Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 19 желтоқсанда № 9984 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабының 1-бөлігі 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидалары бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығының 1-тармағы 4) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 мамырдағы № 7630 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 31 қазандағы, 2012 жылғы 7 қарашадағы № 375-376, 383-384 (27194-27195, 27202-27203, 27204-27206), 2012 жылғы 8 қарашадағы № 388-389 (27207-27208) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б.Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                          Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2014 жылғы 17 қарашадағы 
№ 819 бұйрығымен бекітілген

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнiң iшкi тәртiптеме қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң (бұдан әрі – ҚАК) 16-бабы 1-бөлігінің 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жазаларды өтеу мен жазаларды орындау шарттарын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің (бұдан әрі – мекеме) ішкі тәртіптемесін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар:
      1) бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемеге қабылдау тәртібін;
      2) сотталғандар мен мекемелер персоналының өзара қарым-қатынасын;
      3) мекемелердегі күн тәртібін;
      4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуын, сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер алуын, қосымша қызметтер көрсетуді, мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қою тәртібін;
      5) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат жазысуларын, ақшалай аударымдарды жіберуін және алуын, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулерін, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесулерін;
      6) сотталғандарға мекемелерден тыс жерге шығуларды ұсыну тәртібін;
      7) сотталғандардың қатаң жағдайларда жазасын өтеу тәртібі, сотталғандарды тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында, қауіпсіз орында, мекемелердегі камераларда ұстау тәртібін;
      8) өмір бойына бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатындардың жазаны өтеу ерекшеліктерін;
      9) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандардың жазаны өтеу ерекшеліктерін қамтиды.

2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемелерге қабылдау тәртiбi

      3. Сотталғандарды мекемеге қабылдауды мекеме бастығының кезекшi көмекшiсi (бұдан әрі – кезекші) арнайы бөлiм мен медициналық бөлiм қызметкерлерінің қатысуымен мекеменің бақылау-өткізу пунктінде жүзеге асырады.
      4. Өмiр бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан сотталғандарды және өлiм жазасына сотталғандарды (бұдан әрi – ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандар) қабылдауды мекеме басшылығы, кезекші, жедел және режим бөліністерінің қызметкерлері және мекеменiң медициналық бөлiмiнің қызметкерi жүзеге асырады. Сотталғандардың тарапынан заңға қайшы іс-әрекеттердi болдырмау мақсатында резерв тобының бақылаушылары қатысады.
      5. Сотталғандарды мекемеге қабылдау уақытында кезекші сотталғандардың жеке iстері бар қағаз пакеттердің тұтастығын, сондай-ақ мастикалық мөрлерінің тұтастығы мен бар-жоғын тексереді, келген сотталғандарды жеке іс құжаттарымен (жеке басын куәландыратын құжаттар, мамандығының бар-жоғы туралы куәлiк, медициналық картасы және жеке iсi бойынша басқа да құжаттар) салыстырады, келген сотталғандардың киімінің маусымға сәйкес келуін тексереді. Қағаз пакет немесе мастикалық мөр бүлінген жағдайда қарауыл бастығымен бiрлесіп акті (еркін нысанда) жасайды.
      Сотталғанның фотосуретi, сауалнамалық деректерi жеке iсi бойынша анықтамамен сәйкес келмеген, мекемеге келген сотталғандардың маусым бойынша киiмi, жеке iстерiнде құжаттары, денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болмаған жағдайда комиссия осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке істе құжаттардың барын тексеруге арналған салыстыру актісін жасайды және оны шаралар қабылдау үшiн инстанция бойынша жолдайды.
      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген деректерді тексергеннен кейін сотталғандар кезекшінің және бақылаушылар жасақшасының ілесіп жүруімен карантин бөлiмшесiне жөнелтіледі (ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға олардың мекеме объектiлерiнiң орналасқан жерiн есте сақтау мүмкіндігін болдырмау мақсатында алдын ала көздерiне селдір емес матадан таңғыш кигізеді), оларға толық тiнту, ал оларға тиесiлі заттарға қарап тексеру жүргізiледі.
      Толық тінту және заттарды қарап тексеру жүргізу алдында сотталғандарға өздерінде және жеке заттарында бар осы Қағидаларда көзделмеген заттарды, бұйымдарды, құжаттар мен тамақ өнімдерін ерікті түрде тапсыру ұсынылады. Көрсетілген тыйым салынған заттар ерікті түрде тапсырылған жағдайда сотталғандарға тәртіптік жазалау шаралары қолданылмайды.
      Сотталғандар осы қағидада көзделмеген заттар мен бұйымдарды өз еркімен тапсырған жағдайда оларға тәртіптік жазалау шаралары қолданылмайды.
      7. Медициналық қызметкер дене жарақаттарын, тері және жұқпалы ауру белгiлерiн анықтау мақсатында сотталғандарды сыртқы қарауын өткiзедi. Дене жарақаттарын анықтау фактiсі туралы жазбаша түрде қадағалаушы прокурорға дереу хабарланады. Бұдан әрі сотталғандарды шомылдыру және толық санитарлық тазарту жүргізіледі. Бұдан кейін сотталғандар карантин бөлiмшесiне орналастырылады, онда оларға, сондай-ақ ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға ұзақтығы 15 тәулiкке дейiн медициналық бақылау белгiленедi, медициналық тексеру жүргiзiледi. Карантин бөлімшесінде болу кезеңінде сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайында болады. Мекеме психологтары жаңадан келген сотталғандардың жеке басын зерделеу, оларды жаңа жағдайға бейiмдеу бойынша жұмыс жүргiзедi. Өзіне-өзi қол жұмсауға, өз денесіне қасақана қандай да бiр зақым келтіруге және басқа да заңға қайшы әрекеттерге бейiм адамдар анықталады. Зерделеу нәтижелерi бойынша жаңадан келген сотталғанның әрқайсысына психологиялық портрет жасалады, мекеменiң тиісті қызметiне олармен жұмыс iстеу бойынша ұсынымдар енгiзіледi. Осы кезеңде жұқпалы аурумен ауыратындар анықталған жағдайда, олар оқшауландырылады, мекемеде эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенi жүргiзіледi.
      8. Карантин бөлiмшесiнде болған уақытта сотталғандар ҚАК-ның 9-бабы 6-бөлігіне сәйкес және осы Қағидаларда белгiленген жаза өтеу тәртiбімен және шарттарымен, өздерiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен қол қойып танысады, жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіледі. Оларға мекемеде қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің техникалық құралдарын, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңында көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдарды және қаруды қолдану, ал сотталғандардың топтық бағынбаушылығы және жаппай тәртіпсіздігі жағдайында мекемеде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу туралы түсіндіріледі.
      9. Сотталғандардар кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі, жатын орындары ауыстырылмайды және перделенбейді. Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
      10. Сотталғандардың бастың шашты бөлігін біржарым сантиметрге дейін қысқа етіп алдыруды (сотталған әйелдерді қоспағанда), жинақы қиылған мұртты, сондай-ақ алынған сақалды көздейтін ұқыпты сыртқы пішіні болады.
      11. Сотталғандарды жасақтар (бөлiмшелер) және камералар бойынша бөлу туралы шешiмді олардың жеке тұлғалық ерекшелiктерiн, олардың еңбекке тартылуын, жалпы және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде оқуын ескере отырып, мекеме бастығы басқаратын мекеме комиссиясы қабылдайды. Комиссияның құрамына мекеме бастығының орынбасарлары, күзет, жедел, режим, тәрбие, арнайы, медициналық, психологиялық, өндiрiстiк қызметтердiң өкiлдерi кіредi. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде комиссия құрамына, бұдан басқа, жалпы бiлiм беретін мектептiң және өндiрiстiк-техникалық училищенiң қызметкерлерi кiредi. Комиссия талқылауының нәтижесі бойынша мекеме бастығының бұйрығы шығарылады.
      12. Сотталғанның мекемеге келгені туралы арнайы бөлім екі жұмыс күні ішінде сотталғанның таңдауы бойынша туысдарының біріне немесе заңды өкіліне мекеменің пошта мекенжайын, сотталғандардың сауқаттар, сәлемдемелер және бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiн, хат жазысу, ақшалай аударымдарын алу және жiберу, сыртқа шығулар, кездесулер ұсыну тәртiбiнiң негiзгi талаптарын, сотталғандардың телефон арқылы сөйлесу құқығын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолдайды.
      Сотталған шетел азаматтарының және қамаққа алынғанға дейін шет елде тұрақты тұрған азаматтығы жоқ адамдардың келуі туралы хабарлама, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолданады.

3. Сотталғандар мен мекемелер персоналының өзара қарым-қатынасы

      13. Мекеме қызметкерлерiмен және мекемелерге барған басқа да лауазымды адамдармен кездескен кезде сотталғандар орнынан тұрады және олармен амандасады.
      14. Сотталғандар мекеме қызметкерлерiмен «Сiз» деп сөйлеседі, оларды «мырза» немесе «офицер мырза» деп және одан әрi атағы, сондай-ақ аты және әкесінің аты бойынша атайды.
      15. Мекемелер қызметкерлерi сотталғандармен «Сiз» деп сөйлеседі, оларды «мырза» немесе «сотталған азамат», «сотталған азаматша» деп, тегі немесе аты, аты мен әкесінің аты бойынша атайды. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде қызметкерлер сотталғандармен «сен» және «тәрбиеленушi» деп, сондай-ақ атымен де атай алады.
      16. Мекемелер персоналына сотталғандармен және олардың туысқандарымен қызмет мүддесiне байланысты емес қандай да бiр қарым-қатынас жасасуға, сондай-ақ олардың қылмыстық-атқару заңнамасында және осы Қағидаларда реттелмеген қызметiн пайдалануға жол берілмейді.

4. Мекемелердегі күн тәртібі

1-Параграф. Күн тәртiбi

      17. Әрбiр мекемеде сотталғандардың қандай да бір құрамымен жұмыс жасау ерекшелiктерiн, жыл мезгілін, жергiлiктi жағдайды және басқа да нақты жағдайлар ескеріле отырып, мекеме бастығы бекіткен қатаң регламенттелген күн тәртiбi ұйымдастырылады.
      18. Күн тәртiбiне ұйқыдан тұру, тексеру, ұйқыға жату, дәретханаға бару, дене шынықтыру, тамақ iшу, жұмысқа тарату, жұмыста, оқуда, тәрбие және спорттық-бұқаралық іс-шараларда, кездесу бөлмелерінде, дүкенде, медициналық бөлімде болу, телефон арқылы сөйлесу уақыттары кiредi. Сотталғандардың үзiлiссiз сегiз сағаттық ұйқысы және оларға жеке уақыт беру көзделеді. Сотталғандардың жасақ бойынша аптасына кемінде бiр рет моншада жуынуы қарастырылады. Жасақтардың моншада жуыну күнi мен уақыты мекеме бастығы немесе оның мiндетiн атқарушы адам бекiткен кестемен белгiленедi, бұл ретте, бiр сотталғанның жуыну ұзақтығы отыз минуттан кем болмауы тиіс.
      19. Күн тәртiбi (Осы Қағидаларға 3-қосымшада қөрсетілген үлгi күн тәртібі) стенд түрiнде ресiмделедi және көзге түсетiн жерге (плацқа, камераларда, жасақ, карантин бөлімшесінің үй-жайларына) орнатылады немесе iлiнедi, персоналға және сотталғандарға жеткiзiледi.

2-Параграф. Сотталғандарды жұмысқа тарату

      20. Сотталғандар күн тәртiбiнде белгiленген уақытта жасақ, бригада бойынша жұмысқа тарату үшiн арнайы бөлiнген жерде сапқа тұрғызылады, бұл ретте карточкасы, тегi бойынша тексеру жүргiзiледi, олардың сыртқы пішіні және жынысы мен климаттық жағдайды ескере отырып, үлгісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген маусым бойынша белгіленген киім нысаны (бұдан әрі – белгіленген киім нысаны) тексерiледi.
      Мекемеде пайдалануға көзделмеген заттарды, бұйымдарды және заттектерді алып өтуіне жол бермеу мақсатында сотталғандар тексеріледі немесе тiнтiледi.
      21. Мекеме бастықтары мекеме аумағында орналасқан кәсіпорындардың бастықтарымен бірлесіп, еңбек жағдайын ескере отырып, сотталғандардың өндiрiс объектiлерiндегi жүрiс-тұрыс тәртiбiн белгiлейдi, онда сотталғандардың объектiлерге саппен келуi, цех (учаске) бастықтарының немесе шеберлерінiң нұсқаулық өткiзулерi, жұмыс қорытындысын шығару, жұмыс орындарын тапсыру тәртiбi қарастырылады.
      Камералық ұстау жағдайында сотталғандарды жұмысқа тарту ҚАК-нің 149-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      Сотталғандарды пайдалануға жол берілмейтін жұмыстар мен лауазымдар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген.

3-Параграф. Тамақтану

      22. Сотталғандар асханаға күн тәртібімен белгiленген сағатта таза киім мен аяқ киімде келеді. Тамақтану жасақ, бөлiмше, бригада бойынша асханада немесе жұмыс объектiлерiндегi тамақ тарататын үй-жайда жүзеге асырылады. Егер асхана тұрғын және өндiрiстiк аймақтардың түйіскен жерінде орналасса, жұмыстағы ауысымды тамақтандыру тұрғын аймақтағы адамдарды өндiрiсте жұмыс iстейтін сотталғандардан оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, асханада ұйымдастырылуы мүмкін.
      23. Тамақтанар алдында сотталғандар сыртқы киімдері мен бас киімдерін шешеді.
      24. Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балалардың тамақ құндылығы мен қуаттылығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген тамақтандырудың  заттай нормалары сәйкес болуы тиіс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, дайындалады және берiледi.
      25. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде таңғы, түскi және кешкi ас асханаларда ұйымдастырылады.
      26. Коммуналдық-тұрмыстық объектiлердiң (монша, шаштараз, кiр жуатын үй) үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында мекеме бастығының рұқсатымен осы объектiлерде жұмыс iстейтін сотталғандар жеке кесте бойынша тамақтанады.
      27. Жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайларында ұсталатын, сондай-ақ мекеменің аумағынын тыс жерде тұратын сотталғандар тұратын жерлерiнде немесе жұмыс объектiлерiнде тамақтанады.
      28. Камераларда ұсталатын сотталғандар тамақты камерада қабылдайды, ал жазаны өтеудің жеңiлдетiлген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандар асханада тамақтанады.
      29. Туберкулезден емдеуге арналған емдеу-профилактикалық мекемелерiнде ұсталатын сотталғандар медициналық көрсеткiштердің негiзiнде берілген емдеушi дәрiгердiң жазбаша рұқсатымен тамақты тұратын жерлерінде (медициналық палаталарда немесе туберкулездiң микробактерияларын бөлетiн сотталғандарға арналған бөлiмшелердегi ас қабылдау бөлмелерiнде) қабылдайды.
      30. Тәртіпті сақтау және сотталғандардың даулы жағдайларына жол бермеу мақсатында тамақтану кезiнде асханаларда мекеме әкiмшiлiгінің өкiлдерi мен әскерлердің әскери қызметшілері болады.
      Асханада тамақтану кезінде белгіленген тәртіп сақталуы тиіс.

