Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10455 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    В. Школьник

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 74 бұйрығымен    
бекiтiлген      

Жаңартылатын энергия көздерiнің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерiнің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жаңартылатын энергия көздерiнің (бұдан әрi – ЖЭК) пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;
      2) ЖЭК пайдалану мониторингi – ЖЭК энергетикалық әлеуеті және электр мен (немесе) жылу энергиясын өндiру үшін ЖЭК пайдалану нәтижелері туралы ақпаратты жүйелі жинау, есепке алу және талдау;
      3) ЖЭК пайдалану объектiсі – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
      4) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрi – энергия өндіруші ұйым) – ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      6) шағын су электр станциялары – жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан аспайтын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары жоқ су электр станциялары.
      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар ЖЭК және электр энергетика саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Жаңартылатын энергия көздерiнің пайдаланылуына мониторинг жүргізу тәртібі

      4. Уәкілетті орган ЖЭК пайдалану мониторингін:
      1) Қазақстан Республикасында электр және (немесе) жылу энергиясын өндiрудiң жалпы көлемiнде ЖЭК пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру және босату үлесiн есепке алу;
      2) ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде көзделген нысаналы көрсеткіштерге сәйкестігін айқындау үшін жүзеге асырады.
      5. Энергия өндіруші ұйым тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің әрбір ЖЭК пайдалану объектісі бойынша электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату жөнінде ақпарат береді.
      6. Жүйелік оператор тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат береді.
      7. Уәкілетті орган алынған ақпараттың негізінде талдау жүргізеді және Қазақстан Республикасындағы электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үлесін айқындайды.
      8. Тиісті облыстың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ЖЭК пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері туралы, сондай-ақ іске қосылған ЖЭК пайдалану объектілері туралы ақпарат береді.
      9. ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштермен сәйкестігін айқындайды.
      10. ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурстарында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей орналастырылады.
      11. ЖЭК пайдалану мониторингі шеңберінде уәкiлеттi орган ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Жаңартылатын энергия көздерiнің
пайдаланылуына мониторинг  
жүргізу қағидаларына    
1-қосымша         

Нысан

20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпарат

1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______
_____________________________________________________________________

2. Энергия өндіруші ұйымның орналасқан жері _________________________
3. ЖЭК пайдалану объектісінің атауы _________________________________
4. ЖЭК пайдалану объектісінің орналасқан жері
_____________________________________________________________________
5. ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуаты (кВт) _______________
6. Пайдаланатын ЖЭК түрі ____________________________________________

Көрсеткіштер

Болжам

Нақты

Электр энергиясын өндіру, мың кВтс



Жылу энергиясын өндіру, Гкал



Электр энергиясын босату, мың кВтс



Жылу энергиясын босату, Гкал



Электр энергиясының орташа босату бағасы, теңге/кВтс ҚҚС-сыз



Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, теңге/Гкал ҚҚС-сыз



      Ескертпе:
      Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тің екі және одан көп түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әр түрі бойынша жеке беріледі.
_____________________________________________________________________
    (Басшы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні)

Жаңартылатын энергия көздерiнің
пайдаланылуына мониторинг  
жүргізу қағидаларына    
2-қосымша         

Нысан

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері туралы ақпарат

      20__ жылғы __- тоқсанда _______________ әкімдігі ЖЭК пайдалану объектілерін салу үшін мынадай жер учаскелерін берді

Р/с

жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

жер учаскесінің ауданы, га

жер учаскесінің орналасқан жері, га

берілген құқық түрі және мерзімі

жер учаскесіне құқықты иеленушінің атауы және БСН

жер учаскесінің мақсаты*

1







2







3







      Ескертпе:
      * мақсатының бір түрін көрсету: жобалау-зерттеу жұмыстары үшін, құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін, ЖЭК пайдалану объектісін игеру үшін.

      20__ жылғы __-тоқсанда _______________ облысы аумағында мынадай ЖЭК пайдалану объектілері іске қосылды:

Р/с

объектінің атауы

объектінің орналасқан орны

объектіні іске қосу мерзімі

объектінің негізгі жобалық сипаттамалары

құрылыс салушының атауы және БСН

1






2






3






     ________________________________________________________________
      (Басшы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні)