Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын б

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8323 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 06.02.2015 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының бірінші бөлімінің 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) Сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. «Сәйкестiктi растау, тауарды шығарған елдi айқындау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қазандағы № 274 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5827 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 5 қарашада № 169 (1766), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдардың актілерінің жинағында 2009 жылы № 12 жарияланған), күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          А. Рау

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және жаңа    
технологиялар министрінің м.а.
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 510 бұйрығымен бекітілді

Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу
жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау,
біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ереже

      1. Осы Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы бірінші бөлімі 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (бұдан әрі – сарапшы-аудиторлар), қайта даярлау, біліктілігін арттыру (бұдан әрі – оқыту) және оларды аттестаттау тәртібін бекітеді және ұйымдастырады.
      2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) білімді бақылау – нәтижесі бойынша оқытудан өткені туралы куәландыратын құжатты беру туралы шешім қабылданатын, өтініш берушінің тиісті оқыту курсы бойынша алған теориялық және практикалық білімін бағалау;
      2) оқу бағдарламасы – әрбiр оқу пәнi (сабақ) бойынша меңгерiлуге тиiстi бiлiмнiң, шеберлiктiң, дағдылар мен бiлiктiлiктiң мазмұны мен көлемiн айқындайтын бағдарлама;
      3) өтінім беруші – тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      5) сарапшы - аудитор аттестаты – сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды атқаруға арналған құжат;
      6) сарапшы - аудитордың біліктілік аттестаты - тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыстарды атқаруға арналған құжат.

2. Даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру тәртібі

      3. Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру (бұдан әрі - оқыту) даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру түрінде жүргізіледі.
      4. Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын оқу орталығы (бұдан әрі – оқытуды жүзеге асыратын ұйым) оқу бағдарламасын әзірлейді, оны бекітеді және уәкілетті органмен келіседі.
      5. Оқыту бағдарламасы мынадай ақпараттарды:
      1) кәсіптік оқыту нысанын;
      2) оқыту курсының атауын;
      3) ұзақтығын;
      4) оқуды өткізу мақсатын;
      5) пән атауларын, әрбір пән (бөлім) бойынша лекцияларды, (қажеттілігіне қарай) тәжірибелік сабақтарды қосқандағы сағат санын қосылған оқыту жоспарын;
      6) меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін.
      6. Оқыту курстары төменде көрсетілгеннен кем емес мерзімді құрайды:
      даярлау, қайта даярлау бойынша – 2 апта (80 академиялық сағат);
      біліктігін арттыру бойынша – 1 апта (40 академиялық сағат);
      Стандарттау, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау бойынша бір апталық оқыту курсы жұмыс тәжірибесі екі жылдан астам жеке тұлғаларға жүргізіледі.
      7. Өтінім беруші оқытудан өту үшін оқытуға жіберілген маман туралы ақпаратты, оқыту нысанын және оқыту тақырыбының атауын көрсете отырып оқытуды жүзеге асыратын ұйымға еркін түрде жазылған өтінімді жолдайды.
      8. Өтінім тіркелгеннен кейін оқытуды жүзеге асыратын ұйым стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіппен оқытуды жүргізеді.
      9. Оқыту нәтижелері бойынша білімді бақылауды құрамына тиісті бағыттар бойынша сарапшы-аудиторлар немесе тиісті қызмет бағытында кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі бар мамандар кіретін ұйымның емтихан комиссиясы жүзеге асырады.
      Білімді бақылау тестілеу түрінде жүзеге асырылады.
      Білімді бақылау жетпіс пайыздан кем емес көлемде дұрыс жауап берген жағдайда оң бағаланады.
      10. Оқыту аяқталғаннан кейін, тыңдаушыларға білімді бағалаудан оң нәтиже алған жағдайда Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру туралы куәлік беріледі.
      11. Білімді бақылаудан теріс нәтиже алған жағдайда тыңдаушыға Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша теориялық курсты тыңдағаны туралы анықтама беріледі.
      12. Берілген куәліктер тіркеу журналы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес көрсетілген нысан бойынша жүргізіледі.

3. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау

      13. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау үшін уәкілетті органда Сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия), оның құрамы мен ережесі уәкілетті органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияны құру, қызмет тәртібі мен құрамының ерекшеліктері Заңның 16-1-бабымен реттеледі.
      13-1. Комиссия кемінде бес адамнан құралады. Комиссия құрамына уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
      Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 28.08.2013 № 263 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Сарапшы-аудитор болуға үміткер жеке тұлғалар, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторға аттестаттаудан өту үшін Комиссияға алушыда электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы мына мәліметтерді ұсынады, олар уәкілетті органның кеңсесінде толтырылады:
      1) сарапшы-аудитордың (сарапшы-аудиторға үміткердің) жеке карточкасының деректері;
      2) алушының жеке куәлік деректері;
      3) сарапшы-аудиторға үміткердің аттестаттаудың мәлімделген саласында теориялық оқудан өтуі туралы деректері;
      4) жоғары білімінің болуы туралы деректері;
      5) еңбек қызметінің растайтын деректері.
      Сондай-ақ жеке тұлғаның өтінім берілген салада төменде көрсетілгендер бойынша аттестаттау жұмыстарын өткізуге қатысқанын растайтын тағылымдамалардан өткені туралы есептердің сканерленген көшірмесі:
      өнімнің және көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау (әр түрлі схемалар бойынша сертификаттау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) және персоналдың сәйкестігін растау бойынша (оның ішінде кәсіби қауымдастықтардың ұсыныстары) – 5 (бес) есеп;
      жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес тағылымдамалар туралы менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) және аккредиттеу бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) - 4 (төрт) есеп;
      персоналды сәйкестігін растау – персоналды сертификаттау жөніндегі органда тағылымдамадан өту (3 есептен кем емес) немесе сәйкесінше бағыттағы кәсіби ассоциациялардан ұсыныс.
      Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор болуға аттестаттаудан өту үшін Комиссияға Заңның 16-1-бабының 6-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      15. Сарапшы-аудитор болуға үміткер жеке тұлғалар Қағиданың 4-қосымшасында көрсетілген сарапшы-аудиторлардың қызмет бағыттарына сәйкес аттестатталады.
      16. Комиссия жеке тұлғалардың және сарапшы-аудиторлардың құжаттарын қарайды және олар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатты (бұдан әрі - аттестат) және/немесе тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор біліктілік аттестатын (бұдан әрі - біліктілік аттестаты) беру немесе беруден дәлелдi бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
      Сарапшы-аудитор болуға үміткер жеке тұлғалардың және сарапшы-аудиторлардың құжаттарын қараудан бас тарту туралы шешім қабылданғанда, уәкілетті орган негізді себеппен дәлелді бас тартуды Комиссия шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жібереді.
      17. Аттестаты электронды-цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат түрінде (www.elicense.kz) порталында) немесе біліктілік аттестаты бойынша қағаз түріндегі тасымалдауышпен Қағиданың 5- және 6-қосымшаларына сәйкес нысанда беріледі және тіркелген күнінен бастап бес жыл ішінде жарамды.
      18. Аттестаты және/немесе біліктілік аттестаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің Тізіліміне тіркеледі.
      19. Біліктілік аттестаты бүлінген жағдайда уәкілетті органға бүлінген біліктілік аттестатын қосып өтінім жолдайды. Уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды, бүлінген біліктілік аттестатын жояды және біліктілік аттестаттың бұрынғы нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі көрсетілген біліктілік аттестатының телнұсқасын береді.
      Біліктілік аттестаты жоғалған жағдайда:
      1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарына біліктілік аттестатын аттестаттың нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсете отырып жарамсыз деп тану туралы мәліметтер жариялайды;
      2) уәкілетті органға біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы және осы тармақтың 1-тармақшасында көзделген мәліметтердің жарияланғанын растайтын құжатты қоса ұсынып біліктілік аттестаттың нөмірін, берілген күнін, қолданылу мерзімін көрсете отырып біліктілік аттестаттың телнұсқасын беру туралы еркін түрдегі өтінім береді.
      20. Біліктілік аттестатының телнұсқасы уәкілетті органға өтінім түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

Тауарды шығарған елді, Кеден одағы
тауарының немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау,
аккредиттеу жөніндегі сарапшы-
аудиторларды даярлау, қайта даярлау,
біліктілігін арттыру және оларды
аттестаттау қағидасына
1-қосымша

нысан

___________________________________________________________________
уәкілетті органның атауы
___________________________________________________________________
ұйымның атауы

Сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін
арттыру жөніндегі
КУӘЛІК
№_______

      Осы куәлік ___________________________________________берілді
               Тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
      Ол 20___ж. «___ » - «__» аралығында _______ сағаттық
САРАПШЫ-АУДИТОРЛАРДЫ даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру
(керегін сызыңыз) жөніндегі теориялық курстан өтті және
____________________________________________________________________
                       (қызмет бағытының атауы)

бойынша жұмыстарды өткізуге қажетті білім алғандығы туралы растайтын емтихан тапсырды.

      Ұйым басшысы _____________   ____________________
                       (қолы)             (Т.А.Ә.)

      М.О.

      Берілген күні «___» __________20___ж.
      _______________________ қаласы

Тауарды шығарған елді, Кеден одағы
тауарының немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау,
аккредиттеу жөніндегі сарапшы-
аудиторларды даярлау, қайта даярлау,
біліктілігін арттыру және оларды
аттестаттау қағидасына
2-қосымша

нысан

Теориялық курсты тыңдағаны туралы анықтама
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)

20 ___жылдың «___» - «____» _________аралығында
_____________________________________________________________________
                 Оқытуды жүзеге асырған ұйымның атауы
_____________________________________________________________________
тақырыбы бойынша даярлау, қайта даярлау/біліктілігін арттырудың оқыту
курсын тыңдағаны үшін берілді.

