Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10513 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Сауда және интеграция министрінің 26.05.2020 № 122-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5-тармағына және 16-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 № 822(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 № 822(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылған деп танылсын:

      1) "Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8323 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 156-157 (27430-27431 "Егемен Қазақстанда" жарияланған).

      2) "Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 263 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 25 қыркүйекте № 8737 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарға және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 20 ақпан




  Қазақстан Республикасының
  Инвестициялар және даму
  министрінің міндетін атқарушының
  2015 жылғы 6 ақпандағы
  № 116 бұйрығына
  1-қосымша

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 № 822(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с



Рұқсат беру талаптары:


Рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар


Ескертпе



2


3


4


1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:


1


Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша (салалар бойынша) мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес жоғары білімінің болуы не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы.

Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі қосымшасына және рұқсат беру талаптарына сәйкес (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары).



2


Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.



3


Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.

Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.

Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.

Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл.


4


Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде аттестатталған және аталған бағытта кемінде үш жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту.

Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамадан өтуі қажет етілмейді.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.

Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.


2. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:


1


Келесі мамандықтардың біреуі бойынша жоғары білімінің болуы*: техникалық ғылымдар және технология; жаратылыстану ғылымдары (механика, физика, ядролық физика, химия, биология, экология); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент); әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау, фармация); ауыл шаруашылығы ғылымдары, ветеринария не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.

Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелеріне сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор үшін мәлімделетін аттестаттау немесе аралас білім салаларында жоғары білімінің болуы.

Ақпараттық қауіпсіздіктің менеджмент жүйелеріне сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор мәлімделетін аттестаттау саласында немесе аралас білім салаларында келесі мамандықтардың біреуі бойынша жоғары білімінің болуы*: техникалық ғылымдар және технология; жаратылыстану ғылымдары.

Фармацияда тиісінше практикалар бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор: өндірістік практикаға тиесілі (GMP), истрибьюторлық практикаға тиесілі (GDP) және дәріханалық практикаға тиесілі (GPP) жоғары фармацевтік білімінің болуы.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.



2


Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл және мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.



3


Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.

Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.

Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.

Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.


4


Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде аттестатталған және аталған бағытта кемінде екі жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту.

Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі талап етілмейді.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) кемінде 4 (төрт) есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.

Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.


3. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:


1


Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша (салалар бойынша) жоғары білімінің болуы не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.



2


Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.



33


Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.

Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.

Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.

Қазақстан Республикасында жаңа қызмет бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.


Көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.


4


Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған немесе халықаралық сарапшы-аудитор ретінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттерінде аттестатталған және аталған бағытта кемінде үш жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өту.

Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі талап етілмейді.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.

Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.


4. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:


1


Келесі мамандықтардың біреуі бойынша жоғары білімінің болуы*: техникалық ғылымдар және технология, егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.


Рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны



2


Кемінде жалпы екі жыл жұмыс өтілі.


Рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны



3


Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.

Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.

Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.


Рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны


Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл.


4


Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде үш жыл аталған бағытта жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.


Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге өзінің қатысқанын (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қағидаларға сәйкес нысанда тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы бес есептiң көшiрмесi


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында тағылымдамадан өтуді даярлық (қайта даярлық) немесе біліктілігін арттыру бойынша курстарды аяқтағаннан кейін жүзеге асырады.


5. Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:


1


Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін болса, ондай жағдайда мәлімделетін қызмет ету бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.


Рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны.



2


Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе мәлімделетін қызмет ету бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.



3


Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.

Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау немесе біліктілігін арттыру бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 40 сағатты құрайды.


Рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны


Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.


4


Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде екі жыл аталған бағытта жұмыс істеген сарапшы-аудиторда мәлімделетін аттестаттау саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.

Қазақстан Республикасында тағылымдамадан өту үшін жағдайлар болмайтын жағдайда, тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары рұқсат етіледі.

Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.


Рұқсат беру талаптарына қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы кемінде 3 (үш) есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.


Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында тағылымдамадан өтуді даярлық (қайта даярлық) немесе біліктілігін арттыру бойынша курстарды аяқтағаннан кейін жүзеге асырады.

Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.

Ұсынымда мәлімделген аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның кәсіби құзыреттілігі мен дағдылары көрсетілуі тиіс.


     

      * Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес.


