Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 ақпанда № 10223 тіркелді.

Жаңартылған

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-17) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды карантиндеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
Министрінің 2014 жылғы
30 желтоқсандағы
№ 7-1/700 бұйрығымен
бекітілген

Жануарларды карантиндеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы карантиндеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар), "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 46-17) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды карантиндеудің тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бақылау аймағы - буферлік аймақ пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;

      2) буферлік аймақ - инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жануарларға жүйелі түрде егу жасалатын және басқа да ветеринариялық іс-шаралар жүргізілетін қолайсыз аймақ пен бақылау аймағының арасында белгіленген аумақ;

      3) қолайлы аймақ - жануарлардың жұқпалы ауруларынан ада аймақ;

      4) қолайсыз аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған аймақ;

      5) жануарларды карантиндеу – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларды оқшаулап ұстау.

      3. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағиданың 3-тармағында қарастырылған жағдайды қоспағанда, диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, орны ауыстырылатын жануарларға карантиндеу жүргізеді.

      Әкелу, мүліктену, тасу, орнын ауыстыру, келтіру:

      1) жануарларды қауіпсіз аймақтан Заңның 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отырып жануарларды сою объектісінде (ет өңдейтін кәсіпорындарда) санитариялық союды жүргізу үшін оларды іске асыруды қоспағанда және олар бойынша мәліметтерді ветеринариялық құжатта және ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша деректер базасында көрсету;

      2) буферлік аймақтан қолайлы аймаққа;

      3) қолайсыз аймаққа;

      4) вакцинациясы бар қолайлы аймақтан вакцинациясы жоқ қолайсыз аймаққа;

      5) вакцинациясы жоқ қолайлы аймақтан тиісті ветеринариялық өңдеуден өтпей вакцинациясы бар қолайлы аймаққа рұқсат етілмейді.

      4. Егер жануарлар жаңадан келтірілген, әкелінген, мүліктенген, әкетілген, орны ауыстырылған жағдайда жануарларды карантиндеу:

      1) республика аумағы бойынша эпизоотиялық қатынасқа немесе бірдей типтегі аумақтарды аймаққа бөлу жөнелту пунктері және белгілеу пунктері және олар бойынша мәліметтерді ветеринариялық құжатта және ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша деректер базасында көрсету қолайлы кезде;

      2) кейіннен санитариялық сою үшін олар бойынша мәліметтерді ветеринариялық құжатта және ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша деректер базасында көрсетумен жануарларды сою объектісіне (ет өңдейтін кәсіпорындарына) жануарларды жеткізу кезінде жүргізілмейді.

      5. Егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарында басқадай қарастырылмаса, үшінші елден әкелінетін немесе Кедендік одаққа мүше елдердің және Еуразиялық Экономикалық кеңістіктің арасында орны ауыстырылатын, республикадан үшінші елге әкетілетін жануарларды карантиндеудің ұзақтығы 21 (жиырма бір) күнтізбелік күннен аз емес құрылады.

      Үшінші елден әкелінетін немесе Кедендік одаққа мүше елдердің және Еуразиялық Экономикалық кеңістіктің арасында орны ауыстырылатын, республикадан үшінші елге әкетілетін жануарлар, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық талаптарында басқадай қарастырылмаса, жөнелтуші және алушы елде карантинделеді.

      Карантиндеудің шарттары және ұзақтығы, қажеттілігі үшінші елден әкелінетін немесе Кедендік одаққа мүше елдердің және Еуразиялық Экономикалық кеңістіктің арасында орны ауыстырылатын жануарларды ветеринария саласындағы уәкілетті орган мекемесінің аумақтық бөлімшелері, жануарларды әкелу жоспарланып отырған аумаққа айқындайды.

      6. Республика ішінде эпизоотиялық қатынастарға қолайлы әртүрлі типімен аймақтарға бөлуге (қолайлы аймаққа бақылау аймағынан немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік аймаққа немесе вакцинациясы жоқ қолайлы аймақтан вакцинациясы бар қолайлы аймаққа) әкімшілік аумақтық бірліктен(ке) жаңадан келтірілген, келтірілген, мүліктелген, әкетілген, орнын ауыстырған жануарларды карантиндеудің ұзақтығы 7 (жеті) күнтізбелік күннен аз емес құрылады.

      Республика ішінде эпизоотиялық қатынастарға қолайлы әртүрлі типімен аймақтарға бөлуге (қолайлы аймаққа бақылау аймағынан немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік аймаққа немесе вакцинациясы жоқ қолайлы аймақтан вакцинациясы бар қолайлы аймаққа) әкімшілік аумақтық бірліктен(ке) орны ауыстырылатын жануарлар, егер жануарлардың нақты түрі бойынша ветеринариялық талаптарда басқадай қарастырылмаса, жөнелтуші шаруашылық субектісінде карантинделеді.

      Карантиндеудің шарттары және ұзақтығы, қажеттілігі республика ішінде эпизоотиялық қатынастарға қолайлы әртүрлі типімен аймақтарға бөлуге (қолайлы аймаққа бақылау аймағынан немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік аймаққа немесе вакцинациясы жоқ қолайлы аймақтан вакцинациясы бар қолайлы аймаққа) әкімшілік аумақтық бірліктен(ке) жаңадан келтірілген, келтірілген, мүліктелген, әкетілген, орнын ауыстырған жануарларды әкелуді (орнын ауыстыруды) жоспарланып отырған аумаққа ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелері анықтайды.

      7. Жануарларды карантиндеу кезінде ауруға күдікті немесе ауру жануарлар анықталған жағдайда, оларды карантиндеудің мерзімі тиісті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектормен, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігерімен қажетті эпизоотиялық жағдайды анықтау үшін және қорытынды диагноз қою бойынша қосымша диагностикалық зерттеу жүргізу барысына ұзартылады.

      Егер карантиндеу барысында жөнелтуші тарапта (үшінші ел немесе Кедендік одаққа және Еуразиялық Экономикалық кеңеске мүше елдер) немесе белгілеу пунктінде (республика ішінде эпизоотиялық қатынастарға қолайлы әртүрлі типімен аймақтарға бөлуге (қолайлы аймаққа бақылау аймағынан немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік аймаққа немесе вакцинациясы жоқ қолайлы аймақтан вакцинациясы бар қолайлы аймаққа) әкімшілік аумақтық бірліктен(ке) жануарлардың орнын ауыстырғанда) және диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша жануарда оң (серологиялық, аллергиялық және басқа зерттеу) реакция болса, ветеринария саласындағы уәкілетті органның тиісті ведомствосы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері карантинделген жануарлардың барлық партияларынан немесе карантинделген жануарлардың ішінен осындай реакция айқындалғандарынан бас тартуға құқығы бар.

      Егер карантиндеу барысында үшінші ел немесе Кедендік одаққа және Еуразиялық Экономикалық кеңеске мүше елдер белгілеу пунктінде диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша жануарда оң (серологиялық, аллергиялық және басқа зерттеу) реакция болса, ветеринария саласындағы уәкілетті орган карантинделген жануарлардың барлық партияларынан немесе карантинделген жануарлардың ішінен осындай реакция айқындалғандарынан бас тартуға құқығы бар. Республика шегіне (үшінші елге немесе Кедендік одаққа және Еуразиялық Экономикалық кеңеске мүше елдерге) осындай жануарларды тасу мүмкін болмаған жағдайда, осындай жануарлар Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес утилизацияланады немесе жойылады.

      8. Жануарларды карантиндеу барысында осы шаруашылық субектісінде және жануарларды карантиндеу барысы аяқталғанға дейін тікелей және жанама басқа жануарлармен байланысуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды, жануарлар мал басынан оқшауланып ұсталады.

2. Жануарларды карантиндеу тәртібі

      9. Жеке және заңды тұлғалар жануарларды жаңадан келіп түсіруді, әкелуді, сатып алуды, әкетуді, орнын ауыстыруды жоспарлау алдында осылар туралы ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелерін (бұдан әрі – ветеринариялық бөлімшелер), ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствасының аумақтық бөлімшелері жануарларды жаңадан әкеліп түсіруді, әкелуі, сатып алуды, әкетуді, орнын ауыстыруды жоспарлауға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес ауызша немесе жазбаша хабарлайды.

