Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 тіркелді.

Жаңартылған

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 3-2/615 бұйрығымен
бекітілген

Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп
өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялар) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кепілдендірілген сатып алу бағасы - өзіндік құны мен рентабельділігін ескере отырып белгіленетін, ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден ауылшаруашылық өнімін сатып алу жүзеге асырылатын баға;

      2) сатып алу бағасы - бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауылшаруашылық өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсына алатын баға.

2. Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау
тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ауылшаруашылық өнімнің тізбесіне (бұдан әрі - өнімдер тізбесі) сәйкес өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындары субсидиялауға жатады.

      4. Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді көздейді.

      4-1. Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті мен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулысымен бекітілетін өнімдер тізбесіне сәйкес бағыттар бойынша сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін (бұдан әрі - субсидиялар нормативтері) ескере отырып, өнімдер тізбесіне сәйкес өндірілген өнім бірлігіне төленеді.

      Бұл ретте қант қызылшасын өңдеуші кәсіпорындар үшін субсидиялар екі траншпен төленеді:

      1) бірінші транш ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден нақты сатып алынған қант қызылшасының көлеміне субсидия алуға өтінім берілген кезде субсидиялардың жалпы сомасының 55%-ы мөлшерінде;

      2) екінші транш өндірілген дайын өнім көлемі туралы статистикалық деректерді бере отырып, қалған субсидия көлемін алуға өтінім берілген кезде субсидиялардың жалпы сомасының 45%-ы мөлшерінде.

      Ескерту. 2-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Субсидиялар нормативтері ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттеуі бар аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілгеннен кейін, әрбір субсидиялар нормативі бойынша негіздемелерді қоса бере отырып, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қарауына беріледі.

      Оң нәтиже кезінде Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидиялар нормативтерінің бір данасын кері қайтарады.

      Теріс нәтиже кезінде Министрлік келісуден дәлелді бас тартуы бар хатпен субсидиялар нормативтерінің екі данасын да қайтарады.

      Субсидиялар нормативтері облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Субсидиялар нормативтеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       6. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) субсидиялар нормативтері бекітілгеннен кейін жыл сайын тиісті жылдың 1 ақпанына дейін облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет-ресурсында және облыстық (қалалық) баспа басылымдарында субсидия алуға өтінімдер қабылдаудың мерзімдері туралы, белгіленген субсидиялар нормативтері туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында субсидия алуға өңдеуші кәсіпорындардың тізімін қалыптастыру үшін облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімінің шешімімен құрамында облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің, Басқарманың өкілдері, сондай-ақ салалық қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының өкілдері бар ведомствоаралық комиссиялар құрылады. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімінің орынбасары ведомствоаралық комиссияның төрағасы болып табылады.

      8. Ведомствоаралық комиссияның сандық құрамы тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Ведомствоаралық комиссияның хатшысы ведомствоаралық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      9. Басқарма ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      10. Субсидиялар алуға арналған осы Қағидалардағы 11-тармағына сәйкес тиісті құжаттар қоса берілген өтінімдерді қабылдауды Басқарма тоқсандық негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін жүзеге асырады. Бұл ретте өткен жылдың төртінші тоқсанының өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының өтінімдері шеңберінде жүзеге асырылады.

      10-1. Осы Қағидалардың 4-1-тармағының екінші бөлігімен көзделген субсидиялардың бірінші траншын төлеу үшін осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес тиісті құжаттармен қоса берілген өтінімдерді Басқарма әр айдың 10 күніне дейін, ал екінші транш үшін осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес тиісті құжаттармен қоса берілген өтінімдерді тоқсандық негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін қабылдайды. Бұл ретте өткен жылдың желтоқсан айы үшін қант қызылшасы бойынша өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына арналған өтінімдер шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       11. Субсидия алушылардың тізіміне қосу үшін өңдеуші кәсіпорындар Басқармаға бірінші басшы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар адам қол қойған, өтінім берушінің мөрімен бекітілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді ұсынады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың түпнұсқасы (тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат) немесе куәліктің көшірмесі;

      2) кәсіпорынның тереңдете өңдеп өнімді өндіргені және тиеп-жөнелткені туралы статистика органының құжатты қабылданғаны туралы белгісі бар есептерінің көшірмелері немесе тереңдете өндеп өнім өндіргенін растайтын, кәсіпорын мөрімен расталған құжаттар (өнімді қоймаға қабылдау туралы қоймалық жүкқұжат, аталған өнімнің кіріске алынғанын көрсете отырып, бухгалтерлік теңгерім) көшірмелері;

      3) тереңдете өңдеп өнім шығару үшін пайдаланылған ауылшаруашылық өнімін сатып алғанын растайтын құжаттар - өңдеп өнім өндіру үшін пайдаланылған шикізатты сатып алғанын растайтын, кәсіпорын мөрімен расталған құжаттар (шарт, шот-фактура, сатып алу актісі және сатып алынған шикізаттың төлінгенін растайтын құжаттар) көшірмелері;

      4) өңдеуші кәсіпорынның банктік шотының бары туралы банктен немесе Ұлттық почта операторынан анықтама;

      5) есепті кезеңде бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалау үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі туралы ақпарат.

      12. Өндеуші кәсіпорындар ұсынылған құжаттардағы ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді.

