Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10610 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт;
      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім.
      2. Экономика және қаржы департаменті (Т.А.Нұрғожаева):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ.Ғалымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым
      министрі                                   А. Сәрінжіпов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкінің Төрағасы
      2015 жылғы 27 ақпан

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
13 ақпан 2015 жылғы   
№ 63 бұйрығына     
1-қосымша       

Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт

      Астана қаласы                          «___» __________ 20___ж.

      Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын «__________________»
(бұдан әрі - «қатысушы банк») атынан ______________________ негізінде
әрекет етуші _______________ бір тараптан және азамат (азаматша)
_____________ (бұдан әрі - Салымшы) не оның заңды өкілі (бұдан әрі –
Заңды өкіл)________________________ екінші тараптан «Мемлекеттік
білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
(бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Білім беру жинақтау
салымы туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. Шартта пайдаланылатын ұғымдар

      1. Шартта мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі – салым) – салымшының және енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
      2) білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі – мемлекет сыйлықақысы) – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
      3) білім беру жинақтау салымы туралы шарт – салымшының қатысушы банкпен жасасқан білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
      4) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
      5) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі;
      6) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
      7) енгізуші – салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес;
      8) қатысушы банк – Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
      9) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
      10) МБЖЖ саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
      11) салымшы – салым шартының тарабы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы.

2. Шарттың мәні және жалпы шарттары

      2. Шарттың мәні қатысушы банктің салымшы ______________________ атына теңгеде білім беру жинақтау салымын ашуы, салымға қатысушы банктің сыйақысын есепке жазуы және бюджеттен алынған мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуы болып табылады.
      3. Шарттың мерзімі ____ ай (кемінде отыз алты ай).
      4. Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық ___% -ды құрайды, Шарт бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (дәйекті жылдық тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін сыйақы мөлшерлемесі) ___%. Сыйақыны есептеу кезінде күндердің нақты саны ескеріледі (күнтізбе бойынша), бұл ретте жыл үш жүз алпыс күн ретінде алынады.
      5. Қатысушы банктің сыйақысы Шарттың қолдану мерзімі ішінде ай сайын есепке жазылады және білім беру жинақтау салымының негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).
      6. Шартқа қол қоя отырып, салымшы/заңды өкіл операторға банктік құпияны ашуға келісімін береді.
      7. Бір салымшының атынан және оның пайдасына бір ғана Шарт жасалады.
      8. Салымшы/заңды өкіл салымды басқа қатысушы банкке аудару кезінде ағымдағы шоттан қаражат алуды жүзеге асырмауға міндеттенеді.
      9. Салымға енгізілетін минималды бастапқы біржолғы жарна республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерін құрайды.
      10. Тараптар қол қойған салым шарты бірыңғай тізілімде тіркелуге жатады. Оператор салымшының салым шартының және Заң талаптарына сай келмеуіне байланысты оны білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда салым шарты бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай/төлемей және қатысушы банктің қандай да бір комиссияларын шегерместен, салымшының/заңды өкілдің бірінші талабы бойынша қайтарылады.
      11. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес салымшы шотына үшінші тұлғалардан жарналар қабылданады.
      12. Салым қаражатын нысаналы мақсатта алу жағдайларын (ақшаны білім беру ұйымына үлестермен аудару) қоспағанда, салымшының шотынан ақшаны ішінара алуға жол берілмейді.
      13. Білім беру ұйымына шарттық негізде түскен кезде қатысушы банк салым сомасын салымшының (14 жасқа толмаған салымшының заңды өкілінің) тапсырмасы негізінде үлестермен (әрбір академиялық кезеңге немесе оқу жылына) немесе толық көлемде бір рет (оқудың барлық мерзіміне) аударады.