  Сәйкестікті растау,
  тауарды шығарған елді,
  Еуразиялық экономикалық одағы
  тауарының немесе шетел тауарының
  мәртебесін айқындау жөніндегі
  сарапшы-аудиторларға
  қойылатын рұқсат беру талаптары
  мен оларға сәйкестікті
  растайтын құжаттар тізбесіне
  қосымша

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны

      ____________________________________________________________________

      (мәлімделетін аттестаттау бағыты)

      Толтырылған күні_____________________________________________________

      1. Жеке деректері:

      Тегі______________________________________________________________________

      Аты ______________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған кезде) ______________________________________________

      Туған жылы_______________________________________________________________

      Жеке тұлғаны куәландыратын құжат (нөмірі, кім және қашан берді)

      __________________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________________________________

      Білімі_____________________________________________________________________

      Аяқтаған оқу орнының атауы_________________________________________________

      Аяқтаған жылы ____________________________________________________________

      Білімі туралы құжаттың (диплом) нөмірі_______________________________________

      (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаты болған кезде, Қазақстан

      Республикасының аумағында заңнамамен белгіленген тәртіппен білім беру туралы

      құжатты нострификациялау туралы мәліметтерді көрсету)

      Диплом бойынша мамандығы __________________________________________

      Диплом бойынша біліктілігі _________________________________________________

      Ғылыми дәрежесі (бар болған кезде)___________________________________________

      Аттестаты (бар болған кезде)_________________________________________________

      (сарапшы-аудитордың)

      20 __ жылы "___" _________ № _______________________________берілген.

      Жұмыс орны ______________________________________________________________

      Лауазымы _________________________________________________________________

      телефоны _________________________________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы _______________________________________________

2. Жұмыс өтілінің бар екендігі туралы деректер:

Күні


Ұйым атауы, лауазымы


Негізгі міндеттемелері


басталуы


аяқталуы






3. Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, бойынша жұмыстарға
қатысқандығы (практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі) туралы деректер:

Жұмыстар жүргізу кезеңі


Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы


Орындалған жұмыстар тізбесі





4. Даярлық (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы деректер:

Күні


Оқыту түрі, сағаттар саны


Мамандану (қызмет бағыты)


Куәліктің нөмірі және берілген күні


Оқытуды өткізген оқу орталығы








      ___________________________

      Қолы, күні




Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 6 ақпандағы

№ 116 бұйрығына

2-қосымша

Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы
тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-
аудиторларды аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 № 822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 1-тармағының 2-1) тармақшасына, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 5-тармағына және 16-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) сарапшы-аудиторларды аттестаттау (бұдан әрі – аттесттау) – сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалар дайындығының теориялық және практикалық деңгейінің техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар саласындағы белгіленген Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;

      2) уәкілетті орган – техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібі
1-Параграф. Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі аттестаттау

      3. Аттестаттау үшін уәкілетті орган сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі аттестаттау комиссияларын құрады.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясы кемінде бес адамнан құралады. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының құрамына уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, аккредиттеу жөніндегі органның өкілдері кіргізіледі.

      5. Сәйкестікті растау жөнiндегi аттестатты алу үшін сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;

      мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы есеп (бұдан әрі – есеп) саны мынадай:

      өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әртүрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      кемінде жұмыс жиырма күн жалпы ұзақтығымен менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) - кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.";

      6. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының құрамы бес адамнан кем болмауы қажет. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi комиссияның құрамына тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар, уәкiлеттi органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де ұйымдардың өкiлдерi енгізіледі. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссияның төрағасы оның мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен сайланады.

      7. Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi аттестатты алу үшін сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:

      өтініш;

      сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;

      саны мынадай есеп:

      тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге оның қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы бес есептiң көшiрмесi (техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтайтын Қағидаларға сәйкес әртүрлі нысандар бойынша тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) немесе аттестаттаудың мәлімделетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп.

      8. Құжаттар жиынтығы уәкілетті органға тігілген және нөмірленген түрінде ұсынылады.

      9. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау құжаттар уәкілетті органға келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі және мынадай кезеңдерді:

      1) ұсынылған құжаттардың жиынтықтылығын тексеруді;

      2) сәйкестікті растау және тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бойынша комиссиясының қоса берілген құжаттармен өтініштерді қарауды;

      3) уәкілетті органның сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау туралы немесе дәлелді бас тарту туралы шешімдер шығаруын;

      4) сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі аттестатын ресімдеуді және оны сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгізуді қамтиды.

      10. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау туралы шешім қабылдаған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты беріледі; тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестаты осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      11. Аттестатты беру туралы шешім сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының және тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау комиссиясының оң шешімі негізінде уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.

