Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 143 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 263 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қаңтарда № 5296 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 143 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4340 тіркелген, 2013 жылғы 20 желтоқсанда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 теңге мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
      кезекті сессиясының төрағасы               А. Жумагулов

      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Досжанов