Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 531 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 360 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10000 тіркелді.

Жаңартылған

     
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз
      Ескерту. Бірлескен бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
________________ Б.Имашев

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б.Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы № 531
және Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 360
бірлескен бұйрығымен бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Талаптар жаңа редакцияда көзделген – ҚР Қаржы министрінің 28.09.2020 № 928 және ҚР Әділет министрінің 29.09.2020 № 427 бірлескен (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - АК/ТҚҚ туралы Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі - ФАТФ).

      2. Осы Талаптарда Қаржы мониторингінің субъектілеріне ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын нотариустар (бұдан әрі - Субъектілер) жатады.

      3. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылған ұғымдар АЖ/ТҚҚ туралы Заңда және "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.

      4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – Субъектілер терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген ұйым немесе жеке тұлға не олардың пайдасына, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент не оның пайдасына ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту арқылы қабылданатын шаралар;

      2) бенефициарлық меншік иесі – клиент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлға, сол сияқты клиентті өзгеше бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға не атынан операция (мәміле) жасалатын жеке тұлға;

      3) қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпараттар нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында айқындалған нысан (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны);

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық әрекетке қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, оларды айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша Субъектілер қолданатын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге қатысты);

      6) клиент – ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-әрекеттерді жүргізу бойынша қызметтерді пайдаланатын жеке және заңды тұлға;

      7) уәкілетті орган – Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шаралар қолданатын мемлекеттік орган.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      5. Ішкі бақылау:

      1) Субъектілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚ) туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі;

      2) Субъектілердің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі - АЖ/ТҚ) тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы;

      3) АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін төмендетуі мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Субъектілер Ішкі бақылау қағидаларын (бұдан әрі – ІБҚ) ұйымдастыру және сақтау бойынша жауапты тұлғалар болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      7. Субъектілер ІБҚ әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау бойынша міндеттерді және оны жүзеге асыру бағдарламаларын орындамау үшін 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      8. ІБЕ АЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдық негіздерін реттейтін және Субъектілердің АЖ/ТҚҚ мақсатында іс-әрекет жасау тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      9. Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес ІБЕ мынадай бағдарламаларды қамтиды:

      АЖ/ТҚҚ жасау мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;

      технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасын;

      клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;

      клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;

      қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын;

      ІБЕ сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтиды.

      10. Егер АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер олар күшіне енген уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ІБЕ тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

2. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      11. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше қызметінің сипаттамасын қоса алғанда ішкі бақылауды ұйымдастыру тәртібінен, сонымен қатар АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында Субъектілердің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тәртібінен;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4)және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою және клиентпен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту бойынша шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда және АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту тәртібі;

      3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъектілердің күдікті операция ретінде тану тәртібінен;

      4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды жіберу үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтым жұмысының нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілерін беру тәртібінен;

      5) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қосқанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау тәртібінен құралады.

      Ескерту. Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға берілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, басшының қолы және мөрімен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында жазылады.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында:

      ақпаратты уәкілетті органға беру нөмірі мен күні;

      хаттаманы жіберу негізі;

      уәкілетті органның ҚМ-1 нысанын қабылдауы/қабылдамауы туралы хабарлама нөмірі мен күні.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      12. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес Субъектілердің мынадай:

      1) ІБЕ өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруді ұйымдастыру және бақылау;

      3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдау;

      4) клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;

      5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту және уәкілетті органға жолдау қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      6) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      7) клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеу;

      8) Ішкі бақылау қағидаларын іске асыру барысында алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыру;

      9) тәуекелдерді басқару және Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау;

      10) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтауды қамтамасыз ету;

      11) АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға сәйкес өзге қызметтер бар.

      13. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:

      1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

      3) уәкілетті органға оның сұратуы бойынша АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттар береді.

      Субъект клиенттер мен өзге де адамдарға осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарламайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

3. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы

      14. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы клиенттің операциясын жүзеге асыратын тұлғаның тәуекел деңгейін беру арқылы АЖ/ТҚ байланысты клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларын жүргізу тәуекеліне баға беруді көздейді.

      Ескерту. Тәуекел деңгейлері қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Тәуекелдерді бағалау қорытындылары құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдардың және Субъекті мүше болып табылатын қаржы емес ұйымдардың талаптары бойынша ұсынылады.

      Клиентке берілген тәуекелдер деңгейі қажеттілігі бойынша, алайда жылына кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс.

      15. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі:

      1) мынадай:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын;

      жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейдегі;

      Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

      террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар мемлекеттен (аумақтан) келген клиенттердің іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне.

