Кеме құжаттарының тізбесін, Кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын және Кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10649 тіркелді

Қолданыстағы

      «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарының тiзбесi;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары және кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекiтiлсiн;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттарына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитет (А.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы    
№ 163 бұйрығына        
1-қосымша           

Кеме құжаттарының тiзбесi

      1. Кеме журналы.
      2. Кеме рөлi.
      3. Радио журналы (eгeр кемеде кеме станциясы болса).
      4. Машина журналы (механикалық қозғалтқышы бар кемелер үшiн).
      5. Сарқынды сулармен oпeрация журналы.
      6. Қоқыспен операция журналы.
      7. Мұнай oпeрациясы журналы.
      8. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операцияларын жүргiзу журналы.
      9. Теңiз кемесiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығы туралы куәлiк.
      10. Кемеге меншiк құқығы туралы куәлiк.
      11. Сыныптау куәлiгi.
      12. Жолаушы куәлiгi (жолаушы кемесi үшiн).
      13. Өлшеу куәлiгi.
      14. Жүк маркасы туралы куәлiк.
      15. Mұнаймен ластанудың алдын алу туралы куәлiк.
      16. Сарқынды сулармен ластанудың алдын алу туралы куәлік.
      17. Қоқыспен ластанудың алдын алу туралы куәлік.
      18. Жүзуге жарамдылығы туралы куәлік (қолданылатын болса).

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы    
№ 163 бұйрығына        
2-қосымша           

Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеме құжаттарын жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заңы) 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес әзiрлендi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзетiн кемелердегi кеме құжаттарын жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін кемеде осы бұйрықпен бекітілген кеме құжаттарының тізбесіне сәйкес кеме құжаттары болады.
      3. Кеме құжаттарындағы барлық жазбалар мемлекеттiк және орыс, және (немесе) ағылшын тiлдерінде осы Қағидаларға сәйкес жүргiзiледi.
      Кеме құжаттарындағы жазулар анық жазылады. Жазуды қарындашпен жазуға болмайды.
      4. Өзгертiлуі тиiс мәтiн жеңiл оқылатындай етiп жiңiшке сызықпен сызылады және жақшаға алынады. Егер жазба барысында қателiк байқалса, онда жақшадан кейiн бiрден дұрыс мәтiн жазылады. Қалған жағдайларда жақшадан кейiн не жiберiлген жағдайда мәтiнді қосу қажет сөзден кейiн жазылып, сілтеменiң сандық белгiсi толассыз нөмiрлеу арқылы әр бет үшiн қойылады.
      Мәтінді өзгерту немесе толықтыру журналдағы соңғы жазбадан кейiн жазылады, сiлтеме сандық белгiмен қойылады және мынандай нысанда түзету немесе толықтыру енгізген адамның қолымен бекiтiледi:
      1) «қате жазылған», егер сызылған мәтiндi басқасымен ауыстыру қажет болмаса;
      2) «оқу:» және бұдан әрi дұрыс мәтiн;
      3) «толықтыру:» және бұдан әрi дұрыс мәтiн.
      Егер түзетулер немесе толықтырулар алдыңғы беттерге қатысты болса, онда оның алдына сiлтеме нөмiрiнен кейiн бет және жеке жол нөмiрi көрсетiледi мысалы: 3/б. 15.

2. Кеме журналын жүргізу тәртiбi

      5. Кеме журналын жүргізу 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (бұдан әрі – СОЛАС 74/78) Теңiзде адам өмiрiн қорғау туралы 1974 жылғы халықаралық конвенцияға және Заңға сәйкес жүзеге асырады.
      6. Кеме журналы кеме құжаты болып табылады, онда кеменің үздіксіз өміршеңдігі көрсетіледі.
      7. Кеме журналына өзгерістер мен толықтыруларды кеме капитанының вахталық көмекшiсi не кеме капитаны енгізеді.
      8. Навигациялық сипаттағы жазбалар көлемiн кеме капитаны картадағы астарымен және тiркеудің техникалық құралдары ақпаратымен бiрге кеменiң жүзу бағытын қалпына келтiруге болатынын ескере отырып белгілейді. Бұл ретте картадағы астар картаны қайта пайдаланғанға дейiн сақталады, ал өзi жазатын таспалар - курсограмма, peвepcoгpaмма, эхограмма, телетайп бағдарламасы екi жыл бойы кемеде сақталады.
      9. Кеме журналы вахта процесінде оқиға болған сәтте не одан кейiн жазылады.
      10. Кеме капитанының вахталық көмекшiсi жүргiзген жазбаларды лауазымын көрсету арқылы қол қоюмен бекiтедi, мынадай қысқартуларды пайдаланады: капитанның аға көмекшiсi - TКАК, капитанның екiншi (үшiншi, төртiншi) көмекшiсi - 2 ТКК (3ТКК, 4TКК).
      11. Кеме капитаны кеме журналындағы жазбаларды бақылайды және әрбiр беттің соңына қолын қойып куәландырады.
      12. Кеме журналына кеме капитаны мен кеме капитанының вахталық көмекшісi қажеттілігіне қарай кеменiң күнделiктi өмiрiне қатысты жазба енгізеді, бұлар кеме, кеме иесi мен жүктiң мүддесiн қорғауда маңызды болуы мүмкін.
      13. Әрбiр тәулiктiң жазбасы кеме журналында жаңа беттен басталады. Тәулiк iшiнде толтырылмаған жолдар «Z» белгiсiмен сызылады.
      14. Кеме журналының титул парағында кеме журналының нөмірі, кеменің атауы, кеменің түрі, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, кеменің тіркелген порты, кеме журналының басталған күні және аяқталған күні көрсетіледі.
      15. Кеме журналына кесте түрінде мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) оқиғаның уақыты;
      2) гирокомпас бойынша курс;
      3) магнит компасы бойынша курс;
      4) кеменiң тұрған жерi;
      5) түсіндірме жазбалар;
      6) жүзіп өткен қашықтық;
      7) желдiң бағыты мен жылдамдығы;
      8) теңiз бетiнiң жай-күйi;
      9) ауа-райының жай-күйi – көріну;
      10) атмосфералық қысым;
      11) ауаның температурасы;
      12) судың температурасы;
      13) вахтада өткiзiлген уақыт, әрбiр вахтаның вахталық матростарының аты-жөндері. Қажет болған кезде вахтаны күшейту үшiн шақырылған экипаж мүшелерінің аты-жөндері жазылады.
      16. Вахта жұмысының соңында осы Қағидаларың 15-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы барлық бағандар толтырылады.
      17. Тұрақтағы вахтаның соңында кеменiң жай-күйi мен жағдайы жазылады:
      1) кеменiң алдыңғы және артқы жағымен шөгуi;
      2) орындалатын жүк операциялары;
      3) кеме энергетикалық қондырғысының (бұдан әрi - ҚӘК) дайындығы;
      4) бортта жүзу құралдарының болуы;
      5) тиелген/түсiрiлген жүктiң мөлшерi.
      Егер вахта уақытында өзгерiстер болмаса, бас жағы мен артқы жағының шөгуі және қажетті іс-шаралар жүргізілетін кеме иесінің қауіпсіздікті басқару жүйесінің чек-парақтарының нөмірлерін көрсете отырып «Бұрынғы қалыпта тұрмыз» деген сөз орамы жазылады.
      18. Тәулік басталуына арналған беттің тақырыбында күні, айы және жылы, кеменің жүзу ауданы, кеменің қайдан және қайда жүруі (тұру уақытында порттың және рейдтің атауы көрсетіледі), рейстің нөмірі (бар болған кезде), кеме уақыты мен гринвич уақыты арасындағы алшақтық көрсетіледі.
      19. Оқиғаның уақыты туралы бағандағы сағатты ауыстырған кезде бөлшек арқылы ескі және жаңа уақыт, кеменің орналасқан жері туралы бағанда – кеме орнының координаталары, түсіндірме жазбалары бар бағанда – «Кеме сағаттары бір сағатқа алға/артқа ауыстырылды» деген сөз орамы және кеменің жаңа уақыты мен гринвич уақыты арасындағы алшақтық жазылады.
      20. Кеме журналының тиісті бағандарында мыналар көрсетіледі:
      1) лоцманмен бірге жүзу кезінде – лоцманның келген және кеткен уақыты, оның тегi мен аты-жөнi;
      2) тiркеп сүйреуiштiң көмегімен өткізу кезінде – тiркеп сүйреуiштiң келуi және кетуi, олардың атауы, тiркеп сүйрету схемасы;
      3) кемені зәкірге қою кезінде – зәкір берілген жердің координаталары, жолда тұрғызу себептерi, қандай зәкiр берiлген, қанша зәкiр шынжыры пайдаланғаны, өлшенген теңiз тереңдiгi, КӘҚ-ның дайындығы;
      4) айлаққа қою кезінде – айлақ атауы немесе нөмiрi, арқандап байлау борты, қандай, қанша, қалай және қайда арқандап байланды, зәкiрге, кеме алдыңғы немесе артқы жағына шөгуi;
      5) кеме қозғалысын басқару жүйесінің әрекеті аймағында жүзу кезінде – аймағына кiруге рұқсат алғандығы, кіру және шығу уақыты, көрсетілетін қызмет түрi, оның басталуы мен аяқталуы, кеме қозғалысын басқару жүйесінің оператордан алынған мәліметтер;
      6) дауылды жағдайларда жүзу кезінде – қисаю бұрышы мен тербеу кезеңi, жүктi сақтауды қамтамасыз ету бойынша әрекет, мұндайлар орын алған жағдайда палубаны су алып кетуi мен толқынның соғысы;
      7) кемеде бала туған жағдайда – анасының тегi, аты мен әкесiнiң аты, баланың жынысы;
      8) кемедегі өлiм жағдайында – өлген адамның тегi, аты мен әкесiнiң аты, өлу себебi, өлген адамның денесi қашан және кiмге берiлдi;
      9) борттағы қайғылы жағдайда – жазатайым оқиғаның себептері мен жағдайлары;
      10) кеме сыртында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетілген жағдайда – көмек көрсетудің себептері мен жағдайлары;
      11) кеме сыртында апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетілмеген жағдайда – көмек көрсетпеудің себептері мен жағдайлары;
      12) өсиеттерді куәландырған кезде – өсиет қалдырушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, өсиет жасалған күні;
      13) кеме рейске шыққан кезде – экипаж мүшелерi мен жолаушылардың саны, отын мен судың қоры, қалдық тұнба, жүктiң мөлшерi мен түрi, басқару құрылымының дайындығы, рейске шығуға жалпы дайындық;
      14) кемені басқару бұйрығы берілгенде – кемені басқару бұйрығын қабылдайтын капитанның тегi, аты мен әкесiнiң атын көрсете отырып басқаруды беру және оған кірісу фактiсi. Жазба тапсыратын және қабылдайтын капитандардың қолымен бекiтiледi.
      21. Өртпен күрес және кеменi тастап шығу бойынша әрбiр оқу дабылы кеме журналының бағанында түсіндірме жазбалармен толық сипатталып жазылуы керек. Егер оқу жинағы, оқу, оқу сабағы немесе оқу дабылы толық көлемде жүргізілмеген болса, жағдайды түсіндіретін және жүргізілген оқу жинағының, оқудың, оқу сабағының немесе оқу дабылының көлемі жазылады.
      22. СОЛАС 74/78 талаптарының орындалуын тiркеу кесте түрінде жүргiзiледi және капитанның аға көмекшісі қол қояды. Қажетті толықтырулар мен толық мағлұматтар кеме журналының бағанында түсіндірме жазбалармен жазылады.

