«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9778 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комитет:
1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан;
2) Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасынан;
3) Жобалау жұмыстары басқармасынан;
4) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасынан;
5) Техникалық реттеу және нормалау басқармасынан;
6) Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасынан;
7) Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік- коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан;
8) Қаржы институттарымен жұмыс басқармасынан;
9) Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасынан;
10) Сумен жабдықтау және су бұру басқармасынан;
11) Коммуналдық шаруашылық басқармасынан;
12) Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасынан;
13) Мемлекеттік жер кадастры басқармасынан;
14) Жерге орналастыру, жер қатынастары мен геодезияны дамыту басқармасынан;
15) Геодезия және картография басқармасынан;
16) Ішкі әкімшілендіру басқармасынан;
17) Персоналды басқару қызметінен (кадр қызметі);
18) Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасынан;
19) Мемлекеттік сатып алу басқармасынан;
20) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан тұрады.
Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы және персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Комитеттің төрағасына тікелей бағынады.»;
14-тармақта:
14), 17), 21) тармақшалар алып тасталсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) лицензиялар мен аттестаттар тізілімін жүргізу.»;
20-тармақтың 5), 10), 13) тармақшалары алып тасталсын;
22-тармақта:
6)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 137, 138 (екінші бөлігі), 341, 342, 343 баптарында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру, әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығару;»;
7)-тармақша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев