"Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы орга

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 1034 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда № 19698 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 853 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 17) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші органның (бұдан әрі – консультациялық-кеңесші орган) мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Консультациялық-кеңесші органның міндеттері";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Консультациялық-кеңесші органның негізгі міндеттері:

      қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің қызметіне көмек көрсету;

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға тапсырыстар орналастыру;

      сотталғандардың еңбегін, оның ішінде бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы өндірісті дамытуды ұйымдастыру;

      қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен кәсіпорындарын Кодекске сәйкес сотталғандарды еңбекте пайдалану жолымен өңірлік және жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге тарту;

      бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру;

      қайырымдылық концерттерін, кездесулер, дәрістер, сотталғандарға заң консультациялары мен өзге де құқықтық көмекті, спорттық, ағартушылық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің кітапхана қорларын толықтыруға көмек көрсету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультациялық-кеңесші органның міндеттеріне:

      босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру;

      қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті, оның ішінде мүгедектер мен зейнеткерлерді мүгедектер және қарттар үйлеріне орналастыруды ұйымдастыру;

      сотталғандардың шағымдары мен өтініштерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің уақтылы және дұрыс шешуіне көмек көрсету;

      жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері комиссиясының қызметіне қатысуы;

      сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерді ұйымдастыру;

      қылмыстық жаза қолдану тәртібінде қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшін қоғамдық жұмыс объектілерін белгілеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;

      қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтік және өзге де көмектің басқа түрлерін ұйымдастыруға көмек көрсету;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету жұмыстарын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар бөлу бойынша көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарды да қарау жатады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Консультациялық-кеңесші органның функциялары";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Консультациялық-кеңесші органның жұмысын ұйымдастыру";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев