РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының
әкімі Т. Қасымжанов
Өскемен қаласы әкімдігінің
2014 жылғы « 03 » 09
№ 6812 қаулысымен
бекітілген
«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысаңындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөр мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзырет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
8. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, индекс 070004.
9. Мемлекеттік органның толық атауы Ғ- «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
13. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала ішілік қоғамдық жолаушылар тасымалы, қалалық маңызы бар жолдар, коммуникациялар, тұрғын үй қатынастары саласында мемлекеттік саясатты, қала аумағындағы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
14. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) қаланың өмір тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
3) қалада қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
4) қала аумағындағы тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша кондоминиумдар объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау;
5) заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
15. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) көрсетілетін коммуналдық қызметтер деңгейін жоғарылатуға ықпал ету;
2) сумен қамту, тазарту, дренажды жүйелер, канализация, жылу, электр желілері объектілерін және басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көріктендіру объектілерін салуды, қайта жаңартуды және жөндеуді ұйымдастыру;
3) қалалық автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, қала аумағының санитарлық жағдайын күтіп ұстау, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
4) көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және жарықтандыру, қала аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
5) нормативтік-құқықтық актілермен ұсынылған өкілеттер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, қала жолдарын, көріктендіру объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
7) тұрғын ғимараттарын күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік пәтер иелері кооперативтеріне және үй-жай иелеріне құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
8) үй жайлар иелерінің кооперативтерін құруға жан-жақты көмек көрсету және тұрғын ғимараттары мен инженерлік жабдықтарды күтіп ұстау бойынша кондоминиумдарды және меншік пәтер иелері кооперативтерін қолдау мәселелерінде өзара әрекет ету;
9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін күтіп ұстау және жөндеудің ұйымдастырушылық нысанын енгізу бойынша іс-тәжірибелерді жалпылап, ұсыныстарды әзірлеу;
10) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалдаушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы шаралар қабылдау;
11) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезінде жалғыз үйі авариялық деп танылған азаматтарға Тозған тұрғын үйлерді жөндеу, бұзу және апаттық мемлекеттік тұрғын үйлерден азаматтарды көшіру бағдарламасына енгізілген тұрғын үйге тиісті анықтаманы беру. Жоғарыда аталған Бағдарламаға енгізілмеген тұрғын үйге анықтама заңнамамен белгіленген тәртіпте құрылған тиісті ведомствоаралық комиссия актісінің негізінде беріледі;
12) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
13) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алуды, сақтауды және бөлуді қамтамасыз ету;
14) иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтап, одан әрі оны қаланың коммуналдық мешігіне тапсыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке санаттағы азаматтарға тұрғын үй беру бойынша қала әкімдігі шешімдерінің жобаларын және ұсыныстарды дайындау;
16) апаттық және тозған тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастыру;
17) қала жолдары, көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық маңызы бар объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу;
18) қаланың жол-көпір шаруашылығы және көріктендіру объектілерін, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;
19) тиісті қызметтерді ұсынатын телекоммуникация мен кәсіпорындар құралдарын дамыту, кәсіпорындарда әлеуметтік-экономикалық жағдайды болжап, талдау жүргізу, ақпарат жинау;
20) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
21) көлік салаларын дамыту динамикасы туралы ақпаратты талдау және нақтылығын қамтамасыз ету;
22) көлік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
23) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізуге, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысу;
24) жасыл желектерді кесуге актілер, жер жұмыстарын жүргізуге ордерлерді беру;
25) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру ұйымдастыру;
26) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу тізбесін, кезеңін және кезектілігін анықтау;
27) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге шығындар сметасын келісу;
28) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде комиссияларға қатысу;
29) төмендегілерге мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру:
кондоминиум объектісі мен кондоминиум объектісінің маңындағы аумақта үй жайлар (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарында) жылу, энергия, газ және су ресурстарының жалпы үйлік есептеу құралдарының барлығына;
кондоминиум объектісіндегі үй жайлар иелерінің ортақ мүлкі мен оның инженерлік жабдықтарының техникалық жағдайына, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оларды күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытылы орындалуына;
маусымдық пайдаланымға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратын) дайындау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға;
анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер және ұйғарымдарды орындауға;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;
30) тұрғын ғимараттарын, кондоминиум объектісінің маңындағы аумақты күтіп ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйді пайдалануды жүзеге асыратын азаматтарға кеңестік көмек көрсету;
31) мекеме құзыретінің шегінде қала әкімінің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, оларды ғылыми сараптамаға бағыттау;
32) құзыреті шегінде мәселелерді қарастыру кезінде барлық органдарда мемлекеттің мүддесін қорғау;
33) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
16. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
2) көріктендіру саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетімен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысу үлестерімен, мемлекеттік заңды тұлғалар құқықтарының субектісімен иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдау;
4) тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында:
тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлікті көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;
тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру мәніне қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кондоминиумға қатысушылардың ортақ мүлкіне тексеру жүргізуге;
тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
тексеру нәтижелерінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережесін бұзушылықтар туралы актілерді жасауға;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережесін бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшін міндетті нұсқаманы шығаруға міндетті;
5) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық монитоингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.
3. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1). дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2). белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
6) шарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;
9) сапарлар, сынақтамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге түрлері бойынша мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің мүлкi
22. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.