"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Т. Балықбаев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген |
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"
атағын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) оқытушыларына оларды көтермелеу және қолдау мақсатында "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын (бұдан әрі - атақ) беру тәртібін айқындайды.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Конкурстың қатысушысы - Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын осы Қағидаларға сәйкес ұсынған ЖОО-ның штаттағы оқытушысы;
2) республикалық конкурстық комиссия - "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия).
4. Атақ бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"
атағын беру тәртібі
5. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру Конкурсына мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:
1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;
2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар.
6. Конкурс жыл сайын екі кезеңде 1-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне" сәйкес өткізіледі:
1) I кезең - ЖОО-ның ішінде, ол ағымдағы жылғы қазанда өткізіледі. Конкурсты ЖОО-ның ішінде өткізу тәртібін ЖОО дербес айқындайды.
ЖОО-ның ішкі конкурсы нәтижелері бойынша 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын есеппен ғылыми кеңестің шешімімен Конкурстың II кезеңіне қатысуға ұсынылатын ЖОО-ның үздік оқытушылары айқындалады. Оқытушылардың штаттық саны 50 адамға жетпейтін ЖОО-да 1 үміткер айқындалады.
Бұл ретте ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушылардың еңбек өтілі 15 жылдан асатын оқытушыларға қатынасы ұсынылған үміткерлердің жалпы санының үштен бірінен кем болмауы керек.
2) II кезең - республикалық, ол ағымдағы жылғы желтоқсанда өткізіледі.
Конкурстың республикалық кезеңін Комиссия өткізеді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі (бұдан әрі - Министр) оның төрағасы (бұдан әрі - Комиссия төрағасы) болып табылады.
Ол болмаған жағдайда, төрағаның міндеттері оның орынбасарына жүктеледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Комиссия Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік), мүдделі мемлекеттік органдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінің қоғамдық бірлестігінің өкілдерінен, сондай-ақ жетекші ғалымдар мен мамандардан құрылады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды (19-дан аспайды). Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Комиссияның құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Конкурс Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ол туралы ақпарат жарияланғаннан, сондай-ақ министрліктің интернет-ресурсында ағымдағы жылғы қыркүйекте орналастырылған күннен бастап жарияланған деп саналады.
10. Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылғы қарашада үміткерлер министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысуға нысан бойынша өтінім;
2) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;
3) осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
4) ЖОО ғалымдар кеңесінің ұсынымы;
5) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
6) жеке куәліктің көшірмесі;
7) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
11. Құжаттар қатты түптелген рет-ретімен нөмірленген, жеке электрондық поштасы көрсетілген қағаз түрінде ұсынылады және жоғары оқу орнының кадр қызметінің мөрімен расталады. Растаушы құжаттар 1-қосымшаға сәйкес реттілікпен қоса беріледі. Конкурстың қатысушысы ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жауапты болады.
Конкурсқа ұсынылған құжаттар жетекші ғалымдар, ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамының арасынан құрылған сараптама тобы (бұдан әрі – сараптама тобы) жүзеге асыратын сараптаудан өтеді.
Конкурсқа ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.
Сараптама тобының құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі. Бұл ретте сараптама тобының құрамы Комиссия құрамымен сәйкес болмауы тиіс.
Сараптама тобы сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес әр үміткер бойынша, сондай-ақ жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі бойынша қорытынды береді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Конкурсқа қатысушы дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, сараптама тобы оны қатысушылардың тізімінен шығару туралы ұсынысты жазбаша негіздемемен Комиссияға ұсынады.
13. Сараптама тобының қорытындысы негізінде әр үміткер бойынша Конкурс қатысушыларының сапалық және сандық көрсеткіштерінің және жұмыстардың жылдық жоспар-кестесінің балдары есептеледі.
Үміткерлер рейтингі Конкурс қатысушыларының сапалық және сандық көрсеткіштерінің және жұмыстардың жылдық жоспар-кестесінің балдарын есептеу алгоритміне сәйкес жүзеге асырылатын ақпараттық жүйеде балдарды саралаудың азаймалы жүйесі бойынша кесте түрінде ресімделеді. Нәтижелер сараптама тобының қатысушы әр мүшесі қол қойған хаттамамен бекітіледі.
Кесте қоса берілген сарапшылар тобының хаттамасы Комиссияның қарастыруына жіберіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру туралы Комиссияның шешімі қатысқан мүшелердің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.
