Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 8225 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 3579 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабының 29, 53-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3482 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
      15-тармақта:
      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) облыстың жергілікті атқарушы органына беру үшін қала аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды оны жүзеге асыру;";
      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      13-1) қала аумағында туристік ресурстарды қорғау, туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      13-2) туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;
      13-3) қаладағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;";
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;".
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Т. Қасымжанов