4-Параграф. Сотталғандарды жеке қабылдау

      31. Мекеме басшылығы, сондай-ақ бөлiмдер мен қызмет бастықтары сотталғандарды жеке қабылдауды сотталғандардың назарына жеткізілетін кесте бойынша жүзеге асырады, бірақ кемінде аптасына 1 рет. Қабылдауға жазылған сотталғандарды есепке алуды әрбір жауапты жұмыскер сотталғандардың көтерген мәселелерi мен оларды қарау нәтижелерiн көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау журналында жүргiзедi. Мекеме бастығы журналдың жүргiзілуiн кемiнде айына бір рет бақылайды. Жеке қабылдау сотталғандардың алдын ала жазбаша өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
      Қажет болған жағдайда мекеме әкімшілігі сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүзеге асыру үшін Ұлттық ұланның өкілдерін тартады.
      Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жеке мәселелер бойынша қабылдауды күн сайын мекеме басшылығы, сондай-ақ бөлiмдер мен қызмет бастықтары жүзеге асырады.
      32. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi мекемеге барған кезде өздерiнiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша сотталғандарды қабылдайды. Осы қызметкерлер қабылдаған сотталғандардың есебi көрсетілген журналдың екiншi бөлiмiнде жүргiзiледi.
      33. Мекемелердің бастықтары немесе олар уәкiлеттiк берген адамдар қабылдау кезінде қабылданған шешiмдердiң орындалуын кемiнде айына бiр рет тексередi.

5-Параграф. Сотталғандардың бар-жоғын тексеру

      34. Мекемеде сотталғандардың бар-жоғын тексеру күн сайын таңертең және кешке күн тәртiбiнде белгiленген сағатта жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайларда сотталғандарға қосымша тексеріс жүргізіледі. Бір уақытта сотталғандардың сыртқы пішіні және киімнің белгіленген нысанға сәйкестігі тексеріледі.
      Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатындарды қоспағанда, сотталғандар үлгісі осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген сотталғандарға арналған кеуде және жеңге тағатын айырым белгілері бар киімдер киеді.
      Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде азаматтық киім қатаң стильге сәйкес болуы тиіс.
      35. Тексеру плацта жасақтар бойынша сапқа тұрғызу арқылы жүргізіледі. Сотталғандарды карточкалары бойынша салыстырып тексеру, содан кейін сотталғандардың жалпы санын есептеу жүргізіледі. Сапқа тұрғызудан түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар, төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылған сотталғандар, сондай-ақ тастап кетуі мүмкін емес жұмыстардағы сотталғандар босатылады. Мұндай адамдардың бар-жоғын тексеру олар орналасқан орындарда жүргiзiледі.
      Емдеу-профилактикалық мекемелерінде сотталғандарды тексеру оқшауланған учаскелер немесе палаталар бойынша жүргізіледі.
      36. Қолайсыз ауа-райы (жауын-шашын, қар, боран, бұршақ), сондай-ақ ауа температурасы - 25 градус және одан төмен болған кезде сотталғандарды тексеру тұрғын үй-жайларда жасақ бойынша өткiзiледi.
      37. Таңертеңгi және кешкi тексерулер 40 минуттан аспауы тиіс.
      38. Камераларда, тәртiптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында сотталғандардың бар-жоғын тексеру камера бойынша, ал жазаны өтеудің қатаң жағдайында ұсталатындар, қауiпсiз орындарда, жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайындағыларды, карантин үй-жайларындағы тексеру, олар тұратын жерінде жүргізіледі.
      39. Тексерудi жүзеге асыру үшiн әр сотталғанға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуретi бар карточка жасалады, онда тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), туған күнi, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) баптары, бас бостандығынан айыру мерзiмi, мерзiмiнiң басталуы мен аяқталуы, жасақ, бригада нөмiрi, мекемеге келген күнi көрсетiледi. Картотеканы кезекшi немесе режим қызметiнiң бекiтiлген қызметкерi жүргiзедi. Картотека кезекшi бөлiмде арнайы дайындалған жәшiкте сақталады. Профилактикалық есепке қойылған сотталғандардың тексеру карточкасына айыру жолақтары салынады: қашуға бейiм сотталғандар үшiн – қызыл түс; профилактикалық есептің басқа түрлеріне – қара түс.
      40. Қашуға бейiм ретiнде профилактикалық есепте тұрған сотталғандарды тегi бойынша карточкалық тексеру ұйқыға арналған уақытты қоспағанда, әрбiр екi сағат сайын, оларды жалпы тексеру жүргізетін орындарда сапқа тұрғызу арқылы қосымша жүзеге асырылады.

6-Параграф. Сотталғандардың мекеме шегiнде жүру тәртiбi

      41. Сотталғандар топтарының мекеме аумағы бойынша жүруі (саппен жүру тек сотталғандарды тексеру және тамақтану кезінде көзделген қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) тек саппен және белгіленген киім нысанында, олардың ішіндегі жетекшісінің басқаруымен немесе мекеме әкімшілігі өкілінің еріп жүруімен жүзеге асырылады.
      42. Жеке уақыты кезінде сотталғандар тек оқшауланған учаскелер шегiнде, ал мекеме аумағының басқа бөлiгiнде мекеме әкiмшiлiгі өкiлдерiнiң жазбаша рұқсатымен жүре алады.
      43. Жазасын қатаң жағдайда өтеушi сотталғандардың құлыпталатын үй-жайлардан тыс жерлерде жүруі тек қана мекеме әкiмшiлiгі өкiлдерiнiң еріп жүруi арқылы жүзеге асырылады.

5. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуы, сотталғандардың сауқат, сәлемдеме, бандерольдер алуы, қосымша қызметтер көрсету, мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттар мен құжаттарды алу тәртібі

1-Параграф. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың
тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып
алу, қосымша қызметтер ұсыну тәртiбi

      44. Сотталғандарға тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сату үшiн мекемелерде демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын жұмыс істейтін дүкендер ұйымдастырылады. Сотталғандар күн тәртiбiмен бөлiнген уақытта, кезекке тұруды (жасақ, бригада және камералар бойынша) ескере отырып, қолма-қол ақша төлемсiз осы дүкендердің қызметін пайдалана алады.
      Дүкендерде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн Заттар мен нәрселердің тiзбесiмен (бұдан әрі - Тізбе) рұқсат етілген барлық тауарлардың, заттар мен нәрселердің түр-түрінің болуы көзделеді.
      45. Жалғыз адамдық камераларда, қауiпсiз орында, жазаны өтеудің қатаң жағдайында ұсталатын, ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандар үшін тамақ өнімдерін, оның ішінде шайды және бiрiншi кезекте қажетті заттарды олардың өтiнiштерi бойынша мекеменің тиiстi қызметінің қызметкерлерi сатып алады. Сатып алынған тауар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш негізінде қолын қойғызу арқылы сотталғанға беріледi.
      46. ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандардан басқалары, сотталғандар өздерiнiң қалауы бойынша өз қаражаттары есебінен мекемелердің орналасқан ауданындағы коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындарының, денсаулық сақтау органдары медициналық мекемелерiнің қосымша қызметтерiн пайдалана алады.
      47. Қосымша қызметтерге: киiм және аяқ киiм, оның ішінде азаматтық үлгiдегi киімдерді тігу, оларды жөндеу, киiм тазалау, фото-бейне түсiру (мекеме әкiмшiлiгінің бақылауымен жүргiзiледi), шаштараз қызметi, сот құжаттарын, сотталғандардың жеке iстерiндегi өзге де құжаттардың көшiрмесiн жасау, нотариалдық қызмет, аудармашы қызметі, ақылы медициналық қызмет көрсету жатады.
      Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтейтін сотталғандар сырттай оқуға ақша төлеп, жоғары және орта бiлiмнен кейiнгi білім беру ұйымдарында оқи алады.
      48. Сотталғандардың өз қаражатынан төленетiн қосымша қызметтер олардың мекеме бастығының атына берген жазбаша өтініші бойынша көрсетiледi.
      Қосымша қызмет көрсету үшін мекеме әкімшілігі тиісті маманды (жұмыскер) шақыртады.
      49. Сотталғанның жазбаша өтінішінде көрсетілген қосымша қызметтер үшін төлем мекеменің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан қызмет көрсеткен тиiстi кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның немесе маманның (жұмыскердiң) атына пошта (телеграф) арқылы ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.

