерзімі" деген 17-жол Сүректi түбiрiмен босату тәртібінде белгілеген тасып әкету мерзімдеріне сәйкес толтырылады.

      27. "Мерзімінен бұрын кесуге рұқсат етіледі" деген 18-жолда осы кесуге рұқсат етілген күн, сондай-ақ мерзімінен бұрын кесуге рұқсат етілген сүректің мөлшері және қандай кеспеағаштарда (мөлдектерде) рұқсат етілгені көрсетіледі.

      28. "Сүректің қабығын аршу, химиялық өңдеу мерзімі" деген 19-жолда осы жұмыстар жүргізілуге тиіс мерзімдер қойылады.

      29. "Кеспеағашты тазарту тәсілі" деген 20-жолда жалпы алғанда ағаш кесу билеті бойынша, ал қажет болған жағдайда жекелеген мөлдектер немесе олардың бөліктері бойынша мынадай тазарту тәсілдерінің біреуі көрсетіледі:

      1) ағаш кесу қалдықтарын шіріп кету немесе өрт жағынан қауіпсіз кезеңде кейіннен жағып жіберу үшін жатқан жерінде қалдырып, оларды үйіп қою немесе үзік-үзік жал етіп жинап қою;

      2) бұл орман өсу жағдайларын жақсартуға жәрдемдесетін кезде ұнтақталған ағаш кесу қалдықтарын (ағаштың құрғақ түрлерінен басқа, жоңқа немесе ұзындығы бір метрден аса қоймайтын кесінділер түріндегі) ағашы кесілген жерлерге шашып тастау;

      3) ағаш кесу қалдықтарын тасымалдау жолдарына жинау және оларды сүйретіп тасу барысында нығыздау.

      Кеспеағаштарды тазартудың атап көрсетілген әдістері аралас пайдаланылуы мүмкін.

      Ағашы кесілген жерлерді тазартудың нақты тәсілдерін орман иеленушісі қолданылатын кесу ағаш тәсілін және оның өсу орнының жағдайларын және орманды қалпына келтіру ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.

      Орман ағаштарын егу немесе өскінмен қалпына келтіру көзделген жаппай ағаш кесу орындарында кесу қалдықтары аралықтарындағы қашықтығы кемінде жиырма метр болатындай етіп биіктігі 1 - 1,2 метр қаз-қатар үйінділер немесе жалдар етіп жиналып, кейіннен олар жағып жіберіледі немесе шіру үшін қалдырылады.

      30. "Кеспеағаштардағы игеру бекітілген технологиялық карталарына сәйкес жүргізу" деген 21-жолда ағаш кесу билетіне қоса тіркелген орман иеленушімен келісіліп, орман пайдаланушы бекіткен технологиялық карталардың нөмірлері мен күні көрсетіледі, олар Ағаш кесу тәртібіне сәйкес әрбір кеспеағашқа жасалады.

      Технологиялық картада орманды кесу және оны сүйретіп әкету, ағаш кесілген жерлерді кесу қалдықтарынан тазарту, орманды қалпына келтіру тәсілдері; алаңдарында өскін мен жас шыбықтар, күзет аймақтарымен бірге кесуге жатқызылмайтын ағаштар, құмырсқа илеулері сақталуға тиіс ағаш тасу жолдарының, бұрылыстарының, сүйрету жолдарының, тиеу алаңшаларының, қоймалар орналасқан орындардың, механизмдер орнатылған жерлердің және жұмысшыларға қызмет көрсету объектілерінің схемасы; топырақты эрозиядан қорғау және сүрекдіңнің қалатын бөлігін сақтау жөніндегі талаптары көрсетіледі.

      31. "Ерекше жағдайлар" деген 22-жолда кеспеағаш жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері, сондай-ақ Сүректі түбірімен босату тәртібінде көзделмеген жағдайлар көрсетіледі, олар жайында билетке белгі қою қажет.

      32. "Тасымалдау мерзімін кейінге қалдыру туралы белгілер" деген 26-жолда мемлекеттік орман иеленуші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, мөр басылған тиісті жазбалар енгізіледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. "Ағаш кесілген жерлерді куәландыру материалдары бойынша орманды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар" деген 27-жол Сүректі түбірімен босату тәртібінде белгіленген мерзімде кеспеағаш куәландырылғаннан кейін толтырылады.

      "Орманның қалпына келуін қамтамасыз ететін өскіннің сақталуы" деген 28-жолда орман ағаштарын құру шараларын жүргізбей немесе табиғи қалпына келуге жәрдемдеспей-ақ орманның қалпына келуін қамтамасыз ететін өскін сақталған алқап көрсетіледі.

      Өскіннің сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда "орман ағаштарын құру" және "табиғи қалпына келуге жәрдемдесу" деген жолдарда аталған іс-шаралардың талап етілетін көлемі жазылады. Өскіннің сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда көрсетілген жолдарда сызықша қойылады.

      "Мекеме басшысы" деген 31-жолда мемлекеттік орман иеленуші басшының қолы мен тегі, аты-жөні қойылып, мөрмен расталады.

      34. Орман билеті мынадай үлгіде толтырылады:

      "Негізінде" деген 6-жолда мемлекеттік орман қоры учаскілеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендердің нәтижелері туралы хаттама бойынша шешім, мемлекеттік орман иеленушінің шешімі, аумақтық органның немесе ведомствоның орманды пайдалануға беру туралы шешімі келтіріледі.

