Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Кеме қатынасының тіркелімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1669 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні кемелерді сыныптау және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізуді;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1669 қаулысымен 
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

8.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, оның аумақтық органдарын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін ескере отырып, оның ішінде:

1465

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

112

Ақмолажолзертханасы

8

Ақтөбежолзертханасы

8

Алматыжолзертханасы

8

Атыраужолзертханасы

8

Батысжолзертханасы

8

Жамбылжолзертханасы

8

Шығысжолзертханасы

8

Қарағандыжолзертханасы

8

Қызылордажолзертханасы

8

Қостанайжолзертханасы

8

Маңғыстаужолзертханасы

8

Павлодаржолзертханасы

8

Солтүстікжолзертханасы

8

Оңтүстікжолзертханасы

8

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1561 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).