"Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 352 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қарашада № 2883 болып тіркелді

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1 "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Садырға жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы "31" қазандағы
№ 352 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктері шегінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру функцияларын орындауда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада бедгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 18.03.2016 № 72 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын, орман, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және теңгерімді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақтар желілерін дамыту жөніндегі облыстық бағдарламаларды әзірлеу және оларға әкімшілік ету;
      2) облыстық бюджеттік бағдарламалар аясында қалдықтарды жою және орналастыру бойынша нысандар құрылысын жүргізуді қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;
      3) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысу;
      4) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарауындағы мемлекеттiк орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында орман пайдалануды реттеу;
      5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк іс-шараларды әзiрлеу және олардың iске асырылуын қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға немесе реконструкциялауға тыйым салу немесе рұқсат беру;
      3) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу;
      4) өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;
      5) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастыру;
      6) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына беру;
      7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тарту;
      8) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлеу;
      9) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
      10) облыстық бюджеттік бағдарламалар аясында қалдықтарды жою және орналастыру бойынша нысандар құрылысын жүргізуді қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;
      11) коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
      12) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асыру және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлеу;
      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешiм қабылдауға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      14) облыс аумағында тұрған табиғат объектiлерiнiң жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру;
      15) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асыру;
      16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс ету;
      17) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен оларды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу;
      18) өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шаралары жоспарларын келісу;
      19) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;
      20) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      21) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу және iске асыру;
      22) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртiбiн айқындау, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыс iстеуiне жәрдемдесу;
      24) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасау;
      25) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбін, аңыздарды және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуіне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз ету;
      26) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастыру;
      27) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құру;
      28) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      29) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      30) уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлеу;
      31) өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдау;
      32) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшелемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлеу;
      33) уәкілетті органның және жергілікті өкілді органның қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастыру және өткізу;
      34) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдалану құқығын, ормандардың жай-күйі мен өндірісі үшін қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;
      35) орман пайдаланушыларға орман ресурстарын сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда, аңшылық шаруашылығы қажеттіліктері, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген қарауындағы мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс обьектілеріне учаскелер беру және осы учаскелерді осындай обьектілерді салу үшін пайдалануға рұқсаттар беру;
      36) мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      37) "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарауындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру;
      38) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтудi жүзеге асыруға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      39) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер жобасын әзірлеу;
      40) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
      41) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;
      41-1) аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;
      42) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;
      42-1) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;
      42-2) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемелері орындалған жағдайда, бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
      42-3) уәкілетті органның ұсынуы бойынша екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
      43) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды көбейту бойынша қызметті ұйымдастыру;
      44) аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастыру;
      45) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;
      46) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      47) балық шаруашылығы учаскелерінің шекаларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабуға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      48) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;
      49) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзу;
      50) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастыру және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз ету;
      51) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      52) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде шешiмдер жобасын әзірлеу;
      53) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын беітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      54) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеу және бекiту, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету;
      55) заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      56) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысу;
      57) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және бекіту, паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге (қайта тіркеуге) беру;
      58) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрiн құру үшiн жердi резервте қалдыру жөнiнде шешiмдер жобасын әзірлеу;
      59) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне терiс әсер ететiн қызметтiң барлық түрiн шектей отырып, осындай аймақтарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер жобасын әзірлеу;
      60) қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      61) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      62) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын облыстық өкілді органға бекітуге ұсыну;
      63) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде келісу;
      64) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.01.2015 № 3 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      65) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.01.2015 № 3 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      66) су қорын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      67) бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;
      68) өз құзіреті шегінде бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеуді қамтамасыз етуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      69) өз құзіреті шегінде конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беруді ұйымдастыру;
      69-1) өз құзыреті шегінде жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға заңнамамен белгіленген тәртіппен рұқсат беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
      70) өз құзіреті шегінде бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу;
      71) өз құзіреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
      72) өз құзіреті шегінде судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу;
      73) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.01.2015 № 3 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      74) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру;
      75) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және олар өндірушілердің тізімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім шарттық міндеттемелерді орындалуының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
      76) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерін бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      77) облыстың аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асыру, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу мақсатында құзыретті органға тоқсан сайын ұсыну;
      78) кең таралған пайдалы қазбалар барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындау және ұйымдастыру;
      79) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамының жобасын бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      80) жер қойнауын пайдаланушымен келісім шарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізу және жер қойнауын бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындау;
      81) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
      82) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлауымен өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім шарттардың тіркелуін және сақталуын қамтамасыз ету;
      83) Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсат беру жобасын дайындау, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу;
      84) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру жобасын дайындау;
      85) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;
      86) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;
      87) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдесу;
      88) құзыретті және уәкілетті орталық атқарушы органдармен келісім бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
      89) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім шарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдердің жобасын дайындау;
      90) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісім шарттық міндеттемелердің орындалауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
      91) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      92) болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;
      93) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу;
      94) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын жүзеге асыру;
      95) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу.
      Ескерту. 16 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.01.2015 № 3; 25.11.2015 № 357; 18.03.2016 № 72 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Басқарманың өз өкілеттіктері шегінде:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің қарамағындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының және уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің қарамағындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың жарғыларын әзірлеу;
      3) бағдарламалардың әкімшісі, облыстық бюджет қаражаты есебінен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөнінен ұйымдастырушы және тапсырыс беруші болуға, шарттар жасасуға және олардың орындалуына бақылау жасау;
      4) өз өкілеттіктері шегінде қоршаған ортаны, су қорын қорғау, ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, ормандар мен жануарлар әлемін пайдалану саласындағы облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша түзілген келісім шарттар аясында атқарылып жатқан барлық жұмыс түрлері мен іс-шараларға тексеру жүргізу;
      5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан басқарма қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратып алу;
      6) ведомстволық бағыныстағы мекемелерге ішкі бақылау жасау;
      7) жеке және заңды тұлғалардан табиғи ресурстарды пайдаланудың белгіленген ережелерін, нормалары мен шектеулерін сақтауды өз өкілеттігі шегінде талап ету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) Басқарманың жұмысын ұйымдастыру, оның және "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің қарамағындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметіне басшылық жасау;
      2) басқарма қызметкерлерін, "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың директорларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
      3) заңнамалармен, осы Ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен жүктелген қызметтерді жүзеге асыру.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындар тізбесі
      1) "Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі;
      4) "Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі;
      5) "Жасыл желек" мемлекеттік мекемесі;
      6) "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
      7) Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 14.01.2015 № 3 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).