3. Мемлекет сыйлықақысы

      14. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген Шарт бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
      15. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу кемінде бір жыл болған салымға жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша ондағы нақты жинақталған қалдық сомаға жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы Шарттың қолданылу мерзімінде есепке жазылады.
      16. Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес бір қатысушы банктен екіншісіне аударылған салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу бастапқы салым шартының жасалған күні ескеріле отырып жүргізіледі.
      17. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталға айналады).
      18. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Заңмен белгіленеді.
      19. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы:
      1) Шарттың 14-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі аяқталған жағдайда;
      2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;
      3) салымшы қайтыс болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап;
      4) Заңның 11-бабының 7-тармағына сәйкес салымдағы қаражат шетелдің білім беру ұйымына аударылған сәттен бастап тоқтатылады.
      20. Есептелген мемлекет сыйлықақысы қатысушы банк оператордан мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы анықтама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оператордың мемлекет сыйлықақысының сомасы туралы анықтама-үзіндісі бойынша:
      1) нысаналы мақсаты сақталмай, Шарт салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің аяқталуына байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
      2) салымшының білім беру ұйымынан шығарылған күнінен бастап күнтізбелік үш жыл өткен;
      3) жинақтау мерзімі Заңда белгіленген мерзімнен аз болған жағдайда, мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталған;
      4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайларда бюджетке қайтарылуы тиіс.
      21. Үшінші тұлғалардың салымдарынан аудару кезінде салымға түскен мемлекет сыйлықақысы Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайларда бюджетке қайтаруға жатады.
      22. Салымшы қаза болғанда, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған не қайтыс болды деп жариялаған немесе денсаулық жағдайына байланысты оның оқуды жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, білім беру жинақтау салымын:
      1) салымшы/заңды өкіл немесе оның мұрагерлері кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына жібереді (қайта ресімдеу);
      2) мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, салымшыға/заңды өкілге немесе оның мұрагерлеріне Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      23. Қатысушы банк:
      1) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде республикалық бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын салымшының қатысушы банктегі кез келген шотынан акцептісіз (салымшының келісімінсіз) тәртіппен алуға;
      2) салымшыдан/заңды өкілден Шарт шеңберінде қажетті құжаттарды ұсынуды талап етуге;
      3) шотқа қате тәртіппен аударылған ақша сомаларын акцептісіз алуға;
      4) салымға қосымша жарналарды енгізудің тиімді мерзімділігін және олардың мөлшерін есептеуге;
      5) салымшының шотымен жасаған операциялар бойынша қатысушы банктің қызметі үшін шотпен операциялар жүргізу күні қолданыста болған қатысушы банктің тарифтеріне сәйкес, бірақ тікелей мемлекет сыйлықақысының сомасынан комиссия ұстамастан, комиссиялық сыйақылар алуға құқылы.
      24. Салымшы/заңды өкіл:
      1) салымға ақша енгізуге, оның ішінде қатысушы банк ұсынған тәртіпте және мерзімдерде;
      2) салымның жай-күйі туралы толық ақпарат алуға;
      3) салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде бір жылда бір реттен асырмай аударуды жүзеге асыруға;
      4) бірыңғай тізілімде тіркелген бір ғана салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын алуға;
      5) қатысушы банк Заңның талаптарына сай келмейді деп танылғанда және қатысушы банк пен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бұзылған жағдайда салымда жинақталған қаражат сомасын қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге кез келген басқа қатысушы банкке аударуға;
      6) жинақталған қаражат сомасын қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы бірыңғай тізілімде тіркелген салымға аударуға;
      7) шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысын есепке алғандағы жинақталған салым қаражатынан оқу ақысын төлеуді жүзеге асыруға;
      8) салымшыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда:
      қатысушы банктің сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын әрі қарай есептеумен салымда қаражат жинақтауды жалғастыруға;
      салымдағы қаражатты Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға аударуға;
      салымдағы қаражатты білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударуға;
      салымның қаражатын қатысушы банктің капиталға айналған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға;
      9) оқудың барлық кезеңдері үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленгеннен кейін салымда қаражат қалған жағдайда салымшы/заңды өкіл аталған соманы қатысушы банктің сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға құқылы.
      25. Қатысушы банк:
      1) Шарт жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ салымшының атына оператор арқылы ашылған қолданыстағы Шарттың жоқтығын тексереді;
      2) салымшының шотына ақша қабылдайды;
      3) ай сайынғы капиталдандыруды есепке ала отырып, салымшыға ай сайын салым сомасына сыйақы есептейді;
      4) мемлекет сыйлықақысы түскен жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны салымшының шотына есепке жазады;
      5) салымшы/заңды өкіл білім беру ұйымына не шетелдік білім беру ұйымына қабылдану туралы растау құжаттарын және ақша аудару туралы тиісті тапсырманы ұсынған жағдайда бір жұмыс күні ішін салымшының тапсырмасына сәйкес мөлшерде салым қаражатын тиісті білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының банктік шотына аударады;
      6) салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда салымның негізгі сомасын және есептелген сыйақыны салымшыға/заңды өкілге қатысушы банктің номиналды мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерде төлейді;
      7) салым қаражатын басқа қатысушы банкке немесе үшінші тұлғаның салымына аудару процесінде салымшыға/заңды өкілге ақшаны қолма-қол бермейді;
      8) салымдар бойынша барлық шығыс операцияларын оператордан растама алғаннан кейін жүзеге асырады;
      9) Шарттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес салымшының алдында өзге де міндеттерді орындайды.
      26. Салымшы/заңды өкіл:
      1) ақшаны ұлттық валюта – теңгемен енгізеді;
      2) салым қаражатынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың түпнұсқасын не көшірмесін ұсынады;
      3) салым қаражатынан шетелдік білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке оқуға қабылдану туралы растау құжаттарын (инвойс, шақыру хаты/білім беру қызметін көрсету туралы шарт және басқалар) нотариалды куәландырылған мемлекеттік не орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынады;
      4) жоғары білім алу үшін салымшыға білім беру гранты тағайындалуына байланысты салым қаражаты алынатын жағдайда білім беру грантының тағайындалуы туралы куәлікті немесе білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да растау құжаттарын ұсынады;
      5) салымшының қаза болуына, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тануы не қайтыс болды деп жариялауы немесе оның денсаулық жағдайы салдарынан оқуын жалғастыра алмауына байланысты салым қаражатын алу жағдайында растау құжаттарын ұсынады;
      6) барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленуіне байланысты салымда қалған қаражатты алу жағдайында білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының растау құжатын ұсынады;
      7) салымшының тұрғылықты орны, жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері өзгерген жағдайда (мысалы, салымшы кәмелет жасқа жеткенде) өзгеріс енгізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы банкке хабарлайды;
      8) мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аудармайды;
      9) салым қаражатын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атындағы салымға аудару кезінде салым қаражатын алмайды;
      10) Шарттың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қатысушы банктің алдында өзге де міндеттерді орындайды.

