РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса беріліп отырған «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының |
Т. Қасымжанов |
Өскемен қаласы әкімдігінің |
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік, индустрия, экология, сауда және туризм саласындағы әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органы болып табылады.
2.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзірет шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
8.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33, индексі 070004.
9.
Мемлекеттік органның толық атауы – «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10.
Осы Ереже «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
2. «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қаланың кәсіпкерлік, сауда, туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру үшін жағдай жасау, өндіріс көлемін өсіру жағдайында қаланың экологиялық жағдайында жақсартуды қамтамасыз ету.
14.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері: қолданыстағы заңнамамен белгіленген шегінде индустриалды-инновациялық даму, мемлекеттік сауда саясаты, туризм, экология саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды іске асыру.
15.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1)
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытуда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2)
кәсіпкер мүддесіне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобасына сараптама жүргізуге талаптанатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін акредиттеу;
3)
қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
4)
қала аумағында кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық климат үшін жағдайлар құру;
5)
әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілетін бөлшек сауда бағасы мөлшерін асыра көтергені үшін әкімшілік құқықбұзұшылық туралы хаттама толтыру;
6)
кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
7)
мемлекеттік бағдарламаларды іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету;
8)
инновациялық қызметтегі кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым нысандарын құру және дамытуды қамтамасыз ету;
9)
құзірет шегінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау қызметін жүзеге асыру;
10)
қала үшін маңызды жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
11)
қала аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және үйлестіруді жүзеге асыру;
12)
қала аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
13)
туристік ақпаратты, оның ішінде туристік потенциалды, туризм нысандары және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
14)
мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтык актілерінің жобаларын әзірлеу, оны ғылыми сараптамаға жолдау;
15)
мәселелерді қарау барысында құзірет шегінде барлық мемлекеттік органдарда мемлекет мүдделерін ұсыну;
16)
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі басқа да функцияларды жүзеге асыру.
16.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары және міндеттері:
1)
жергілікті атқарушы органға, өкілетті органдарға кәсіпкерлікті дамыту, сауда саясатын, қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтаудың негізгі бағыттары, туризм бойынша ұсыныстар енгізу;
2)
өз құзіреті шамасында бекітілген заңнамамен белгіленген мерзімінде мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдардан, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарын сақтаумен ақпарат сұрау және алу;
3)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
4)
мемлекеттік органдармен өткізілетін «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзіретінің мәселесіне қатысты отырыстарға, жиналыстарға, кеңестерге қатысуға;
5)
облыс және қала әкімдерінің, облыс және қала әкімдері орынбасарларының тапсырмалары мен өкімдерін орындауға;
6)
мекеменің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша облыс және қала әкімдігінің қаулыларын, облыс және қала әкімінің өкімдерін орындауға;
7)
мекеме әзірлеуші болып табылған әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар немесе күшін жойды деп тану бойынша шараларды өз уақытында қабылдау;
8)
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.
3. «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзег асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
20.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1)
дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2)
белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан мекеменің құзіретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажет материалдарды сұратады және алады;
3)
мекеменің құзіретіне кіретін мәселелерді дайындау үшін белгіленген тәртіппен ғылыми-зерттеу мекемелерін, қаржылық-экономикалық органдарын осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде шарт негізінде жұмысқа тартады;
4)
мекеменің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен бекітілген тәртіпте кеңестерді шақырады;
5)
мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
6)
мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
7)
шарттар жасасады;
8)
сенімхаттар береді;
9)
сапарлар, сынақтаманы, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың басқа да түрлері бойынша мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
10)
банк есепшоттарын ашады;
11)
мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
12)
мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
13)
мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
14)
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
15)
оған заңнамамен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
16)
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21.
Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24.
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25.
«Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.