Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10593 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 46-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 27 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 126 бұйрығымен бекітілген

Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Нысаналы даму трансферттерi жергiлiктi бюджеттiк даму бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн трансферттер болып табылады.

2. Нысаналы даму трансферттерін қарау тәртібі

      3. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізу кезінде бөлінеді. Мұндай нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді.

      4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (Бұдан әрі – № 129 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында белгіленген тәртіппен бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлісінде жергілікті бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – ЖБИ) әзірлейді және ЖБИ тізбесін қалыптастырады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:

      1) бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ЖБИ тізбесін қарайды;

      2) № 129 бұйрыққа сәйкес ЖБИ қарайды және ЖБИ қаржыладыру көзін анықтай отырып, экономикалық қорытынды дайындайды;

      3) экономикалық қорытынды негізінде бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлісінде ЖБИ тізбесін жасайды.

      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына, өңірлердің стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес келетін ЖБИ іске асырылады.

      Нысаналы даму трансферттері мыналарға:

      1) білім беру объектiлерiн; жергiлiктi маңызы бар басым білім беру объектiлерiн;

      2) денсаулық сақтау объектiлерiн; жергiлiктi маңызы бар денсаулық сақтаудың басым объектiлерiн;

      3) медициналық-әлеуметтік мекемелерді: психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерді, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарын;

      4) автоматтандырылған газды бөлу станцияларын сала отырып, магистральді газ құбырларынан жоғары қысымды газ өткізу-бұру құбырларын және жоғары қысымды кент аралық келтіруші газ құбырларын;

      5) мемлекеттік (салалық) бағдарлама бойынша жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйлерді;

      6) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін;

      7) қалалар мен ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін;

      8) халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей табиғи зілзалалардан инженерлік қорғау объектілерін;

      9) аудандық, облыстық маңызы бар және Астана мен Алматы қалаларының мәдениет, спорт және туризм, абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіптік кешен, орман, балық шаруашылығы, коммуналдық, су шаруашылығы, көліктік, инженерлік-коммуникациялық, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым, жылу-энергетикалық жүйе, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік объектілерін;

      10) мамандандырылған халыққа көмек көрсету орталықтары объектілерін салуға, қайта жаңартуға бөлінеді.

      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға немесе облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға:

      1) объектілер бөлінісінде ЖБИ тізбесі және олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімді;

      2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысымен (бар болған жағдайда) техникалық-экономикалық негіздемені;

      3) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысымен (бар болған жағдайда) жобалау-сметалық құжаттаманы;

      4) ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға мемлекеттік орган-бағдарламалар әкімшісінің немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығын (бар болған жағдайда);

      5) жергілікті мемлекеттік бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысты;

      6) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған жергілікті бюджеттiк инвестициялардың қаржы-экономикалық негiздемесiн;

      7) инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларды, бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыларды және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялар бойынша, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындыларын;

      8) облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті есебінен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы органның салалық қорытындысын ұсынады.

      7. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган:

      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде тиісті саланы дамытудың басымдығын;

      2) өңірдің орналасқан жерін және халқының тығыздығын;

      3) өңірдегі халықтың сырқаттану және өлім-жітім деңгейін (денсаулық сақтау объектілерін салу үшін);

      4) авариялық жай-күйде тұрған объектілердің проблемаларын шешуді;

      5) денсаулық сақтау объектілерінің жай-күйін (үй-жайлардың жеткілікті жиынтығының болмауы, ұйымның іс жүзіндегі қуатының жоспарланғанмен сәйкес келмеуі);

      6) қолданыстағы желіні денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары желісінің бекітілген нормативіне сәйкес келтіруді (денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу үшін);

      7) мемлекет кепілдік берген арнайы әлеуметтік қызметтердің жоспарланған көлемдерін;

      8) мүгедектердің санын, нозология (ауру) түрлері бойынша мүгедектік құрылымын, өңірлер бойынша мүгедектік ауырлығының деңгейін;

      9) қарттар мен мүгедектердің, оның ішінде жекелеген аурулар бойынша болжамды санын;