3. Кеме рөлiн жүргiзу тәртiбi

      23. Кеме рөлi кеменiң келуi және кетуi кезiндегi экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын кеменiң негiзгi құжаты болып табылады.
      24. Кеме рөлiн кеме капитаны кеме портқа келген немесе кеме порттан шыққан кезiнде порттың теңіз әкімшілігіне ұсынады.
      25. Кеме рөлi мынадай деректердi қамтитын мәлiметтерден тұpaды:
      1) кеме туралы (аты, ұлты, тiркелген порты және нөмiрi, түрi және мақсаты, кеме иесi, кеменiң шақыру белгiсi);
      2) экипаж мүшелерi туралы (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi мен жерi, азаматтығы, кемедегi лауазымы, атағы және диплом нөмiрi, теңiзшi куәлігінің немесе теңiзшiнiң жеке басын куәландыратын өзге құжаттың сериясы және нөмiрi).
      26. Кеме рөлiне кеме экипажының құрамына кiретiн адамдар, сондай-ақ:
      1) осы кемеге жүзу практикасын өту үшiн жiберiлген оқу орындарының курсанттары (оқушылары);
      2) кемеде жұмыс iстеу үшiн жiберiлген кеме иесiнiң өкiлдерi енгiзiледi.
      Кеме рөлiнде көрсетiлген оқу орындарының курсанттары (оқушылары) мен халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерге iссапарға жiберiлген адамдардың лауазымын кеме иесi белгiлейдi.
      27. Кеме рөлi кемеде:
      1) кеме қазақстандық портқа келуi кезiнде немесе кеме қазақстандық порттан кету кезiнде - мемлекеттiк және орыс тiлiнде;
      2) кеме шетел портына келуі кезiнде немесе кеме шетел портынан кетуi кезiнде - мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде толтырылады.
      28. Кеме рөлi мынадай тәртіппен толтырылады:
      1) 2-бағанда «тегi, аты және әкесiнiң аты»;
      2) 3-бағанда «туған күнi мен жерi»;
      3) 4-бағанда «азаматтығы» - теңiзшiсi жеке куәлігінде немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатта келтiрiлген деректер бойынша;
      4) 5-бағанда «лауазымы» - халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кемелерде - теңiзшiнің жеке куәлігінде кемедегi қызметтiк ереже туралы жазбаға сәйкес. Қалған кемелерде - кеме иесiнiң кеме экипажының мүшесi ретiнде адамды тағайындау туралы бұйрыққа (өкiмге) сәйкес;
      5) 6-бағанда «атағы және дипломның нөмiрi» - бiлiктiлiгiн растайтын дипломда көрсетiлген деректер бойынша;
      6) «теңiзшi паспортының немесе жеке басын растайтын өзге құжаттың сериясы мен нөмiрi» деген бағанда теңiзшi жеке куәлігінде немесе тиiсiнше жеке басын растайтын құжатында көрсетiлген деректер бойынша толтырылады.
      29. Кеме қазақстандық немесе шетелдiк портқа келгенде, кеме шетелдiң портынан шығар кезде, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кеме қазақстандық порттан шығар кезiнде кеме рөлiн кеменiң капитаны растайды.
      Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын кеме қазақстандық порттан шығар кезiнде кеме рөлiне кеме капитаны қол қояды және кеме иесi немесе кеме шығатын порттың капитаны растайды.
      Кеме капитанының, кеме иесiнiң және порт капитанының қолдары кеме мөрімен бекітіледі.
      Олардың жүру бағыты қазақстандық порттан шыққан кезде Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiнiң сыртқы шегiн кесiп өтудi көздейтiн кемелердiң Кеме рөлi кеме иесiнiң немесе порт капитанының куәландыруына жатады.
      Кеме экипажының құрамында өзгерiстер болмаған жағдайда «Өзгерiс жоқ» деген жазу жазылады, ол кеме капитанының қолымен және күнi көрсетiлiп, кеме мөрiмен расталады.
      Кеме экипажының құрамында өзгерiстер болған жағдайда өзгерiстер Кеме рөлiне мынадай тәртiппен енгiзiледi:
      1) кеме экипажының бұрынғы мүшесiнің тегi бар жол сызылады. Кеме экипажының жаңа мүшесiнiң тегi бар жол кеме экипажынан шыққан мүшесінiң нөмiрiмен нөмiрленедi;
      2) кететiн экипаж мүшесiн ауыстыру болмаған жағдайда, кеткен экипаж мүшесiнiң тегi сызылып, экипаж мүшесi ауыстырусыз кемеден кеткендiгi туралы жазба жазылады.
      Кеме рөлiне енгiзiлген өзгерiстерге кеме капитаны күнiн көрсетiп қол қояды және ол кеме мөрiмен куәландырылады.
      Шетелге жүзетiн кеме қазақстандық порттан шығар алдында кеме рөлiне өзгерiстер енгiзiлсе, осы өзгерiстердi кеме иесi немесе кеме шығатын порттың капитаны растайды.

4. Радиожурналды жүргiзу тәртібі
(eгeр кемеде кеме станциясы болса)

      30. Радиожурнал радио байланыстар мен электрорадионавигацияға (бұдан әрі – ЭРН) қатысты мәлiметтердi тiркейтiн кеме құжаты болып табылады.
      31. Радиожурналды тiркеу, жүргiзу, сақтауды Апат кезiнде ғаламдық теңiз жүйесi байланысы (бұдан әрі – АҒТЖБ) радиомаманының дипломы бар экипаж мүшесi жүзеге асырады.
      32. Радиожурнал радиовахта атқарылатын жерде болады және тексеру үшiн порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамдарына ұсынылады.
      Қабылдау/беру үшiн қандай радиоқондырғылар пайдаланылғанына қарамастан ақпаратты қабылдау/беруге қатысты мәлiметтер радиожурналға енгiзiледi.
      33. Цифрлық таңдаулы шақыру (бұдан әрi – ЦТШ) жиілiгiнде радиовахта атқаруға, белгiленген мерзiмде байланыс жүйелерiмен берілетiн, теңiзде жүзу қауiпсiздiгi бойынша хабарламаны қабылдауға жататын жазбаларды радиожурналға радиобайланыс бойынша вахталық мiндеттерiн тiкелей атқаратын АГТЖБ радиомаманы енгiзедi.
      34. Қызметтiк және жеке корреспонденцияны қабылдауға/беруге, радиотелефондық сөйлесулер жүргiзуге жататын жазбаларды радиожурналға хабарламаларды қабылдау/берудi тiкелей жүзеге асыратын немесе радиотелефондар байланысын қамтамасыз ететiн АГТЖБ радиомаманы енгiзедi.
      35. Радиобайланыс құралдарына және ЭРН-ге, апат кезiндегi радиобайланысқа техникалық қызмет көрсетуге жататын жазбаларды осы қызметтiк мiндеттердi орындау жүктелген АГТЖБ радиомамандары жүргiзедi.
      36. Радиожурналда жазбалар анық және ұқыпты түрде көк немесе қара сиямен мемлекеттiк және орыс тiлiнде Дүниежүзiлiк үйлестiрiлген уақыт бойынша (UТС) жүргiзiледi. Радиожурналда күнделiктi жазбалар көшiрмесiмен жүргiзiледі, бұл радиожурналдан көшiрме ретiнде пайдаланылуы мүмкін.
      37. АГТЖБ радиомаманы радиожурналға өзгерістер және толықтырулар енгiзеді.
      38. Кеме капитаны радиожурналдағы жазбаны бақылап отырады (eгep қажет болса жазбаша ескертулер жасайды) және әрбiр тәулiктiң соңында қолымен растайды.
      39. Радиожурналдың титул парағында радиожурналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің түрі, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), радиожурналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      40. 1-бөлiмге кеме туралы қысқаша мәлiметтер, радиоқондырғылар туралы кейбiр деректер енгiзіледi.
      41. 2-бөлiмге АГТЖБ радиомамандары туралы деректер енгiзiледi. Радиобайланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету мен ЭРН-ға жауапты АГТЖБ радиомамандары және апат жағдайына радиобайланысты қамтамасыз ету бойынша функционалдық мiндеттi орындауға жауапты АГТЖБ-ның радиомамандары жеке көрсетiледi.
      42. 3-бөлiмге мынадай мәлiметтер енгiзiледi:
      1) 1-бағанда корреспондентпен байланыс уақыты (уақыт төрт таңбалы санмен бір минутты бәсеңділікпен жазылады, сағат минуттан нүкте арқылы бөлiнедi, мысалы: 12.00.) жазылады;
      2) 2-бағанда шақырылған станция жазылады;
      3) 3-бағанда корреспонденттiң шақыру сигналы (немесе басқа танушы) жазылады;
      4) 4-бағанда жиiлiк (арна, спутник) жазылады;
      5) 5-бағанда радиобайланысқа қатысты оқиғалар жазылады, мысалы:
      жабдықтардың қатардан шығуы немесе олардың пайдаланушылық-техникалық сипаттамасының нашарлауы;
      жағадағы станциялармен, жағалық жер станцияларымен немесе спутниктермен байланыстардың үзiлуi;
      мiндеттi хабарламаларды қабылдай алмау себептерi болып табылған радиотолқындардың таралуының қолайсыз жағдайлары;
      басқа станциялармен радиоалмасу рәсiмiнiң бұзылуы;
      жалған апат сигналдарын беру фактілерi;
      коммерциялық айырбасқа қатысты кез келген қақтығыстар, мәселен: тарифтегi келiспеушiлiктер, хабарламаны алмау;
      кемінде тәулiгiне бір рет кеменің тұрған жері және анықтау уақыты туралы (егер тұрған орны белгiленсе, қандай да бiр географиялық нүктеге бекiту арқылы көрсетiлуi мүмкiн, не ендiгi мен бойлығы көрсетiледi, мысалы: 1200 UТС 700 солтүстігі 03300 шығысы);
      апат жағдайында радиожабдықтар мен радиобайланыс рәсiмдерiн пайдалану бойынша және оның функционалдық мiндетi көрсетiлген жағдайда радиобайланысты қамтамасыз ету болып табылатын адамның қауiпсiздiктi қамтамасыз етуi үшiн экипаж мүшелеріне нұсқау беру туралы;
      бақылау құралдарын ЦТШ сигналдарының халықаралық шақыру жиілiгiмен АГТЖБ апаттарында таңдалған жиiлiктi көрсету арқылы қосу (кеме порттан шыққан кезде) және сөндіру туралы (кеме портқа кiрген кезде);
      радиобайланыс бойынша вахталық мiндеттi қабылдау/тапсыру туралы;
      тәулiгiне кемiнде бір рет уақытты тексеру туралы;
      аккумуляторлық батарейдiң зарядталуын тексеру, принтерлердiң қағаз мөлшерiнiң жеткiлiктi болуы мен жазу құралдарының қанағаттанарлық жай-күйiн, орнатылған бақылау құралдарын пайдалану арқылы радиосигналдарды сәулелендiрусiз ЦТШ құралдарының тиiстi қызмет етуiн күн сайын тексеру туралы;
      құтқару құралдарының қолданыстағы авариялық ультрақысқа толқындары (УҚТ) радиостанцияларының жұмыс қабiлеттiлiгiн, жағалау станциясы мәтiндiк шақыру арқылы ЦТШ құралдарының тиiстi қызмет етуiн апта сайын тексеру туралы. Кеме бiр аптадан аса жағалау станциясының ЦИВ-пен жабдықталған ықпал ету аймағынан тыс болғанда мәтiндiк шақыру жүргiзiледi;
      радиоқұрылғының кез келген бөлiгiне энергия берудi, сондай-ақ оның орналасу орнын, антенналардың және оқшаулағыштардың жай-күйiн (антенналардың оқшаулау қарсылығының өлшемдерiмен) қамтамасыз ететiн барлық аккумулятор батарейлерiнiң жай-күйi мен қосылған жерлерiн және авариялық, спутниктiк авариялық радиобуйларын және радиолокациялық жауап бергiштердiң сыртқы зақымдануының болмауын (орнатылған бақылау құралдарын пайдалану арқылы жұмыс қабiлеттiлiгiн, егер болса радиосигналдарды эфирлiк сәулелендiрусiз тексеру) ай сайын тексеру туралы;
      кеменiң рейске шығар алдында радиобайланыс, электррадионавигацияның және резервтiк қорек көздерiнiң жабдықтарын тексеру туралы;
      кеме капитанына хабарлай отырып, радиобайланыс жабдықтарының және ЭPH-нiң қатардан шығуы және пайдалануға енгiзiлуi туралы;
      апат және мерзiмдiлiк туралы хабарламаларға қатысты ақпарат (оның ішінде авариялық радиоалмасуға қатысатын кемелер, олардың тұрған жері туралы деректер). Ағылшын тiлiн (НАВТЕКС) пайдалану арқылы тар жолақты әрiп басатын телеграфия жүйесi бойынша қағаз тасығышта көшiрме түрiнде, кеңейтілген топтық шақыру (КТШ) немесе спутниктiк телекс арқылы қабылданған апат сигналдары және апатқа қатысты хабарламалар радиожурналда белгіленеді және хронологиялық тәртіппен радиожурналдың соңында тiгiледі.
      Қағаз тасығыштағы ауа-райы болжамы мен навигациялық ескертулер көшiрмесi жеке папкаларға тiгілiп, оны қабылдау фактiсі радиожурналда көрсетiлуi тиiс.
      43. Егер жазбаның сипаты 3-бөлiмнiң 1-4 бағандарын толтыруды қажет етпесе, онда жазба мәтiнi уақыттан кейiнгi 2-бағаннан басталады. Егер жағдайды түсiндiруге бір жол жеткіліксіз болса, онда жазба 2-бағаннан бастап келесi жолда жалғастырылады.