2-Параграф. Сотталғандардың сауқат, сәлемдеме, бандерольдерді алу тәртiбi

      50. Сотталғандар сәлем-сауқат және бандерольдердi мекемеге келген кезден бастап, ал сәлемдемелерді оларға кездесу ұсынған кезде ала алады. Оған құқығы жоқ адамдардың, сондай-ақ босатылған немесе қайтыс болғандардың атына келiп түскен кезде, олар керi қайтару себебiн, төлем сомасын көрсете отырып, жөнелтушiге қайтарылады. Басқа мекемелерге ауыстырылған сотталғандардың атына келген сауқаттар мен бандерольдер мекеменің есебiнен олардың жаңа ұсталатын жеріне жiберiледi.
      Сотталғандардың өздерінде болуға, сауқаттар, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекемелердің дүкендерінен сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесi осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген.
      51. Сауқат, бандерольдер және хат-хабардың жеткiзілуіне жауапты мекеме жұмыскерi оларды пошта бөлiмшесiнен алған кезде қаптамалардың, тапсырыс хаттар конверттерінің тұтастығын мұқият тексередi. Бүлінгені анықталған жағдайда екi данада актi жасайды (еркін нысанда), онда бүлінудің сипатын көрсетеді және оған пошта бөлiмшесi жұмыскерiнің қолын қойғызады. Бiр данасын пошта бөлімшесінде қалдырады, екiншiсiн жинақтау папкасына тiгедi.
      52. ҚАК-нің 136138140141145151-баптарында көзделгендермен қатар, кезектілер есебіне:
      1) сотталғанның босатылуына дейiн бiр ай бұрын алынған, қоймада сақталатын және босатылған күнi берiлетiн киiмдерi мен аяқ киiмi бар сауқат немесе сәлемдеме;
      2) сотталғанның тапсырысы бойынша кiтап сауда жүйесiнен алдырған бандерольдерi;
      3) ішінде жеке гигиеналық заттар мен iш киiмі бар сауқаттар мен бандерольдер;
      4) медициналық қорытындыға сәйкес дәрілік құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар есептелмейді.
      53. Сотталған жүкті әйелдер және бала емізетін аналар еркі бойынша медициналық қорытындымен айқындалатын санда және түр-түрімен азық-түлік сауқаттары мен сәлемдемелерді ала алады.
      54. Сауқат, сәлемдеме және бандерольдердiң ішіндегіні, сондай-ақ тапсырыс хаттарды адресаттардың қатысуымен жауапты жұмыскер мекеменің қызметкерлерiмен бiрге ашып қарайды. Тізбеде көзделмеген табылған заттар, бұйымдар мен заттектер алынады және осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес шешiм қабылданады.
      55. Сотталғандардың мекенжайына келіп түскен сауқат, сәлемдеме және бандерольдер ішіндегілердің және нысанын қылмыстық-атқару қызметі саласында уәкілетті орган белгілейтін олардың ішіндегілерінің тiзбесi мен салмағы сәлемдемелер мен бандерольдерді беруді есепке алу журналына тіркеледі, оның нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 536 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидалары) көрсетілген.
      56. Мекемеге келген сотталғандардың туысқандарына немесе өзге адамдарға мекеме әкiмшiлiгі тиiстi сауқат, сәлемдеме, бандерольдердiң орнына оларды сотталғандарға беру мақсатында мекеменің дүкенi арқылы тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алу мүмкiндiгi бар екенiн түсiндiредi. Мұндай жағдайда аталған адамдар сотталғандарға беру үшiн тамақ өнімдерінің және бiрiншi кезекте қажетті заттардың саны, салмағы көрсетілген екi данадағы өтiнiш бередi және олардың құнын төлейдi. Сотталғандар мұндай сәлемдемелердi алғаннан соң өтiнiштiң бiрiншi данасы осы сәлемдемелердiң құнын төлеген адамға берiледi, екiншi данасы жеке iске тiгiледi.
      57. Саны мен түр-түрі медициналық қорытындыда айқындалған, сондай-ақ сотталған жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға арналған сауқаттар мен сәлемдемелер тексеруден кейін адресаттарға беріледі. Медициналық қорытындыға сәйкес сотталғандар алатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мекеменің медициналық бөлімінің жауапты қызметкерлеріне беріледі.
      58. Тәртiптiк изоляторларда ұсталған сотталғандарға сауқат, сәлемдеме және бандерольдер жазалау шарасын өтегеннен кейін тапсырылады, ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға мекеме әкiмшiлiгi камерада тапсырады. Мекеме әкiмшiлiгi сауқат, сәлемдеме және бандерольдердің ішіндегілердің сақталуын қамтамасыз етедi, алайда ішіндегі заттардың ұзақ уақыт сақтау салдарынан табиғи бұзылуына жауапты болмайды.
      59. Мекеме әкімшілігінің рұқсатымен сотталғандар өз қаражаты есебінен туысқандарына және өзге де адамдарға мекеменің дүкенiнен сатып алынған тамақ өнімдерін және бiрiншi кезекте қажетті заттарды, сондай-ақ өзiнiң жеке пайдалануындағы немесе қоймада сақтаудағы заттар мен бұйымдарды сауқат және бандерольмен жiбере алады. Жіберуге арналған затты мекеме әкімшілігінің өкілдері сотталғанның қатысуымен қарап тексереді.

3-Параграф. Мекемелерде пайдалануға тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қою

      60. Тiзбеде көзделмеген заттарды, бұйымдарды, заттектерді, құжаттарды және тамақ өнімдерін алып қоюды мекеме қызметкерлері мен сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар жүзеге асырады.
      Заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар және тамақ өнімдері сотталғандардан анықталған сәтте алынады, үлгісі ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларында көрсетілген ол жөнінде баянат немесе акт жасалады және тексеріледі. Актіде тыйым салынған затты алған күн, уақыты, орны, сотталғанның және тыйым салынған затты анықтаған және алуды жүргізген қызметкердің деректері көрсетіледі.
      61. Сотталғандардан, сондай-ақ мекеме аумағынан табылған иесін табу мүмкін емес ақшаны, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды осы Қағидаларға сәйкес мекеме әкімшілігі алады және сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылуға жатады.
      Сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiне кірмейтін сотталғандардан, сондай-ақ мекеме аумағы мен мекемеге іргелес аумақтан алынған заттар, бұйымдар, заттектер, құжаттар және тамақ өнімдері мекеме әкімшілігінің комиссиялық шешімі бойынша туысқандарына немесе сақтауға беріледі немесе мекеме бастығының қаулысы бойынша жойылады, бұл туралы акті (еркін нысанда) жасалады.
      62. Алынған ақшаны және бағалы заттарды оларды алған лауазымды тұлғаның актiсi немесе баянаты бойынша, бiр тәулiк мерзiмнен (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) кешiктiрмей, кезекшi мекеме басшылығы тексеру туралы материалдарды жинауды жүзеге асыру тапсырылған қызметкерге сотталғандардан алынған ақша мен бағалы заттарды есепке алу журналына қолын қойдырып береді.
      63. Тізбеде белгіленген саннан артық сотталғандарда бар заттар алынады және сақтау үшiн қоймаға тапсырылады.

6. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың хат жазысуы, ақшалай аударымдарды жiберуі және алуы, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың кездесулері, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуі

1-Параграф. Сотталғандардың хат жазысу, ақшалай аударымдарын жіберу және алу

      64. Сотталғандардың өз қаражаты есебiнен хаттар мен жеделхаттарды шектеусiз алуы және жiберуi тек мекеме әкiмшiлiгi арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 86 қбпү бұйрығымен бекітілген Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте № 9754 болып тіркелген) (бұдан әрі - Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидаларына) жүргiзiледi. Мекеменің әрбiр оқшауланған учаскесiнде, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекеме әкiмшiлiгi белгiлеген орында пошта жәшiктерi iлiнедi, олардан демалыс және мереке күндерiнен басқа күндерi күн сайын соған уәкiлеттi лауазымды тұлғалар хаттарды жiберу үшiн алып отырады. Толық қауіпсіз мекемелерде, жалғыз адамдық камераларда және мекемелердің қауiпсiз орындарында сотталғандар хаттарын жiберу үшiн мекеме әкiмшiлiгiне бередi.
      Мекемелерде ондағы лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағымдар беруіне арналған арнайы пошта жәшіктерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Аптасына бір рет жиілігімен прокурор мекеме әкімшілігі өкілінің қатысуымен жүгінулерді алады, ол туралы тиісті акті толтырады. Арнайы пошта жәшіктері мекеме аумағында және үй-жайларда сотталғандарға қолжетімді жерде орнатылады.
      65. Мекемеден кетiп қалған сотталғандардың атына келген хаттар 3 тәулiктен кешiктiрiлмей оның жаңа тұрғылықты жеріне жолданады.
      66. Жеделхаттарды жөнелтуді сотталғандар мекеме әкiмшiлiгiнен алынатын белгiленген нысандағы бланкiлердi толтыру арқылы жүзеге асырады. Егер қалыптасқан жағдайлар (жеңілдемейтін күш, яғни бұндай жағдайларда төтенше және орынсыз) кедергi болмаса, жеделхаттарды жөнелту келесi күннен кешiктiрiлмей жүргізiледi. Жеделхатты жөнелту үшiн ақша төленгенi туралы түбiртек сотталған адамның жеке iсiне ол оған қол қойған соң тiгiледi.
      67. Сотталғандардың хат жазысуы Сотталғандар жіберетін және алатын хат-хабарға бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес бақылауға алынады.
      68. Сотталғандарға келiп түскен ақшалай аударымдар мекеменің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына аударылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларында көзделген Сотталғандардың атына жіберуге тыйым салынған заттар мен заттектерді хат-хабарлардан мекеме қызметкерлері коммиссиялық түрде тиісті акті (еркін нысанда) толтыру арқылы алады, оның бір данасы жіберушінің атына жолданады.
      Табылған ақша, бағалы заттар, сондай-ақ Тізбеде көзделмеген басқа да заттар, бұйымдар және заттектер алып қойылады, олар бойынша 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 481-бабына сәйкес шешім қабылданады.
      Жақын туыстарына және өзге де адамдарға аударым жiберу үшiн сотталған мекемедегі ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы өзiнiң ақшасының нақты сомасын аудару туралы өтiнiштi толтырады. Толтырылған өтiнiштердi қабылдауды мекеме әкімшілігінің уәкiлеттi лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Ақша аударымының жөнелтiлгенi туралы түбiртекке сотталғанның қолы қойылып хабарланады, ол оның жеке iсiне тiгiледi.
      69. Өзге адамдарға ақшалай аударымдарды жiберу кезiнде сотталған, бұдан басқа өз өтiнiшiнде ақша аударудың себебiн хабарлайды. Мекеме әкiмшiлiгiнiң осы өтiнiш бойынша шешiмi, әдетте, өтiнiш берiлген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей қабылданады. Қабылданған шешiм туралы сотталғанға қол қойдыру арқылы хабарланады.

2-Параграф. Сотталғандардың өтiнiштерi

      70. Сотталғандар тек өз атынан ғана өтiнiш беруге құқылы, бұл ретте жөнелту бойынша шығыстарды төлеу сотталғандардың мекемедегі ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      71. Өтiнiштер мекенжай бойынша мекемелердің әкiмшiлiгi арқылы жөнелтiледi. Олар мекеменiң арнайы есепке алу бөлiмдерiнде тiркеледi және үш тәулiктен кешiктiрiлмей адресатқа жiберiледі, ол туралы сотталғанға қолын қойдырып, хабарланады.
      72. Бас бостандығынан айыруға, ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандардың жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың қызметiн бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жiберетiн ұсыныстары, өтiнiштерi мен шағымдары бақылауға жатпайды және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей (демалыс және мереке күндерiн қоспағанда) тиесілігі бойынша жөнелтiледi.
      73. Сәлемдемелер, сауқаттар алу, кездесулер беру, ақша жұмсау, еңбекақы есептеу, еңбектi пайдалану, медициналық көмек көрсету, заттай мүлiкпен қамтамасыз ету мәселелерi, сондай-ақ мекеменiң әкiмшiлiгi шеше алатын осындай сипаттағы өзге де мәселелер жөніндегі өтiнiштер оларды органдардың немесе жiберiлген адамның қарау нәтижелерiн күтпестен шешiледi.
      74. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша келіп түскен жауаптар келiсiмен, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей қолхат арқылы сотталғанға хабарланады және олардың жеке iсiне тiгiледi.
      75. Жазбаша түрде баяндалған өтiнiштерге осы Қағидалардың 68-тармағының күші толығымен қолданылады.

3-Параграф. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға
кездесулер беру тәртiбi

      76. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы 2 тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер беріледі. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға ұзақтығы 5 тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімі кездесу беріледі. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Кәмелетке толмаған балаларға және асырап алған балаларға сотталғандармен кездесулер олардың заңды өкiлдерiнiң еріп жүруiмен берiледi.
      77. Ұзақ мерзімді кездесулер, бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын сотталғандардан басқа, әйелімен (күйеуімен), жақын туысқандарымен, сотталғанмен некеде тұрмайтын, бірақ одан баласы бар адамдарға беріледі.
      78. Сотталғандарға олардың сұрауы бойынша ұзақ мерзімді кездесуді қысқа мерзімді кездесуге, ал кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде мекемеден тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесуді мекеме шегінен тыс жерде шығумен қысқа мерзімді кездесуге ауыстыруға рұқсат беріледі.
      79. Кездесуге рұқсатты сотталғанның немесе онымен кездесуге келген адамның өтiнiшi бойынша мекеменің бастығы немесе оның орнындағы адам бередi. Кездесу беруден бас тартқан кезде сотталғандармен кездесуге өтiнiш бiлдiрушiнiң өтiнiшiне бас тартудың себебi туралы белгi жасалады.
      Кездесуге келген адамның жеке басын, сондай-ақ олардың туыстық байланыстарын куәландыратын құжаттар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттармен, сондай-ақ неке қию туралы куәлiк, қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының құжаттарымен куәландырылады.
      80. Кездесуге келген адамның немесе сотталғанның өтiнiшiн мекеменің кездесу бөлмесi бойынша жауапты бақылаушысы қабылдайды. Өтiнiштiң үлгiсi келушiлерге арналған бөлмеде көрнекi ақпарат тақталарында iлiнедi.
      81. Кездесуге келген адамдарды мекеме бастығы немесе оның орынбасары қабылдайды. Олар сотталғанның мінез-құлқы туралы хабарлайды және кездесу кезiндегi мінез-құлық қағидалары туралы, тыйым салынған сәлемдемелер беруге болмайтындығы туралы және белгiленген қағидалардың бұзылғаны байқалса, кездесудiң дереу тоқтатылатыны туралы ескертедi.
      82. Сотталғандар ұзақ мерзімді кездесулер кезеңiнде жұмыстан алдын-ала немесе соңынан өтейтiндей болып босатылады.
      83. Сотталғанға бiрiншi кездесу карантин бөлiмшесiнен бөлiнгеннен кейiн, тергеу изоляторында бұрын кездесу алғанына қарамастан, мекемеге келiсiмен берiледi. Қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзімді кездесу құқығы болған кезде қайсысын бiрiншi алуды сотталған анықтайды. Одан кейiнгi кездесулер он екi айды сотталғанға бiр жылда тиесiлi аталған түрдегi кездесулер санына бөлгендегi бөлiкке тең кезеңнiң өтуi бойынша берiледi.
      Кезектi кездесулердi беру мерзiмi жылдың аяқталуына немесе жаңа жылдың басталуына қарамастан, сотталғанға берiлген соңғы аталған түрдегi кездесу күнiнен, сондай-ақ өзге мекемеден ауысып келген кезден бастап есептеледi.
      Пайдаланылмаған кездесулерді жинауға жол берілмейді. Көтермелеу ретінде алған пайдаланылмаған кездесулер барлық жазасын өтеу мерзімі ішінде сақталады.
      84. Мекемелердің қалыпты қызметiне кедергi келтiретiн эпидемияға қарсы iс-шаралар өткiзу, табиғи апаттар, төтенше жағдайлар, сондай-ақ мекемеде ерекше режим жағдайын енгізу кезiнде кездесулер мекеме бастығының бұйрығымен уақытша тоқтатылады.
      Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша сотталғанға берiлмеген кездесу кейінірек беріледі.
      85. Мекемелер әкiмшiлiгi кездесуге келген адамдардың сұрауы бойынша кездесудiң ұзақтығын қысқартады. Кездесулердi бiрiктiруге немесе бiр кездесудi бiрнеше кездесуге бөлуге жол берiлмейдi.
      86. Сотталғандар кездесуге белгiленген киiм нысанында және ұқыпты күйiнде келуi тиіс. Ұзақ мерзімді кездесулер кезеңiнде олар қалауы бойынша туысқандары әкелген киiмдердi, iш киiмдердi және аяқ киiмдердi пайдалана алады. Сотталғандар кездесуге дейiн және одан кейiн толық тiнтуден өтедi.
      87. Сотталғанға бiр мезгiлде жанында сотталғанның кәмелеттiк жасқа толмаған аға-інілері, әпке-қарындастары, балалары, немерелерi бола алатын екi ересек адаммен мерзiмi ұзақ кездесуге рұқсат етiледi. ӨББА-ға сотталғандарға ұзақ мерзімді кездесулер олардың дағдылы және жеңiлдетiлген жағдайларда жазаларын өтеуi кезiнде рұқсат етіледі.
      88. Сотталғандармен кездесуге келген адамдар оларға мекеме әкiмшiлiгi кездесу тәртiбiн түсiндiрген соң ақшаларын, сондай-ақ сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде көрсетілмеген заттар мен құндылықтарын тексеру тобының қызметкерлеріне сақтауға тапсырады.
      89. Кездесуге келген адам сотталғанға мекемеде осы Қағидаларда көзделмеген заттар, бұйымдар және заттектерді беруге ниетi бар деп санауға жеткiлiктi негiз болса, мекеме бастығы мұндай адамға өзiне тиесiлi заттар мен киiмдердi тексеруге келiскен жағдайда ғана кездесу берiлетiнiн хабарлайды. Тексеру кезінде сотталғандардың сауқат, сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекеменің дүкендерінен алуға, өздерінде болуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің тiзбесiнде көрсетілмеген заттар мен құндылықтар табылған жағдайда немесе тексеруден бас тартқан кезде ол адам кездесуге жiберiлмейдi.
      Тексеру тәртібі ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларымен регламенттеледі.
      90. Келушi осы Қағидаларға сәйкес әзірленген мекеме әкімшілігі белгiлеген кездесу өткiзу кезіндегі мінез-құлық қағидасын, кездесу өткізу тәртібін бұзған кезде кездесу өткізу дереу тоқтатылады.
      91. Сотталғандармен кездесуге келген адамдардың қысқа мерзiмдi кездесу бөлмелерiне қандай да бiр тамақ өнімдерін немесе заттарды алып кiруiне жол берiлмейдi. Ұзақ мерзімді кездесуге тамақ өнімдерін (арақ-шарап өнімдері мен сыраны қоспағанда) кіргізуге рұқсат етіледі.
      Ұзақ мерзімді кездесу бөлмесіне кіргізілетін тамақ өнімдері және басқа заттарды тексеру тобы қызметкерлері мен кездесулер бөлмесі бойынша бақылаушы тексереді. Сотталғандардың ұзақ мерзiмi кездесу бөлмесiнен қандай да бiр тамақ өнiмдерiн немесе заттарды алып шығуына рұқсат етiлмейдi.
      92. Мекеме шегінен тыс ұзақ мерзiмдi кездесуге рұқсат берiлген кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жазасын өтейтін сотталғанға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат қағазы берiледi. Кездесу кезінде қадағалауды жүзеге асыру тәртібін мекеме бастығы анықтайды. Сотталғанға мекеме аумағынан тыс кездесу орнын өз еркiмен тастап кетуге жол берілмейді.
      Сотталғанның көтермелеу тәртібі ретінде кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекеменің шегінен тыс жерге мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ ата-аналары, немесе жақын туыстарының еріп жүруімен шығуы мекеме бастығының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
      Сотталғанға көтермелеу тәртібі ретінде демалыс және мереке күндерін қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер шегінен тыс өткізуге рұқсатты қауіпсіздігі барынша төмен мекеме орналасқан елдi мекеннің шегiнде мекеме бастығының бұйрығы негізінде ұсынылады.
      93. Ұзақ мерзiмдi кездесулер кезінде тұру үшін бөлмелер беру қызметтерін кездесуге келген адамдар не сотталғандар өздерінің жеке қаражаты есебінен төлейді.
      94. Кездесу түрлерiн ауыстыру сотталғанның жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
      95. Сотталғандарға заң көмегін алуы үшiн олардың өтiнiштерi бойынша адвокаттармен кездесулер олардың санына, ұзақтығына шектеу қоймай, құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда берiледi. Сотталғанның қалауы бойынша кездесулер бөлу қоршауынсыз оңаша берiлуi мүмкiн, ал ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға арнайы жабдықталған бөлмеде берiледi.
      Заңнамада белгіленген кездесулердің санына мұндай кездесулер кірмейді, олар түскі үзіліс уақытын қоспағанда, жұмыс уақытында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.
      96. Сотталғандардың некесін қию үшiн олардың өтiнiштерi бойынша азаматтық хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi лауазымды тұлғалармен және сотталғанмен некеге тұруға ниет бiлдiрген адаммен қысқа мерзiмдi кездесулер берiледi.
      97. Осы Қағидалардың 98 және 99-тармақтарында көзделген кездесулер түскі үзіліс уақытын қоспағанда жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі және ҚАК-ның 92, 136, 138, 140, 141, 143, 145, 151, 159-баптарында көрсетілген кездесулер санына есептелмейді.
      98. Емдеу-профилактикалық мекемелердегi сотталғандарға кездесулер сотталғандарда медициналық жағынан қарсы көрсеткiштер болмаған жағдайда ҚАК-нің 94137139141145147-баптарында белгіленген нормалар бойынша беріледі.
      99. Жұқпалы аурулар туындауын және таралуын ескерту мақсатында емдеу-алдын алу мекемелеріндегі сотталғандарға, бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратындарға ұзақ мерзiмді кездесулер берілмейді.
      100. Кездесулер беру туралы барлық өтiнiштер осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кездесулер беру туралы өтініштерді тіркеу журналында тiркелуi және сотталғандардың жеке iсiнiң материалдарына тігілуі қажет. Журналды кездесу бөлмесiндегi қадағалау жөнiндегi бақылаушы жүргiзедi. Бас тартылған жағдайларда сотталғанға дәлелдi жауап берiледi.

4-Параграф. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға
телефон арқылы сөйлесу ұсыну тәртiбi

      101. Телефон арқылы сөйлесулер сотталғанның жазбаша өтiнiшi бойынша берiледi, онда абоненттiң мекенжайы, телефон нөмiрi және 15 минут сөйлесу ұзақтығы көрсетiледi. Телефон арқылы сөйлесулер сотталғандардың немесе күйеуінің (әйелі), жақын туыстарының жеке қаражаттары есебінен төленеді. Телефон арқылы сөйлесулер алдында мекеме әкiмшiлiгi сотталғанды және телефон арқылы сөйлесетін адамды олардың бақыланатыны мен тыңдалатыны туралы ескертеді.
      102. Сотталғанға телефон арқылы сөйлесулерге сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін мекеме бастығы немесе оны алмастыратын адам сотталғанның жазбаша өтiнiшi негiзiнде, кезектілігі бойынша және кестеге сәйкес рұқсат етеді. Кешкі уақытта жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған жағдайларда телефон арқылы сөйлесулерге кезекші мекеме басшылығынан жауапты адамның келісімі бойынша рұқсат береді.
      Телефон арқылы сөйлесу жүргiзiлгеннен кейiн мекеменің сөйлесулерді жүргiзуге жауапты қызметкерi өтiнiшке болған немесе қандай да бiр себеппен болмай қалған телефон арқылы сөйлесу туралы тиiстi белгi қояды. Осыдан кейін өтініш тіркеледі және тиісті номенклатуралық іске енгізіледі.
      103. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстарын қоспағанда, мекемелерде ұсталатын сотталғандардың арасында телефон арқылы сөйлесулерге жол берілмейді.
      104. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларында ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ тәртiптiк изолятор немесе жалғыз адамдық камераға және уақытша оқшаулау үй-жайларында жабылған сотталғандарға жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған жағдайларда телефон арқылы сөйлесуге рұқсат беріледі.
      Осы телефон арқылы сөйлесулерді ұсынған кезде мекеме әкімшілігі сотталғанның қауіпсіздігін және оқшаулануын қамтамасыз етеді.
      105. Сөйлесулер жүргізу, телекоммуникация құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған немесе сөйлесу кезiнде этика және мораль нормаларын сақтамаған жағдайда сөйлесулер дереу тоқтатылады.

7. Сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарының шегiнен тыс жерге шығулар беру тәртiбi

      106. Мекемелерде ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ қауіпсіздігі аралас мекемеде белгіленген тәртіпте қалдырылған және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды атқару үшін толық қауіпсіз мекемесіне жіберілген сотталғандарға мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімге шығуларға рұқсат етіледі.
      107. Мекеменің шегінен тыс жерге қысқа мерзімге шығулар жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзалаға байланысты, бару-қайту жолына қажет (бес тәулiктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жеті тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі.
      Қысқа мерзiмді шығуға рұқсат беру туралы өтiнiшке ерекше жеке жағдайлардың барын растайтын құжаттар ҚАК-нің 113-бабында көрсетілген: денсаулық сақтау органдарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының анықтамалары және берiлген жерi бойынша iшкi iстер органдары куәландырған басқа да ресми құжаттар, сотталғанның босатылғаннан кейін еңбекке және тұрмыстық орналасу мәселелерiн алдын-ала шешу үшiн берген өтiнiшi және еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi аға инспектордың дәлелдi ұсынымхаты қоса берiледi.
      108. Мекеменің шегінен тыс жерге ұзақ мерзiмге шығулар жыл сайынғы ақылы демалыс уақытына, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға олардың өтініштері бойынша беріледі.
      109. Мекемелердің балалар үйлерiнде балалары бар сотталған әйелдерге балаларын туған-туыстарына не балалар үйiне орналастыру үшiн бару-қайту жолына қажет уақытты есептемегенде, мекеменiң шегiнен тыс жетi тәулiкке дейiнгi мерзiмге қысқа мерзiмге шығуға, ал мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедек балалары бар сотталған әйелдерге олармен кездесуi үшiн жылына дәл сондай мерзiмге бiр рет қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлуi мүмкiн.
      110. Сотталғанның мекеменің шегінен тыс жерге шығуы туралы өтiнiшiн сотталғанның жеке басын және мiнез-құлқын ескере отырып, тәулiктік мерзімде мекеме бастығы қарайды.
      Мекеменің шегінен тыс жерге шығуға рұқсатты сотталғанның жазбаша өтініші негізінде мекеме бастығы береді және мекеме бастығының бұйрығымен ресімделеді.
      111. Ұзақ мерзiмге немесе қысқа мерзiмге шығуға рұқсат алған сотталғанға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлiк берiледi, шығу тәртiбi түсiндiрiледi және оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтарғаны үшін ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық жауапкершiлігі туралы ескертiледi, ол туралы осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледi. Шығуға байланысты шығыстарды төлеуге ақшаны сотталғанның жеке қаражатынан, оның жазбаша өтiнiшi бойынша мекеменiң бухгалтериясы бередi.
      112. Жол жүру билеттерiн сотталған өз бетiнше немесе өзге адамдардың көмегімен сатып алады, мұндай мүмкіншілік болмаған жағдайда мекеме әкiмшiлiгi оған көмек көрсетедi.
      113. Шығу кезеңiнде сотталған өзiне тиесiлi азаматтық киiмi мен аяқ киiмiн алады.
      114. Сотталған белгiленген жерге келгеннен соң бiр тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмiне, ал ауылдық жерлерде учаскелік полиция инспекторына келеді және куәлiгiне келгенi туралы белгi жасатады, келу мақсатын, болатын жерi мен мерзiмiн, кететiн күнін хабарлайды. Шығу уақыты аяқталғаннан кейін сотталған сол iшкi iстер органында куәлiгiне мекемеге кеткенi туралы белгi қойдырып алуы тиіс. Мекемеге түнгi уақытта немесе таңертең ерте кететін кезде белгi кететін күннiң алдындағы күнi қойылады. Келген және кеткен күні туралы белгiлер iшкi iстер органының мөрiмен куәландырылады.
      115. Сотталған мекемеге келгеннен кейін куәлiгiн, жол жүру билеттерiн көрсетедi. Сотталғанның белгiленген мерзiмде шығуын қиындататын (жеңілдемейтін күш, яғни бұндай жағдайларда төтенше және күтпеген) мән-жайлар туындаған жағдайда, сотталғанның келген жерiндегi iшкi iстер органы бастығының қаулысы бойынша бұл туралы мекеме әкiмшiлiгiне мiндеттi түрде жедел хабарлай отырып, мекемеге кету мерзiмi бес тәулiкке дейiн ұзартылады.
      116. Шығу уақытында ауырып қалған және сотталғанды ауруханаға жатқызу қажет болған кезде сотталған не оның ата-анасы немесе жақын туыстары ол туралы сотталғанның жазасын өтеп жатқан мекеменiң әкiмшiлiгiне және келген жерiндегi iшкi iстер органына дереу хабарлайды. Бұл жағдайда сотталған денсаулық сақтау органдарының ең жақын емдеу мекемесiне жiберiледі. Емдеу аяқталған және шыққан соң сотталған жазасын өтеу орнына келедi.
      117. I және II топтағы мүгедек болып табылатын және денсаулық жағдайы бойынша үнемі күтiмдi қажет ететiн сотталғандарға, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандарға мекеме шегiнен тыс жерде шығуға туысының немесе өзге де еріп жүрген адамның бірге жүруімен рұқсат етiледi.
      118. ҚАК-нің 113-бабының 3-бөлігінде көрсетілген сотталғандарға мекеменің шегінен тыс жерге шығулар берілмейді.

8. Сотталғандардың қатаң жағдайларда жазасын өтеу тәртібі, сотталғандарды тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында, қауіпсіз орында, мекемелердегі камераларда ұстау шарттары

1-Параграф. Сотталғандардың қатаң жағдайда жазасын өтеуi

      119. Жазасын қатаң жағдайда өтеп жатқан сотталғандардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуы, оларға кездесулер, сейілдеулер, телефон арқылы сөйлесулер беру ҚАК-нің 109136138140141143145146151159-баптарында көзделген.
      120. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда қатаң жағдайда жазасын өтейтін сотталғандар тұратын үй-жайлар санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердiң толық кешенiмен жабдықталады. Сотталғандар мекемеде жазасын өтейтін адамдардың негізгі бөлігінен оқшау ұсталады.
      121. Қатаң жағдайда жазасын өтейтіндер тұратын үй-жайларды санитарлық тазартуды онда ұсталатын сотталғандар мекеме бастығы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.
      122. Жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептерде оқитын адамдар жазасын қатаң жағдайда өтеу кезеңінде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылардан кеңес алу мүмкiндiгi берiледi.
      123. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар, еңбекке пайдалану, тамақтану, медициналық тексеру, санитарлық тазарту, амбулаторлық емдеу, сотталғандарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау олардың тұратын жері бойынша ұйымдастырылады.

