Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.06.2015 № 317 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 143 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4340 тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсанда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 теңге мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының
кезекті сессиясының төрағасы А. Жумагулов
Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы А. Досжанов