      12. Аттестатты беруден бас тарту мынадай:

      1) дәйексіз деректер ұсыну;

      2) сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкессіздігі;

      3) мәліметтері техникалық реттеу саласындағы заңнама нормаларына қайшы келетін, тағылымдамалардан өткені туралы есептер ұсыну жағдайларында жүзеге асырылады.

      Электрондық құжат нысанында дәлелді бас тартуды аттестат беру үшін белгіленген мерзімдерде сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға уәкілетті орган береді.

      2-Параграф. Қорытынды ережелер

      13. Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сәйкестікті растау жөніндегі бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар есептердің орнына мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті (бұдан әрі – сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп) ұсынады.

      Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар есептердің орнына мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ұсынады.

      Сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілген.

      14. Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

      15. Сәйкестікті растау, тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды қайта аттестаттау аттестаттан айырылу күнінен бастап екі жыл өткен соң жүргізіледі.


  Сәйкестікті растау, тауарды
  шығарған елді, Еуразиялық
  экономикалық одағы тауарының
  немесе шетел тауарының
  мәртебесін айқындау жөніндегі
  сарапшы-аудиторларды
  аттестаттау қағидаларына
  1-қосымша


нысан


      _______________________________________

      (аттестаттау органының толық атауы)

      ____________________________________________

      (аттестаттау бағыты)

      бойынша сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғадан

      ____________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде),

      жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, жұмыс

      орны, мекенжайы, телефоны)

Өтінім

      ____________________________________________________________________

      (аттестаттау бағыты)

      бойынша мені сарапшы-аудитор ретінде аттестаттауды өтінемін.

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамамен белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толығымен орындауға міндеттенемін.

      20___ж. "___"___________ ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін (қолы).

      Қоса берілетін құжаттар:

      Қолы, күні


  Сәйкестікті растау, тауарды
  шығарған елді, Еуразиялық
  экономикалық одағы тауарының
  немесе шетел тауарының
  мәртебесін айқындау жөніндегі
  сарапшы-аудиторларды
  аттестаттау қағидаларына
  2-қосымша


нысан

Тағылымдамадан өткені туралы есеп

      __________________________________________________________________________

      (мәлімделетін аттестаттау бағыты)

      __________________________________________________________________________

      (сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      (есептің мәтіні)

      Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (тағылымдамашы)

      __________________________________________________________________________

      ___________________________________ ___________________________

      (тегі және аты-жөні) (қолы)

      Тағылымдама басшысының пікір-мінездемесі:

Бағалау саласы


Бағалау (қанағаттанарлық, қанағаттарлықсыз)


Білімі:



Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізі



Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі негізін қалайтын нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттары



Жұмыстар мен тексерістер жүргізу әдістері мен рәсімдері, тексерілетін нысандар сипаттамалары, оларды бағалау, есептер, қажетті құжаттар және жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау



Білімді іс жүзінде қолдана білу



Жеке қасиеттерін іске асыру



Жалпы баға




      Тағылымдама жетекшісі

      ____________________________________________________________________

      (сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), аттестаттың тіркеу

      нөмірі және берілген күні

      ________________________________________________________________________________

      сарапшы-аудитор ретіндегі лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)

      ___________________________ ___________________________________________________

      (тағылымдама басшысының қолы) (тағылымдама басшысының тегі және аты-жөні)

      Ұйым басшысы

      ____________________________________________ ___________________________________

      (ұйым басшысының қолы) (ұйым басшысының тегі және аты-жөні)

      Мөрдің орны

      Ескертпе:

      Есеп мәтінінде:

      1) тағылымдамадан өткен күнді, тағылымдамадан өткен ұйымның атуын және мекежайын (Қазақстан Республикасының Аккредиттеу субъектілері тізбесінде тіркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының нөмірі және қолданылу кезеңі);

      2) жұмыстардың ережелері мен рәсімдерін айқындайтын қандай құжаттарға сәйкес жүргізілгенін;

      3) тексерілетін тексеру нысанының сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы шешімнің ненің негізінде қабылданғаны туралы құжаттар көрсетілген жұмыстарды жүргізу тәртібі (сертификаттау/декларация рәсімдерінің қорытындысы, сынақ хаттамаларының және өзге құжаттардың нөмірлері);

      4) сәйкестік сертификатын беру/беруден бас тарту туралы қабылданған шешімді (тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы) көрсетеді.


