Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 5247 болып тіркелді

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессияның төрайымы С. Сералинова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

  Мәслихаттың
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 279 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Федоров ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 24.02.2015 № 304 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегін "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік 2. Тұрғын үй көмегін "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - Қостанай облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Федоров аудандық бөліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы баламалы негізінде өтінішпен және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 08.04.2016 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, немесе порталға – күнтізбелік 10 (он) күн береді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 08.04.2016 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Өтініш беруші өтініш жасаған тұрғын үй көмегін өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
      5. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      6. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күнінен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      7. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.
      8. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері берген мәліметтер бойынша жүргізіледі.
      9. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      10. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын негізге алғанда уәкілетті органмен айқындалады.
      Қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтінішпен жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанына уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы есептеледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 10.12.2015 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Белгіленген нормалар шегіндегі отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:
      1) отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратын үшін пайдалы алаңның 18 шаршы метрі және 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      13. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
      14. Коммуналдық қызметтерді туындайтын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      15. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт; электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға, 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
      16. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      17. Осы қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      18. Тұрғын үй қаржыландыру тиісті аудан бюджетінде қарастырылған, тұрғын үй көмегін қаржыландыру қаржы шегінде жүзеге асырылады, сондай – ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      19. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминимум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын өткен айға жүргізіледі.

  Мәслихаттың
2014 жылғы 27қарашадағы
№ 279 шешіміне қосымша

Федоров аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-183 тіркелген, 2010 жылғы 4 қарашада "Федоровские новости" газетінде жарияланған).
      2. Мәслихаттың 2011 жылғы 26 қазандағы № 498 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-201 тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада "Федоровские новости" газетінде жарияланған).
      3. Мәслихаттың 2012 жылғы 24 тамыздағы № 63 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3835 тіркелген, 2012 жылғы 4 қазанда "Федоровские новости" газетінде жарияланған).
      4. Мәслихаттың 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 92 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4009 тіркелген, 2013 жылғы 21 ақпанда "Федоровские новости" газетінде жарияланған).
      5. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 191 "Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4427 тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда "Федоровские новости" газетінде жарияланған).