Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 тіркелді.

Жаңартылған

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 3-2/615 бұйрығымен
бекітілген

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.07.2020 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңделген өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін, сондай-ақ "Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

      2) кепілдендірілген сатып алу бағасы - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;

      3) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      4) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5) нақты сатып алу бағасы - өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімі үшін бір өтінім шеңберінде шот-фактураларға сәйкес нақты төлеген орташа баға;

      6) өтінім - өңдеуші кәсіпорындардың тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;

      7) өтінім беруші/көрсетілетін қызметті алушы - ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуды жүзеге асыратын өндеуші кәсіпорын;

      8) сатып алу бағасы - бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсынуы мүмкін баға;

      9) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      10) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – СМАЖ веб порталы) – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      11) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және СМАЖ-да көрсетілген өзге де мәліметтер;

      12) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19856 болып тіркелген) бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесіне (бұдан әрі - өнімдер тізбесі) сәйкес өндеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсайтын шығындары субсидиялауға жатады.

      4. Субсидиялау кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді болжайды.

      Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылы және алдыңғы жылдың төртінші тоқсанына сатып алуға кеткен шығындары үшін төленеді.

      5. Субсидияларды есептеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті мен өнімдер тізбесіне сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері (бұдан әрі - субсидиялар нормативі) ескеріле отырып, өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Субсидиялар нормативін айқындау үшін құрамында облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің, сондай-ақ салалық қоғамдық бірлестіктердің, өңдеуші кәсіпорындардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының өкілдері бар комиссия құрылады. Комиссия құрамы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады және бекітіледі.

      Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің орынбасары болып табылады.

      7. Комиссия құрамы жыл сайын қалыптастырылады және 9 (тоғыз) адамнан кем болмауы тиіс.

      8. Комиссия ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің алдыңғы жылғы орташа бағалары бойынша статистикалық деректер талдауының қорытындылары бойынша жылдық инфляция деңгейін есепке ала отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ағымдағы жылға кепілдендірілген сатып алу бағасын (Бкеп.сат ) айқындайды.

      9. Комиссия алдыңғы жылғы өңдеуші кәсіпорындардың дайын өніміне қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша жиналған деректер негізінде ағымдағы жылға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңдеуші кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу бағасын айқындайды.

      10. Бидайды қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімінің, сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС – Рөңдеу – Шөңдеу)/Кқ

      мұнда:

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – ҚР СЖРА ҰСБ) қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

      Ииф – инфляция деңгейі, % (алдыңғы жылы ресми статистикалық ақпарат);

      ҚҚС – қосылған құн салығы (12%);

      Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);

      Шөңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нсуб = Бкеп.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб – өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім комиссияның хаттамалық шешімімен бекітіледі.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындауға арналған есептік көрсеткіш болып табылады.

      Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі төмендейді, ал төмендеген субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Нсуб. қысқарт = Бн.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб.қысқарт. – өнім бірлігіне арналған субсидиялар төмендеген нормативі, теңге/килограмм;

      Бн.сат – нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.03.2021 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Бидайдың сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС –Рөңдеу/Кқ – Шөңдеу + Тж – Қш,

      мұнда:

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе ҚР СЖРА ҰСБ қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

      Ииф – инфляция деңгейі, % алдыңғы жылғы ресми статистикалық ақпарат;

      ҚҚС – қосылған құн салығы (12%);

      Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті;

      Шөңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

      Тж – бастапқы шикізатты өңдеу кезінде жанама (басқа) өнімнен алынатын, бастапқы шикізаттың бір килограмына келтірілген табыс;

      Қш – сатып алуға жұмсалатын қосымша шығындар.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасының белгіленген деңгейі негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нсуб = Бкеп.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб – өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім комиссияның хаттамалық шешімімен бекітіледі.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындауға арналған есептік көрсеткіш болып табылады.

      Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша төмендейді:

      Нсуб. қысқарт = Цн.сат – Цсат

      мұнда:

      Нсуб.қысқарт – өнім бірлігіне арналған төмендеген субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Цн.сат. – нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Цсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды– ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.03.2021 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялар нормативтерін субсидияның әр нормативі бойынша негіздемелермен қоса облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қарауына береді. Министрліктің субсидиялар нормативтерін қарау мерзімі хат келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Оң нәтиже болған жағдайда, Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидиялар нормативтерінің бір данасын кері қайтарады.

      Теріс нәтиже болған жағдайда, Министрлік уәжді бас тартуы бар хатпен субсидиялар нормативтерінің екі данасын да кері қайтарады. Бұл ретте, пысықталған субсидиялар нормативтері Министрлікке 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайта қарауға жолданады.

      Субсидиялар нормативтері облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Субсидиялар нормативтеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың осы тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын тиісті жылдың бірінші сәуіріне дейін СМАЖ-дың веб-порталында және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің интернет-ресурсында субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдаудың мерзімдері туралы, белгіленген субсидиялар нормативтері туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші субсидияларға арналған жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны СМАЖ-дың веб-порталында орналастырады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші бөлінген бюджет қаражатын өнімдер тізбесінде көрсетілген субсидияланатын өнімдер бойынша бөледі және СМАЖ-дың веб-порталына орналастырады.

      Өнімдер тізбесінде көрсетілген субсидияланатын өнімдердің бірі бойынша өтінім болмаған жағдайда, бюджет қаражатын өнімдер тізбесінде көрсетілген өнімдер арасында бір жыл ішінде қайта бөлуге жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

1-параграф. Субсидия алу шарттары

      14. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) өңдеуші кәсіпорындардың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінімді "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде беруі.

      "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен СМАЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің СМАЖ-да тіркелуі;

      3) СМАЖ бен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанының расталуы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы).

      Өңдеуші кәсіпорын бидайды ЭШФ АЖ-ны қолданбайтын сатушыдан сатып алған кезде Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын елдерден ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациямен расталады.

      Өңдеуші кәсіпорын бидайды ЭШФ АЖ-ны қолданбайтын сатушыдан сатып алған кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсалған шығындар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес салық органы белгі қойған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен), ауыл шаруашылығы өнімі еркін кедендік аймақтың немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы еркін қойманың кедендік рәсіміне орналастырылған кезде кедендік декларацияның Қазақстан Республикасының кедендік органы куәландырылған көшірмесімен расталады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      15. Субсидиялар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі

      16. Субсидиялар мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = (V*Кқ)*Нсуб,

      мұнда:

      S - субсидиялар мөлшері, теңге;

      V - өндірілген өнімнің көлемі, килограмм;

      Кқ - осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті;

      Нсуб - субсидиялар нормативі, теңге/килограмм.

      Егер, ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алынған көлемі (V*Кқ) осы Қағидалардың 14-тармағы 3) тармақшасына сәйкес расталған нақты сатып алынған көлемнен асып кетсе, онда субсидиялар сомасын есептеу үшін ауыл шаруашылығы өнімінің нақты сатып алынған көлемі пайдаланылады.

3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі

      17. Өтінімдерді қабылдау өңдеуші кәсіпорынның тіркелген орны бойынша тиісті жылдың 1 сәуірінен 10 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. СМАЖ веб-порталы (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) өңдеуші кәсіпорын СМАЖ-да өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ алады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын Министрлікке ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жібереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      19. Жеке кабинетте тіркелу үшін өңдеуші кәсіпорындар мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және бірінші басшының ЖСН-сы;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электронды почта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, өңдеуші кәсіпорын 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      20. Өтінімді қалыптастыру мен тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) СМАЖ-дың осы Қағидалардың 14-тармағы 3) тармақшасының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім өңдеуші кәсіпорын ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, оған қол қоюы арқылы СМАЖ-да тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға келіп түскені туралы электронды хабарлама жіберіледі.

      Өңдеуші кәсіпорын көрсетілетін қызметті беруші төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімдегі деректердің сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, өңдеуші кәсіпорын қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны қолдана отырып, қол қою арқылы оны қабылдағанын растайды, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында субсидиялардың аударылғандығы немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді хабарлама жібереді.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес өтінім қабылданғанын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру жоспарына сәйкес СМАЖ-да "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.

      Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидияға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінімдер резервке (күту парағына) келіп түседі.

      Резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылдарында қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде өтінімдер келіп түскен күн мен уақытқа сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады.