15. Конкурстың қорытындылары Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстың қорытындысы шыққаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жарияланады, сондай-ақ министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.
16. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
17. Конкурстың қорытындысы бойынша атақтың иегеріне осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес куәлік беріледі және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген |
|
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларына 1-қосымша |
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.11.2016 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
№ | Көрсеткіштер | Балдар | Негізгі сипаттамасы | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
1 |
Академиялық, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы (екі тармақтан артық белгілемеу) |
3 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестаттау комитеті (бұдан әрі - ЖАК) немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСРО) ЖАК тағайындаған ғылым докторы: | |
2 | Комитет немесе Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы КСРО ЖАК берген профессор: | |||
1 | Комитет немесе Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы КСРО ЖАК бекіткен ғылым кандидаты: | |||
1 | Комитет немесе Қазақстан Республикасының ЖАК тағайындаған Ph.D докторы: | |||
1 | Комитет немесе Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы КСРО ЖАК берген қауымдастырылған профессор (доцент): | |||
2 | Соңғы жылы "Оқытушы студенттер көзқарасымен" тәуелсіз сауалнама нәтижесімен бірге анықталатын оқыту сапасы (бір тармақты белгілеу) | Сауалнама нәтижесінің орташа балы 10 балды бағалау шәкілі бойынша құрады: | ||
1 | 2.1 7,1-ден 10,0-ге дейін | |||
0,5 | 2.2 5,0-ден 7,0-ге дейін | |||
3 |
Күндізгі бөлімнің білім алушыларының үлгерімі | Соңғы оқу жылында барлық пәндер бойынша күндізгі бөлімде білім алушылардың орта балл үлгерімі (GPA): | ||
2 | 3.1 3,67-ден 4 балға дейін: | |||
1 | 3.2 2,67-ден 3,33 балға дейін: | |||
4 |
Соңғы бес жылдағы ашық видео-дәріс және оқытылатын пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі қоса берілген пәндерді ағылшын тілінде оқыту (тілдік пәндерден дәріс жүргізетін оқытушыларды қоспағанда) | 3 |
Соңғы бес жылдағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту | |
5 |
Соңғы бес жылдағы әзірлеу, қатысу және басып шығару (атқарылған жұмыстың көлемі көрсетілген жеке өзі немесе бірлестік авторлық) |
4 | 5.1.1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулық: | |
6 | 5.1.2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған ағылшын тіліндегі оқулық: | |||
3 | 5.2.1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу құралы: | |||
5 | 5.2.2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған ағылшын тіліндегі оқу құралы: | |||
2 | 5.3.1 Монография: | |||
4 | 5.3.2 Ағылшын тіліндегі монография: | |||
1 | 5.4 Үлгілік оқу бағдарламалары: | |||
1 | 5.5 ЖОО-ның ғылыми кеңесі ұсынған оқу құралы: | |||
3 | 5.6 Авторлық құқығы уәкілетті органмен расталған электрондық оқулық және/немесе оқу құралы: | |||
6 | Соңғы үш жылдағы кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың бар болуы |
3 |
Coursera, EdX, Udacity, FutureLearn базасының платформаларында | |
7 |
Соңғы екі жылдағы шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың бар болуы | 4 |
7.1 Test of English as a foreign language (TOEFL) PBT (жазбаша) | 640 - 677 |
3 | 590 - 637 | |||
2 | 550 - 587 | |||
1 | 513 - 547 | |||
0,5 | 477 - 510 | |||
4 |
7.2 Test of English as a foreign language (TOEFL) CBT | 273 - 300 | ||
3 | 243 - 270 | |||
2 | 213 - 240 | |||
1 | 183 - 210 | |||
0,5 | 153 - 180 | |||
4 |
7.3 Test of English as a foreign language (TOEFL) IBT | 111 - 120 | ||
3 | 96 - 110 | |||
2 | 79 - 95 | |||
1 | 65 - 78 | |||
0,5 | 53 - 64 | |||
4 |
7.4 International English Language Testing System (IELTS) | 8.5 - 9 | ||
3,5 | 7.5 - 8 | |||
3 | 6.5 - 7 | |||
2,5 | 5.5 - 6 | |||
2 | 4.5 - 5 | |||
1 | 4 | |||
4 | 7.5 Test de Francais International (TFI) | 605-990 | ||
2 | 445-604 | |||
4 | 7.6 Diplome d’Etude en Langue Francaise (A1, A2, B1, B2) (DELF) | 90-100 | ||
2 | 75-89 | |||
1 |
50-74 | |||
4 |
7.7 Diplome Approfondi de Langue Francaise (C1,C2) (DALF) |
90-100 | ||
2 |
75-89 | |||
1 |
50-74 | |||
4 |
7.8 Test de connaissance du francais (TCF) |
500-699 | ||
2 |
300-499 | |||
4 |
7.9 Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (dsh) |
82 -100 | ||
2 |
67 - 81 | |||
1 |
57 -66 | |||
4 |
7.10 TestDaF- Prufung |
5,0 | ||
2 |
4,0 | |||
1 |
3,0 | |||
4 |
7.11 TestDaFиDSDII | 90-100 | ||
2 | 80-89 | |||
1 | 67 -79 | |||
8 |
Соңғы бес жылда студенттің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарына басшылық ету |
8.1 Үміткердің басшылығымен дайындалған дайындық бейіні бойынша пәндік олимпиадалардың, сондай-ақ республикалық және халықаралық орындаушылық конкурстардың ("Өнер" мамандықтарының топтары үшін) және спорттық жарыстардың (Дене шынықтыру және спорт мамандығы үшін) жеңімпаз студенттердің саны | ||
2 | 8.1.1 халықаралық деңгейде: | |||
1 | 8.1.2 республикалық деңгейде: | |||
0,5 | 8.1.3 ЖОО деңгейінде: | |||
8.2 Үміткердің басшылығымен дайындалған ғылыми-зерттеу және дайындық бейіні бойынша студенттердің шығармашылық жұмыстарының жеңімпаз студенттерінің саны (дипломдардың, грамоталардың көшірмелерін ұсыну): | ||||
2 | 8.2.1 халықаралық деңгейде: | |||
1 | 8.2.2 республикалық деңгейде: | |||
0,5 | 8.2.3 ЖОО деңгейінде: | |||
8.3 Үміткердің басшылығымен дайындық бейіні бойынша мақалалар немесе баяндама тезистерін жариялаған студенттердің саны (конференция бағдарламаларының және мақалалардық көшірмелері немесе тезистері көшірмелелерін ұсыну): | ||||
2 | 8.3.1 халықаралық деңгейде: | |||
1 | 8.3.2 республикалық деңгейде: | |||
0,5 | 8.3.3 облыстық және қалалық деңгейде: | |||
0,5 | 8.3.4 ЖОО деңгейінде: | |||
9 | Соңғы бес жылда ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау | Дарялау: | ||
2 | 9.1 Ph.D докторлары: | |||
1 | 9.2 магистрлер: | |||
10 |
Соңғы бес жылдағы ғылыми зерттеулерді орындау |
10.1 Халықаралық жобалар: | ||
3 |
10.1.1 жоба жетекшісі | |||
2 |
10.1.2 жоба орындаушысы | |||
10.2 Республикалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру): | ||||
2 |
10.2.1 жоба жетекшісі | |||
1 |
10.2.2 жоба орындаушысы | |||
10.3 Көлемі 50 айлық есептік көрсеткіш тен кем емес шарттық жұмыстар: | ||||
2 |
10.3.1 жоба жетекшісі | |||
1 |
10.3.2 жоба орындаушысы | |||
11 |
Соңғы бес жылдағы ғылыми жетістіктері |
4 |
11.1 Жарияланымдар: | |
3 |
11.1.2 Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal деректер базасында: | |||
3 |
11.1.3 Web of Science, Scopus базаларында индекстелетін конференция материалдарында: | |||
2 |
11.1.4 Комитет тізбесіне енгізілген басылымдарда (конференция материалдарынан басқа): | |||
|
11.1.5 Қазақстан Республикасының басқа ғылыми басылымдарында (конференция материалдарынан басқа): | |||
1 |
11.1.6 басқа елдердің ғылыми басылымдарында: | |||
8 |
11.2 Thomson Reuters базасы бойынша Хирша индексінің бар болуы: | |||
