Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылы 27 маусымдағы № 392 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9658 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 88-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қызмет өңірін айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 "Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 6874 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 тамыздағы № 242 (26663) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 676 "Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 8806 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 тамыздағы № 242 (26663) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М.Қ. Пішембаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Министр

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 392 бұйрығымен
бекітілді

Қызмет өңірін айқындау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 257.02.2015 № 248 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қызмет өңірін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларда Қазақстан Республикасының барлық аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі - КҚ) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қарап тексеру операторларының өңірлік қызметін айқындау тәртібін белгілейді.

      3. Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілері үшін қызмет өңірі техникалық қарап тексерудің стационарлық желілері жоқ елді мекендер мен өңірлер атауларының тізбелерін жасау арқылы айқындалады.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетімен (бұдан әрі - Комитет) техникалық қарап тексерудің стационарлық желілері жоқ елді мекендер мен өңірлер атауларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) жасалып, www.mid.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.

      4. Техникалық қарап тексеру операторы (бұдан әрі - Оператор) техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісімен өзінің тіркелген орны бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде міндетті техникалық қарап тексеруді қамтамасыз етеді.

      5. Өңірлерде техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілердің пайдалануымен КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеру Оператормен стационарлық желілері жоқ аудандық маңызы бар қалаларда, әкімшілік орталық аудандарда және ауылдық округтерде қамтамасыз етіледі.

      6. КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілері бар техникалық қарап тексеру операторы қызмет өңірі шегінде КҚ-ның міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесін (бұдан әрі - Кесте) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.

      7. Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісі міндетті техникалық қарап тексеруді жыл бойы бекітілген Кестеге сәйкес өтуін қамтамасыз етеді.

      8. Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісі үшін кесте Техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына келісуге ұсынылады.

      Облыстық жергілікті атқарушы органға келісуге Кестені кейіннен ұсынуды Оператор жыл сайын, көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

      9. Облыстық жергілікті атқарушы органдар келісуге ұсынылған Кестені келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қарайды.

      10. Кестені облыстық жергілікті атқарушы органымен келісу кезінде осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес Тізбе бойынша елді мекендер және өңірлердің саны мен атауының сәйкестігі тексеріледі.

      11. Кестені Оператормен қызмет өңіріне сәйкес елді мекендердің саны мен атауын толық емес көрсете отырып, ұсынған жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы Кестеге түзетулер енгізеді.

      12. Кестені облыстық жергілікті атқарушы орган келіскеннен кейін Оператор тұрғындарды Кесте туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында хабарлайды.

      Облыстың жергілікті атқарушы органымен Кестені келіскеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде Оператор Кестенің көшірмесін Комитеттің аумақтық органына жібереді.

      13. Қызмет өңірі шегіндегі міндетті техникалық қарап тексеруді қамтамасыз еткен техникалық қарап тексерудің операторы қызмет өңірінен тыста міндетті техникалық қарап тексеруді жүзеге асырады.

      14. Азаматтық-құқықтық қатынастар шеңберінде заңды тұлғалар КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеруді өткізген жағдайда, Операторға Кестені бұзбастан, астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеруді қоспағанда, заңды тұлғаның аумағына кіру үшін техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілерін қолдануға рұқсат етіледі.

  Қызмет өңірін айқындау
қағидаларына қосымша

      Нысаны

Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесі

р/с

Елді мекендердің атауы

Міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кезеңі (күні)

Міндетті техникалық қарап тексеру өткізу орны

Жұмыс режимі

1

2

3

4

5


ауданның атауы