Тестіге қатысушы қайта тестілеуге қатыса алады, бір ай өткен соң

Ұйым басшысы _____________ __________________________________________
               (қолы)                   (Т.А.Ә.)

М.О.

Тауарды шығарған елді, Кеден одағы
тауарының немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау, сәйкестігін
растау, аккредиттеу жөніндегі
сарапшы-аудиторларды даярлау,
қайта даярлау, біліктілігін
арттыру және оларды аттестаттау
қағидасына
3-қосымша

нысан

Берілген куәліктер тіркеу журналы

р/с

Т.А.Ә.

Жұмыс орны, лауазымы

Куәлік №

Алған күні мен қолы

1

2

3

4

5

Тауарды шығарған елді, Кеден одағы
тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін
айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу
жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау,
қайта даярлау, біліктілігін арттыру және
оларды аттестаттау қағидасына
4-қосымша

Сарапшы-аудиторлар қызметінің бағыттары:

      1. Мынадай өнімдердің сәйкестігін растау:
      1) автокөлік құралдары;
      2) тұрмыстық химия;
      3) кабельдік;
      4) жеңіл өнеркәсіп;
      5) машина жасау;
      6) металлургиялық;
      7) минералдық тыңайтқыштар;
      8) мұнай;
      9) қару-жарақ (қызметтік-штаттық, азаматтық) және оның оқ-дәрілері;
      10) парфюмерлік-косметикалық;
      11) пиротехникалық;
      12) тамақ өнеркәсібі;
      13) радио-техникалық;
      14) ауыл шаруашылығы өндірісі;
      15) байланыс құралдары;
      16) телекоммуникация құралдары;
      17) программалық құралдар және деректер қоры;
      18) құрылыс материалдары және құрастырылымдары;
      19) ағаштан өңделген тауарлар;
      20) отын шикізаты;
      21) химиялық;
      22) электрондық;
      23) электр-техникалық.
      2. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау:
      3. Персоналды сәйкестігін растау.
      4. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау.
      5. Аккредиттеу.
      6. Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының және шетел тауарының мәртебесін айқындау.

Тауарды шығарған елді, Кеден
одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау,
сәйкестігін растау, аккредиттеу
жөніндегі сарапшы-аудиторларды
даярлау, қайта даярлау, біліктілігін
арттыру және оларды аттестаттау қағидасына
5-қосымша

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

САРАПШЫ-АУДИТОР
АТТЕСТАТЫ

Қазақстан Республикасының   
Мемлекеттік техникалық реттеу
жүйесінің тізілімінде № ____
«___» ___________ 20__ жылы
тіркелген                  
«___» ___________ 20__ жылға
дейін жарамды              

      Осы аттестат ___________________________ сарапшы-аудиторларға
                             (Т.А.Ә.)
      қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін куәландырады, және
_________________ бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталды.
      Аттестат «___» ___________ 20__ жылы Сарапшы-аудиторларды
аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді.

      М.О. ________________   ____________________
                  қолы                 Т.А.Ә.

Тауарды шығарған елді, Кеден одағы
тауарының немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау, сәйкестігін
растау, аккредиттеу жөніндегі
сарапшы-аудиторларды даярлау,
қайта даярлау, біліктілігін арттыру
және оларды аттестаттау қағидасына
6-қосымша

нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
МИНИСТРЛІГІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ БІЛІКТІЛІК АТТЕСТАТЫ

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік техникалық реттеу
жүйесінің тізілімінде № ____
«___» ___________ 20__ жылы
тіркелген                 
«___» __________ 20__ жылға
дейін жарамды             

      Осы біліктілік аттестат __________________ сарапшы-аудиторларға
                                   (Т.А.Ә.)
қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы
заңнама талаптарына сәйкестігін куәландырады және Тауарды шығарған
елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін
айқындау бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталды.
      Біліктілік аттестат «___» ___________ 20__ жылы
Сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде берілді.

      М.О. _______________    ______________________
                 қолы                 Т.А.Ә.

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және жаңа    
технологиялар министрінің м.а.
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 510 бұйрығымен бекітілді

Сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға
қойылатын біліктілік талаптары

      1. Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптар:
      1) аттестаттаудың мәлімделген саласына сәйкес келетін, жоғары білімнің болуы;
      2) мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде төрт жыл немесе мәлімделген аттестаттау саласында кемінде үш жыл;
      3) жеке тұлғаның уәкілетті органда немесе оның ведомствоға қарасты ұйымында 5 жылдан жоғары жұмыс тәжірибесінің болуы тағылымдамасын растаусыз аттесталады;
      4) сарапшы-аудиторлардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға және уәкілетті органмен келісілген оқу бағдарламасына, ұсынылған қызмет бағыттарына сәйкес аттестаттаудың мәлімделген саласында теориялық оқудан өтуі;
      5) кем дегенде екі жыл жұмыс өтілі бар сарапшы аудиторда аттестаттаудың мәлімделген саласында тағылымдамадан өтуі.