11.3 Кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру, ғылыми нәтижелерді апробациялау: | ||||
1 |
11.3.1 алыс және жақын шет елдердің конферецияларында: | |||
2 |
11.3.2 шет елдерде гранттық ғылыми тағылымдамаларда 1 ай және одан жоғары: | |||
1 |
11.3.3 Қазақстан Республикасының аумағындағы конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға: | |||
2 |
11.4 Патенттердің және алдын ала патенттердің, авторлық өнертабыстардың, зияткерлік меншік объектілерінің бар болуы: | |||
12 |
Соңғы үш жылдағы ұйымдастырушылық және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар |
12.1 Диссертациялық кеңестердің, кеңестердің, комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының жұмысына қатысуы: | ||
1 |
12.1.1 республикалық деңгейде: | |||
0,5 |
12.1.аймақтық деңгейде: | |||
12.2 Эдвайзер ретіндегі жұмыс, бекітілген студенттердің саны: | ||||
1 |
12.2.1 50 және одан жоғары: | |||
0,5 |
12.2.2 50-ге дейін: | |||
13 |
Соңғы бес жылдағы тәрбие жұмысы |
13.1 Білім алушыларды адамагершілік-отансүйгіштік және дене тәрбиесі тұрғысынан қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды іске асыру: | ||
1 |
13.1.1 республикалық деңгейде: | |||
0,5 |
13.1.2 аймақтық деңгейде: | |||
Қорытынды максималды балл: |
100 |
Ескертулер:
1. Әр көрсеткіш бойынша ақпарат ықшамды болуы, жалпы ұсынылған мәліметтердің көлемі қосымшаларсыз 12 беттен аспауы тиіс.
2. Конкурсқа қатысушының көрсеткіштері 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін және оған жеке қолжетімділік коды автоматты түрде берілгеннен кейін сайтта көрсетілген қосымшаның электронды нысанында үміткермен жеке толтырылады.
3. Тиісті мәліметтер бар болған жағдайда 5, 8, 9, 11.1, 11.3, 11.4, 12.1, 13-тармақтар бойынша көрсеткіштер "Негізгі сипаттамалардың" тиісті бағандарындағы аталған көрсеткіштердің барлық көрсеткіштері бойынша көрсетілуі тиіс.
4. 1-көрсеткіш бойынша үміткер бес көрсетілген нұсқадан екі тармақтан артық белгілемейді.
5. 2 және 3-көрсеткіштер бойынша үміткер тиісінше нұсқалардың біреуін белгілейді. 2-көрсеткіш бойынша ЖОО бірінші басшысының қолы қойылған, сауалнама мерзімі, орташа балы, академиялық кезеңі, барлық оқытылатын пәндердің тізбесі көрсетілген "Оқытушы студенттер көзқарасымен" сауалнамасы нәтижелерінің анықтамасы ұсынылады.
6. 4-көрсеткіш бойынша үміткер бар ақпаратты белгілейді. Бар болған жағдайда 4-көрсеткіш бойынша ұзақтығы 50 минут болатын AVI (Audio Video Interleave) немесе MPEG-TS форматындағы видеофайлды қоса беруі қажет.
7. 5-көрсеткіш бойынша үміткер тиісінше 5.1.1, 5.1.2, 5.2.1, 5.2.2, 5.3.1, 5.3.2 және 5.4, 5.5, 5.6-тармақшалары бойынша сандық мәліметтерді көрсетеді. 5-көрсеткіш бойынша тиісті мәліметтер бар болған жағдайда көрсеткіштер оқулықтардың, монографиялардың, оқу құралдарының, үлгілік оқу жоспарларының шығу дереккөздерінің, электрондық оқулық және/немесе оқу құралының мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік, жарияланымдарды, материалдардың, патенттердің, алдын ала патенттердің, авторлық өнертабыстардың, зияткерлік меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу көшірмелерін қоса беру керек. Сондай-ақ, ЖОО ғалым хатшысымен расталған соңғы 5 жылдағы еңбектерінің тізімі қоса беріледі. 5-тармақтың көрсеткіштері бірлескен авторлары, атауы, баспа түрі, басылым жылы және орны, басылым көлемі көрсетілген тізбе түрінде беріледі, "Негізгі сипаттамалар" бөлігіне орналастырылады.
8. 6-көрсеткіш бойынша үміткер бар ақпаратты белгілейді.
9. 7-көрсеткіш бойынша үміткер тиісінше нұсқалардың біреуін белгілейді.
10. 8-көрсеткіш бойынша үміткер тиісінше 8.1.1, 8.1.2, 8.1.3, 8.2.1, 8.2.2, 8.2.3, 8.3.1, 8.3.2, 8.3.3, 8.3.4-тармақшалары бойынша бар ақпаратты белгілейді.
11. 9-көрсеткіш бойынша үміткер тиісінше 9.1 және 9.2-тармақшалары бойынша сандық мәліметтерді көрсетеді. Тиісті мәліметтер бар болған жағдайда 9-тармақ көрсеткіштер докторанттың және/немесе магистранттың тегі, аты-жөні, диссертация тақырыбы, қорғау жылы көрсетілген тізім түрінде беріледі, сондай-ақ, диссертация авторефераттарының және/немесе магистрлік диссертациялардың аннотацияларын, Комитет берген PhD докторы дәрежесін тағайындау туралы дипломның көшірмесін ұсыну қажет.
12. 10-көрсеткіш бойынша үміткер тиісінше 10.1.1 немесе 10.1.2, 10.2.1 немесе 10.2.2, 10.3.1 немесе 10.3.2-тармақшалары бойынша бар ақпаратты белгілейді. 10-көрсеткіш бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер есептерінің немесе орындаушылардың тізімі, оның ішінде Конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетілген, ЖОО бірінші басшысының қолы қойылған, әмбепап ондық жіктеу (бұдан әрі - ӘОЖ) және мемлекеттік тіркеу нөмірі бар, ЖОО мөрімен расталған шартты жұмыстардың, жобаны орындауға тапсырыс берушімен шарттың, жеке еңбек шарттарының, мердігерлік шарттардың немесе штаттық кестенің көшірмелері ұсынылады.
13. 11-көрсеткіш бойынша үміткер тиісінше 11.1.1, 11.1.2, 11.1.3, 11.1.4, 11.1.5, 11.1.6, 11.3.1, 11.3.2, 11.3.3 және 11.4-тармақшалары бойынша сандық мәліметтерді көрсетеді. 11-тармақтың көрсеткіштері бірлескен авторлары, атауы, баспа түрі, басылым жылы және орны, басылым көлемі көрсетілген тізбе түрінде беріледі, "Негізгі сипаттамалар" бөлігіне орналастырылады.
11.1-тармақшасы бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдардағы жарияланымдардың журналдың атауы, журналдың импакт-факторын, жарияланым жылын, томын және/немесе басылым нөмірін (бар болса), мақаланың атауын, бетінің немесе мақаланың нөмірін (осы параметрлердің бірі міндетті түрде болуы керек, егер журналда бетінің және мақаланың нөмірі қолданылса, оларды біріктірмей, жеке жазу керек) авторлардың аты-жөнін және мекенжайларын, әр жарияланым үшін толық мазмұнын, бетінің/мақаланың нөмірі қайда енетінін (егер журнал жеке мақалаларды жарияламаса) қамтитын көшірмелерін ұсыну. 11.2-тармақша бойынша нұсқалардың біреуін тиісінше белгілейді.
14. 12-көрсеткіштің 12.1.1 және 12.1.2-тармақшалары бойынша үміткер тиісінше тармақшалар бойынша бар ақпаратты және тиісінше 12.2-тармақша бойынша нұсқалардың біреуін белгілейді.
15. 13-көрсеткіш бойынша үміткер 13.1.1, 13.1.2-тармақшалар бойынша бар ақпаратты белгілейді.
16. Үміткерлер мәліметтерді енгізгеннен кейін көрсеткіштерді есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
17. Деректер базасында үміткер көрсеткен сапалық көрсеткіштердің немесе ұсынылған құжаттардың маңыздылық деңгейіне сәйкессіздік болған жағдайда тек сараптама қорытындысы бойынша өзгерістер енгізуі мүмкін.
18. Деректер базасында сараптама тобының қорытындысы бойынша енгізілген әр өзгерістен кейін үміткерлер балын қайта есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
19. Үміткерлердің балдарын автоматты түрде есептеу Конкурсқа қатысушылардың сапалық және сандық көрсеткіштерін және жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі балдарын есептеу алгоритміне сәйкес ақпараттық жүйеде жүргізіледі.
20. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беруге үміткерлердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштерін толтыру бойынша жоғарыда келтірілген барлық талаптарды орындау сараптама тобының жұмысы үшін негізгі құжаттардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген |
|
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларына 2-қосымша |
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысушының өтінімі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу үшін.