5. Машина журналын жүргізу тәртібі
(механикалық қозғалтқышы бар кемелер үшiн)

      44. Машина журналы кеме журналына толықтыру болып табылады, онда күш беретін және қосалқы қондырғылардың жұмысын, жүру жылдамдығын, жанармайдың болуы және шығыны көрсетіледі.
      45. Машина журналы Қазақстан Республикасының бiр немесе екi бас қозғалтқышы бар барлық теңiз кемелерінде жүргізіледі. Машина журналы бiр данада жүргiзіледi.
      46. Машина журналы пайдаланым уақытында да, сонымен қатар кеменi жөндеу уақытында да үздiксiз жүргiзiледi.
      47. Машина журналының барлық бағандары белгiленуiне қарай толтырылады.
      48. Машина журналына өзгерістер мен толықтыруларды аға (бас) механик, вахталық механик немесе кеме капитаны енгізеді.
      49. Аға (бас) механик күн сайын машина журналының дұрыс жүргiзiлуiн тексередi, оны өз қолын қою арқылы растайды және машина журналды кеме капитанына қол қоюға ұсынады.
      50. Кеме жүргенде машина журналы машина үй-жайында болады, ал тұрақта вахта механигiнiң каютасында болуы мүмкiн.
      51. Машина журналда вахта бойынша жазбалардың дұрыстығы мен ұқыптылығын вахта механигi қадағалап отырады.
      52. Машина журналының титул парағында машина журналының нөмірі, кеменің атауы, ҚӘК-тың түрі және қуаты, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеме тіркелген порты, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), машина журналының басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      53. Энергетикалық қондырғының жұмыс параметрiнiң жазбасы әрбiр төрт сағат сайын вахтаны тапсыру кезiнде жүргiзiледi. Жазбалардың аспаптар көрсеткiштерiмен сәйкес келуiн вахтаны тапсырушы және қабылдаушы механик қол қойып куәландырады.
      54. Оларды пайдалану машина үй-жайларында вахта персоналының үнемi болуынсыз жүзеге асырылатын кемелерде параметрлердi тiркеу вахтаны тапсыру кезінде жүргiзіледi.
      55. Әрбiр вахтада механизмдерді iске қосу және тоқтату уақыты жазылады. Машина журналында жұмыс ұзақтылығы ескерiлетiн механизмдердің номенклатурасын кеме иесi белгiлейдi.
      56. Машина журналының бос жолдарында вахта бойынша мыналар тіркеледі: бас қозғалтқыштың жұмыс режимiнiң өзгеруi, жауапты жабдықтың тоқтап қалуы және бұзылу жағдайлары және оларды жою үшiн қабылдаған шаралар; энергетикалық қондырғының жұмыс параметрлерiнiң нормалар шегiнен шығуы (шығуды автоматты тiркеу жоқ болғанда). Осында кеменiң сапарға шығар алдында орындалатын тексеру тiркеледi (қозғалтқыштың аударылуы, қашықтан автоматты басқару жүйесiн, реттелетiн жүрiс бұрандасын, машина телеграфын, басқару жүйесiмен машинаның тұтқашын, авралды сигнализацияны, сигналды-ерекшеленушi оттарды тексеру).
      57. Бiр күн ішінде қабылданған отын және сортына қарай бөлiнген май қалдығы мен жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрi – ЖЖМ) саны Машина журналының арнайы кестесiнде тәулiктiк бетте жазылады.
      58. Жабдықтарға техникалық қызмет мен жөндеу бойынша бiр күн ішінде жүргiзiлетiн Техникалық пайдалану қызметiнiң тиесiлiгiнде болатын жұмыстар тәулiктiк бетте арнайы кестеде адамның сағаттық еңбегiн және орындаушыларын көрсетiп тiркеледi.
      59. Машина журналының «Ерекше белгiлер» бағанына тәулiк iшiнде мыналарды көрсететiн жазбалар енгiзiледi:
      1) лауазымды адамдар - капитан, аға (бac) механик және капитанның вахталық көмекшiсiнiң өкiмi, осы өкiм жасалған уақыты нақты көрсетiлуi арқылы;
      2) вахталық механиктiң мiнбеге және аға (бас) механикке баяндауы;
      3) вахтаны күшейту, вахтаны ауыстыру немесе ақауларды жою үшiн экипаж мүшелерiн шақыру;
      4) бас қозғалтқышты басқаруды машина үй-жайынан мiнбеге тапсыру және керiсiнше;
      5) механизмдерді басқаруды автоматтыдан жартылай автоматтыға және қолмен басқаруға ауыстыру;
      6) тексерiс нәтижелерi және электрэнергияның авария көздерi мен сақтандыратын құрылғылардың әрекетi;
      7) авариялық сақтау құрылғыларынан пломбаны алу және автоматты реттегiштiң қорғаушы құрылғыларын жөнге келтiрудегi өзгерiстер;
      8 кеме iшiнде ластанған суды қайта айдауды қоса алғанда, сұйықты қабылдау, айдау және қайта айдау. ЖЖM-ды қабылдау немесе тапсыру туралы жазба қабылдау (тапсыру) орнын және жүкқұжат нөмiрiн көрсету арқылы жүргiзiледi;
      9) кезеңдiк бақылау өлшемдерiн жүргiзу (мысалы: индикаторлық диаграммаларды алу, дiрiлдi өлшеу);
      10) кеменi тоқсыз қалдыру жағдайлары, арнайы электр құрылғыларын, электр жетектердi, рульдеу құрылғыларын, кеме корпусының катодтық қорғау жүйелерiн, маневр реттегiштерi мен авариялық дизель-генераторларын басқару жүйесiн қосу және тоқтату;
      11) авариялық жағдайлар (өрт, корпустың ішіне борттан тыс судың келуi, жазатайым оқиғалар) және олармен күресу үшiн қабылданған шаралар;
      12) мұнаймен ластанған және қалдық суларды борт сыртына төгу клапандарына пломбаны қою және алу;
      «Ерекше белгiлер» бағанындағы барлық жазбалар осы жазбаны жазған адамдардың қолымен расталады.
      60. Машина журналында арнайы бөлiнген жерiнде мынадай ақпарат тіркеледі:
      1) кеменiң маневрi туралы мәлiмет (маневр реттегiштерi болмаған кезде);
      2) тәулiк барысында механизмдердің жұмыс iстеу ұзақтығы;
      3) жабдықтардың iрiленген топтары бойынша және орындаушы топтары бойынша кеменiң техникалық құралдарына тәулiк сайын техникалық қызмет етуге жiберiлетiн еңбек шығыны;
      4) MEX-1 радиохабарламаның жай-күйі үшiн бастапқы деректер;
      5) әртүрлi режимдегi маркалар бойынша тәулiк барысында кететiн отын шығыны;
      6) отын, май және суытатын суды тексеру нәтижелерi, сондай-ақ көмекшi қазандар арқылы өңдеу нәтижелерi.
      61. МЕХ-1 радиохабарламасын және тәулiкке кететiн отын шығыны кестесiн дайындауға арналған беттi толтыру кезiнде бос бағандар мамандандырылған кемелерде (танкерлер, рефрижераторлар) ерекше режимдердi жазуға пайдаланылады.