      13. Өтінімді тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Басқарма өндеуші кәсіпорын ұсынған құжаттарды осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкестігіне қарайды. Ұсынылған құжаттар сәйкес емес және/немесе толық емес болған жағдайда Басқарма өтінімді тіркеген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қайтару себептерін жазбаша негіздей отырып, өтінім берушіге ұсынылған құжаттарды пысықтауға қайтарады.

      Пысықталған құжаттарды өңдеуші кәсіпорын осы Қағидалардың 10- тармағында көрсетілген мерзімде ұсынады.

      14. Өңдеуші кәсіпорын осы Қағидалардың 10, 10-1 және 11-тармақтарында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Басқарма құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды ведомствоаралық комиссияның қарауына жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       15. Ведомствоаралық комиссия Басқарма субсидия алуға қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырып, оларға тиесілі субсидиялар көлемдерін көрсете отырып, субсидиялар алуға арналған өңдеуші кәсіпорындардың тізімін қалыптастырады, бекітеді және оны Басқармаға ұсынады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       16. Өңдеуші кәсіпорындардың өтінімдері облысқа, Астана және Алматы қалаларына бөлінген субсидиялар көлемінен асып кеткен жағдайда, ведомствоаралық комиссия субсидиялар көлемін бағдарламаға қатысушы өңдеуші кәсіпорындарға субсидиялауға жататын ауылшаруашылық өнімі көлеміне байланысты пайыздық қатынаста барабар түрде бөледі.

      17. Басқарма ведомствоаралық комиссия ұсынған өңдеуші кәсіпорындар тізімі негізінде үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған ведомость (бұдан әрі - ведомость) қалыптастырады.

      18. Басқарма ведомості қалыптастырған соң он жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қағаз тасығышта ұсынған кезде екі данада аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады. Төлем шоттарын "Қазынашылық - клиент" ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде төлем шоттарының тізілімі ұсынылмайды.

      19. Басқарма осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлікке бюджеттік бағдарламаны (өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бойынша) жүзеге асырудың тиімділігі туралы ақпаратты қант қызылшасы бойынша осы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейінгі және өнімдер тізбесінде көрсетілген қалған өнімдер бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2014 жылғы 9 желтоқсан


      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2014 жылғы 29 желтоқсан



  Өндеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып
алу шығындарын субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенттері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

1

2

3

Қант қызылшасы

Қант

12,0*

Сүт

Сары май

22,5

Сүт

Қатты ірімшік

12,0

Сүт

Құрғақ сүт (табиғи)

7,3

Жүгері

Крахмалдық сірне

1,6

      

      Ескертпе: * қант қызылшасынан өндірілетін қанттың мөлшері, пайызбен.

  Өндеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып
алу шығындарын субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

Өтінім

      _____________________________________________________________________

      (өңдеуші кәсіпорынның атауы)

      "Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп

      өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" бюджеттік

      бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.

      1. Бағдарламаға қатысушы туралы ақпарат:

      толық атауы _________________________________________________________

      заңды мекенжайы _____________________________________________________

      нақты мекенжайы, телефоны, факс, электрондық мекенжайы ______________

      банктік деректемелері _______________________________________________

      бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметтік

      телефоны ____________________________________________________________

      ЭҚТЖ бойынша негізгі қызмет түрі ____________________________________

      қызметкерлердің нақты саны __________________________________________

      кәсіпорынның қуаты жылына _____ тонна (шикізат және/немесе дайын өнім бойынша көрсету).

      2. Тереңдете өңделген өнімдердің көлемі (есепті кезең бойынша):

      1. __________________ - ______ кг.

      2. __________________ - ______ кг.

      3. __________________ - ______ кг.

      4. __________________ - ______ кг.

      3. Тереңдете өңделген өнімдер өндіру үшін пайдаланылған

      ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу көлемі:

      1. __________________ - ______ кг.

      2. __________________ - ______ кг.

      3. __________________ - ______ кг.

      4. __________________ - ______ кг.

      Ауылшаруашылық өнімін сатып алу және тереңдете өңдеу өнімдерін

      өндіру көлемдерін растайтын құжаттар қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын.

      ____________________________________ ____________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Мөр орны (қолы, күні)

  Өндеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып
алу шығындарын субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі туралы ақпарат

Кәсіпорындардың атауы, мекен-жайы телефоны

ЖСН БСН

Кәсіпорынның дайын өнім бойынша жобалық қуаты, жылына тонна

Бөлінген субсидиялар, мың теңге*

Өткен жылы тереңдете өңдеп өндірілген өнім көлемі, тонна

Есепті кезең ішінде тереңдете өңдеп өндірілген өнім көлемі, тонна

Өткен жылдың жүктемесі, %

Есепті кезеңдегі жүктемесі, %

1

2

3

4

5

6

7

8

















































      Ескертпе: * өңдеуші кәсіпорындар бірінші рет өтінім бергенде 4-баған толтырылмайды

  Өндеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып
алу шығындарын субсидиялау
қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

____________ жылға арналған өндеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін
оны сатып алуына арналған субсидияларды төлеу ведомосі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.10.2016 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ауданның атауы

Өңдеуші кәсіпорынның атауы

Тереңдете өңделген өнімнің түрі

Өндіріс көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Пайдаланған шикізат көлемі, килограмм (7=5x100/6) – қант қызылшасы бойынша, (7=5х6) – қалған өнімдер бойынша

Субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм

Төленуге жататыны, теңге (9=7x8)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




















Жиыны:









      Төленетін сома

      __________________________________________________________________

      (жазбаша)

      облысы, Астана және Алматы қалалары басқармасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)