Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидалары
1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген жерлерді куәландыруды қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-29) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген жерлерді куәландырудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер (бұдан әрі – орман иеленушілер) сүрек дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейiн кеспеағаштарды игерудiң толықтығы мен дұрыстығын анықтау, сондай-ақ толық кесiлмей қалып қойған ағаштарды (артық кесілген ағаштарды), тасып әкетiлмеген сүректi және сүрек дайындауды жүзеге асыру кезiнде жерге құламай қисайып қалған ағаштарды анықтау мақсатында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген жерлерге куәландыру жүргiзіледi.
3. Куәландыруға рұқсат беру құжаттарында (ағаш кесу билеттері) көрсетiлген дайындау мен тасып әкету мерзiмi аяқталған ағаш кесілген барлық жерлер жатады.
Сүрек тасып әкетудi кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген жағдайда осы кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғаннан кейін қайталама куәландыру жүргiзiледi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру ағаш кесу билетінің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн iшiнде, ал сүрек дайындау мен тасып әкету ағаш кесу билетінде көрсетілген мерзімнен ерте аяқталған жағдайда хабардар етілген күннен бастап жүргiзiледi.
5. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру күні туралы орман иеленуші орман пайдаланушыны немесе оның өкілін мерзім белгіленгенге дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
Орман пайдаланушы немесе оның өкілі белгіленген мерзімде келмеген жағдайда орман иеленуші куәландыруды оның қатысуынсыз жүргізеді. Бұл ретте осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған куәландыру актісі (бұдан әрі – акт) орман пайдаланушыға акт жасалғаннан кейін күнтізбелік 10 күнтізбелік күн ішінде жіберіледі.
6. Кеспеағаштарды игеру технологиясы талаптарының сақталуын (өскiннiң сақталуы, кеспеағаштарды тазарту) бақылау мақсатында куәландыру қарсыз кезеңде жүргізіледі. Жайсыз климат жағдайлары кезінде (қардың қалың түсуi, өзендердiң тасуы, жолдың бұзылуы) куәландыру орман пайдаланушымен келiсiм бойынша орман иеленушi белгiлейтiн басқа уақытқа ауыстырылады.
7. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру кезінде орман иеленушіде өзімен бірге:
1) рұқсат беру құжаттары (ағаш кесу билеттерi) немесе олардың көшiрмелерi және сүрек жинап қойылатын орындар көрсетiле отырып, куәландырылуға жататын әрбiр кеспеағашқа (мөлдекке) арналған абристер;
2) өлшеу құралдары мен аспаптары (бұрыш өлшеу құралы, өлшеу лентасы, рулетка, өлшеу ашасы);
3) кеспеағаштарды бөлу және таксациялау материалдары (ағаштарды қайта есептеу ведомосы, кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау ведомосы, кеспеағаш қорын алдын ала беру актiсi);
4) куәландыру актiлерiнiң, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың, қайта есептеу ведомостарының, материалдық-ақшалай бағалаудың бланкiлерi болуы қажет.
8. Куәландыруға қатысушы орман пайдаланушыда өзімен бірге:
1) егер заңды тұлға болса:
орман пайдаланушының өкiлiне - сенiмхат;
ұйым басшысы мен бас бухгалтер қол қойған дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк, отындық, өтiмдi шыбықтар мен бұтақшалар) мөлшерi туралы еркін жазылған анықтама;
ресiмделген технологиялық карта;
2) егер жеке тұлға болса:
дара кәсіпкер қол қойған дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк, отындық, өтiмдi шыбықтар мен бұтақшалар) мөлшерi туралы анықтама;
ресiмделген технологиялық карта болуы қажет.
9. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру нәтижелері орман иеленушiнiң, орман пайдаланушының өкiлдерi және куәландыруға қатысушы барлық адамдар (орман шебері, орманшы) қол қоятын актiге енгiзiледi. Актiге куәландыру кезiнде алынған деректерден басқа орман пайдаланушы анықтамасының деректерi бойынша нақты дайындалған кәделік және отындық сүректiң мөлшерi туралы мәлiметтер де енгiзiледi.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру нәтижелерi бойынша орман иеленуші ведомстволық бағыныстылығына қарай жоғары тұрған ұйымға "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 231 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13573 болып тіркелген) бекітілген 4-ОШ нысаны бойынша кеспеағаштардағы сүрек қалдықтары және ағаш кесілген жерлерді тазарту туралы есеп береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2017 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру нәтижелерiн есепке алу әрбiр кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргiзiледi, ол туралы деректер ағаш кесу билетiне жеке жолмен енгiзiледi.
Куәландыруға сондай-ақ кеспеағаштармен аралас 50 метрлiк жолақтар да жатады.
12. Ағаш кесілген жерлерді куәландыру кезiнде кеспеағаштарды игерудiң толықтығы мен дұрыстығы, кеспеағаштарды игеру тәсілдерінің технологиялық картасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12249 болып тіркелген) Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларына сәйкес (кеспеағаштар мен сүрек сүйретiп шығаратын жолдардың енi, тиеу алаңдарын, қоймаларды және басқа да қосымша объектiлердi орналастыру, орман өсіру талаптарын сақтау) анықталады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларына қосымша |
Нысан
Ағаш кесу жерлерін куәландыру
АКТІСІ
20___ жылғы "___" ________________
______________________________________________________________ облысы
Мемлекеттік орман
иеленуші ____________________ Орманшылық ____________________________
_____________________________________________________________________
(акті жасаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Орман пайдаланушы ___________________________________________________
(мекеменің аты)
_____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты – жөні (болған жағдайда))
__________________________________________________________ қатысуымен
20__ жылғы "___" __________ № ______ сенімхат негізінде әрекет ететін
"___" ______________ 20___ жылы, куәландыру күні және орны туралы
________________________ хабарландырылған және ______________________
(хабарландыру тәсілі)
_____________________________________________________________________
(куәландыру кезінде қатысушылардың лауазымдары, тегі және аты-жөні)
№ _______ орамда, кесу орындарын куәландыруды жасадық
мөлдектің № _____________, ағаш кесу билеті № ___________,
20__ жылғы "__" __________ _________________________________ берілген
(кім берді)
Кесу тәсілі _________________________, есепке алу тәсілі ____________
Тазарту тәсілі ______________________________________________________
Дайындау мерзімінің аяқталуы _____, әкетілім мерзімінің аяқталуы ____
Куәландыру кезінде белгіленгені:
Өлшем бірлігі | Орман кесу билетімен алдын ала қарауымен | Нақты кесілгені | Куәландыру күні ағаштың қолда бары | Ескерту | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кеспеағаш ауданы | га | ||||
Барлық массасы | текше метр | ||||
Соның ішінде: | |||||
кәделік | |||||
отын | |||||
шырпы | |||||
сақталынуы | |||||
өскін | |||||
ауданы | га | ||||
саны | мың дана |
Куәландыру кезінде мынадай бұзушылықтары анықталған:
Орман пайдаланушының түсінігі
Куәландыру кезіндегі қатысқан адамдардың ескертулері мен ұсыныстары
Орманға күтiм жасау мақсатында ағаш кесу сапасына ағаш өсiру бағасы.
Мемлекеттік орман иеленуші, ұйым
Орман пайдаланушы
Қатысқандар
Қолдары:
Акт бойынша қорытынды:
Орман иеленушінің, ұйымның басшысы
"___" _______________ 20___ жыл