6. Сарқынды сулармен операция журналын жүргізу тәртібі

      62. Сарқынды сулармен операция журналын жүргiзу (бұдан әрі – Журнал) 1978 жылғы хаттамамен өзгертілген (бұдан әрі – МАРПОЛ 73/78) Кемелерден ластануды болдырмау жөнiндегi 1973 халықаралық конвенцияға және Заңға сәйкес жүзеге асырады.
      63. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда сарқынды сулармен болған операциялар тіркеледі.
      64. Журнал мынадай кемелерде:
      1) сарқынды сулармен операциялар жүргiзу кезiнде жалпы сыйымдылығы екi жүз тонна және одан да көбiрек;
      2) оннан астам адам тасымалдауға рұқсат етілетiн, жалпы сыйымдылығы екi жүз тоннадан кемiрек;
      3) жалпы сыйымдылығы өлшенбейтiн және оннан астам адам тасымалданатын кемелерде жүргiзiледi.
      Жабық фандық жүйелермен жабдықталған кемелердi қоспағанда, кеме экипажының, жолаушылар мен арнайы персоналының саны он және одан кемiрек кемелерде сарқынды сулармен жүргiзiлетiн операциялар Қазақстан Республикасының аумақтық суларында жүзу кезiнде тiркелмейдi.
      Флот портындағы кемелерде сарқынды сулармен жүргiзілетiн операциялар Кеме журналында тiркеледi.
      65. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, жалпы сыйымдылық, кеме иесі туралы деректер (атауы және орналасқан мекенжайы), экипаж мүшелерiн орналастыруға арналған орынның саны, кеменiң жасалған жылы, жолаушыларды және толықтырғыш персоналы орналастыру орнының саны, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      66. Журналға жазбалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Журналда тіркеуге жататын операциялардың тiзбесiне сәйкес тiркелетiн операция бiткеннен кейiн бiрден турақты енгiзiлуi тиiс.
      67. Журналдағы әрбiр жазбаға операция өткiзуге жауапты адам жазба күнiн көрсетiп қол қояды. Қолымен қатар жақшаның ішінде жауапты адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi көрсетiледi. Журналдың толтырылған әрбiр бетiне кеме капитаны қол қояды.
      68. Журналдың тармақтары бойынша жазбалар енгiзiлгенде мыналар көрсетiледi:
      1) 1; 2 – кеме уақыты мен кеменiң координаттары;
      2) 3 – «иә»;
      3) 4 – тораптағы кеменiң жылдамдығы, егер лақтырынды аялдама уақытында жүргiзiлсе, онда порт, жаға сыйымдылығы немесе кеме-жинаушы көрсетiледi;
      4) 6 – кемедегi техникалық құжаттама бойынша цистернаның белгіленуi мен нөмiрi;
      5) 7; 11 – текше метрмен саны.

7. Қоқыспен операция журналын жүргізу тәртібі

      69. Қоқыспен операция журналын жүргiзу (бұдан әрі – Журнал) МАРПОЛ 73/78 және Заңына сәйкес жүзеге асырады.
      70. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда кемелерден қоқысты тастау тіркеледі.
      71. МАРПОЛ 73/78 заңдық иелiгiндегi басқа тараптарының порттарға және теңiз терминалдарына рейстерді орындайтын жалпы сыйымдылығы 400 тонна және одан артық әрбiр кемеде және 15 не одан да көп адам тасуға арналған әрбiр кемеде, соңдай-ақ теңiз түбiндегi минералдық ресурстарды барлаумен және өңдеумен айналысатын әрбiр стационарлық және жүзбелi платформада Журналын жүргізу журналы болуы тиiс.
      72. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      73. Теңiзге, жағадағы қабылдау құрылыстарына немесе басқа кемеге тастауды қоса алғанда, тастаудың немесе аяқталған өртеудiң әрбiр операциясын журналға жазып отыру керек және өртеген немесе лақтырған күнiн көрсете отырып, жауапты адам қол қоюы тиiс. Журналдың әрбiр толтырылған бетiне кеменiң капитаны қол қоюы тиiс.
      74. Әрбiр өртеу немесе лақтыру туралы жазбада күнi және уақыты, кеменiң тұрған жерi, қоқыстың сипаты және лақтырылған немесе өртелген қоқыстың болжамды мөлшерi қамтылуы тиiс.
      75. Журналға әрбiр келесi жағдайларда жазба жүргiзiлуi тиiс:
      1) қоқыс теңiзге лақтырылғанда:
      лақтыру күнi мен уақыты;
      лақтыру орны (ендiгi мен бойлығы);
      лақтырылған қоқыстың санаты;
      әрбiр санат үшiн лақтырындының бағаланған көлемi, м3;
      операцияға жауапты адамның қолы;
      2) қоқыс жағадағы қабылдау құрылыстарына немесе басқа кемеге лақтырылғанда:
      лақтыру күнi мен уақыты;
      порт немесе қабылдау құрылысы немесе кеменiң атауы;
      лақтырылатын қоқыстың санаты;
      әрбiр санат үшiн лақтырындының бағаланған көлемi, м3;
      операцияға жауапты адамның қолы;
      3) қоқыс өртелгенде:
      өртеудiң басталған және аяқталғаны күнi мен уақыты;
      кеменiң тұрған жерi (ендiгi мен бойлығы);
      өртелген қоқыстың бағаланған көлемi, м3;
      операцияға жауапты адамның қолы;
      4) қоқысты лақтырудың авариялық немесе басқа ерекше жағдайлары;
      оқиғаның күнi мен уақыты;
      порт немесе кеменiң тұрған жерi (ендiгi мен бойлығы);
      бағаланған саны мен қоқыстың санаты;
      лақтыру, тастау не жоғалту жағдайы, осының себептерi және жалпы белгiлерi.
      76. Капитан жағадағы қабылдау құрылыстарының операторынан немесе қоқысты қабылдаған басқа кеменiң капитанынан берiлген қоқыстың бағаланған мөлшерiн нақтылайтын растайтын құжат алуы тиiс. Растайтын құжат Журналмен бiрге кеменiң бортында екi жыл бойы сақталады.
      77. Қоқыстың мөлшерi бортта м3, мүмкiндiгiне қарай әрбiр санат үшiн жеке бағалануы тиiс. Журналда қоқыс мөлшерiнiң бағасына сілтеме жасалуы тиiс.

8. Мұнай операциясы журналын жүргiзу тәртібі

      78. Мұнай операциясы журналын жүргiзу (бұдан әрi – Журнал) МАРПОЛ 73/78 және Заңына сәйкес жүзеге асырады.
      79. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда кемелерде болатын мұнай операциялары тіркеледі.
      80. Журналды жүргізу жалпы сыйымдылығы 150 тiркелiмдiк тонна және одан артық әрбiр мұнай танкерiнде және жалпы сыйымдылығы 400 тiркелiмдiк тонна және одан артық мұнай танкерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн әрбiр кемеде машина бөлiмiнде операцияларды жазу үшiн көзделеді.
      81. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      82. Журналда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Журналда тіркелуі операциялардың тiзбесінде көрсетілген машина бөлiмiнiң операциялары тiркеледi.
      83. Журналға жазба енгізген кезде мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) 1-бағанда күнi;
      2) 2-бағанда операция коды;
      3) 3-бағанда тармақ нөмiрi жоғарыда көрсетiлген Тізбеге сәйкес;
      4) 4-бағанда операциялар және операцияға жауапты командалық құрам адамының қолы тіркеледі, бұл ретте осы бағанда операцияның егжей-тегжейлігі хронологиялық тәртiппен жазылады.
      84. Әрбiр аяқталған операцияға кеменiң операцияның өткiзiлуiне жауапты командалық құрамының адамы күнiн көрсете отырып, қол қояды. Қолмен қатар жақша iшiнде жауапты адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi көрсетіледi. Журналдың әрбiр толтырылған бетiне кеме капитаны қол қояды.
      85. Мұнайдан ластануды болдырмау туралы халықаралық куәлiгi бар кемелерде журнал жазбалары ағылшын тілінде қайталанады.
      86. Журналға жазбалар үнемi, тiркелетiн операциялар аяқталысымен енгiзiледі.

9. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операциялары журналын жүргiзу тәртібі

      87. Мұнай танкерлерi үшiн мұнай операцияларын журналын жүргiзу (бұдан әрi – Журнал) МАРПОЛ 73/78 және Заңына сәйкес жүзеге асырады.
      88. Журнал кеме құжаты болып табылады, онда мұнай танкерлерінде болатын мұнай операциялары тіркеледі.
      89. Журналды жүргізу жалпы сыйымдылығы 150 тiркелімдік тонна және одан артық, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн әрбiр мұнай танкерiнде тиiстi жүк және балластық операцияларды жазу үшiн көзделеді.
      90. Журналдың титул парағында журналдың нөмірі, кеменің атауы, кеменің тіркеу нөмірі немесе шақыру сигналы, жалпы сыйымдылық, кеме тіркелген порты, журналдың басталған және аяқталған күндері көрсетіледі.
      91. Журналда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Журналда тіркелуі операциялардың тiзбесiнде көрсетілген жүк және теңгерім операциялары тiркеледi.
      92. Журналға жазбалар енгiзiлген кезде мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) 1-бағанда күнi;
      2) 2-бағанда операция коды;
      3) 3-бағанда тармақ нөмiрi жоғарыда көрсетiлген Тізбеге сәйкес;
      4) 4-бағанда операциялар және операцияға жауапты командалық құрам адамының қолы тіркеледі, бұл ретте осы бағанда операцияның егжей-тегжейлігі хронологиялық тәртiппен жазылады.
      93. Әрбiр аяқталған операцияға кеменiң операцияның өткiзiлуiне жауапты командалық құрамының адамы күнiн көрсете отырып, қол қоюы тиiс. Қолмен қатар жақша iшiнде жауапты адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi көрсетiледi. Журналдың әрбiр толтырылған бетiне кеме капитаны қол қояды.
      94. Журналға жазбалар үнемi, тiркелетiн операциялар аяқталысымен енгiзiледі.