      "Рұқсат етілсін" деген 7-жолда орман пайдаланушының атауы - жеке тұлғаның тегі, аты-жөні, оның жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлға үшін мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және одан кейін "к" деген жолда орман пайдаланудың мынадай түрлері көрсетіледі:

      1) орманды жанама пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып);

      2) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану;

      3) мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану;

      4) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдыларының көшеттік материалын және арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін пайдалану;

      5) аң аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін, сондай-ақ жабайы жануарлардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік ету өнімдерін шаруашылық мақсаттарда пайдалану (нақты пайдаланылуы анықтала отырып).

      "Алқапта" және "мөлшерде" деген көрсеткіштердің 8-жолында - алқабы гектармен және орман пайдалану бойынша деректер: көлемдері текше метрмен, данамен, тоннамен, килограммен көрсетіледі. Орман пайдаланудың алқабы мен көлемін анықтау кезінде ғылыми негізделген нормалар және жергілікті өкілдік органдар бекітетін нормативтер ескеріледі.

      "Такса бойынша құны" деген 9-жолда орман пайдалану үшін белгіленген төлем сомасы (теңге) қойылады, ол:

      1) орманды жанама пайдалану және мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану үшін – облыстардың жергілікті атқарушы органдары жасаған, аумақтық органдармен келісілген есеп-қисаптар негізінде жергілікті өкілдік органдар белгілеген ставкалар бойынша;

      2) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарлар дүниесін шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 501-бабына сәйкес анықталады.

      Көрсетілген пайдаланулар үшін төлемдерді бюджетке енгізу рұқсат беретін құжат алынғанға дейін жүргізіледі, онда төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып жүргізілген төлем туралы белгі қойылады.

      "Ерекше жағдайлар" деген 10-жолда орман пайдаланудың әрбір түрін жүзеге асыру кезінде сақталуы тиіс оған тән негізгі ерекшеліктер мен жағдайлар көрсетіледі.

      35. "Пайдалану мерзімі" деген 11-жолда орман пайдалануды бастау мен аяқтаудың нақты күндері белгіленеді. Орман билетінде белгіленген орман пайдалану аяқталғаннан кейін куәландыру актісі жасалады.

      36. Орман билеті бойынша пайдалану мерзімі бір жылға (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін) немесе бір маусымға (бал жинау, саңырауқұлақтар, жидектер және басқалар дайындау) белгіленеді.

      37. Орман билеті бланкінің тиісті жолдарына орман пайдаланудың нақты орны (орманшылық, айналым, орамдар мен телімдердің нөмірлері) көрсетіліп, пайдаланудың әрбір түріне жеке жазылады және орман пайдаланушыға ол жазылған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде беріледі.

      38. Мемлекеттік орман иеленушісі ағаш кесу билетінің немесе орман билетінің данасын жоғалтқан жағдайда акт жасалып, жоғалған ағаш кесу немесе орман билеттерінің орнына билеттің көшірмелері екі жұмыс күні ішінде жазып беріледі. Көшірмеде бұрынғы нөмірі қойылып, "Жоғалған билеттің орнына" деген жазба жасалады.

      Ағаш кесу немесе орман билетінің пайдаланылмай қалып қойған даналары бір бұрышынан екінші бұрышына сызылып, бүлінген бланкілермен бірге жеке папкада сақталады.

      39. Орман пайдаланушы өзіне берілген ағаш кесу немесе орман билетін жоғалтып алған жағдайда ол мемлекеттік орман иеленушіге оның көшірмесін беру туралы өтінішпен жазбаша арыз береді.

      Мұндай жағдайларда көшірме жазып беру осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.

      Қажет болған жағдайларда мемлекеттік орман иеленуші басшысының рұқсатымен мүдделі ұйымдарға беру үшін немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша ағаш кесу мен орман билеттерінің көшірмелері алынуы мүмкін.

  Ағаш кесу және орман
билетін есепке алу,
сақтау, толтыру және
беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

______________ облысы бойынша 20__ жылы ағаш кесу және орман билеттері бланкілерінің кірісі және шығысы туралы есеп

      Мемлекеттік орман иеленуші ___________________________________



Ағаш кесу билеттері, жиынтық

Орман билеттері, жиынтық

1

2

3

20__жылдың 1 қаңтарына қалдық



20 ___ жылы алынғаны



20__ жылы жұмсалғаны



20__ жылдың 1 қаңтарына қалдық



20__ жылға қажет




      Басшы________________________________________

      Бас бухгалтер _______________________________

  Ағаш кесу және орман
билетін есепке алу,
сақтау, толтыру және
беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

______________ облысы бойынша 20__ жылы ағаш кесу және орман
билеттерінің бланкілерін есепке алу кітабы

      Мемлекеттік орман иеленуші __________________________________

Бланкілерді алу және беру күні

Бланкілер кімнен және қандай құжат бойынша алынды

Бланкілер кімге берілді

Ағаш кесу билеттері

Орман билеттері

Кіріс

Шығыс

Кіріс

Шығыс

Сериясы және нөмірлері

Жиынтық саны

Сериясы және нөмірлері

Жиынтық саны

Сериясы және нөмірлері

Жиынтық саны

Сериясы және нөмірлері

Жиынтық саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












  Ағаш кесу және орман
билетін есепке алу,
сақтау, толтыру және
беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Ағаш кесу және орман билеттерінің бланкілерін жою туралы
АКТ

      Осы акт мемлекеттік орман иеленушінің 20 _ жылғы ____________ __ бұйрығы негізінде төменде аталған адамдардың қатысуымен сақтау мерзімі біткен құжаттарды жою жүргізілгені туралы жасалды:

      _____________________________________________________________________

      (бланкілердің атауы және саны,

      _____________________________________________________________________

      сондай-ақ жоюдың тәсілі, күні мен орны)

      Жою кезінде қатысқандар:

      ______________________________________________ _____________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      ______________________________________________ _____________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      ______________________________________________ _____________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)