      Субсидиялар нормативтері мен субсидияларды есептеу тәртібі өзгерген жағдайда резервке (күту парағына) енгізілген өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу субсидиялар нормативтеріне және өтінімдерді беру сәтінде қолданыста болған субсидияларды есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтінімді резервке (күту парағына) қосу туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне қосылмайды.

      Өтінім берілген субсидия көлемдері тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомадан асқан жағдайда, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      23. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенттері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.03.2021 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы Тереңдете өңделген өнімдердің атауы Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті
1 2 3

Сүт

Сары май

22,5

Сүт

Қатты ірімшік

12,0

Сүт

Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған)

7,3

Бидай

Биоэтанол

3,2

Бидай

Бидайдың құрғақ дән маңызы (бидай глютені)

9,5

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________ жергілікті атқарушы органына

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)

      (кімнен)_____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған), биоэтанол,

      бидайдың құрғақ дән маңызын (бидай глютенін)* өндіру үшін _____ килограмм

      көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға _______________________ теңге

      мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома цифрмен және жазбаша)

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _______________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________

      мекенжайы:__________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)______________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _______________________________________________________

      кім берді_____________________________________________________

      берілген күні _________________________________________________

      мекенжайы:___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _________________________________________

      Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _______________________________________________

      хабарламаның берілген күні _____________________________________

      2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта

      операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН ____________________________________________________

      бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ____________________________

      банктің немесе почта операторының деректемелері: ___________________

      банктің немесе почта операторының aтауы: ______________________

      банктік сәйкестендіру коды ____________________________________

      жеке сәйкестендіру коды _____________________________________

      БСН ______________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________

      3.1. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген

      сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер**:

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактураның берілген күні

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм

Бағасы, килограмына теңге, қосылған құн салығын есепке алмағанда

Құны, теңге

Сатушының ЖСН-сы/БСН-сы және атауы

1

2

3

4

5

6

7

8


















Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі)







      3.2. Тауарларға арналған кедендік декларациядан алынған мәліметтер (бидайды

      Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден сатып алу кезінде, сондай-ақ

      бидайды еркін кедендік аймақтың немесе еркін қойманың кедендік рәсімімен

      орналастыру кезінде):

Декларация нөмірі

Берілген күні

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм

Бағасы, килограмына теңге, қосылған құн салығын есепке алмағанда

Құны, теңге

Сатушының атауы

1

2

3

4

5

6

7

8


















Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі)







      3.3. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен алынған

      мәліметтер (бидайды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден сатып

      алу кезінде):

Р/с №

Тауардың атауы 

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметітауар номенклатурасының коды

Тауардың өлшем бірлігі  

Тауар мөлшері  

Тауар құны

Валюта

Көліктік (тауарға ілеспе) құжат

Шот-фактура

Тауар есепке қабылданған күн

Коды

Бағамы

Сериясы, нөмірі

Күні

Нөмірі  

Күні 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі)












      4.1. Тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):

Тереңдете өңделген өнімнің атауы

Өндірілген өнімнің көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі

Шот-фактурадан алынған деректер бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, килограмм

Субсидия нормативі, теңге/ килограмм

Төмендетілген субсидия нормативі, теңге/ килограмм (бар болса)

Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

















      4.2. Бидайды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден, сондай-ақ

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден сатып алу кезінде тиесілі

      субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):

Тереңдете өңделген өнімнің атауы

Өндірілген өнімнің көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі

Кедендік декларациядан, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен алынған деректер бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, килограмм

Субсидия нормативі, теңге/ килограмм

Төмендетілген субсидия нормативі, теңге/ килограмм (бар болса)

Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

















      Ескертпе:

      * бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңделген өнімдердің бірнеше түрін өндірген

      жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі;

      ** әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және

      дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке-жеке толтырылады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным

      үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне

      сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны

      қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге

      келісім беремін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "___"_____ сағат _______ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

"Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс гафигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы Жеке кабинеті, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті берушілер Қағидалар өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Субсидияны аудару туралы хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20__ жылғы "___" _______ № ________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және 20__ жылғы "___" _______ төлем шотына ______ теңге мөлшерінде субсидия сомасы №__________ Сіздің есеп шотыңызға аударылғанын хабарлаймыз.

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20__ жылғы "___" _______ № ________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден _____________________ себепті бас тартылды.