Маған конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1. | Жұмыс орны (қысқартуларсыз) | |
2. | Туған күні, айы, жылы | |
3. | Лауазымы (қысқартуларсыз) | |
4. | Жұмыс өтілі | |
5. | Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді) | |
6. | Ғылыми дәрежесі/атағы | |
7. | Индексі көрсетілген үйінің мекенжайы | |
8. | Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖИН) | |
9. | Байланыс телефоны (үй, ұялы) | |
10. | Марапаттаулар, көтермелеулер |
Қосымша: Конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ парақта, оның ішінде қосымша _____ парақта.
Конкурсқа қатысушы ___________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Толтырған күні
201__ жылғы "____" __________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген |
|
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларына 3-қосымша |
Жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.08.2016 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.11.2016 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
№ |
Жұмыс түрлерінің атауы |
Өлшем бірлігі |
Көрсетілген жұмыс түрін іске асыруға негіздеме (болжамды атауы көрсетілген) |
Орындау мерзімі |
Балдары | |
басталуы |
аяқталуы | |||||
1. Оқу-әдістемелік жұмыс* | ||||||
1. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулықты әзірлеу, қатысу және басып шығару/ ағылшын тілінде |
Кемінде 500 дана тиражбен |
14 / 20 | |||
2. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу құралын әзірлеу, қатысу және басып шығару/ ағылшын тілінде |
Кемінде 300 дана тиражбен |
12 / 17 | |||
3. |
Монографияны әзірлеу, қатысу және басып шығару/ ағылшын тілінде |
Кемінде 500 дана тиражбен |
8 / 14 | |||
2. Ғылыми-зерттеу жұмысы | ||||||
4. |
Ғылыми зерттеулерді орындау, оның ішінде халықаралық, республикалық жобалар, шарттық жұмыстар** |
1 жоба |
8 | |||
5. |
Томсон Рейтер (Web of Science,Thomson Reuters) ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторы бар басылымдарда / Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysical journal деректер базасында мақалалар жазу және жариялау |
1 мақала |
5 / 4 | |||
6. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізбесіне енгізілген басылымдарда |
1 мақала |
3 | |||
7. |
Шетелдік конференцияларға қатысу және материал жариялау |
1 қатысу/ 1 жарияланым |
4 | |||
8. |
Қазақстан Республикасының аумағындағы конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға қатысу және материал жариялау |
1 қатысу/ 1 жарияланым |
2 | |||
9. |
Патенттер және алдын ала патенттерді, авторлық өнертабыстарды, зияткерлік меншік объектілерін алу |
1 бірлік |
4 | |||
3. Біліктілікті арттыру* | ||||||
10. |
Бейіні бойынша кәсіби және педагогикалық біліктілігін арттыру |
72 сағаттан кем емес |
5 | |||
4. Шет елдік тағылымдама* | ||||||
11. |
Ағымдағы жылы QS World University Rankings нәтижелері бойынша ТОР-500-ге енетін шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту |
14 күнтізбелік күннен кем емес мерзім |
15 | |||
12. |
Шетелдің жетекші ғылыми орталықтары мен зертханаларында тағылымдамадан өту |
14 күнтізбелік күннен кем емес мерзім |
7 | |||
5. Тәрбие жұмысы | ||||||
13. | Білім алушыларды адамагершілік-отансүйгіштік және дене тәрбиесі тұрғысынан қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды іске асыру | 3 | ||||
Қорытынды максималды балл | 100 |
Конкурсқа қатысушы _________________________________________
Ескерту:
Жұмыстардың жылдық жоспар-кестесінде көзделген Конкурсқа қатысушының жұмыс түрлері 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін және 1-қосымшаны толтырғаннан кейін сайтта көрсетілген қосымшаның электронды нысанында үміткермен жеке толтырылады.
Үміткер мәліметтерді енгізгеннен кейін балдарды есептеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
* - тармақшалардың біреуі міндетті болып табылады;
** - тармақшаны жоспарлау міндетті болып табылады, бұл ретте ғылыми әдебиеттерді және зерттеулер бейіні бойынша мерзімді басылымдарды сатып алуға рұқсат беріледі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 384 қаулысы).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | Министерство образования и науки Республики Казахстан | |
КУӘЛІК | СВИДЕТЕЛЬСТВО | |
_______________________ |
_______________________ | |
М.О Министр | Аты-жөні |