      10. Ветеринариялық бөлімше жеке және заңды тұлғалардан алынған ақпарат негізінде күнтізбелік жеті күннен асырмай тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімі бойынша ветеринариялық бөлімшенің басшысы бекітетін жануарларды карантиндеудің жоспарын әзірлейді. Ветеринариялық бөлімшемен келісілген және бекітілген жануарларды карантиндеу жоспарының көшірмесі, бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде тиісті ақпарат алған жеке және заңды тұлғаларға жолданады.

      Жануарларды карантиндеу жоспарында келтірілген жануарлардың карантиндеу шарттары және ұзақтығы, ветеринариялық өңдеумен оларды жүргізу уақыты көрсетіле отырып, диагностикалық зерттеуге жататын жануарлар ауруларының тізімі, ауру жануарлар, жануарлар ауруларына күдік туындаған кездегі іс-шараларды қос алғанда, ветеринариялық іс-шараларды орындауға жауапты тұлғалар көрсетіледі.

      Жануарларды карантиндеу барысында диагностикалық зерттеулерді жүргізуді жоспарлаған кезде бұрын жүргізілген ветеринариялық өңдеулер, диагностикалық зерттеулердің сенімді емес қорытындыларын алуды болдырмау мақсатында жануарларды вакциналау, аумақты аймақтарға бөлу және мүйізді ірі қара малдарды бруцеллез бен туберкулезге, ұсақ мүйізді малдарды, түйелер мен шошқаларды бруцеллезге, жылқыларды маңқа, күйек ауруына, есектер мен қашырларды маңқаға міндетті диагностикалық зерттеу, сондай-ақ асыл тұқымды жануарларды паратуберкулез, трихомоноз, (Trichomonas fetus), бұқалар үшін кампилобактериоз (Campylobacter fetus venerealis), хламидиоз, лептоспироз (егер вакциналанбаған болса немесе профилактикалық мақсатта дегидрострептомицинмен немесе эквивалентті әсер беретін заттармен өңделмеген болса), инфекциялық ринотрахейт пен ірі қара малдардың вирустық деареясына (егер жануарлар алдын ала вакциналанбаған болса) қосымша зерттеулер туралы мәліметтерді ескереді. Үшінші елдерден немесе Кеден Одағына мүше елдерден және Еуразиялық Экономикалық Кеңістігінен келтірілген жануарларды карантиндеу барысында диагностикалық зерттеулерді жүргізуді жоспарлаған кезде межелі орында Шмалленберг ауруына мониторингтік диагностикалық зерттеу жүргізу ескеріледі.

      Егер алушы ел аумағында осы аурулардың профилактикасы және /немесе жойылуы бойынша бағдарламалар жүргізілген кезде ғана жануарлардың басқа ауруларына зерттеулер жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.04.2017 № 177 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жануарларды шет мемлекеттерден әкелгенде немесе Кедендік одаққа мүше мемлекеттер және Еуразиялық Экономикалық Кеңістік арасында орын ауыстырылғанда карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық шаралар 2010 жылы 18 маусымдағы № 317 Кедендік одақ Комиссиясының шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын товарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарға және 2014 жылы 9 қазанда № 94 Кедендік одақ комиссиясының шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын товарлардан сынама алу және объектілерді бірлесіп тексеру тәртібінің бірыңғай Қағидаларының талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Диагностикалық зерттеулер және жануарларды ветеринариялық өңдеу жануарларды карантиндеуге берілген ветеринариялық сертификатта және осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген ауруларға қарсы жүргізіледі.

      Жануарларды карантиндеу кезеңінде жүргізілетін ветеринариялық шаралар жүргізуді оларды республика ішінде эпизоотиялық қатынастарға қолайлы әртүрлі типімен аймақтарға бөлуге (қолайлы аймаққа бақылау аймағынан немесе қолайлы аймақтан бақылау аймағына немесе буферлік аймақтан бақылау аймағына немесе бақылау аймағынан буферлік аймаққа немесе вакцинациясы жоқ қолайлы аймақтан вакцинациясы бар қолайлы аймаққа) әкімшілік аумақтық бірліктен(ке) орын ауыстырылғанда эпизоотиялық жағдайларға және жануарлар келетін (тасымалданытын) жерлердегі деректі ноозологиялық бірлік бойынша және осы Қағиданың 10-тармағында жүргізілетін ветеринариялық шараларға байланысты жаунарлар әкелу (орын ауыстыру) жоспарланған арнайы аумақтық әкімшілік бірліктің ветеринариялық бөлімшелері анықтайды.

      Қосымша диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық өңдеу (соның ішінде вакцинация) жүргізу алушы-мемлекет немесе шаруашылық субъект немесе жануарлардық аса қауіпті ауруларының шығуына күдік болса, жануарларды карантиндеу кезінде клиникалық белгілері болған жағдайларда жүргізіледі.

      12. Жануарларды карантиндеу кезеңіндегі жүргізілетін ветеринариялық шаралар жануарларды карантиндеу жоспарына сәйкес жүргізіледі.

      13. Жануарларды карантиндеу кезеңіндң жүргізіледі:

      1) жануарлар температурасы, жануарларды ветеринариялық қарау;

      2) жануарларды карантиндеу жоспарында анықталған жануарлардың ауруларына қарсы диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық өңдеулер.

      Жануарларды карантиндеу туралы ақпараттар ветеринариялық алдын-алу шараларын жазу журналына және жануарлар ауруларын тіркеу (егер ауру тіркелген жағдайда) "Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген нысандағы Журналдарға енгізіледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Диагностикалық зерттеулер мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды жүргізетін мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүргізеді. Жануарларды ветеринариялық өңдеу жүргізу арнайы әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары жүргізеді.

      Жануарларды карантиндегенде диагностикалық зерттеулер және жануарларды өңдеу Заңның 35-бабының 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау объектілерінің иесі есебінен жүргізіледі.

      15. Егер зерттеу барысында жөнелтуші мемлекет аумағында немесе жөнелтуші шаруашылық субъектісінде оң немесе күдікті диагностикалық қорытынды алынса, ол туралы алушы мемлекеттің арнайы ветеринария салсындағы уәкілетті органға немесе алушы шаруашылық субъекті орналасқан орны бойынша ветеринариялық бөлімшелерге мәлімдейді. Егер зерттеу барысында алушы мемлекет аумағында немесе алушы шаруашылық субъектісінде оң немесе күдікті диагностикалық қорытынды алынса, ол туралы жіберуші мемлекеттің арнайы ветеринария салсындағы уәкілетті органға немесе жөнелтуші шаруашылық субъекті орналасқан орны бойынша ветеринариялық бөлімшелерге мәлімдейді.

      16. Карантин қорытындысы бойынша және диагностикалық зерттеулер қорытындысын есепке ала отырып арнайы әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері эпизоотологиялық тексеру жүргізеді және үш жұмыс күні ішінде эпизоотиялық тексеру актісін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жануарларды карантиндеу
қағидаларына қосымша

      Нысан

Эпизоотикалық зерттеудің актісі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       ______________________________________________________________

       (шаруашылық субъектісінің аты және оның мекен-жайы)

      Мен _________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (эпизоотиялық зерттеу жүргізушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар

       болғанда), лауазымы)

      ___________________________________________эпизоотиялық зерттеу өтті

      (эпизоотиялық зерттеу объектісінің атауы, мекен жайы)

      Осыған орай белгіленді:

      Жануарды сатып алу (әкелу, шаруашылық субъектісіне келтіру) барысында

      _____________________________________________________________________

       (күні, айы, жылы)

      Жануарларды карантиндеудің басы______________________________________

       (күні, айы, жылы)

      Жануарларды карантиндеудің соңы _____________________________________

       (күні, айы, жылы)

      Шаруашылықтың мінездемесі (дербестеу, өсірілетін жануарлардың

      түрі)________________________________________________________________

      Түрі мен жасына қарай топтарға бөліп, жекеленген нөмірін көрсетіп,

      карантиндеуге қойылған жануарлардың саны_____________________________

      _____________________________________________________________________

      Жануарлар қайдан әкелінді____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Шаруашылық субъектіде бар жануарлар басынан карантинде табылатын

      жануарларды ұсталу өзгешелігі________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жануарларды тамақтандыру_____________________________________________

      Суат мінездемесі_____________________________________________________

      Жайылым мінездемесі__________________________________________________

      Ағынды судың зарарсыздандырылуы______________________________________

      _____________________________________________________________________

      Көң қоймасы мен көңді жинау__________________________________________

      _____________________________________________________________________

      жемшөпті сақтау және алдын ала дайындау______________________________

      _____________________________________________________________________

      Залалсыздандыру шарттары мен жануардан шыққан өнімдерді тарату_______

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Басқа да шаруашылық байланыстар (жүретін үлкен және өткін жолдардан,

      елді мекендерден, базар, қоқыс тастайтын жерден, ет комбинатынан,

      сүйектен ұн жасайтын зауыттардан ара қашықтығы)______________________

      _____________________________________________________________________

      Жануарларды жемшөптерімен қамтамасыз ету және жеткізу _______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жануарларды карантинге қоюға дейін өткізілген диагностикалық

      зерттеулері (аурудың атауы, өткізген уақыты және нәтижесі)

      _____________________________________________________________________

      Жануарларды карантинтеуге қоюға дейін өткізілген өндеу шаралары

      (аурудың атауы, өткізілген күні, дәрінің атауы, вакцина, қолдану

      жолы)________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жануарлар құрылыстарының тұрғын үйлерден алыстатылуы. Бөгде

      тұлғалармен қатынастан олар қалай қоршалған

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бөгде тұлғалардың келу жиілігі_______________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қараусыз ит пен мысықтардың болуы____________________________________

       Шаруашылық жүргізу субъектісіне ветеринарлық-санитарлық мінездеме

      Ветеринария саласындағы мамандардың саны_____________________________

      _____________________________________________________________________

      Ветеринариялық арнайы жұмыс киімімен, шаруашылық – дезинфекциялау

      құралдарымен, ветеринариялық препараттармен қамтамасыз ету. Оларды

      сақтау шарттары______________________________________________________

      Басқа ветеринарлық-санитарлық объектілердің бар болуы (санпропуск,

      кедергі, өткізу орны)________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жануарларға арналған жайларға мінездеме______________________________

      _____________________________________________________________________

      Көңкетіру механизмінің, жылутасу, кіріп - сорып шығаратын

      вентиляциялық система жұмысы_________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Шаруашылық объектінің қызмет көрсететін персоналмен жинақталуы_______

      _____________________________________________________________________

      Жануарлардың сайрандауы, жуындырылуы, тазалануы қалай өтеді?_________

      _____________________________________________________________________

      Тышқантәріздес кеміргіштердің бар болуы және олармен күресудің

      шаралары_____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Шаруашылық субъектінің эпизоотикалық мән-жайы________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

       Карантиндеу кезінде эпизоотияға және профилактикалық

       іс-шараларға берілетін мінездеме

      Карантиндеу кезінде өткізген, жануарлардың диагностикалық зерттеулері

      (аурудың атауы, өткізілген күні және жануарлар түрлерінің

      нәтижесі)____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жануарлардың ветеринарлық байқауы____________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Карантиндеу жоспарына сәйкес өткізілген ветеринарлық шараларға

      сипаттама беру_______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат (ауру жануарлардың, ауру деп күдік келтірілген

      жануарларды әшкерелеген жағдайда)____________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қорытынды

      Профилактикалық шаралардың және эпизоотияға қарсы өткізілген

      шаралардың тиімділігі________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеу нәтижесі (аяқталуы, созылуы)_________________

      _____________________________________________________________________

      Жануарларды карантиндеу кезеңінің созылу мерзімін және себебі________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қосымша ұсынылған эпизоотияға қарсы профилактикалық шаралар__________

      _____________________________________________________________________

      Мемлекеттік ветеринарлық дәрігер_____________________________________

      _____________________________________________________________________

       (әкімшілік - аумақтық бірліктің атауы)

       (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)