РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 2014 жылдың 5 шілдесінде қабылдануына байланысты, мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкестендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 134 бұйрығы күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8101 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 ақпандағы № 71 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты жолдасын:
1)
мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;
2)
ресми жариялауға;
3)
мәлімет және қызметте пайдалану үшін мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, орындау үшін Комитеттің аумақтық органдарына.
4.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5.
Осы бұйрық 2015 жылғы 1-қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасының |
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін қалыптастыру бойынша нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталық тандырылған деректер есебін қалыптастыру бойынша осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілетті барлық мемлекеттік органдар үшін (бұдан әрі – әкімшілік тәжірибе субьектілері) әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған адамдарды бірыңғай есепке алуды белгілейді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталықтандырылған деректер банкін (бұдан әрі – ОДБ) жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. ОДБ әкімшілік тәжірибе субъектілері ұсынатын «Әкімшілік құқық бұзушылықты және оны жасаған адамды есепке алу карточкасы» №1-ӘЖ нысанды карточка Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, №1-ӘҚ «Әкімшілік құқық бұзушылық барысы және оны қарау нәтижелері туралы» нысанды карточка Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – АЕҚ) негізінде «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЕ ААЖ) қалыптасады.
3. АЕҚ шығару және жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе қаралған сәттен бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. АЕҚ белгіленген мерзімде шығару мүмкін емес болған жағдайда, ол әкімшілік тәжірибе субъектісінің басшысымен бекітілген қызметтік құжат негізінде оны тіркеу мүмкіндігі пайда болған күні шығарылады.
4. Егер мерзімнің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне түсетін болса, АЕҚ келесі бірінші жұмыс күні енгізілуі тиіс.
5. Әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларды жасаған адамдарды есепке алу Комитеттің аумақтық басқармасының деректер банкіне (бұдан әрі – АБ ДБ) немесе мемлекеттік органдардың деректер қорына (бұдан әрі – МО ДҚ), немесе әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу журналына (бұдан әрі – ӘҚБЕЖ) АЕҚ енгізген сәттен бастап, Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанда жүзеге асырылады.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірісті қозғау сәтінен бастап (хаттаманы құрастыру) әкімшілік материалға 15 белгілік нөмір беріледі.
7. Құқық бұзушылықты есепке алу оның жасалу орны бойынша жүргізіледі. Әкімшілік материалды әкімшілік тәжірибе субъектісінің орталық аппараты қозғаған кезде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орны бойынша есепке алынады.
8. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБК) 812-бабына сәйкес көлік құралдары, кемелер есепте тұрған орын бойынша немесе оған қатысты іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты орны бойынша қараған жағдайда құқық бұзушылық әкімшілік іс қаралған орын бойынша есепке алынады.
9. Әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда шақырту немесе шарт бойынша әскери қызметтегі адамдар, әскери жиылыс өту кезінде қорда тұрған азаматтар, әскери бөлімдердің, бірігулердің, мекемелердің азаматтық қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында немесе аталған бөлімдердің, бірігулердің, мекемелердің қарамағында болуға байланысты немесе оларға теңестірілгендер жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар Комитеттің Әскери басқармасында есепке алуға жатады.
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері анықтаған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар Комитеттің аумақтық басқармасында (бұдан әрі – АБ) әкімшілік құқық бұзушылық жасалған орны бойынша есепке алынады.
11. МО ДҚ қалыптасатын мәліметтер деректерді жіберу желілері немесе алмалы тасымалдағыштар арқылы осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіпте, форматта және мерзімдерде АБ-ға экспортталады.
12. Келіп түскен мәліметтер негізінде АБ келіп түсетін мәліметтерді автоматты түрде деректерді жіберу желілері арқылы Комитеттің ОДБ-не жолдаумен АБ ДБ қалыптастырылады.
13. Электрондық деректер қорын жүргізуге қажетті жабдықтар болмаған жағдайда, әкімшілік тәжірибе субъектісі қағаз тасымалдағыштарда № №1-ӘЖ, №1-ӘҚ нысандарындағы ӘҚБЕЖ және АЕҚ толтырады, содан соң АБ ДБ-ін толтыру үшін АБ-ға жолданады. Әрбір қабылданған жаңа шешімге №1-ӘҚ нысанды жаңа АЕҚ құрастырылады.
ӘҚБЕЖ нөмірленуі, тігілуі және мөрмен расталуы тиіс.
14. ӘҚБЕЖ және АЕҚ барлық жазбалар анық, баспа әріптермен, көк немесе қара сиямен қолмен немесе компьютердің көмегімен жазылады. Түзетуші құралдардың көмегімен тазартуға, түзетуге немесе бұрын жасалған жазбаларды жоюға жол берілмейді.
15. Әкімшілік тәжірибе субъектілері жергілікті МО ДҚ мәліметтерін АБ-ға онкүндік кезеңділікпен әр айдың 2, 11, 21 күндері жолдайды.
16. АБ ДБ-не АЕҚ енгізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ОДБ мәліметтерді экспорттауды деректер жіберу желілері арқылы нақты уақыт режімінде жүргізеді.
17. Комитетке келіп түсу күні деректер жіберу желілері арқылы, ал осындай мүмкіндік жоқ болған жағдайда – алмалы тасымалдағыштарға мәліметтерді түсіру күні немесе АЕҚ қағаз тасымалдағыштарда АБ-ға келіп түсу күні мәліметтердің келіп түсу күні болып табылады.
18. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамаларды құрастырушы әкімшілік тәжірибе субъектісі №1-АҚ АЕҚ-ның «7. Шешім» деректемесінде «08» ұстанымы таңдалады және сот органдарына жолдау туралы шешімнің күні толтырылады.
19. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы сот органдары қараған істер жөніндегі мәліметтер Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінен Комитеттің ОДБ-не түсіріледі.
20. Әкімшілік жаза тағу туралы қаулысыз рәсімделген материалдар бойынша ҚР ӘҚБК 807-бабына сәйкес АЕҚ-ның барлық деректемелері тікелей ескерту немесе айыппұл шығарылған соң толтырылады.
21. ҚР ӘҚБК 498-бабына сәйкес мәліметтердің анықтылығына, толықтығына және уақытылы ұсынылуына АЕҚ-ның сәйкес деректемелерін толтырушы әкімшілік тәжірибе субъектісінің қызметшісі жауапты болып табылады.
22. АЕҚ-да мәліметтерді түзетуді немесе жоюды әкімшілік тәжірибе субъектісі МО ДҚ-да қателікті анықтаған сәттен бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырады.
АБ ДБ мәліметтерді түзету АБ-ға мемлекеттік органның дәлелденген сұрауы негізінде және АБ ДБ-де олардың себебін көрсетумен жүзеге асырылады.
23. АБ ДБ-де мәліметтерін жою оның себебін көрсетумен осы бағытқа жауапты бөлімнің тек басшысы жүзеге асырады.
24. Ескіру мерзімі бойынша есептен шығару автоматты түрде жүргізіледі.
25. Карточкалардың ұсыну уақыттылығын есепке алу және бақылау толықтығын қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік тәжірибе субъектілері тоқсанына бір рет (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін) АБ ДБ-мен салыстырулар өткізеді.
2. №1-ӘЖ нысанды АЕҚ шығару және енгізу ерекшеліктері
26. «Құқық бұзушылықты анықтаған орган» 1-деректемесі құқық бұзушылықты анықтаған органның кодын сөздіктен таңдау арқылы толтырылады. Егер құқық бұзушылық басқа органның бастамашылығымен анықталса, «Органның бастамашылығы бойынша» 1.1-деректемесінде сөздіктен сәйкес органның коды көрсетіледі. Кері жағдайда деректеме бос болып қалады.
27. АЕҚ-ның 3-деректемесінде әкімшілік істің 15 белгілік нөмірі бейнеленеді. Бірінші екі сан материалды тіркеу жылын, екінші екі сан – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, үшінші екі сан – аудан кодын, төртінші сандар жұбы ведомствоның кодын білдіреді, тоғызыншы сан болып 3 саны қойылады, ол іс бойынша әкімшілік өндірісті қозғауды білдіреді және соңғы 6 сан – материалдың реттік нөмірі.
3.2 деректемеде бюджеттік жіктеу коды (БЖК), 3.3 деректермеде салық органының коды (СОК) және 3.4 деректемеде төлем тағайындау коды (ТТК) көрсетіледі.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 21.10.2015 № 126 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
28. Егер ҚР ӘҚБК 807-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылмаған жағдайда, «Хаттама нөмірі» 3.1-деректемесі толтырылмайды.
29. Адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде құқық бұзушылықтың әр қайсысына АЕҚ бөлек нөмірмен шығарылады.
30. Өкілетті органға немесе лауазымды адамға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 9-бөлігіне немесе 179-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы сұрақты шешу үшін материал келіп түскен жағдайда, АЕҚ-да шешімді қабылдау күнін толтырумен оны ақпараттық есеп кітабында немесе Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеу нөмірі көрсетіледі.
31. Құқық бұзушының сауалнамалық деректері қатаң оның жеке басын куәландыратын құжат тілінде енгізіледі.
32. ЖСН Қазақстан Республикасының азаматтары үшін толтырылады.
33. Егер ҚР ӘҚБК 806-бабының 9-тармағына сәйкес жеке тұлға анықталуы мүмкін емес болған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша құрастырылады, «субъект» 8-деректемесінде «50» код - анықталмаған адам таңдалады.
34. АБ ДБ-де қағаз АЕҚ-ы АБ-ның қызметкерлерімен олардың келіп түсу күні бойынша тіркеледі.
35. ҚР ӘҚБК нормалары бойынша құқық бұзушылықты саралау ҚР ӘҚБК Ерекше бөлімінің баптар тізімі анықтамасынан таңдалады.
36. Құқық бұзушылықтың орны, жасалу күні немесе анықталған күні міндетті түрде көрсетіледі.
37. «жасалу фабуласы» 13-деректемесі толық аяқталған сөздермен толтырылады, тек ҚР ӘҚБК бабының нөмірін немесе оның атауын енгізуге жол берілмейді.
38. Мемлекетке залал келесі баптар бойынша есептеледі: ҚР ӘҚБК 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 149, 151, 152, 153, 159, 160, 163, 176, 182, 196, 233, 237, 238, 239, 267, 278, 311, 316, 324, 328, 344, 347, 356, 358, 370, 372, 382, 383, 394, 396, 398, 475, 548, 549, 551, 554 және сома теңгеде көрсетіледі.
39. «субъект» 8-деректемесінде: «01» - жеке тұлғаны, «02» - жеке кәсіпкерді, «25» - лауазымды адамды, «26» - лауазымды адамға теңестірілген адамды таңдаған кезде 15-27-деректемелер міндетті толтыруға жатады.
40. Егер туған жері басқа ел болса, тек елі көрсетіледі.
41. Адамның жасы, жұмысының түрі және лауазымы құқық бұзушылық жасау сәтіне көрсетіледі.
42. Егер құқық бұзушылық алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлықмасаң күйінде жасалса, 27-деректеме толтырылады.
43. Жеке басын куәландыратын құжат деректері көрсетілетін деректемелер орнату деректерінде көрсетілген мәліметтерді бейнелейді. Жеке кәсіпкерлер үшін қызметінің түрі, мемлекеттік тіркеу куәлігі және болған кезде ЖСН толтыру үшін міндетті.
Заңды (үй) мекенжайын толтыру барлық адамдар үшін міндетті болып табылады.
44. Егер «субъект» 8-деректемесінде: «03» - заңды тұлға, «04» - шетелдік заңды тұлға, «05» - шетелдік қатысуы бар заңды тұлға, «27» - заңды тұлғаның филиалы немесе «28» - заңды тұлғаның өкілдігі таңдалса, 28 -31 – деректемелері толтырылады.
45. 32-деректемеде АЕҚ-ты толтырған адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұлғаның лауазымы, толтыру күні толтырылады.
46. 33-41-деректемелері ішкі істер органдарымен толтырылады.
47. 42-44-деректемелері мемлекеттік кіріс органдарымен толтырылады.
3. №1-ӘҚ нысанды АЕҚ шығару және енгізу ерекшеліктері
48. №1-ӘҚ нысанды АЕҚ тек сәйкес №1-ӘЖ нысанды АЕҚ шығарған соң қозғалған әкімшілік материал бойынша келесі шешімдерді қабылдау нәтижелері бойынша толтырылады:
материалды (хаттаманы) беру жөнінде;
жаза тағу немесе тоқтату/босату туралы қаулыны шығарумен материалды (хаттаманы) қарау жөнінде;
материалды мәжбүрлі орындауға беру жөнінде;
жазаны орындау жөнінде;
жазаны орындауды кейінге қалдыру жөнінде;
қаулыны апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шағым (наразылық) білдіру жөнінде.
Әр қабылданған шешімге бөлек карточка басталады.
49. Карточканың 2-деректемесіне әкімшілік материалдың 15 белгілік нөмірі енгізіледі.
Егер бірігіп қарау үшін әкімшілік істерді бір өндіріске біріктірген жағдайда (ҚР ӘҚБтК 816-бабы 4-бөлігі) 2.3 деректеме белгіленеді, негізгі істің нөмірі 2.4 деректемеде көрсетіледі, біріктірілген әкімшілік істердің нөмірлері мәтіндік форматта 2.5 деректемеде көрсетіледі.
Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 21.10.2015 № 126 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
50. 6-деректемеде, егер №1-ӘЖ нысанды АЕҚ 12-деректемесінде көрсетілген болса және осы АЕҚ-ын енгізу сәтіне төленген мемлекетке өтелген сома көрсетіледі.
Материалдарда (хаттамада, істе) көрсетілген барлық сомалар нүкте және үтірсіз теңгеде толтырылады.
51. Жаза тағайындау немесе істі тоқтату туралы қаулыны шығару жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ-ын толтыру (енгізу), қаулының заңды күшіне енуін күтпестен, шешімдердің біреуі қабылданған сәттен бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.
52. Қаулыға шағым немесе наразылық білдірілген жағдайда қаулыға шағым (наразылық) білдіру туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ қосымша толтырылады.
53. Егер әкімшілік материал әкімшілік жаза тағумен қаралса, «материал бойынша шешім» 7-деректемесінде «09» - жаза тағумен қаралды кодировкасы қойылады, «шешім күні» деректемесінде қаулыны шығару күні және «Әкімшілік жаза шаралары» 9-деректеме бойынша сәйкес кодировка таңдалынады.
54. Егер әкімшілік қамақ немесе арнайы құқықтан айыру түріндегі жазалау шарасы көрсетілсе, әкімшілік қамақ немесе арнайы құқықтан айыру қандай мерзімге белгіленгені көрсетілетін «мерзімге дейін» деген деректеме толтырылады.
55. «Қосымша шаралар» 9.2-деректемесінде, егер олар ҚР ӘҚБК Ерекше бөлімінде сәйкес баппен көзделген болса, қосымша шаралар көрсетіледі.
Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру немесе оның әрекет етуін тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен шығару, қызметті немесе оның жеке түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу қосымша шарасын көрсеткен кезде «мерзімге дейін» деген деректеме толтырылады.
56. Әкімшілік құқықтық шараларды қолданған кезде сөздік бойынша сәйкес кодировканы таңдау арқылы «Әкімшілік-құқықтық» 9.3-деректемесі толтырылады.
Егер айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағылса, «Тағайындалған айыппұл мөлшері» 9.4-деректемесінде оның мөлшері көрсетіледі, 9.5-деректемеде ҚР ӘҚБК 819 бабының 2-бөлігін қолдану көрсетіледі.
Қысқарту өндірісі қолданылатын жағдайда салынған айыппұлдың сомасы «Қысқарту өндірісі тәртібінде салынған айыппұл мөлшері» 9.6 деректемесінде көрсетілсін.
Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 21.10.2015 № 126 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
57. Егер әкімшілік материал істі тоқтату немесе әкімшілік жазадан босату қаулысын шығарумен қаралса, 10.1-ден 10.4-ке дейінгі деректемелер толтырылады.
58. Материалды мәжбүрлі орындауға беру туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) әкімшілік жазаны тағумен әкімшілік материалды қарау жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізген соң жүзеге асырылады.
59. Жазаны орындау туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) тек құқық бұзушыдан айыппұлдарды төлегені туралы немесе мәжбүрлі орындауды жүзеге асыратын органның растау құжаттарын алған соң, әкімшілік жазаны тағумен әкімшілік материалды қарау жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізген соң жүзеге асырылады.
Сонымен бірге тағылған айыппұлды төлеу тәртібі көрсетіледі (ерікті, қысқартылған, мәжбүрлі).
Айыппұлды бөліктермен төлеу жағдайында, барлық сомалар қосылады және соңғы төлем бойынша күн бейнеленеді.
Мәжбүрлі түрде төленген сома дәл осыған ұқсас көрсетіледі, яғни ерікті және мәжбүрлі тәртіпте төленген сомалар қосылады.
60. Жазаны орындауды кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) тек егер ҚР ӘҚБК 888-бабына сәйкес құқық бұзушының өтініші бойынша әкімшілік жаза туралы қаулыны шығарған судья немесе орган (лауазымды адам) әкімшілік жазаны орындауды кейінге қалдыру/мерзімін ұзарту жөнінде шешім шығарған жағдайда, әкімшілік жаза тағумен әкімшілік істі қарау жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.
61. Қаулыға апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде шағым (наразылық) беру туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) тек егер қаулыға шағым немесе наразылық берілген жағдайда әкімшілік жаза тағумен әкімшілік істі қарау немесе істі тоқтату жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізген соң толтырылады.
62. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қаулыларға шағым (наразылық) беру туралы №1-ӘҚ нысанды АЕҚ толтыру (енгізу) тек егер қаулыға шағым немесе наразылық берілген жағдайда әкімшілік жаза тағумен әкімшілік материалды қарау немесе істі тоқтату жөнінде №1-ӘҚ нысанды АЕҚ енгізген соң толтырылады.
63. АЕҚ шағым немесе наразылық беру нәтижесіне байланыссыз толтырылады, соның ішінде, егер қаулы өзгеріссіз қалдырылса.
64. Егер «Қарау нәтижесі» 13.2-деректемесінде «04» коды - жаңа қаулы шығарумен қаулының күшін жою немесе «05» коды –ведомстволығы бойынша жолдаумен қаулының күшін жою таңдалса, бұл жағдайда сәйкес деректемелер мен материал бойынша қабылданған шешімді енгізумен №1-ӘҚ нысанды келесі карточка енгізіледі.
65. Егер «Қарау нәтижесі» 14.2-деректемесінде «02» коды – қаулы қанағаттандырылды және күші жойылды – таңдалса, сәйкес деректемелер мен материал бойынша қабылданған шешімді енгізумен №1-ӘҚ нысанды келесі карточка енгізіледі.
65-1. Заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде, субъекті 15-деректемеге белгі қояды, шешім күні және шешім қабылдаған соттың атауы 15.1 және 15.2. деректемелерде көрсетіледі.
Ескерту. 65-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 21.10.2015 № 126 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Деректерді ОДБ есебінде сақтау мерзімі
66. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер ҚР ӘҚБК 61-бабына сәйкес әкімшілік жаза тағу туралы қаулының орындалуы аяқталғаннан кейін 1 жыл бойы сақталады.
Қазақстан Республикасының салық салу немесе монополияға қарсы күрес саласындағы қаулы заңды күшіне енген соң, 5 жыл ішінде орындалмаған жағдайда, ҚР ӘҚБК 890-бабына сәйкес, әкімшілік тәжірибе субъектісі 62-бапта және 889-баптың 4-тармағында белгіленген тәртіпте қаулыны орындауды тоқтатады және адамды әкімшілік жауаптылықтан босатып, АЕҚ-да тиісті белгі жасайды.
67. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандар туралы мәлімет әкімшілік жаза тағу туралы қаулы орындалған сәттен бастап алты айға дейін сақталады (ҚР ӘҚБК 72-бабы).
68. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәлімет жаза тағу туралы қаулы орындалған күннен бастап 3 жыл көлемінде сақталады («Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы).
69. Әкімшілік тәжірибе субъектілерінде сақталатын, мерзімі аяқталған, қағаз жүзіндегі АЕҚ жою актісін қалыптастыра отырып жойылады.
Әкімшілік жаза тағу туралы орындалған қаулылар бойынша АЕҚ-ның электронды нұсқасы сақтау мерзімі аяқталған жағдайда мұрағатқа тапсырылады және есептен шығарылады.
70. (Электронды немесе қағаз жүзіндегі) ӘҚЕАЖ әкімшілік тәжірибе субъектісінің мұрағатында 3 жыл сақталады, (электронды немесе қағаз жүзінде) содан соң, қағаз нұсқасы акті бойынша жойылады.
5. Деректер банкімен қызмет жасау негізі және тәртібі
71. Адамдар туралы ақпаратты талап етіп алдыру Комитетке және оның аумақтық органына әр тексерілетін адамға бөлек рәсімделген талап етуді жолдау арқылы жүзеге асырылады.
Бланктердің нысандары, оларды толтыру және есепке алу бойынша тексеру үшін жолдау тәртіптері, сондай-ақ орындау мерзімдері, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылдың 10-шілдесінде № 71 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген орнатылған Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалану Қағидасымен ұқсас жүзеге асырылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар болған кезде, тексеру күнінде Комитеттің ақпараттық жүйесінің есебінде бар құқық бұзушылықтар көрсетіледі.
72. Жүгініп келген жеке тұлғаға қатысты есепке алу мәліметтерін беру өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты және АБ басшысының атына жазылған өтінішті ұсынуы арқылы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша АБ жүзеге асырылады. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен адамдар бұрынғы сауалнама деректерін де көрсетеді.
Мәліметтер азаматтардың өтініштері бойынша анықтамалар түрінде Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.
73. Есепке алу мәліметтері өзге адамға ақпарат сұралатын адам берген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес рәсімделген сенімхат негізінде беруі мүмкін. Сенімхат немесе оның көшірмесі өтінішке қоса берілетін қосымша ретінде АБ-да қалады.
74. Комитеттің жергілікті басқармалары қызметкерлері, ІІО нақтыланған мәліметтерді өзгертуі туралы ақпарат түскен жағдайда,әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдардың есебі бойынша 5 жұмыс күні ішінде тексеру өткізеді.
Сауалнама деректерін өзгерткен азаматтарға қатысты мәліметтер бар болса, АЖ-де «басқа сауалнама деректері бар» бөлімінде белгі жасалады және аталған деректер көрсетіледі.
Ескерту: егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне (демалыс, мерекелік күндер) келмеген жағдайда, мерзімнің келесі күні одан кейінгі бірінші жұмыс күні болып есептеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу туралы |
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу карточкасы
1-ӘЖ нысаны
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 21.10.2015 № 126 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. _________________________________________________________________ 2. _________________________________________________________________ |
3. Әкімшілік іс нөмірі/_/_/_/_/_/_/_/_/басталған күні «__»___20__ж. |
8. Субъект: жеке тұлға (01), жеке кәсіпкер (02), заңды тұлға (03), |
9. Құқық бұзушылықтың саралануы ҚР ӘҚБтК __б. __б. _____т. |
15. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның Т.А.Ә. Т /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ |
25. Жұмысының түрі: |
28. Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны |
32. Қызметкердің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _____________________________ |
Ішкі істер бөлімі толтырады |
42. Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік кіріс органдарының КБТҚ қызметкерлері көмегімен анықталды: |
шекарадағы пост қызметкерлері (01), контрабандаға қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері (02), ОКҰ кеден постарының қызметкерлері (03), энергетикалық кеден постарының қызметкерлері (04), кедендік кіріс бөлімшелерінің қызметкерлері (05), алдын ала операцияларды бақылау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері (06), кедендіктен кейінгі бақылау бөлімшелерінің қызметкерлері (07), кедендік сараптама бөлімшелерінің қызметкерлері (08), заң қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері (09). |
43. Құқық бұзушылық анықталған КБТҚ атауы: |
автокөлік құралдарын есепке алу автоматтандырылған жүйесі (01), техникалық радиациялық бақылау құралдары (02), салмақ және габарит параметрлерін автоматтандырылған анықтау жүйесі (03), қарау интраскопиялық техникасы (04), техникалық іздеу құралдары (05), техникалық сәйкестендіру құралдары (06), техникалық визуалды бақылау құралдары (07), аудио және бейнеақпарат тасымалдағыштарды техникалық бақылау құралдары (08), техникалық жедел байланыс құралдары (09). |
44. Қызметкердің Т.А.Ә., лауазымы, қолы және толтырған күні _________ |
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін қалыптастыру бойынша Нысан |
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау барысы және нәтижелері
туралы карточка 1-ӘҚ нысаны
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 21.10.2015 № 126 (ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Материал/хаттама/іс бойынша шешім қабылдаған өкілетті орган______ |
3. Шешім қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә._________________________ |
5. Құқық бұзушылықтың саралануы ҚРӘҚБК ___б. ___б. ___т. |
8. Материал берілді |
9. Әкімшілік жаза шаралары (ҚР ӘҚБтК 42, 52-бб.): |
10. Тоқтату негіздері: |
11. Айыппұл төлету |
12. Қаулыны орындау мерізімі кейінге қалдырылды/ұзартылды |
13. Шағымдалды/наразылық берілді |
14. Қаулының жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау |
15. Банкрот болып танылды |
16. Қызметкердің Т.А.Ә., лауазымы, қолы және толтырған күні |
Әкімшілік құқық |
|
Нысан |
__________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу
журналы
№ _________________
20__ ж. «___»___________ № _______________басталды
20__ ж. «___»__________ № ________________аяқталды
№ р/р |
Тіркеу күні және уақыты |
Әкімшілік істің нөмірі |
Құқық бұзушылықты кім анықтады |
Хаттаманың/материалдың № және оны құрастыру күні |
ҚР ӘҚБК нормалары бойынша құқық бұзушылықты саралау |
Құқық бұзушылық жасалу орны және күні |
Құқық бұзушылық фабуласы |
Құқық бұзушылық жасаған адам немесе жеке кәсіпкер туралы мәліметтер, (Т.А.Ә., туған күні және жері, жұмыс орны, лауазымы) ЖСН, мекенжайы) |
Заңды тұлғаның, ЖК-дің, ДК-дің атауы және мекенжайы, заңды тұлғаның бірінші басшысы туралы мәліметтер (болған кезде заңды мекенжайы, БСН) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы
Қарау күні және нәтижелері |
Материалды сотқа жіберу күні |
Қаулы № және заңды күшіне ену күні |
Жазалау шаралары |
№ 1-ӘЖ нысанды карточканы ұсынған қызметкердің Т.А.Ә. |
№-ӘҚ нысанды карточканы ұсынған қызметкердің Т.А.Ә. |
ҚСжАЕКБ-на АЕҚ жолдау күні |
Тағылған айыппұлды төлеу күні |
Мәжбүрлі төлету туралы қаулыны жолдау күні |
ААК, СДТБТ № және күні |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және |
|
Нысан |
|
БП ҚСжАЕКБ Басшысына ______ бойынша |
|
кімнен (Т.А.Ә. толық) ________ |
|
Жеке куәлік № _______________ |
Өтініш
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________үшін қажет (сұраудың мақсаты) маған қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың бар (жоқтығы) туралы мәліметтерді ұсынуыңызды сұраймын.
Күні _________________ Қолы ______
Әкімшілік құқық бұзушылықтар |
|
Нысан |
А Н Ы Қ Т А М А
Азамат (ша)__________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты,
_____________________________________________________________________
күні (күнді, айды және жылды көрсетумен)
_____________________________________________________________________
және туған жері
20___ жылғы«_____» _____________ жағдайына әкімшілік құқық
бұзушылықтары жоқ (бар).
Басқарма басшысы
_______________________________________________
(Комитеттің аумақтық органының,
құрылымдық бөлімшесінің атауы,
қолы, Т.А.Ә.)