"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 502 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қыркүйекте № 14248 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының аумақтық бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 01 тамыздағы № 420 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiнiң "Мұздысай" қыстағындағы шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.
      2. "Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округінің "Мұздысай" қыстағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы" Тарбағатай ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 726 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4383 болып енгізілген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мауадиновқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Д.Оразбаев