РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 88-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.
Қоса беріліп отырған Қызмет өңірін айқындау қағидасы бекітілсін.
2.
Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 «Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 6874 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 тамыздағы № 242 (26663) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
2)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 676 «Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 8806 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 тамыздағы № 242 (26663) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).
3.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1)
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2)
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3)
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4)
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М.Қ. Пішембаевқа жүктелсін.
5.
Осы бұйрық 2014 жылғы 20 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы |
Қызмет өңірін айқындау қағидасы
1. Осы Қызмет өңiрiн айқындау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Жол жүрiсi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Қағида Қазақстан Республикасының барлық аумағында механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi – КҚ) мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзудi қамтамасыз ету үшiн техникалық қарап тексеру операторларының өңiрлiк қызметiн айқындау тәртiбiн белгiлейдi.
3. Қызмет өңiрi тiркелген КҚ бөлу қағидаты бойынша анықталады.
4.
Осы Қағидаға 1 және 2-қосымшадағы 2-бағанда көрсетiлген елдi мекендерде және өңiрлерде техникалық қарап тексерудің ұтқыр желiсi бар техникалық қарап тексеру операторы КҚ-ның мiндеттi техникалық қарап тексеруді осы Қағидаға 1 және 2-қосымшадағы 3-бағанда көрсетiлген елдi мекендер мен өңiрлердiң әкiмшiлiк-аумақтық шекаралары шегiнде техникалық қарап тексерудің ұтқыр желiлерiмен өткiзуiн қамтамасыз етедi.
5. Өңiрлерде КҚ-ның мiндеттi техникалық қарап тексеруі аудандық маңызы бар қалаларда, аудандардың және ауылдық/селолық округтердiң әкiмшiлiк орталықтарында қамтамасыз етiледi.
6. КҚ мiндеттi техникалық қарап тексеруден уақтылы өтуiн қамтамасыз ету үшiн техникалық қарап тексеру операторы қызмет өңiрi шегiнде КҚ-ның мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу кестесiн (бұдан әрi - Кесте) әзiрлейдi.
7.
Техникалық қарап тексерудің стационарлық желiсi мiндеттi техникалық қарап тексерудің жыл бойы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiн өтуiн қамтамасыз етедi.
Ұтқыр желi мiндеттi техникалық қарап тексеруді жыл бойы облыстың жергілік атқарушы органмен келісілген Кестеге сәйкес өтуiн қамтамасыз етедi.
8.
Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісі үшін график техникалық қарап тексеру орталығы орналасқан жері бойынша техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізілген күннен бастап облыстың жергілікті атқарушы органына келісуге ұсынылады.
Облыстық жергілікті атқарушы органға келісуге Кестені кейін ұсынуды техникалық қарап тексеру операторы жыл сайын қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Облыстың жергілікті атқарушы органымен Кестені келіскеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде техникалық қарап тексеру операторы Кестенің көшірмесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау органына жібереді.
9. Қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады.
10. Облыстық жергілікті атқарушы органдар келiсуге ұсынылған Кестенi келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
11. Кестенi облыстық жергілікті атқарушы органмен келiсу кезінде Кестеде көрсетілген қызмет өңiрiне сәйкес елдi мекендердің саны мен атауы және мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу мерзiмдерi тексерiледi.
12. Кестенi техникалық қарап тексеру операторы қызмет өңiрiне сәйкес елдi мекендердiң саны мен атауын және мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу мерзiмдерiн толық емес көрсету арқылы ұсынған жағдайда облыстық жергілікті атқарушы орган Кестеге түзетулер енгiзедi.
13. Мiндеттi техникалық қарап тексеруді өткiзу мерзiмi бiр елдi мекенде кем дегенде үш күнтiзбелiк күндi құрайды.
14. Кестенi облыстық жергілікті атқарушы орган келiскеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде техникалық қарап тексеру орталығы тұрғындарды Кесте жөнiнде қызмет өңiрi аумағында таратылатын кезеңдiк баспа басылымдарында хабарлайды.
15.
Заңды тұлғалардың КҚ міндетті техникалық қарап тексеруді өткізген жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасы шеңберінде техникалық қарап тексеру операторларына Кестені бұзбастан, заңды тұлғаның аумағына кіру үшін техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілерін қолдануға рұқсат етіледі.
16. Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасы шеңберінде техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісінде қызмет көрсету осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес анықталған техникалық қарап тексеру операторының қызметі өңірі шеңберінде жүзеге асырылады.
17.
Елді мекенде екі және одан көп техникалық қарап тексеру орталықтары болған жағдайда осы елді мекенге техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісімен қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.
Қызмет өңірін айқындау |
Техникалық қарап тексеру операторларының қызмет өңірі
р/с |
Техникалық қарап тексеру операторында ұтқыр желісі бар елді мекендердің және өңірлердің атауы |
Міндетті техникалық қарап тексеру ұтқыр техникалық қарап тексеру желілерімен қамтамасыз етілетін елді мекендердің және өңірлердің атауы |
1 |
2 |
3 |
Ақмола облысы, Астана қаласы |
||
1 |
Астана қаласы, |
Aршалы ауданы, Астрахан ауданы, Атбасар ауданы, Егіндікөл ауданы, |
2 |
Көкшетау қаласы, Щучинск қаласы, Степногор қаласы, Зеренді ауданы, Бурабай ауданы. |
Ақкөл ауданы, Атбасар ауданы, Бұланды ауданы, Бурабай ауданы, Еңбекшілдер ауданы, Зеренді ауданы, Сандықтау ауданы, Степногор қаласы. |
Алматы облысы, Алматы қаласы |
||
3 |
Алматы қаласы, Қапшағай қаласы, Есік қаласы, Ұзынағаш аулы, Қарасай ауданы, |
Балқаш ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жамбыл ауданы, Іле ауданы, Қарасай ауданы, Райымбек ауданы, Талғар ауданы, Ұйғыр ауданы. |
4 |
Талдықорған қаласы, |
Ақсу ауданы, Алакөл ауданы, Ескелді ауданы, Қаратал ауданы, Кербұлақ ауданы, Көксу ауданы, Панфилов ауданы, Сарқант ауданы, Текелі қаласы. |
Ақтөбе облысы |
||
5 |
Ақтөбе қаласы, |
Алға ауданы, Әйтеке би ауданы, Байғанин ауданы, Ырғыз ауданы, Қарғалы ауданы, Мәртөк ауданы, Мұғалжар ауданы, Темір ауданы, |
Атырау облысы |
||
6 |
Атырау қаласы. |
Жылыой ауданы, Индер ауданы, |
Шығыс Қазақстан облысы |
||
7 |
Өскемен қаласы, |
Глубоков ауданы, Зайсан ауданы, |
8 |
Семей қаласы. |
Абай ауданы, Аягөз ауданы, |
Жамбыл облысы |
||
9 |
Тараз қаласы, |
Байзақ ауданы, Жамбыл ауданы, |
Батыс Қазақстан облысы |
||
10 |
Орал қаласы, |
Ақжайық ауданы, Бөкейордасы ауданы, |
Қарағанды облысы |
||
11 |
Қарағанды қаласы, Теміртау қаласы, Бұқар жырау ауданы. |
Абай ауданы, Ақтоғай ауданы, |
12 |
Жезқазған қаласы, Сәтбаев қаласы, Ұлытау ауданы. |
Жаңаарқа ауданы, Ұлытау ауданы, |
Қостанай облысы |
||
13 |
Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Қостанай ауданы. |
Алтынсарин ауданы, Амангелді ауданы, Әулиекөл ауданы, Денисов ауданы, |
Қызылорда облысы |
||
14 |
Қызылорда қаласы. |
Арал ауданы, Жалағаш ауданы, |
Маңғыстау облысы |
||
15 |
Ақтау қаласы, |
Бейнеу ауданы, Қарақиян ауданы, |
Павлодар облысы |
||
16 |
Павлодар қаласы, Ақсу қаласы, |
