«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 88-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 27 шілдедегі № 392 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 9658 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпандағы «Егемен Қазақстан» № 28 (28506) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызмет өңірін айқындау қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетіне (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға бұйрық жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы № 248
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы № 392
бұйрығымен бекітілген
Қызмет өңірін айқындау қағидалары
1. Осы Қызмет өңірін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидаларда Қазақстан Республикасының барлық аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі - КҚ) міндетті техникалық қарап тексеруден өткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қарап тексеру операторларының өңірлік қызметін айқындау тәртібін белгілейді.
3. Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілері үшін қызмет өңірі техникалық қарап тексерудің стационарлық желілері жоқ елді мекендер мен өңірлер атауларының тізбелерін жасау арқылы айқындалады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетімен (бұдан әрі - Комитет) техникалық қарап тексерудің стационарлық желілері жоқ елді мекендер мен өңірлер атауларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) жасалып, www.mid.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылады.
4. Техникалық қарап тексеру операторы (бұдан әрі - Оператор) техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісімен өзінің тіркелген орны бойынша облыстың әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде міндетті техникалық қарап тексеруді қамтамасыз етеді.
5. Өңірлерде техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілердің пайдалануымен КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеру Оператормен стационарлық желілері жоқ аудандық маңызы бар қалаларда, әкімшілік орталық аудандарда және ауылдық округтерде қамтамасыз етіледі.
6. КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілері бар техникалық қарап тексеру операторы қызмет өңірі шегінде КҚ-ның міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесін (бұдан әрі - Кесте) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды.
7. Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісі міндетті техникалық қарап тексеруді жыл бойы бекітілген Кестеге сәйкес өтуін қамтамасыз етеді.
8. Техникалық қарап тексерудің ұтқыр желісі үшін кесте Техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына келісуге ұсынылады.
Облыстық жергілікті атқарушы органға келісуге Кестені кейіннен ұсынуды Оператор жыл сайын, көлік құралдарын міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
9. Облыстық жергілікті атқарушы органдар келісуге ұсынылған Кестені келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қарайды.
10. Кестені облыстық жергілікті атқарушы органымен келісу кезінде осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес Тізбе бойынша елді мекендер және өңірлердің саны мен атауының сәйкестігі тексеріледі.
11. Кестені Оператормен қызмет өңіріне сәйкес елді мекендердің саны мен атауын толық емес көрсете отырып, ұсынған жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы Кестеге түзетулер енгізеді.
12. Кестені облыстық жергілікті атқарушы орган келіскеннен кейін Оператор тұрғындарды Кесте туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында хабарлайды.
Облыстың жергілікті атқарушы органымен Кестені келіскеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде Оператор Кестенің көшірмесін Комитеттің аумақтық органына жібереді.
13. Қызмет өңірі шегіндегі міндетті техникалық қарап тексеруді қамтамасыз еткен техникалық қарап тексерудің операторы қызмет өңірінен тыста міндетті техникалық қарап тексеруді жүзеге асырады.
14. Азаматтық-құқықтық қатынастар шеңберінде заңды тұлғалар КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеруді өткізген жағдайда, Операторға Кестені бұзбастан, астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда КҚ-ны міндетті техникалық қарап тексеруді қоспағанда, заңды тұлғаның аумағына кіру үшін техникалық қарап тексерудің ұтқыр желілерін қолдануға рұқсат етіледі.
Қызмет өңірін айқындау
қағидаларына қосымша
Нысаны
Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесі
№ |
Елді мекендердің атауы |
Міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кезеңі (күні) |
Міндетті техникалық қарап тексеру өткізу орны |
Жұмыс режимі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
ауданның атауы |
||||