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы    
№ 163 бұйрығына        
3-қосымша           

Кеме құжаттарына қойылатын талаптар

      1. Осы Кеме құжаттарына қойылатын талаптар «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заңы) 4-бабы 3-тармағының 55-13) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзетiн кемелердегi кеме құжаттарына қойылатын талаптардың тәртiбiн айқындайды.
      2. Кемеде көшірмесін осы құжатты берген орган растаған немесе нотариус куәландырған кемеге меншік құқығы туралы куәліктен басқа, кеме құжаттарының түпнұсқалары болуы тиіс.
      3. Кемедегі барлық журналдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге құқық алған сәтiнен бастап, құқығы сақталған бүкiл уақыт кезеңi бойы жүргiзiледi.
      4. Кемедегі барлық журналдар нөмiрленуi, тiгiлуi және кеме журналдың тiркеу теңiз портының капитаны растауы тиiс.
      5. Кемедегі журналдардың соңғы беттерінде мөртабанмен кеме журналдың тiркеу портының тiзiлiмi бойынша журналының нөмiрi, нөмiрленген және тiгiлген беттердiң саны, кеме тіркелген портының атауы көрсетiледi. Кеме журналдың тiркеу портының тiзiлiмi бойынша журналдардың нөмiрлері журналдардың титул парағында да көрсетіледі.
      6. Барлық журналдар кеме бортында соңғы жазба енгiзiлгеннен кейiн үш жыл ішінде сақталады, одан кейiн кеме иесiнiң мұрағатына тапсырылады.
      7. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу және кемеге меншік құқығы туралы куәліктерді кемені Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тізіліміне және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізіліміне енгізгеннен кейін кемені тіркеуді жүзеге асыратын орган береді. Көрсетілген куәліктерге нысандар, беру тәртібі және қойылатын талаптар Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-2)-тармақшасында көрсетілген нормативтiк құқықтық актімен регламенттеледі.
      8. Осы бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес Кеме құжаттары тізбесінің 1118-тармақтарында көрсетілген куәліктерді (бұдан әрі – куәліктер)  Кеме қатынасының тіркелімі және Заңына сәйкес танылған шетелдік сыныптау қоғамдары береді. Көрсетілген куәліктердің нысандары, беру тәртібі және қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен регламенттеледі.
      9. Куәліктер мемлекеттік және орыс, және (немесе) ағылшын тілдерінде жасалады.

Кеме құжаттарын жүргізу
қағидаларына 1-қосымша

Журналда тіркелуі тиіс операциялардың тiзбесi

Код
(әріп)
Тармақ
(нөмір)
Операция мен тармақтың атауы

А

Сарқынды сулармен oпeрациялар

1

Ағызу басындағы кеменiң уақыты мен орналасқан жері

2

Ағызу аяқталғандағы кеменiң уақыты мен орналасқан жері

3

Сарқынды суларды зарарсыздандыру жөнiндегi қондырғының автоматты жұмысы

4

Ағызу уақытындағы кеме жылдамдығы

Б

Сарқынды суларды қабылдау құрылғыларына тапсыру

5

Ағынды суларды тапсыру порты

6

Қабылдау құрылғыларына тапсырылған цистерналарды белгілеу

7

Тапсырылған ағынды сулардың жалпы саны (қарау Ескертпеге)

В

Сарқынды суларды кездейсоқ немесе өзге де ерекше жағдайларда ағызу

8

Ағызу уақыты

9

Кеменiң орналасқан жері

10

Ағызу жағдайы

11

Ағызылған caрқынды сулардың жалпы саны

12

Ағызу туралы хабарлама қашан және қайда берілді

      Ескертпе: Кемелер капитандары қабылдау құрылыстарының, оның iшiнде баржа мен автоцистернаның операторынан айдалған сарқынды судың мөлшерi, сондай-ақ уақыты мен беру күнi көрсетiлген қолхат немесе куәлiк алады.

Кеме құжаттарын жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

Журналда тіркелуі тиіс операциялардың тiзбесi

Код
(әрiп)
Тармақ
(нөмiр)
Операция мен тармақтың атауы

(А)

Мұнай отыны танкiлерiне балласты қабылдау немесе осы танктердi тазалау:

1

балластпен толтырылған танктiң (тердiң) белгiленуi;

2

мұнайдан кейiн танктер тазаланды ма? Егер тазаланбаса, онда оларда бұрын тасылған мұнайдың түpiн көрсету;

3

тазалау үдерісі:

1)

тазалау басталғандағы және аяқталғандағы кеменiң  тұрған орны және уақыты;

2)

сол немесе өзге әдiс қолданылған танктердiң белгiленуi (жуу, буландыру, химиялық заттардың көмегiмен тазалау;
пайдаланылған химиялық заттардың үлгiсi мен саны);

3)

тазалайтын су айдалған танктiң(тердiң) белгіленуі;

4

балластау:

1)

балластау басталғанда және аяқталғанда кеменiң тұрған орны және уақыты;

2)

егер танк тазаланбаса, балласт саны;

(В)

Көрсетiлген бөлiмдегi (А) отын танктерiнен кiр балласты немесе тазалайтын суды шығару:

5

танктi(тердi) белгiлеу;

6

шығару басында кеменiң тұрған орны;

7

шығару аяқталғанда кеменiң тұрған орны;

8

шығару уақытындағы кеменiң жылдамдығы;

9

шығару әдiсi:

1)

100 млн-1-ге тазалау жабдығы арқылы;

2)

15 млн-1-ге тазалау жабдығы арқылы;

3)

қабылдау құрылыстарына;

10

шығарылған мөлшерi;

(С)

Құрамында мұнай бар қалдықтарды (шламдарды) жинау мен жою:

11

Бортта рейстің соңында сақталатын, құрамында мұнай бар қалдықтардың (шламның) мөлшерi, бiрақ аптасына бір реттен жиi емес. Кемелер қысқа рейс жасағанда, мөлшерiн апта сайын тiркеу керек:

1)

тазартылған шлам (отын мен майлайтын майларды тазалау нәтижесiнде пайда болған шлам) және басқа қалдықтар, егер қолданылса:
танктiң(тердiң) белгiленуi ____________________;
танк(тердiң) сыйымдылығы ______________________ м3;
сақталатын қалдықтардың жалпы мөлшері м3;

2)

егер танкті орнату салдарынан қолданылатын болса, басқа қалдықтар (құрғату, ағып кету нәтижесінде пайда болған құрамында мұнай бар қалдықтар сияқтылар, пайдаланылған май және т.б., машина бөліміндегілер) 11-тармақтың 1) тармақшасына қосымша ретінде:
танктiң(тердiң) белгiленуі _______________________;
тактiң(тердiң) сыйымдылығы ____________________ м3;
сақталатын қалдықтардың жалпы мөлшері ______________________________________ м3;

12

қалдықты жою әдiстерi:
жойылған құрамында мұнай бар қалдықтардың, босаған танктердің және iшiнде сақталғанның мөлшерiн көрсету:

1)

қабылдау құрылыстарына (портты көрсету) (1-ескертпе);

2)

басқа танкке(терге) айдалды (танктi(тердi) және
танктiң(тердiң) жалпы iшiндегiсiн көрсету);

3)

жағылған (oпeрацияның жалпы уақытын көрceту);

4)

басқа әдiспен (қай әдiспен екенiн көрceту);

(D)

Машина бөлiмiнде жиналған льял суларды борттың сыртына автоматты емес шығару немесе жоюдың өзге тәсілі:

13

Лақтырылған немесе жойылған мөлшері;

14

Лақтыру немесе жою уақыты (басы мен соңы);

15

Лақтыру немесе жою әдісі:

1)

100 млн-1 тазалау жабдығы арқылы (басында және
аяғында тұрған жерiн көрсету);

2)

15 млн-1 тазалау жабдығы арқылы (басы және аяғында тұрған жерiн көрсету);

3)

қабылдау құрылыстарына (портты көрсету) (1-ескертпе);