Ақтоғай ауданы, Железин ауданы, |
17 |
Екібастұз қаласы. |
Баянауыл ауданы |
Солтүстік Қазақстан облысы |
||
18 |
Петропавл қаласы, |
Айыртау ауданы, Ақжар ауданы, |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
||
19 |
Шымкент қаласы, |
Арыс ауданы, Бәйдібек ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтаарал ауданы, Ордабасы ауданы, Отырар ауданы, Сайрам ауданы, Сарыағаш ауданы, Созақ ауданы, Төле би ауданы, Түлкібас ауданы, Шардара ауданы. |
20 |
Түркістан қаласы. |
Бәйдібек ауданы, Созақ ауданы, |
21 |
Сарыағаш қаласы. |
Мақтаарал ауданы, Сарыағаш ауданы, |
Қызмет өңірін айқындау |
Техникалық қарап тексеру операторларының қызмет өңірі
Р/с |
Техникалық қарап тексеру операторында ұтқыр желісі бар елді мекендердің және өңірлердің атауы |
Міндетті техникалық қарап тексеру ұтқыр техникалық қарап тексеру желілерімен қамтамасыз етілетін елді мекендердің және өңірлердің атауы |
1 |
2 |
3 |
Ақмола облысы |
||
1 |
Астрахан ауданы |
Астрахан ауданы, Егіндікөл ауданы, |
Егіндікөл ауданы |
Егіндікөл ауданы, Астрахан ауданы, |
|
Қорғалжын ауданы |
Қорғалжын ауданы, Егіндікөл ауданы, Астрахан ауданы. |
|
Атбасар ауданы |
Атбасар ауданы, Есіл ауданы, Жақсы ауданы, Жарқайың ауданы. |
|
Есіл ауданы |
Есіл ауданы, Атбасар ауданы, Жақсы ауданы, Жарқайың ауданы. |
|
Жақсы ауданы |
Жақсы ауданы, Атбасар ауданы, Есіл ауданы, Жарқайың ауданы. |
|
Жарқайың ауданы |
Атбасар ауданы, Есіл ауданы, Жақсы ауданы, Жарқайың ауданы. |
|
Бұланды ауданы |
Бұланды ауданы, Бурабай ауданы, |
|
Сандықтау ауданы |
Сандықтау ауданы, Бұланды ауданы, |
|
Ақкөл ауданы |
Ақкөл ауданы, Еңбекшілдер ауданы, Ерейментау ауданы. |
|
Еңбекшілдер ауданы |
Еңбекшілдер ауданы, Ақкөл ауданы, Ерейментау ауданы. |
|
Ерейментау ауданы |
Ерейментау ауданы, Ақкөл ауданы, Еңбекшілдер ауданы. |
|
Алматы облысы |
||
2 |
Балқаш ауданы |
Балқаш ауданы, Жамбыл ауданы. |
Жамбыл ауданы |
Жамбыл ауданы, Балқаш ауданы. |
|
Еңбекшіқазақ ауданы |
Еңбекшіқазақ ауданы, |
|
Райымбек ауданы |
Райымбек ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы, |
|
Ұйғыр ауданы |
Ұйғыр ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы, |
|
Панфилов ауданы |
Панфилов ауданы, Кербұлақ ауданы, |
|
Кербұлақ ауданы |
Кербұлақ ауданы, Панфилов ауданы, |
|
Көксу ауданы |
Көксу ауданы, Панфилов ауданы, |
|
Ақсу ауданы |
Ақсу ауданы, Алакөл ауданы, Қаратал ауданы, Сарқант ауданы, Текелі қаласы. |
|
Алакөл ауданы |
Алакөл ауданы, Ақсу ауданы, Қаратал ауданы, Сарқант ауданы, Текелі қаласы. |
|
Қаратал ауданы |
Қаратал ауданы, Ақсу ауданы, Алакөл ауданы, Сарқант ауданы, Текелі қаласы. |
|
Сарқант ауданы |
Сарқант ауданы, Ақсу ауданы, Алакөл ауданы, Қаратал ауданы, Текелі қаласы. |
|
Текелі қаласы |
Ақсу ауданы, Алакөл ауданы, Қаратал ауданы, Сарқант ауданы. |
|
Ақтөбе облысы |
||
3 |
Әйтеке би ауданы |
Әйтеке би ауданы, Ырғыз ауданы. |
Ырғыз ауданы |
Ырғыз ауданы, Әйтеке би ауданы. |
|
Мұғалжар ауданы |
Мұғалжар ауданы, Шалқар ауданы. |
|
Шалқар ауданы |
Шалқар ауданы, Мұғалжар ауданы. |
|
Байғанин ауданы |
Байғанин ауданы, Темір ауданы, |
|
Темір ауданы |
Темір ауданы, Байғанин ауданы, Ойыл ауданы. |
|
Ойыл ауданы |
Ойыл ауданы, Темір ауданы, |
|
Алға ауданы |
Алға ауданы, Мәртөк ауданы, |
|
Мәртөк ауданы |
Мәртөк ауданы, Алға ауданы, |
|
Қобда ауданы |
Қобда ауданы, Алға ауданы, |
|
Хромтау ауданы |
Хромтау ауданы, Алға ауданы, |
|
Атырау облысы |
||
4 |
Құрманғазы ауданы |
Құрманғазы ауданы, Исатай ауданы, |
Исатай ауданы |
Исатай ауданы, Құрманғазы ауданы, |
|
Индер ауданы |
Индер ауданы, Құрманғазы ауданы, |
|
Махамбет ауданы |
Махамбет ауданы, Құрманғазы ауданы, Исатай ауданы, Индер ауданы. |
|
Мақат ауданы |
Мақат ауданы, Қызылқоға ауданы, |
|
Қызылқоға ауданы |
Қызылқоға ауданы, Мақат ауданы, |
|
Жылыой ауданы |
Жылыой ауданы, Мақат ауданы, |
|
Шығыс Қазақстан облысы |
||
5 |
Аягөз ауданы |
Аягөз ауданы, Үржар ауданы, Абай ауданы. |
Үржар ауданы |
Үржар ауданы, Аягөз ауданы, Абай ауданы. |
|
Абай ауданы |
Абай ауданы, Аягөз ауданы, Үржар ауданы. |
|
Зайсан ауданы |
Зайсан ауданы, Тарбағатай ауданы, |
|
Тарбағатай ауданы |
Тарбағатай ауданы, Зайсан ауданы. |
|
Көкпекті ауданы |
Көкпекті ауданы, Жарма ауданы. |
|
Жарма ауданы |
Жарма ауданы, Көкпекті ауданы. |
|
Күршім ауданы |
Күршім ауданы, Зайсан ауданы, |
|
Қатонқарағай ауданы |
Қатонқарағай ауданы, Зырян ауданы, |
|
Зырян ауданы |
Зырян ауданы, Қатонқарағай ауданы. |
|
Бесқарағай ауданы |
Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауданы, Курчатов қаласы. |
|
Бородулиха ауданы |
Бородулиха ауданы, Бесқарағай ауданы, Курчатов қаласы. |
|
Курчатов қаласы |
Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауданы. |
|
Шемонаиха ауданы |
Шемонаиха ауданы, Глубоков ауданы, |
|
Риддер қаласы |
Глубоков ауданы, Шемонаиха ауданы. |
|
Жамбыл облысы |
||
6 |
Жуалы ауданы |
Жуалы ауданы, Жамбыл ауданы, |
Мерке ауданы |
Мерке ауданы, Жуалы ауданы, |
|
Тұрар Рысқұлов ауданы |
Тұрар Рысқұлов ауданы, Жуалы ауданы, Жамбыл ауданы, Байзақ ауданы, |
|
Мойынқұм ауданы |
Мойынқұм ауданы, Қордай ауданы, |
|
Қордай ауданы |
Қордай ауданы, Мойынқұм ауданы, |
|
Шу ауданы |
Шу ауданы, Қордай ауданы, |
|
Сарысу ауданы |
Сарысу ауданы, Талас ауданы. |
|
Талас ауданы |
Талас ауданы, Сарысу ауданы. |
|
Батыс Қазақстан облысы |
||
7 |
Бөкейордасы ауданы |
Бөкейордасы ауданы, Жаңақала ауданы, Жәнібек ауданы, Казталовка ауданы. |
Жаңақала ауданы |
Жаңақала ауданы, Бөкейордасы ауданы, Жәнібек ауданы, Казталовка ауданы. |
|
Жанибекский район |
Жәнібек ауданы, Жаңақала ауданы, Бөкейордасы ауданы, Казталовка ауданы. |
