РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексiнiң 16-бабы 1-бөлігінің 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 853 бұйрығымен бекітілген |
Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету
шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 17) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші органның (бұдан әрі – консультациялық-кеңесші орган) мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Консультациялық-кеңесші орган қылмыстық жазалар өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету, оларды оңалту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жергілiктi атқарушы органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерi қызметінiң мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылады.
2-тарау. Консультациялық-кеңесші органның міндеттері
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Консультациялық-кеңесші органның негізгі міндеттері:
қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің қызметіне көмек көрсету;
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға тапсырыстар орналастыру;
сотталғандардың еңбегін, оның ішінде бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы өндірісті дамытуды ұйымдастыру;
қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарын Кодекске сәйкес сотталғандарды еңбекте пайдалану жолымен өңірлік және жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;
бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
қайырымдылық концерттерін, кездесулер, дәрістер, сотталғандарға заң консультациялары мен өзге де құқықтық көмекті, спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорларын толықтыруға көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультациялық-кеңесші органның міндеттеріне:
босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру;
қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті, оның ішінде мүгедектер мен зейнеткерлерді мүгедектер және қарттар үйлеріне орналастыруды ұйымдастыру;
сотталғандардың шағымдары мен өтініштерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің уақтылы және дұрыс шешуіне көмек көрсету;
жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері комиссиясының қызметіне қатысуы;
сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерді ұйымдастыру;
қылмыстық жаза қолдану тәртібінде қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшін қоғамдық жұмыс объектілерін белгілеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтік және өзге де көмектің басқа түрлерін ұйымдастыруға көмек көрсету;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету жұмыстарын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар бөлу бойынша көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарды да қарау жатады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Консультациялық-кеңесші органның функциялары
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Консультациялық-кеңесші орган:
1) мемлекеттiк органдарға құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) мемлекеттiк органдардан консультациялық-кеңесші органның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты, материалдарды сұратады және алады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелеріне, түзеу жұмыстарындағы сотталғандардың жұмыс орындарына, мерзiмiнен бұрын шартты түрде, шартты түрде босатылғандарға және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалау шараларына сотталған басқа да адамдарға барады;
4) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің басшыларын, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын консультациялық-кеңесші органның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша алайда жылына кемінде екi рет тыңдайды.
4-тарау. Консультациялық-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.12.2019 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Консультативтік-кеңесші органның құрамы денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, білім беру, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, жер қатынастары, дене шынықтыру салаларында басқаруды және үйлестiрудi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы орган басшыларының, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындау саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.08.2017 № 577 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен7. Консультациялық-кеңесші органның құрамына лауазымы бойынша аумақтық қылмыстық-атқару жүйесi органының бастығы кiредi.
8. Консультациялық-кеңесші органның құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiністерiнiң басшылары, сондай-ақ келiсiм бойынша прокуратура өкiлдерi, мәслихат депутаттары да кiреді.
9. Консультациялық-кеңесші органды жергiлiктi атқарушы орган басшысының орынбасары басқарады.
10. Консультациялық-кеңесші органның отырыстары қажеттiлiгіне қарай, бiрақ тоқсанына кемінде бiр рет өткiзiледi.
11. Консультациялық-кеңесші орган жыл сайын мәслихат алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
12. Консультациялық-кеңесші органның кезектi отырысының күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өтетiн орнын, уақытын, тәртiбiн және мерзiмiн консультациялық-кеңесші органның басшысы белгілейдi.
13. Консультациялық-кеңесші органның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.