Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабының 29, 53-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 27 тамыздағы № 6714 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3482 тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) облыстың жергілікті атқарушы органына беру үшін қала аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды оны жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
13-1) қала аумағында туристік ресурстарды қорғау, туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
13-2) туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету;
13-3) қаладағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;».
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының |
Т. Қасымжанов |