      Осындай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбелеріне БҰҰ және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады;

      2) мынадай жағдайларда клиентке:

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған;

      клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болып табылған;

      клиент (оның өкілі) не бенефициарлық меншік иесі не клиенттің операция бойынша контрагенті Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м. а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте (аумақта) тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;

      клиент АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

      клиент азаматтығы жоқ адам болып табылған;

      клиент Қазақстан Республикасында тіркелген немесе келген мекенжайы болмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған;

      клиент резидент емес болып табылған;

      клиент жарғылық капиталында мемлекеттік меншік үлесі бар ұйым болып табылған;

      мемлекеттік тіркеу кезінде клиенттің мәлімдеген орны оның басқару органының іс жүзіндегі қызмет орнымен сәйкес келмеген;

      клиентпен іскерлік қатынас (мысалы, Субъект пен клиенттің арасында түсініксіз географиялық арақашықтық бар) ерекше жағдайларда жүзеге асырылған;

      клиенттің қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты болған;

      Субъектілерде клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде қиындықтар пайда болған;

      клиент нотариаттық әрекеттерді тездетуді талап еткен;

      клиент пайдаланылуы Субъектілердің әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын стандартты емес немесе есеп айырысудың күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;

      клиент жаңа, сол сияқты қолда бар өнімдерге берудің жаңа тетіктерін, жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қоса алғанда, жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені қолданған;

      клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;

      клиент коммерциялық емес ұйым болып табылған;

      клиенттің операциялары бұрын күдікті деп танылған;

      АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекеліне байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған жағдайда;

      3) операциялар:

      тараптардың іс жүзінде қатысуынсыз жүргізілетін;

      белгісіз немесе байланысты емес үшінші тұлғаның атынан немесе оның пайдасына жүргізілетін;

      қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, ойлап табылған есімдерді қолданумен байланысты;

      айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

      клиенттің оған тән емес жиілікпен не осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жүргізілген;

      АЖ/ТҚ-ның жоғары тәуекелі туралы ақпарат бар болған жағдайда беріледі.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

      АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің төмен деңгейі:

      1) мынадай:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енбеген;

      жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері төмен деңгейдегі мемлекеттен (аумақтан) келген жеке және заңды тұлғалардың іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне;

      2) клиентке егер клиент:

      қаржы мекемесі – қаржы мониторингі субъектісі болған және соңғы бір жылда АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған жағдайда;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылғанда;

      Қор биржасында тіркелген ұйым болып табылғанда;

      3) операциялар:

      мемлекеттік қызметшілердің мүлікті (коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды және өзге мүлікті, сонымен қатар жалдауға берілген мүлікті) сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша;

      мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты растауға байланысты беріледі.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары қолданылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

4. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      16. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда, клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді анықтау, бұрын алынғанды жаңарту бойынша іс-шараларды Субъектілердің жүргізуі болып табылады және:

      1) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

      3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысының бары немесе жоғы;

      4) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру;

      5) мыналарды:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) не АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланатын клиенттерді анықтау;

      Бұйрықпен бекітілген оффшорлық аймақтарда сәйкесінше тіркелген, тұратын жері және орналасқан жері бар клиенттерді анықтау;

      6) болжамдалатын мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу рәсімдерін қамтиды.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент үшін болжамдалатын мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде қызмет түрі және жасалатын операциялардың қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметтер сұратылады.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиент үшін болжамдалатын мақсатты және іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операциялары сипатының негізінде анықталады.

      7) берілген тәуекел деңгейіне қарай клиентке тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шаралар қолдану;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефицарлық меншік туралы сәйкестендірілген мәліметтердің өзгеруіне қарай сәйкестендіру нәтижелері туралы алынған мәліметтерді жылына кемінде бір рет жаңарту рәсімдерін қамтиды;

      АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жарты жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту екі жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6)тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою шаралары қолданған жағдайда Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай бас тарту фактісі жөнінде хабарлама жібереді.

      АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатады. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

5. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше
операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің
операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу
бағдарламасы

      17. Субъектілер мынадай операцияларды анықтауды қамтитын, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын әзірлейді:

      1) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген;

      3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген.

      18. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген жағдайда жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің осы Субъектіде өткізген барлық операцияларын қосымша зерделейді және одан әрі тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды.

      Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейін берген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      19. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын іске асыру аясында алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.

      20. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген клиенттің анықталған операциялары туралы мәліметтер мен ақпараттар уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша ұсынылады.

      21. Субъектілер міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны осындай операция күдікті ретінде танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

6. АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      22. АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10001 тіркелген "Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 702 және ҚР Әділет министрінің 15.02.2016 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.