5. Шартты өзгерту шарттары және бұзу тәртібі

      27. Салымшының/заңды өкілдің/енгізушінің ақшаны енгізуі Шартқа қосымша келісімге қол қою қажеттілігінсіз, кез келген уақытта жүзеге асырылады.
      28. Салымшы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда қатысушы банк Шарттың нақты бұзылу күніне дейін күнтізбелік он күн бұрын салымшыны бұл туралы жазбаша ескертіп, Шартты біржақты тәртіппен бұзады. Бұл жағдайда салым салымшыға/заңды өкілге оның бірінші талабы бойынша төленеді, мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес оператордың анықтама-үзіндісі бойынша республикалық бюджетке оператор арқылы қайтарылады.
      29. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған салымшының заңды өкілдерінің бастамасы бойынша Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуына қатысушы банкке кәмелетке толмаған салымшының атынан заңды өкілі болу құқығын куәландыратын құжат (қорғаншылық және қамқоршылық органдары берген құжат және басқалар) ұсынылған кезде жол беріледі.
      30. Салым «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерді міндетті кепілдендірудің нысаны болып табылады.
      31. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруіне байланысты депозиттерді кепілдендіру шарттары өзгерген жағдайда Шартқа, Шартты ұзарту жағдайларын қоса алғанда, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып кепілдендіру шарттары қолданылады.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      32. Шарттың 25-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындау кезінде қатысушы банк салымшыға мерзімі өткен әр күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының мөлшерінен 0,01% мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын және салымшының тұрақсыздық айыппұлымен өтелмеген шығынын өтейді.
      33. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда айыпты тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке тартылады.
      34. Салымшының білім беру кредиті бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін қатысушы банктің алдындағы жауапкершілігі қатысушы банк пен салымшы арасында жасалатын банктік қарыз шартында белгіленеді.
      35. Тұрақсыздық айыппұлы (өсімпұл, айыппұл) сомасын төлеу тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

7. Құпиялылық

      36. Тараптардың Шарт шеңберінде алынған кез келген ақпаратты (бұдан әрі – Құпия ақпарат):
      1) бұған басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімі алынған;
      2) бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қажет болған жағдайлардан басқа қандай да бір мақсатта жариялауға немесе пайдалануға құқығы жоқ.
      37. Құпия ақпарат:
      1) оларды пайдалану немесе жариялау уақытына жалпыға қолжетімді болып табылатын;
      2) өзіне заңды жолмен қолжетімді болған және мұндай мәліметтерді таратуға заңды құқығы бар тұлғаның тарапынан ұсынылған мәліметтерді қамтымайды.

8. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      38. Шот бойынша операцияны уақытша тоқтатқан немесе уәкілетті мемлекеттік органдар салымдағы ақшаға тыйым салған жағдайда шот бойынша операциялар уақытша тоқтатылған, ақшаға тыйым салынған кезең үшін банк сыйақысын есепке жазбайды және төлемейді.
      39. Еңсерілмес күштің төтенше мән-жайлары, атап айтқанда, Шартқа қол қойылғаннан кейін басталған және Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері туындаған жағдайда міндеттемелерді орындау мерзімі мұндай мән-жайлардың әрекет ету уақытына ұзартылады.
      40. Шарттың 39-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған Тарап осындай мән-жайлар басталған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей бұл туралы басқа тарапқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабарламада қамтылатын фактілерді уәкілетті ұйымдар құжаттамалық растауы тиіс.
      41. Басталған төтенше жағдайлар туралы ескертпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті тарапты шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін оны жауапкершіліктен босататын негіз ретінде олардың қандай да біріне жүгіну құқығынан айырады.

9. Дауларды қарау тәртібі

      42. Шартты жасасу және орындау процесінде туындайтын немесе оған қатысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар он күндік мерзімде бірлесіп қарауға міндеттенеді. Туындаған даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.

10. Қорытынды ережелер

      43. Шарт қатысушы банкке салымның бастапқы сомасы (минималды бір жолғы жарна) енгізілген сәттен бастап күшіне енеді.
      44. Егер шарттың мерзімі аяқталған соң салым салымшының/заңды өкілдің тарапынан талап етілмесе және/немесе тараптардың бірде біреуі оның қолданысын тоқтатуға ниет білдірмесе, онда қатысушы банктің қарастыруы бойынша Шарт мерзімі салымды орналастыру мерзімін ұзарту күніне осы салым түріне қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақыны есептеумен сол мерзімге және сол шарттарда ұзартылады.
      45. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және қол қою жолымен жүргізіледі.
      46. Шартта көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап басқа тарапты бұл өзгерістер туралы жеті жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      47. Шартпен реттелмейтін бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      48. Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
      49. Шартқа қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

11. Тараптардың заңды мекенжайлары

        Қатысушы банк                         Салымшы/Заңды өкіл    
___________________________              ____________________________
___________________________              ____________________________
___________________________              ____________________________

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
13 ақпан 2015 жылғы   
№ 63 бұйрығына    
2-қосымша       

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық туралы
үлгілік келісім

Астана қаласы                                  «___»_________ 20___ж.

      Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын «________________»
(бұдан әрі – «оператор») атынан ___________ негізінде әрекет етуші
________________ бір тараптан және «_______________» (бұдан әрі –
«қатысушы банк») атынан ______________ негізінде әрекет етуші
________________ екінші тараптан «Мемлекеттік білім беру жинақтау
жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң)
сәйкес төмендегілер туралы осы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі
саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім)
жасасты.

1. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар

      1. Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      2) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі – салым) – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
      3) білім беру жинақтау салымы бойынша мемлекет сыйлықақысы (бұдан әрі – мемлекет сыйлықақысы) – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
      4) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі – салым шарты) – салымшының қатысушы банкпен жасасқан білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
      5) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
      6) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі;
      7) білім беру саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
      8) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
      9) енгізуші – салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес;
      10) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
      11) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;
      12) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетіспеген сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;
      13) қатысушы банк – Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
      14) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
      15) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
      16) салымшы – салым шартының тарабы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;
      17) салымшылардың басым санаты – Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес көтермеленген мемлекет сыйлыақысы есептелетін азаматтар санаты.

2. Келісімнің мәні

      2. Қатысушы банк енгізушілерден/салымшылардан жарналарды қабылдайды, салымшылардың шоттарына сыйақыны есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын есептеп аударады, ал оператор бірыңғай тізілімде тіркелген салымдарға есептелуге жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы банкке ұсынады.

3. Өзара іс-қимыл шарттары мен тәртібі

      3. Салым шарты кемінде үш жылға жасалады, ол мерзім аяқталғаннан кейін салым шартының қолданылу мерзімі ұзартылады не қалған ақшаны аудара отырып, салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкпен шарт жасалады. Салымдар теңгеде ашылады.
      4. Бір салымшының атынан немесе оның пайдасына бір ғана салым шарты жасалады.
      5. Салымшының салым шартының және Заңның талаптарына сай келмеуіне байланысты оператор салым шартын бірыңғай тізілімде тіркеуден бас тартқан жағдайда салым шарты бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай/төлемей және мерзімінен бұрын бұзылғаны үшін комиссия ұстамай салымшыға/заңды өкілге бірінші талабы бойынша төленеді.
      6. Оператор жасалған әрбір салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуды жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу бірыңғай тізілімде тіркелген салым шартына жүргізіледі.
      7. Мемлекет сыйлықақысын алғаннан кейін қатысушы банк екі жұмыс күні ішінде аталған сыйлықақыларды салымшылар шоттарына аударады. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады). Мемлекет сыйлықақысын уақтылы есепке жатқызбаған жағдайда қатысушы банк мерзімі өткен әрбір күн үшін 0,01 % мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
      8. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына есепке жазылады. Мемлекет сыйлықақысы салым шартының қолданылу мерзімінде, бірақ мемлекет сыйлықақысы есептелген бірінші жылдан бастап жиырма жылға дейін ғана есепке жазылады.
      9. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Заңмен белгіленеді. Заңдағы мемлекет сыйлықақысының мөлшері өзгерген жағдайда оператор қатысушы банктерді жазбаша түрде хабардар етеді.
      10. Салымшылардың басым санатына арналған мемлекет сыйлықақысы тиісті жылы салымшының басым санатқа жататыны расталатын айлар үшін есепке жазылады.
      11. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
      1) нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
      2) салымшының білім беру ұйымынан шығарылған күнінен бастап күнтізбелік үш жыл өткен;
      3) жинақтау мерзімі Заңда белгіленген мерзімге жетпей тұрып мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталған жағдайларда толық көлемде бюджетке қайтаруға жатады.
      12. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген салым бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес бюджетке қайтаруға жатады.
      13. Келісімнің 11-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 12-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайларда оператор үш жұмыс күні ішінде олар туралы қатысушы банкке хабарлайды.
      14. Салым қаражаты барлық оқу кезеңі үшін оқу ақысын төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда салымшылар жинақтау мерзімі аяқталған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248  қаулысымен бекітілген қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларына сәйкес білім беру кредитін алу үшін қатысушы банкке жүгінуге құқылы.
      Білім беру кредиті салымшыға жинақталған соманың мөлшері оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кемінде елу пайызын құраған жағдайда мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.

4. Білім беру жинақтау салымын аудару шарттары

      15. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі салымның ақшасын бір қатысушы банктен екінші қатысушы банкке толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы. Қаражатты бір қатысушы банктен екіншісіне аудару салымшы тарапынан қатысушы банк пен салымшы арасында жасалатын білім беру жинақтау салымы туралы шарт талаптарын бұзу болып есептелмейді. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы бастапқы шарттың жасалу күні ескеріле отырып есепке жазылады.
      16. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі жинақталған қаражат сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы бірыңғай тізілімде тіркелген салымға аударуға құқылы. Салымшыға үшінші тұлғалардың салымдарынан аудару кезінде түскен мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қайтаруға жатады.
      17. Салымды аударуды жүзеге асыру үшін салымшы аударудың тараптары болып табылатын қатысушы банктерге жүгінеді. Қатысушы банктер оператормен келісуден кейін салымның аударылуын жүзеге асырады.
      18. Салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атындағы салымға аудару кезінде салымшыға/заңды өкілге қаражат берілмейді.
      19. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атындағы салымға аударуға жол берілмейді.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      20. Қатысушы банк:
      1) оператордан әрбір жасалған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақыларының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынумен мемлекет сыйлықақысының уақтылы есепке жатқызылуын талап етуге;
      2) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан білім беру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберіндегі өзге де ақпаратты талап етуге;
      3) салымшылар, шоттардың жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен оның сомасы туралы мәліметтерді алмасу жұмысын оңтайландыру мақсатында оператормен тиісті ақпараттық жүйені біріктіруге;
      4) салым шартын жасасу кезінде салымшының тілегі бойынша қосымша жарналарды енгізудің ұсынбалы кезеңділігі мен мөлшерін есептеуге, салым шартының талаптарын, қатысушы банк сыйақысының мөлшері мен мемлекет сыйлықақысының төлену және қайтарылу тәртібін түсіндіруге орындауға құқылы.
      21. Оператор:
      1) қатысушы банктен салым шартының жасалуына, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына, білім беру қызметтерінің құны мен төленуіне, білім алушының мәртебесіне білім беру ұйымындағы және шетелдік білім беру ұйымдарындағы төлеміне қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;
      2) жасалған салым шарттарын тіркеуді және олардың есебін жүргізуді жүзеге асыруға;
      3) қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақылары сомасының бюджетке толық және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуге;
      4) қатысушы банк Заңның 15-бабының 2-тармағында қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда Келісімді орындаудан бір жақты тәртіппен бас тартуға, сондай-ақ салымшының таңдауы бойынша салымшылар ақшасын басқа банкке аударуды талап етуге құқылы.
      22. Қатысушы банк:
      1) Заңның 15-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды;
      2) Келісімде көрсетілген шарттарды ескере отырып салым шарттарын жасасады;
      3) салым шартын тіркеу үшін салым шарты жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні сағат 17:00-ден Астана қаласының уақытымен кешіктірмей операторға электрондық түрде не пошта арқылы мына деректерді жібереді:
      салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі;
      шарттың нөмірі;
      шарттың жасалу күні;
      жинақ шотының нөмірі;
      бастапқы жарнаның сомасы;
      аймақ және банктің бөлімшесі.
      4) оператордың сұратуы бойынша салыстырып тексеру мақсатында мына құжаттардың көшірмелерін ұсынуға:
      салымшының жеке куәлігі;
      салым шарты;
      салымшының оқитындығын растау;
      салым қаражатын білім беру ұйымының шотына аударуға негіздеме;
      мемлекет сыйлықақысын төлеумен салымды алуға негіздеме;
      қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын басқа да құжаттар;
      5) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейін операторға салымшылар, шоттардың жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы туралы мәліметтерді ұсынады;
      6) салымдар бойынша сыйақыны уақтылы және толық көлемде есепке жазады;
      7) салым шартын жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сай келетінін, сондай-ақ оператор арқылы салымшының атына ашылған қолданыстағы басқа салым шартының жоқтығын тексереді;
      8) Келісімнің 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларда оператордан анықтама-үзінді алған күннен бастап банктік үш күн ішінде операторға мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады;
      9) оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап оны екі жұмыс күні ішінде салымдарға есепке жатқызады;
      10) уәкілетті органдардың салымшының ақшасына тыйым салу және шот бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы шешімдерін орындайды;
      11) уәкілетті органдардың салымшының ақшасына тыйым салынған шот бойынша операцияларға тыйым салуды/тоқтата тұруды жою туралы заңды нұсқауларды орындайды;
      12) салымшы білім беру ұйымына/шетелдік білім беру ұйымына қабылданғандығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайға бір жұмыс күні ішінде білім беру жинақтау салымының қаражатын тиісті білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының банктік шотына аударады;
      13) операторға хабарлай отырып, білім беру ұйымына/шетелдік білім беру ұйымына қаражат аудару бойынша барлық шығыс операцияларын жүргізеді;
      14) салым бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшін тікелей мемлекет сыйлықақысынан комиссия ұстамайды;
      15) мемлекет сыйлықақысын есепке жазу үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 8 қаңтарына дейін операторға ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбір салымшының салымындағы нақты жинақталған қалдық сомасы туралы ақпарат береді.
      23. Оператор:
      1) қатысушы банк ұсынған Заң талаптарына сәйкес келетін салым шарттарын бірыңғай тізілімде тіркейді және оларға тіркеу нөмірін береді;
      2) қатысушы банкке 1 (бір) жұмыс күні ішінде салымшының атында тіркелген салым шартының бары не жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;
      3) қатысушы банктен салымның жабылуы туралы құжаттарды не салымшының шетелдік білім беру ұйымына қабылдануы туралы растау құжаттарын алғаннан кейін салым шартын бірыңғай тізілімнен шығарады;
      4) салымға есепке жатқызуға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомасын есептеуді жүзеге асыруға және оны қатысушы банкке ұсынады;
      5) қатысушы банктің мемлекет сыйлықақыларының сомасын салымдарға есепке жазу мерзімдерін сақтауын мониторингілеуді жүзеге асырады;
      6) білім беру саласындағы уәкілетті органнан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасалған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, мемлекет сыйлықақысын қатысушы банкке есептеуді жүргізеді;
      7) бір жылда екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушы банктің МБЖЖ-ға қатысу үшін Заңмен қойылатын талаптарды орындауы туралы мәліметті жариялайды;
      8) Заңмен және (немесе) ынтымақтастық туралы келісіммен оларға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салымшыны, қатысушы банкті, білім беру ұйымын жауапкершілікке тарту үшін шаралар қолданады;
      9) салымшыға, қатысушы банкке бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-көшірмені береді;
      10) қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақыларының сомасын бюджетке толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;
      11) салымшының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда салымшымен салым шартын бұзу қажеттілігі туралы қатысушы банкті хабардар етеді.

