Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасы үшін Құндызды өзені арнасындағы тоғанда жер үсті суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 437 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қазанда № 5111 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасы үшін Құндызды өзені арнасындағы тоғанда жер үсті суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Н. Садуақасов

Әкімдіктің          
2014 жылғы 2 қыркүйектегі 
№ 437 қаулысына қосымша  

Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасы
үшін Құндызды өзені арнасындағы тоғанда жер үсті суларының
шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

Құндызды өзеніндегі тоған

Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 200 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 100 метр.
Ені бойынша қашықтығы – оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері жиегінен – 100 метр

16,147 гектар

Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 14400 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр.
Ені бойынша қашықтығы – Құндызды өзенінен және оның саласынан оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері жиегінен – 500 метр

2950 гектар

Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 16900 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр.
Ені бойынша қашықтығы – Құндызды өзенінен және оның оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері жиегінен– 3000 метр

6565 гектар

205,6 метр

      Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы "Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасындағы жер үсті суларының (Құндызды өзеніндегі тоған) шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Теміржолсу - Қостанай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).