"Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 352 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 357 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда № 3446 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 352 "Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2883-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      16-тармақта:
      42)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "42) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;";
      мынадай мазмұндағы 41-1), 42-1), 42-2), 42-3), 69-1)-тармақшалармен толықтырылсын:
      "41-1) аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;
      42-1) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;
      42-2) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемелері орындалған жағдайда, бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
      42-3) уәкілетті органның ұсынуы бойынша екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
      "69-1) өз құзыреті шегінде жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға заңнамамен белгіленген тәртіппен рұқсат беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;".
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ә.Қаныбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      С.Қаныбеков
      А.Абдуллаев
      Б.Жылқышиев
      Е.Садыр
      Е.Айтаханов
      С.Тұяқбаев