|
Казталовский район |
Казталовка ауданы, Жаңақала ауданы, Бөкейордасы ауданы, Жәнібек ауданы. |
|
Ақжайық ауданы |
Ақжайық ауданы, Тасқала ауданы. |
|
Тасқала ауданы |
Тасқала ауданы, Ақжайық ауданы. |
|
Бөрлі ауданы |
Бөрлі ауданы, Қаратөбе ауданы, |
|
Қаратөбе ауданы |
Қаратөбе ауданы, Бөрлі ауданы, |
|
Сырым ауданы |
Сырым ауданы, Бөрлі ауданы, |
|
Шыңғырлау ауданы |
Шыңғырлау ауданы, Бөрлі ауданы, |
|
Қарағанды облысы |
||
8 |
Абай ауданы |
Абай ауданы, Бұқар жырау ауданы, Қарқаралы ауданы, |
Қарқаралы ауданы |
Қарқаралы ауданы, Абай ауданы, |
|
Саран қаласы |
Абай ауданы, Бұқар жырау ауданы, Қарқаралы ауданы, Шахтинск қаласы. |
|
Шахтинск қаласы |
Абай ауданы, Бұқар жырау ауданы, Қарқаралы ауданы, Саран қаласы. |
|
Нұра ауданы |
Нұра ауданы, Осакаров ауданы. |
|
Осакаров ауданы |
Осакаров ауданы, Нұра ауданы. |
|
Ақтоғай ауданы |
Ақтоғай ауданы, Шет ауданы, |
|
Шет ауданы |
Шет ауданы, Ақтоғай ауданы, |
|
Балқаш қаласы |
Ақтоғай ауданы, Шет ауданы, |
|
Приозер қаласы |
Ақтоғай ауданы, Шет ауданы, Балқаш қаласы. |
|
Жаңаарқа ауданы |
Жаңаарқа ауданы, Ұлытау ауданы, |
|
Ұлытау ауданы |
Ұлытау ауданы, Жаңаарқа ауданы, |
|
Қаражал қаласы |
Жаңаарқа ауданы, Ұлытау ауданы. |
|
Қостанай облысы |
||
9 |
Алтынсарин ауданы |
Алтынсарин ауданы, Меңдіқара ауданы, Ұзынкөл ауданы, Қарабалық ауданы, |
Меңдіқара ауданы |
Меңдіқара ауданы, Алтынсарин ауданы, |
|
Ұзынкөл ауданы |
Ұзынкөл ауданы, Алтынсарин ауданы, |
|
Қарабалық ауданы |
Қарабалық ауданы, Алтынсарин ауданы, |
|
Федоров ауданы |
Федоров ауданы, Қарабалық ауданы, Алтынсарин ауданы, Меңдіқара ауданы, Ұзынкөл ауданы, Сарыкөл ауданы. |
|
Сарыкөл ауданы |
Сарыкөл ауданы, Алтынсарин ауданы, Меңдіқара ауданы, Ұзынкөл ауданы, Қарабалық ауданы, Федоров ауданы. |
|
Таран ауданы |
Таран ауданы, Денисов ауданы, |
|
Денисов ауданы |
Денисов ауданы, Таран ауданы, |
|
Жітіқара ауданы |
Жітіқара ауданы, Таран ауданы, |
|
Қамысты ауданы |
Қамысты ауданы, Таран ауданы, |
|
Лисаковск қаласы |
Таран ауданы, Денисов ауданы, |
|
Әулиекөл ауданы |
Әулиекөл ауданы, Наурызым ауданы, |
|
Наурызым ауданы |
Наурызым ауданы, Әулиекөл ауданы, |
|
Қарасу ауданы |
Қарасу ауданы, Әулиекөл ауданы, |
|
Амангелді ауданы |
Амангелді ауданы, Жангелдин ауданы, Арқалық қаласы. |
|
Жангелдин ауданы |
Жангелдин ауданы, Амангелді ауданы, |
|
Арқалық қаласы |
Амангелді ауданы, Жангелдин ауданы. |
|
Қызылорда облысы |
||
10 |
Сырдария ауданы |
Сырдария ауданы, Жалағаш ауданы, Жаңақорған ауданы, Шиелі ауданы. |
Жалағаш ауданы |
Жалағаш ауданы, Сырдария ауданы, Жаңақорған ауданы, Шиелі ауданы. |
|
Жаңақорған ауданы |
Жаңақорған ауданы, Сырдария ауданы, Жалағаш ауданы, Шиелі ауданы. |
|
Шиелі ауданы |
Шиелі ауданы, Сырдария ауданы, |
|
Арал ауданы |
Арал ауданы, Қазалы ауданы, |