4)

тұнбалы немесе жинақталған танкке айдау (танктi (тердi) көрсету);
айдалған мөлшерi мен танкте(терде) сақталатын жалпы мөлшерiн белгілеу;

(E)

Машина бөлiмiнде жиналған льял суларды борттың сыртына
автоматты түрде шығару немесе жоюдың өзге тәсiлi;

16

борттың сыртына ағызу үшiн жүйе жұмыстың автоматты режимiне енгiзiлген кездегi кеменiң уақыты мен тұрған жерi;

17

льял суды жинақталған танкке айдау үшiн жүйе жұмыстың автоматты режимiне енгiзiлген кездегi уақыт (танктi көрceту);

18

жүйенiң қолмен жұмыс iстеуге ауыстырылған уақыты;

19

борттың сыртына ағызу әдісі:

1)

100 млн-1-ге тазалау жабдығы арқылы;

2)

15 млн-1-ге тазалау жабдығы арқылы;

(F)

Мұнайды ағызуды автоматты түрде өлшеу, тiркеу және басқару жүйесiнiң жай-күйi:

20

жүйенiң қатардан шығу уақыты;

21

жүйенiң қолданысқа енгізілген уақыты;

22

қатардан шығу себептері;

(G)

Mұнайды авариялық және басқа ерекше жағдайдағы ағызу:

23

оқиға болған уақыт;

24

оқиға болған кездегi кеменiң орны немесе тұрған жері;

25

мұнайдың шамамен мөлшерi және түрі;

26

тастау не ағызу жағдайлары, себептерi және жалпы ескертулер;

(H)

Отынды немесе майлайтын майды бункерлеу:

27

бункерлеу

1)

бункерлеу орны;

2)

бункер уақыты:

3)

отынның түрi мен мөлшерi және танктiң(тердiң) белгiленуi (қосылған мөлшерi мен танктегi(тердегi) жалпы мөлшерiн көрсету);

4)

майлайтын майдың түрi мен мөлшерi және танктiң(тердiң) белгiленуi (қосылған мөлшерi және танктегi(тердегi) жалпы мөлшерiн көрсету);

(I)

Басқа пайдаланымдық операциялар және жалпы ескертулер

      Ескертпе:
      1. Кемелердiң капитандары қабылдау құрылыстарының, оның iшiнде баржалар мен автоцистерналардың операторынан айдалған жуатын судың, кiр балласттың, қалдықтардың немесе құрамында мұнайы бар қоспалардың мөлшерi, сондай-ақ айдалған күнi мен уақыты көрсетiлген қолхат немесе растайтын құжат алады. Қолхат немесе растау құжатын Журналмен бiрге сақтаған жөн.
      2. Тармақтар бойынша жазбалар енгiзілген кезде Журналда мыналар көрсетіледi:
      1) 1, 3.2, 3.3, 5, 11.1, 11.2, 12.2, 15.4, 17, 27.3, 27.4 – кемедегi техникалық құжаттамаға сәйкес танктердiң белгiленуi немесе атауы;
      2) 3.1, 4.1, 4.3, 4.4, 6, 7, 12.1, 15.1, 15.2, 15.3, 16, 24, 27.1 – порт (порттың рейдi) не кеменiң координаттары;
      3) 4.2, 10, 11.1, 11.2, 12.1, 12.2, 13, 15.4, 25, 27.3, 27.4 – м3 мөлшерi;
      4) 14, 16, 17, 18, 20, 21, 23, 27.2 - кеме уақыты;
      5) 9.1, 9.2, 15.1, 15.2, 19.1, 19.2 – сертификатқа сәйкес тазарту жабдығына;
      6) 2, 25, 27.3, 27.4 – кеменiң тораптардағы жылдамдығы паспорт бойынша мұнай (май) түрi;
      7) 8 – с кеменiң тораптардағы жылдамдығы;
      8) 22 – экипаждың профилактика үшiн жүйенi шығаруы не жүйенiң жарамсыздығы.

Кеме құжаттарын жүргізу
қағидаларына 3-қосымша

Журналда тіркелуі тиіс операциялардың тiзбесi

Код
(әріп)
Тармақ
(нөмір)
Операция мен тармақтың атауы

(А)

Мұнай жүгін тиеу:

1

тиеу орны;

2

тиелген мұнай түрi және танктің(тердің) белгiленуi;

3

тиелген мұнайдың жалпы мөлшерi (қосылған мөлшерiн және танктегi жалпы мөлшердi көрceту);

(B)

Рейсте мұнай жүгін кеме iшiнде құю:

4

танктiң(тердің) белгiленуі:

1)

одан;

2)

оған (танкке(терге) құйылған мөлшерді және жалпы мөлшердi көрceту);

5

4-тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген танк босады ма;

(С)

Мұнай жүгін түсіру:

6

түсірген жері;

7

түсiрген танктің(тердің) белгiленуі;

8

танк босады ма? (Егер босамаса сақталған мөлшерiн көрсету);

(D)

Шикi мұнаймен жуу (шикi мұнаймен жуу жүйесiмен жабдықталған танкерлер үшiн) (шикi мұнаймен жуылатын әрбiр танкерлер үшiн толтырылады):

9

шикi мұнаймен жуу жүргiзiлген порт немесе егер жуу екi түсiрушi порт арасында жүргiзiлсе, онда кеменiң тұрған жерi;

10

жуылған танктiң(тердің) белгiленуi (1-ескертпе);

11

пайдаланылатын машина саны;

12

жуу басталған уақыт;

13

жуу тәртiбi (2-ecкeртпе);

14

жуушы құбырдағы қысым;

15

жуу аяқталған немесе тоқтатылған уақыт;

16

танктiң құрғақтылығы қандай әдiспен анықталғанын көрсету;

17

ескерту (3-ескертпе);

(Е)

Жүк танкiлерiне балласты қабылдау

18

балласты қабылдау басталғанда және аякталғанда кеменiң тұрған орны;

19

балласты қабылдау үдерісі:

1)

балластпен толтырылған танктiң белгiленуi;

2)

балласты қабылдау басталған және аяқталған уақыт;

3)

қабылдаған балластың мөлшерi. Операциядағы әрбiр танк үшiн балластың жалпы мөлшерiн көрсету;

(F)

Таза балласт үшiн бөлiнген танкілерге балласты қабылдау (таза балласт үшін бөлiнген танкiлерiмен танкерлер үшiн ғана);

20

балластпен толтырылған танктiң(тердiң) белгiленуі;

21

таза балласт үшiн бөлiнген танкiге жууға арналған су
қабылданғанда кеме тұрған жер немесе портта кемеге қажет балласт;

22

тұнбалы танкте сорғы мен құбыр жуылған кезде кеменiң тұрған жерi;

23

құбырларды жуған кезде пайда болған, алдын ала тұнба сақталатын тұнбалы танкке(терге) немесе жүк танкiне(терге) айдалған, құрамында мұнай бар судың мөлшерi (танкті(терді) көрсету). Жалпы мөлшерiн көрсету;

24

таза балластқа бөлiнген танкке қосымша су балласты
қабылданған кезде кеменiң тұрған жерi;

25

таза балласт үшiн бөлiнген танктi жүк және тазартылған құбырлардан бөліп тұратын клапан жабылған кездегі кеменiң уақыты мен тұрған жерi;

26

бортқа қабылданған таза балласт мөлшерi;

(G)

Жүк танкiлерiн тазалау:

27

тазаланған танкiлердiң белгiленуi;

28

порт немесе кеменiң тұрған жерi;

29

тазалау ұзақтылығы;

30

тазалау әдiсi (4-ескертпе);

31

тазалау суы айдалды:

1)

қабылдау құрылыстарына (порт және мөлшерiн көрсету) (5-ескертпе);

2)

тұнбалы танк(тер) немесе тұнбалы танк(тер) деп анықталған жүк танкi(тері) (танктiң(тердің) белгiленуi; айдалған және жалпы мөлшерiн көрсету);


Кiр балласты тacтaу:

32

Танктiң(тердің) белгiленуi;

33

теңiзге тастау басталғанда кеменiң тұрған жері;

34

теңiзге тастау аяқталғанда кеменiң тұрған жері;

35

теңiзге тасталған мөлшері;

36

тастау уақытында кеменiң жылдамдығы;

37

тастау уақытында автоматты өлшеу, тiркеу және мұнайды тастау басқару жүйесi жұмыс істеп тұрды ма?

