Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10597 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген соң күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануга жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                        Е. Досаев

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономикалық министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы   
№ 144 бұйрығымен бекітілген 

Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалар (бұдан әрі - Қағидалары) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - жергілікті орган) қызметіне сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының (бұдан әрі - уәкілетті орган) бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
      3. Уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті органдардың қызметін бақылауды және қадағалауды мынадай жолдармен жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;
      2) ішінара тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру;
      3) жоспардан тыс тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру.
      4. Уәкілетті мемлекеттік органның жергілікті органдардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың мақсаты сапалы құрылысты, адамның өмір сүру және тіршілік етуіне қолайлы, қауіпсіз және басқа да қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін шарттарды қамтамасыз ету болып табылады.
      5. Құрылыс объектілері бойынша уәкілетті органның тексеруі жергілікті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларға жүктелген функцияларды тиісінше орындауын белгілеу болып табылады.
      6. Жергілікті органдардың қызметіне бақылау мен қадағалауды лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) - уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторы (мемлекеттік құрылыс инспекторлары) жүзеге асырады.

2. Ішінара және жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі

      7. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген тәртіппен ресімделген уәкілетті органның тексеруді тағайындау туралы актісі (бұдан әрі - акт) ішінара және жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
      8. Бақылау және қадағалау органының тексеруді тағайындау туралы актісі тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеледі.
      9. Актіде:
      1) актінің нөмірі мен күні;
      2) уәкілетті органның атауы;
      3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы;
      4) тексерулер жүргізуге тартылған мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
      5) тексеру жүргізу тағайындалған жергілікті органның атауы және орналасқан жері, оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты, сәйкестендіру нөмірі, аумақтағы учаске;
      6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
      7) тексеру жүргізу мерзімі;
      8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
      9) тексерілетін кезең;
      10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-тармағында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;
      11) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және уәкілетті органның мөрі көрсетіледі.
      10. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:
      1) тексерудің нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынымдардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
      2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
      3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
      4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
      5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
      6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;
      7) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында тексерілетін субъектінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін қарсы тексеру;
      8) тексерілетін субъектінің бастапқы тексеруге келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайта тексеру;
      9) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы негіз болып табылады.
      11. Жергілікті органға акт берілген сәттен бастап тексеруді жүргізу басталды деп есептеледі.
      12. Уәкілетті орган тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ішінара тексерудің басталғаны туралы тексерілетін субъектіні жазбаша түрде хабардар етеді.
      Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган тексеру жүргізу нысанын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы жергілікті органды хабардар етеді.
      13. Жергілікті органдарды тексерулердің нәтижелері бойынша тексерулердің нәтижелері туралы акті ресімделеді.
      Тексеру нәтижелері туралы актіде:
      1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
      2) уәкілетті органының атауы;
      3) оның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы акті жасалған күні мен оның нөмірі;
      4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы;
      5) жергілікті органның атауы, сол жерде тексеруді жүргізу кезінде болған жергілікті органның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы;
      6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
      7) тексерудің нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
      8) тексерілетін субъекті өкілінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамның актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
      9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
      14. Жергілікті органға тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару тәртібі

