Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасы үшін Құндызды өзені арнасындағы тоғанда жер үсті суларының шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 437 қаулысына қосымша |
Қарасу ауданындағы Қойбағар теміржол стансасы
үшін Құндызды өзені арнасындағы тоғанда жер үсті суларының
шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | Орташа көп жылдық судың сабалық кемері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | |||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | ||
Құндызды өзеніндегі тоған | Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 200 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 100 метр. Ені бойынша қашықтығы – оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері жиегінен – 100 метр | 16,147 гектар | Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 14400 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр. Ені бойынша қашықтығы – Құндызды өзенінен және оның саласынан оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері жиегінен – 500 метр | 2950 гектар | Ұзындығы бойынша қашықтығы – су тартудан ағыс бойынша жоғары 16900 метр және су тартудан ағыс бойынша төмен 250 метр. Ені бойынша қашықтығы – Құндызды өзенінен және оның оң және сол жақ жағалауы бойынша су кемері жиегінен– 3000 метр | 6565 гектар | 205,6 метр |