6. Тараптардың жауапкершілігі

      24. Тараптар Келісім бойынша қабылданған міндеттерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда айыпты тарап Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікті тартады.
      25. Өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
      26. Егер тараптар келіссөздер арқылы өзара қолайлы келісімге келе алмаса, бұл тараптардың Келісімге байланысты және қатысты туындайтын дауларды (келіспеушіліктерді) Қазақстан Республикасының соттарында қарау туралы келісімге келгенін білдіреді.

7. Құпиялылық

      27. Тараптардың Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты (бұдан әрі - Құпия ақпарат):
      1) бұған басқа Тараптың алдын ала жазбаша келісімі алынғанда;
      2) бұған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қажеттілік бар болған жағдайлардан басқа кезде қандай да бір мақсатта жариялауға немесе пайдалануға құқығы жоқ.
      28. Құпия ақпарат:
      1) оларды пайдалану немесе жариялау уақытында жалпыға қолжетімді болып табылатын;
      2) өзіне заңды жолмен қолжетімді болған және мұндай мәліметтерді таратуға заңды құқығы бар тұлғаның тараптарға ұсынған мәліметтерін қамтымайды.

8. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      29. Еңсерілмес күштің төтенше мән-жайлары, атап айтқанда, Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері туындаған жағдайда міндеттемелерді орындау мерзімі мұндай мән-жайлардың әрекет ету уақытына ұзартылады.
      30. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған Тарап осындай мән-жайлар басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа тарапқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабарламада қамтылатын фактілер уәкілетті ұйымдар тарапынан құжаттамалық расталуы тиіс.
      31. Басталған төтенше жағдайлар туралы ескертпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті тарапты шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін оны жауапкершіліктен босататын негіз ретінде олардың қандай да біріне жүгіну құқығынан айырады.

9. Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі

      32. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      33. Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Келісімде көзделген шарттарда бұзылуы мүмкін.
      34. Келісімді мерзімінен бұрын немесе Тараптардың Келісімі бойынша Келісімде көзделген шарттарды сақтай отырып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзуға жол беріледі.
      35. Тараптар кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын басқа тарапты жазбаша түрде хабардар ете отырып, бір жақты соттан тыс тәртіппен Келісімді бұзу рәсіміне бастамашылық етуге құқылы.

10. Қорытынды ережелер

      36. Тараптар хат-хабарды жөнелту бойынша шығыстарды дербес жүргізеді. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен жүзеге асыра алады.
      37. Келісім жасалған жағдайда тараптар екі жақты келісім бойынша нақтылау сипатында, осы қатысушы банк пен оператор арасындағы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына қайшы келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
      38. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және оларға қол қою арқылы жүзеге асырылады.
      39. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап басқа тарапты мұндай өзгерістер туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      40. Келісіммен реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      41. Келісім бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
      42. Келісімге барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

11. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

       Оператор                                   Қатысушы банк     
________________________                    _________________________
________________________                    _________________________
________________________                    _________________________