      15.  Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруына байланысты қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жүргізіледі.
      16. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруына байланысты тексеру уәкілетті орган басшысының (не оның міндетін атқаратын адам немесе осындай шешім қабылдауға құқығы бар адам) шешімі бойынша жүргізеді.
      17. Уәкілетті орган басшысының (не оның міндетін атқаратын адам немесе осындай шешім қабылдауға құқығы бар адам) шешімі бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде интернет ресурстар ақпаратының, жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жедел ден қоюды талап ететін ақпараттар мен өтініштер алудың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары сауалдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі тапсырмаларының негізінде, сондай-ақ уәкілетті орган жүргізген мониторинг және талдау бойынша қабылданады.
      18. Уәкілетті орган объектіге бару үшін мүдделі жергілікті органдарға жүргізілуі белгіленген тексеру (бару) туралы почта, факс немесе электрондық байланыс арқылы қосымшаға сәйкес хабарлама береді.
      19. Уәкілетті органның лауазымды тұлға объектіге барған кезде мынадай іс-қимылды жүзеге асырады:
      1) орындалған жұмыстар мен қолданылған құрылыс материалдары (бұйымдар) бойынша объектіге көзбен көріп бақылау жүргізеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектінің құжаттамасын қарайды.
      20. Тексеру жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды тұлғасына құрылысқа қатысушыға тексеруге қатысы жоқ талаптар мен өтініш жасауға жол берілмейді.
      21. Құрылысқа қатысушылар уәкілетті органның лауазымды тұлғасының объектіге кіруін қамтамасыз етеді және жергілікті органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларға жүктелген функцияларды тиісінше орындауын белгілеуге көмек көрсетеді.
      22. Тексерудің нәтижелері бойынша уәкілетті органның лауазымды тұлғасы объектіге бару анықтамасын жасайды, ол жұмысы тексерілген жергілікті органға беріледі, сондай-ақ объектіге бару туралы акт ресімделеді.
      23. Объектіге бару анықтамасында:
      1) бақылау және қадағалау органның атауы;
      2) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;
      3) жергілікті органның атауы, тексеру жүргізуге қатысқан жергілікті орган өкілінің лауазымы;
      4) объектіге бару анықтамасымен танысу туралы мәлімет;
      5) тексеру жүргізудің күні, орыны және кезеңі;
      6) тексерулердің нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаттамалары туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Объектіге бару актісінде:
      1) бақылау және қадағалау органның атауы;
      2) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы;
      3) объектінің атауы мен орналасқан жері;
      4) объектіге барған кезде жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды тұлға үшін - ұйымның атауы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы;
      5) уәкілетті органның лауазымды тұлғасының объектіге барғанын растайтын мәлімет көрсетіледі.
      24. Тексеру жүргізу барысында бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде әкімшілік жауапкершілік көзделген уәкілетті органның лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне осы Қағидалардың 4-бөліміне сәйкес және оларда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      25. Уәкілетті орган жүргізген тексерудің нәтижесі осы бөлімге сәйкес ішінара тексеру жүргізу үшін жергілікті органды таңдауға негіз болып табылады.

4. Тексеру нәтижелері бойынша шаралар қабылдау

      26. Уәкілетті органның лауазымды адамның осы Қағидалардың 27-тармағының ережелерін ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға себеп болып табылады.
      27. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі тексерілетін субъектіге қатысты осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.
      28. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге барған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда осы Қағидалардың 27-тармағы қолданылмайды.
      29. Бұзушылықтар анықтаған кезде уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың жол берілген бұзушылықтарын жою бойынша нұсқама береді және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 804-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 718-бабында белгіленген әкімшілік істерді қарайды.
      30. Осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген шешім тексеру аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.
      31. Уәкілетті орган берген нұсқамаларды, ұйғарымдар мен өзге де шешімдерді белгіленген мерзімде жергілікті органдар орындайды.

Сәулет, қала құрылысы, құрылыс
және мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылауы істері жөніндегі  
жергілікті атқарушы органдардың
қызметіне бақылауды және   
қадағалауды жүзеге асыру   
қағидаларына қосымша     

_______________________________________________________________
(Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның атауы)

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару туралы
ХАБАРЛАМА
№________

_____________________________               20__ ж. «__»_____________
     (жасалған орны)

      Осы хабарлама _________________________________________________
                      (сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс
                        бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атауы)

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды
жергілікті органдардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында
объектіге баруға байланысты тексеру болатыны туралы _________________
_________________________________________________________ хабарлайды.
           (атауы және объектінің орналасқан жері)

тексеру өткізу күні 20__ жылғы «__» ______________ бастап
                    20__ жылғы «__» ______________ дейін.

_____________________________________ ____________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))      (қолы)            (лауазымы)

      Хабарлама алынды: _____________________________________________
                                  (жергілікті атқарушы органның өкілі толтырады)

_____________________________________ ____________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))      (қолы)            (лауазымы)

20___ ж. «___»__________________

      Ескертпе: «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы
1-тармағының 12-1) тармақшасына, 25-бабы 1-тармағының 13-1)
тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне
ведомстволық бағыныстағы аумақта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
мен қадағалау органдарының жұмысына көмек көрсету жатады.
      Бұл ретте, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау
және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыреттеріне
сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергілер келтіру
бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 462-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік
көзделген.