|
Қазалы ауданы |
Қазалы ауданы, Арал ауданы, |
|
Байқоңыр қаласы |
Арал ауданы, Қазалы ауданы, |
|
Маңғыстау облысы |
||
11 |
Бейнеу ауданы |
Бейнеу ауданы, Қарақиян ауданы, |
Қарақиян ауданы |
Қарақиян ауданы, Бейнеу ауданы, |
|
Маңғыстау ауданы |
Маңғыстау ауданы, Бейнеу ауданы, |
|
Түпқараған ауданы |
Түпқараған ауданы, Бейнеу ауданы, |
|
Жаңаөзен қаласы |
Бейнеу ауданы, Қарақиян ауданы, |
|
Павлодар облысы |
||
12 |
Ақтоғай ауданы |
Ақтоғай ауданы, Ертіс ауданы. |
Ертіс ауданы |
Ертіс ауданы, Ақтоғай ауданы. |
|
Железин ауданы |
Железин ауданы, Қашыр ауданы, |
|
Қашыр ауданы |
Қашыр ауданы, Железин ауданы, |
|
Успен ауданы |
Успен ауданы, Железин ауданы, |
|
Шарбақты ауданы |
Шарбақты ауданы, Лебяжье ауданы. |
|
Лебяжье ауданы |
Лебяжье ауданы, Шарбақты ауданы. |
|
Май ауданы |
Май ауданы |
|
Баянауыл ауданы |
Баянауыл ауданы |
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
||
13 |
Ақжар ауданы |
Ақжар ауданы, Аққайың ауданы, |
Аққайың ауданы |
Аққайың ауданы, Ақжар ауданы, |
|
Мағжан Жұмабаев ауданы |
Мағжан Жұмабаев ауданы, |
|
Тайынша ауданы |
Тайынша ауданы, Ақжар ауданы, |
|
Уәлиханов ауданы |
Уәлиханов ауданы, Ақжар ауданы, |
|
Айыртау ауданы |
Айыртау ауданы, Есіл ауданы, |
|
Есіл ауданы |
Есіл ауданы, Айыртау ауданы, |
|
Жамбыл ауданы |
Жамбыл ауданы, Айыртау ауданы, |
|
Мамлют ауданы |
Мамлют ауданы, Айыртау ауданы, |
|
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы |
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, |
|
Шал ақын ауданы |
Шал ақын ауданы, Айыртау ауданы, |
|
Тимирязев ауданы |
Тимирязев ауданы, Айыртау ауданы, |
|
Оңтүстік Қазақстан облысы |
||
14 |
Арыс ауданы |
Арыс ауданы, Ордабасы ауданы, |
Ордабасы ауданы |
Ордабасы ауданы, Арыс ауданы, |
|
Отырар ауданы |
Отырар ауданы, Арыс ауданы, |
|
Сайрам ауданы |
Сайрам ауданы, Арыс ауданы, |
|
Қазығұрт ауданы |
Қазығұрт ауданы, Төле би ауданы, |
|
Төле би ауданы |
Төле би ауданы, Қазығұрт ауданы, |
|
Түлкібас ауданы |
Түлкібас ауданы, Қазығұрт ауданы, |
|
Мақтаарал ауданы |
Мақтаарал ауданы, Сарыағаш ауданы, Шардара ауданы. |
|
Сарыағаш ауданы |
Сарыағаш ауданы, Мақтаарал ауданы, Шардара ауданы. |
|
Шардара ауданы |
Шардара ауданы, Мақтаарал ауданы, Сарыағаш ауданы. |
|
Созақ ауданы |
Созақ ауданы, Бәйдібек ауданы, |
|
Бәйдібек ауданы |
Бәйдібек ауданы, Созақ ауданы, |
|
Кентау қаласы |
Созақ ауданы, Бәйдібек ауданы. |
Қызмет өңірін айқындау |
Қызмет өңірі шегінде механикалық көлік құралдары мен олардың
тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу
кестесі
№ |
Елді мекендердің атауы |
Міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кезеңі (күні) |
Міндетті техникалық қарап тексеру өткізу орны |
Жұмыс тәртібі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Ауданның атауы |
||||