Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 304 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 5443 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 27 қарашадағы № 279 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5247 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      1 - тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы                         В. Сергиенко

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б. Бекенов