38

тастау жерiнде ағын мен судың бетiне тұрақты қадағалау жүргiзiлдi ме?

39

тұнбалы танкке айдалған құрамында мұнай бар сулардың мөлшерi (шегiнiс танкiн көрсету керек. Жалпы мөлшерiн көрсету керек);

40

жағадағы қабылдау құрылыстарына тасталды (портты және жалпы мөлшерін көрсету) (5-ескертпе);

(I)

Теңiзге тұнбалы танктен суды тастау:

41

тұнбалы танкiнiң белгiленуі;

42

соңғы қалдықтың түсу кезiнен шегiнiс уақыты; не:

43

соңғы тастау кезiнен шегiнiс уақыты;

44

тастау басында кеменiң тұрған жерi мен уақыты;

45

тастау басында танкті толтыру деңгейі;

46

тастау басында мұнай-су бөлiмi бетiнiң деңгейi;

47

тасталғанның мөлшерi мен негiзгi массаны тастау қарқыны;

48

соңғы тастауда тастау мөлшерi мен тастау қарқыны;

49

тастау аяқталғанда кеменiң тұрған жерi мен уақыты;

50

тастау кезінде автоматты тоқтау, тiркеу және мұнайды тастауды басқару жүйесi істеп тұрды ма?

51

тастау аяқталғанда мұнай-су бөлiмi бетiнiң деңгейi;

52

тастау уақытында кеменiң жылдамдығы;

53

тастау орнында ағын мен судың бетiн тұрақты қадағалау жүргiзiлдi ме?

54

кеменiң құбыр жүйелерiнiң барлық тиісті клапандары шегiнiс танкерлерiнен тастау аяқталғанда жабық болғанын растау;

(J)

Басқа операцияларға ұшырамаған қалдықтар мен құрамында мұнай бар қоспаларды жою:

55

танкерлердің белгіленуі;

56

әрбiр танктен жойылған мөлшер (сақталатын мөлшердi көрсету);

57

жою әдісі:

1)

қабылдау құрылыстары (портты және жалпы мөлшердi көрсету) (5-ескетрпе);

2)

жүкпен араласқан (мөлшерiн көрceту);

3)

басқа танкке айдалған: танктi көрсету, танкке айдалған және жалпы мөлшерiн көрсету;

4)

басқа әдiспен (қандай көрсету); жойылған мөлшерiн көрсету;

(K)

Жүк танкiндегi таза балласты тастау:

58

таза балласты тастау басында кеменiң тұрған орны;

59

тастау жүргiзiлген танктi белгiлеу;

60

тастау аяқталғаннан кейiн танк босады ма?

61

тастау аяқталғаннан кейiнгi кеменiң тұрған орны, егер ол 58-тармақта көрсетілгеннен өзгеше болса;

62

тастау орнында ағын мен суға тұрақты қадағалау жүргiзiлдi ме?

(L)

Таза балласт үшiн бөлiнген танкiден балласты тастау (таза балласт үшiн бөлiнген танкiсi бар танкерлерге ғана арналған):

63

тастау жүргiзiлетiн танктi белгiлеу;

64

теңiзге таза балласты тастау басталғанда кеменiң тұрған жерi мен уақыты;

65

теңiзге тастау аяқталғанда кеменiң тұрған жерi мен уақыты;

66

тасталғанның мөлшері:

1)

теңiзге; немесе;

2)

қабылдау құрылыстарына (портты көрсету);

67

су балластың теңiзге тасталғанға дейiн не тастау кезінде мұнаймен ластаудың қандай да бір белгiлерi анықталды ма?

68

тастау мұнай құрамын өлшейтiн құрал көмегiмен бақыланды ма?

69

балласты тастау аяқталғанда таза балласт үшiн бөлiнген танктi жүк және тазартылған құбырлардан бөлiп тұратын клапан жабылған кезде кеменiң тұрған жерi және уақыты;

(M)

Автоматты өлшеу, тiркеу және мұнай тастауды басқару жүйесiнiң жай-күйi:

70

жүйенiң қатардан шығу уақыты;

71

жүйе жұмысқа енгiзiлетiн уақыты;

72

қатардан шығу себептері;

(N)

Mұнайды авариялық немесе басқа да eрекше тастау:

73

оқиға болған уақыт;

74

оқиға кезіндегі порт немесе кеменiң тұрған жерi;

75

мұнайдың шамамен мөлшерi және түрі;

76

тастау немесе ағыту жағдайы, себептер және жалпы ескертулер;

(O)

Басқа пайдаланушылық oпeрациялар және жалпы ескертулер

Арнайы рейстердегі танкерлер

(P)

Су балласты қабылдау:

77

балластпен толтырылған танктiң белгiленуі;

78

балласты қабылдау аяқталғанда кеменiң тұрған жері;

79

қабылданған балластың жалпы мөлшері, м3;

80

ескертулер;

(Q)

Кемеде су балласты орналастырудағы өзгеріс:

81

балласты орналастыруды өзгерту себептері;

(R)

Қабылдау құрылысына су балласты тастау

82

су балласы тасталған порт(тар);

83

қабылдау құрылысының бағыты немесе белгiленуi;

84

тасталған су балласының жалпы мөлшері, м3;

85

порт биліктерінің өкiлетті өкiлiнiң мөрі, күнi және қолы

      Ескертпе:
      1. Егер танкте Шикi мұнаймен жуу жүйелерiн жабдықтау мен пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта (бұдаң әрі – Нұсқау) жазылғындай бiр уақытта жұмыс iстей алатынға қарағанда көп машиноктар орнатылса, онда шикi мұнаймен жуылатын секцияның белгiсi көрсетіледi: мысалы № 2 орталық, алдыңғы секция.
      2. Нұсқаулыққа сәйкес қолданылатын бiр кезеңдi немесе көп кезеңдi жуу әдісі көрсетiледi. Егер көп кезеңдi жуу қолданылса, онда машинкалар тiгiнен өңдейтiн сектор және жуу бағдарламасының бұл кезеңiнде осы сектордың неше рет өңделгенi көрсетіледi.
      3. Егер Нұсқаулықта келтiрiлген бағдарлама сақталмаса, онда ескертуде толық түсiнiктеме жазылуы тиiс.
      4. Шланг арқылы қолмен жуу, машинок көмегімен жуу немесе химиялық тазалау. Химиялық тазалау жағдайында пайдаланылған химиялық препаратты және оның мөлшерiн көрсету керек.
      5. Кемелер капитандары қабылдау құрылыстарының, оның iшiнде баржа мен автоцистерна операторынан жуатын судың айдалған мөлшерi, кiр балласт, қалдық не құрамында мұнай бар қоспалар, сондай-ақ айдау уақыты мен күні көрсетiлген қолхат немесе растау құжатын алуы тиiс. Қолхат немесе растайтын құжатты Журналмен бiрге сақтау керек.
      6. Журналға тармақтар бойынша жазбалар енгiзiлген кезде мыналар көрсетiледi:
      1) 1, 6, 31.1, 40, 57.1, 66.2, 82 – порт (порттың рейдi);
      2) 9, 18, 21, 22, 24, 25, 28, 33, 34, 44, 49, 58, 61, 64, 65, 69, 74, 78 – порт немесе кеменiң координаты;
      3) 2, 4.1, 4.2, 7, 10, 19.1, 20, 23, 27, 31.2, 32, 39, 41, 55, 57.3, 59, 63, 77 – журналдың басында көрсетiлген схемаға сәйкес танктi белгiлеу;
      4) 3, 4.2, 5, 8, 19.3, 23, 26, 31.1, 31.2, 35, 39, 40, 47, 48, 56, 57.1, 57.2, 57.3, 57.4, 66.1, 66.2, 75, 79, 84 – мөлшерi м3;
      5) 12, 15, 19.2, 25, 44, 49, 64, 65, 69, 70, 71, 73 – кеме уақыты;
      6) 36, 52 – тораптағы кеменiң жылдамдылығы;
      7) 47, 48 – тастау қарқыны с/м3;
      8) 2, 75 – коносамент не сапа паспорты бойынша мұнайдың түрі;
      9) 45, 46, 51 – танк түбiнен деңгейi м;
      10) 14 – Мпа (кгс/см2) қысымы;
      11) 5, 8, 37, 38, 50, 53, 54, 60, 62, 67, 68 – «иә» немесе «жоқ»;
      12) 72 – экипаждың жүйенi профилактика үшін шығаруы не жүйенің бұзуылуы;
      13) 16 – өлшеумен не көзбен шолып тексерумен.