      10) әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінде орынның тапшылығын қысқартуды;

      11) меншік нысанына қарамастан, тиісті сала ұйымдарының жұмыс істейтін желілерінің болуын (қуаты, іс жүзіндегі жүктеме және олардың техникалық жай-күйі);

      12) әлеуметтік қызмет көрсетудің заманауи нысандарын енгізу үшін инфрақұрылымды дамытуды (құруды);

      13) сумен тұрақты қамтамасыз ету және суды пайдаланудың тиімді деңгейі бойынша жағдай жасау үшін ауыз сумен қамтамасыз ету объектілері жағдайын;

      14) ЖБИ-ні іске асыруға жер учаскелерін бөлу туралы тиісті әкімдік шешімінің болуын;

      15) ЖБИ-ні іске асыруға жергілікті бюджетте қаражаттың болуын;

      16) өткен қаржы жылы бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін;

      17) экономиканың аралас салаларына (аяларына) ЖБИ-ні іске асырудан болжанатын әсерді бағалауды;

      18) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығын ескере отырып, № 129 бұйрығында белгіленген талаптарға сай келетін ЖБИ объектілер бөлінісінде ЖБИ тізбесіне енгізеді.

      Өткен қаржы жылында объективті себептер бойынша басталған (жалғасып отырған) және аяқталмаған ЖБИ басым тәртіппен іріктеледі.

      Іске асырылуына қаражат республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін ЖБИ-ді қаржыландыру көлемі 3 %-дан кем емес мөлшерде айқындалатын Астана қаласының жергілікті бюджетін қоспағанда, ЖБИ-ді жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі барлық салалар бойынша әрбір жаңа жергілікті инвестициялық жоба бойынша жоспарлы кезеңге кемінде 10 % мөлшерінде айқындалады.

      Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын ЖБИ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес болуға тиіс.

      8. Тиісті орталық мемлекеттік орган қарау және келісу үшін ағымдағы қаржы жылының 25 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға салалық сараптама қорытындысымен бірге республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын объектілер бөлісінде ЖБИ тізбесін қарау және келісу үшін жібереді.

      Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы орган нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға ұсынылатын объектілер бөлінісінде ЖБИ тізбесін тиісті құжаттармен бірге тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған ЖБИ тізбелерінің:

      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына; елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасына; мемлекеттік және салалық бағдарламаларға; аумақтарды дамыту бағдарламаларына; мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына) сәйкестігін;

      2) стратегиялық жоспар жобасының мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуін;

      3) өңірдің стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкестігін;

      4) тиісті құжаттаманың болуын қарайды.

      10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын ЖБИ тізбесін қарайды, және ағымдағы қаржы жылының 5 мамырынан кешіктірмей тиісті жоспарлы кезеңге салалар мен өңірлер бойынша жеткізілген шығыстар лимиті шегінде республикалық бюджет жобасына енгізу қисындылығы туралы ұсыныс нысанында өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға келісуге енгізеді.

      11. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қарау және өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімі бойынша ЖБИ бойынша қорытынды дайындайды және тиісті орталық мемлекеттік органға жібереді.

3. Нысаналы даму трансферттерін іріктеу тәртібі

      12. Тиісті орталық мемлекеттік орган бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын жібереді.

      Бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын ескере отырып немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган нысаналы даму трансферттері бойынша ЖБИ тізбесін қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      14. ЖБИ тізбесін тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ЖБИ тізбелерінің негізінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық, облыстық бюджеттердің және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің жобасына қосу үшін әрбір сала бойынша өңірлер бөлінісінде нысаналы даму трансферттерінің жалпы сомасын айқындайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттерін және бюджеттік кредиттер ұсынуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік өтінімдер бойынша қаржылық қамтылуы мәніне қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

      15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлінісінде көрсете отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы Заңын іске асыру туралы қаулысын немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінің жобасын әзірлеу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі бойынша өңірлер бөлінісінде тиісті жоспарлы кезеңге нысаналы даму трансферттерінің сомаларын көздейді.