  Сәйкестікті растау, тауарды
  шығарған елді, Еуразиялық
  экономикалық одағы тауарының
  немесе шетел тауарының
  мәртебесін айқындау жөніндегі
  сарапшы-аудиторларды
  аттестаттау қағидаларына
  3-қосымша


нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі
Сәйкестіктікті растау жөніндегі
сарапшы-аудитор
аттестаты

      ___________________________

      сарапшы-аудиторлар тізілімінде

      20__ жылы "___" _____________

      № ____ болып тіркелген

      20__ жылғы "___" ___________

      дейін жарамды

      Осы аттестат ________________________________сарапшы-аудиторларға

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнама

      талаптарына сәйкестігін және ________________________________

      бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталғанын куәландырады.

      Аттестат 20__ жылы "___" _______________________жөніндегі

      сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді.

      ____________________ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)


  Сәйкестікті растау, тауарды
  шығарған елді, Еуразиялық
  экономикалық одағы тауарының
  немесе шетел тауарының
  мәртебесін айқындау жөніндегі
  сарапшы-аудиторларды
  аттестаттау қағидаларына
  4-қосымша


нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі
Тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одағы
тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау
жөніндегі сарапшы-аудитор
аттестаты

      сарапшы-аудиторлар тізілімінде

      20__ жылы "___" _____________

      № ____ болып тіркелген

      20__ жылғы "___" ___________

      дейін жарамды

      Осы аттестат __________________________________________ сарапшы-аудиторларға

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнама

      талаптарына сәйкестігін және _____________________ бойынша жұмыстарды жүргізу

      құқығына аттестатталғанын куәландырады.

      Аттестат 20__ жылы "___" _______________________ жөніндегі сарапшы-

      аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді.

      _________________ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)


  Сәйкестікті растау, тауарды
  шығарған елді, Еуразиялық
  экономикалық одағы тауарының
  немесе шетел тауарының
  мәртебесін айқындау жөніндегі
  сарапшы-аудиторларды
  аттестаттау қағидаларына
  5-қосымша


нысан

Сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп

      __________________________________________________________________________

      (аттестаттау бағыты)

      Тегі ______________________________________________________________________

      Аты ___________________ Әкесінің аты (бар болған кезде) _______________________

      Аттестаты_________________________________________________________________

      (сарапшы-аудиторды аттестаттау бағыты)

      20___ ж. "_____" ______________ берілген №__________________________

      20__ ж. "__" ________бастап 20__ж. "__" _______ дейінгі есептік кезең

Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар туралы мәліметтер


Есептік кезең ішіндегі орындалған жұмыстар нәтижесі





      __________________________________________________________________________

      (негізгі жұмыс орны)

      __________________________________________________________________________

      (аттестаттың қолданысын тоқтата тұру, жою туралы мәліметтер)

      ___________________________________________ __________________

      (сарапшы-аудитордың тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

      ___________________________________________ __________________

      (ұйым басшысының тегі және аты-жөні) (қолы, күні)

      Мөрдің орны


  Сәйкестікті растау, тауарды
  шығарған елді, Еуразиялық
  экономикалық одағы тауарының
  немесе шетел тауарының
  мәртебесін айқындау жөніндегі
  сарапшы-аудиторларды
  аттестаттау қағидаларына
  6-қосымша

Сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары

      1. Өнімнің сәйкестігін растау:

      1) машина жасау;

      2) автокөлік құралдары;

      3) металлургия;

      4) радиотехника, электртехникалық және кабельдік;

      5) электронды байланыс және телекоммуникация құралдары;

      6) бағдарламалық құралдар және деректер базасы;

      7) жеңіл өнеркәсіп;

      8) құрылыс материалдары, құрастырылымдар мен бұйымдар;

      9) жиһаз;

      10) тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өндірісі;

      11) химия және тұрмыстық химия;

      12) парфюмерлік-косметикалық;

      13) санитарлық-гигиеналық мақсаттағы;

      14) мұнай және отын шикізаты;

      15) қару-жарақ (қызметтік-штаттық, азаматтық) және оның оқ-дәрілері;

      16) жарылғыш заттар және олардың негізіндегі бұйымдар және өзге өнім түрлері;

      17) пиротехникалық;

      2. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау:

      1) автомай құю стансалары мен мұнай өнімдерінің базалары;

      2) қонақ үй;

      3) қоғамдық тамақтану;

      4) шаштараз;

      5) автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      6) туристік және экскурсиялық;

      7) теміржол көлігіндегі экспедиторлық қызметтер;

      8) химиялық тазарту;

      9) көліктік-экспедиторлық;

      3. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау.

      4. Персоналдың сәйкестігін растау.