2-Параграф. Cотталғандарды тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұстау шарттары

      124. Тәртіптік изоляторда, жалғыз адамдық камерада және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұстау мерзімі мекеме бастығы қаулы шығарған сәттен бастап есептеледі.
      Жазалау тәртібінде жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған немесе тәртiптiк изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайларына жабылған сотталғандарға шай, сүлгi, сабын, тiс тазалайтын ұнтақ, паста, тiс щеткасы, темекі бұйымдарын, сіріңке, мерзімдік басылым және кітаптардан басқа, өздерiнде бар тамақ өнімдерін, жеке заттарын өздерiмен бiрге алуға рұқсат етілмейді.
      Кәмелетке толмағандарды қоспағанда, сотталғандарға өздерімен бірге темекі бұйымдарын және сіріңкелер алуға рұқсат етіледі.
      Жалғыз адамдық камераларда және тәртіптік изоляторда ұсталатын сотталғандар тек сейілдеу кезiнде ғана темекi тартады. Сотталғандарға тиесiлi шай, темекi бұйымдарын мен сiрiңке тәртіптік изолятор мен жалғыз адамдық камералардың үй-жайлардағы сақтау камерасында арнайы жабдықталған шкафта (жәшiкте) сақталады. Шай ас таратылатын уақытта ыстық сумен бiрге берiледi. Темекi бұйымдарын және сiрiңке күн тәртiбiне сәйкес сотталғандарды сейілге шығару кезінде берiледi.
      125. Сотталғандардың тамақ өнімдері қоймаға тапсырылады және олар жазалау шараларын өтегеннен кейін берiледi. Табиғи салдардан сотталғандардың тамақ өнімдері бұзылса мекеме әкiмшiлiгі комиссиялық түрде акт жасайды (ерікті нысанда) және олар жойылады.
      126. Сотталғандарды тәртiптiк изоляторларға, жалғыз адамдық камераларға және уақытша оқшаулау үй-жайларына қабылдау кезiнде олар толық тiнтуден өткiзiледi, содан соң осы үй-жайларға бекiтiлген киiмдердi киедi.
      127. Жалғыз адамдық камераларда ұсталатын сотталғандарға өздерiмен бiрге оқулықтар, қарындаштар, автоқаламсаптар, стерженьдер, дәптерлер, пошта маркаларын, ашық хаттар, конверттер ұстауға, кiтапхананы пайдалануға, кiтаптар, газет және журналдар жаздырып алуға рұқсат етiледi.
      128. Жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептерде оқитын адамдар тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында болған кезеңде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылардан кеңес алу мүмкiндiгi берiледi. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекеменің тәртiптiк изоляторларында ұсталатын сотталғандар тәртiптік изолятордың үй-жайында орналасқан оқу сыныптарына сабақтар шығарылады.
      129. Сотталғандар жалғыз адамдық камералардан режимді бұзғаны үшін тәртіптік изоляторларға ауыстырылған кезде олардың тәртіптік изоляторларда ұсталған мерзімі жалғыз адамдық камераларда ұстау мерзіміне есептелмейді. Сотталған тәртіптік изоляторда отырып жазаны өтеудің қылмыстық-атқару заңнамаларында белгіленген жазаны өтеу тәртібін өрескел бұзғаны үшін жалғыз адамдық камераға ауыстырылған жағдайда, жалғыз адамдық камераларда ұстау мерзімі тәртіптік изолятордағы жазасын өтегеннен кейін есептеледi.
      130. Тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұсталатын сотталғандардың жуынуы, әдетте, жабдықталған душ қабылдау бөлмелерінде бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылады.
      131. Тәртіптік изоляторларда, жалғыз адамдық камераларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұсталатын сотталғандарды медициналық тексеру және амбулаторлық емдеу арнайы жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады. Санитарлық тазарту басқа сотталғандардан бөлек жүргiзiледi. Науқас сотталғандар медициналық көрсеткiштерi бойынша жеке камераларға орналастырылады.
      132. Тәртiптiк изоляторларға қамалған, жалғыз адамдық камераларға және уақытша оқшаулау үй-жайларына ауыстырылған сотталғандарға төсек-орын жабдықтары тек ұйқы кезінде берiледi. Yй-жайдың шегiнен тыс жерге шығарылған кезде оларға маусым бойынша киiм берiледi.
      133. Тәртiптiк изоляторлардың және уақытша оқшаулау үй-жайларының камераларында кезекшiлiк және тазалау жұмыстары кезек бойынша әрбiр сотталғанға, ал жалғыз адамдық камераларда онда ұсталатын адамдарға жүктеледi. Кезекшiлікті қамтамасыз етуді осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекеме әкімшілігі белгiлейдi.
      134. Сотталғандарды, қасақана өз-өзiне қандай да бiр зақым келтіру немесе ауруын сылтауратумен байланысты емес себептер бойынша тәртiптiк изоляторлардан, жалғыз адамдық камералардан және уақытша оқшаулау үй-жайларынан емдеу-профилактикалық мекемелеріне ауыстырған жағдайда, олардың қылмыстық-атқару жүйесi органдарының емдеу-алдын алу мекемелерiнде болу мерзiмi жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi.
      135. Сотталғандарды тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камералардан медициналық көрсеткiштер бойынша немесе прокурордың талабы бойынша жүргiзiлген жағдайлардан басқа кездерде, мерзiмiнен бұрын босатуға жол берiлмейдi. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелердің тәртiптiк изоляторларында ұсталатын сотталғандар көтермелеу түрiнде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
      136. Мекеме бастығы болмаған кезде жасалған қылмыстың немесе режимдi өрескел бұзудың жолын кесу мүмкiн болмаса, сотталғандар кезекшiнің қаулысы бойынша мекеме бастығы келгенше, бiрақ 24 сағаттан аспайтын уақытқа тәртiптiк изоляторларға және уақытша оқшаулау үй-жайларына орналастырылуы мүмкiн. Бұндай оқшаулау тәртiптiк жазалау болып табылмайды.

3-Параграф. Сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру

      137. Сотталғандар мен басқа да адамдар тарапынан сотталғанның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасау қатері туындаған кезде, сотталған осындай қатер төнбейтін қауіпсіз орынға ауыстыру туралы мекеме әкімшілігіне жазбаша жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда, мекеме бастығы сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша шараларды дереу қабылдайды қолданады.
      Бұндай қатер төнудің пайда болуын анықтаған жағдайда, мекеме әкімшілігі оны немесе қатер көзін қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша шұғыл шараларды және олардың келісіміне қарамастан, сотталғанның жеке басына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты жасау мүмкіншілігін жоятын басқа да шараларды қабылдайды.
      Мекеме бастығы болмаған жағдайда, мекеме бастығы келгенше сотталғанды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді кезекші қабылдайды.
      138. Сотталғанды мекеме бастығының қаулысы бойынша 30 тәулiктен аспайтын мерзiмге, шұғыл жағдайларда бастық келгенше кезекшi, бiрақ 24 сағаттан аспайтын мерзiмге қауiпсiз орынға ауыстырады.
      139. Қажет болған жағдайда аталған мекемеде заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың келiсiмiмен қауiпсiз орында ұстау мерзiмi отыз тәулiкке дейiн ұзартылуы мүмкiн. Сотталғанды қауiпсiз орынға ауыстыру жазалау болып табылмайды.
      140. Осы мекемеде сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, мекеме бастығы сотталғанды басқа мекемеге оның жазасын одан әрі өтеу үшін жіберу (сотталғанның жеке басына қатер төндiретін адамды ауыстыру) бойынша шешiм қабылдайды.
      141. Жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептерде оқитын адамдар қауiпсiз жерде болу кезінде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылардан кеңес алу мүмкiндiгі берiледi.
      142. Мекеме бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын және қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдарға көмек көрсетеді.
      143. Қауіпсіз орын ретінде тәртіптік изоляторлардың және уақытша оқшаулау үй-жайларының камералары пайдаланылуы мүмкін, онда сотталған оны қауіпсіз орынға ауыстырғанға дейін белгіленген ұстау жағдайларында болады.

4-Параграф. Сотталғандарды мекемелердің камераларында ұстау жағдайлары

      144. Ұстаудың камералық жағдайында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеудің ерекшеліктері ҚАК-нің 146-148-баптарында белгіленген.
      145. Ұстаудың камералық жағдайындағы мекемелеріне сотталғандарды қабылдау осы Қағидалардың 2-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      146. Сотталғандар мекеменің камераларына ҚАК-нің 115-бабының 1-тармағында белгіленген тұрғын алаңы нормаларына сәйкес орналастырылады. Мекеменің әрбір камерасы жеке жатын орындарымен, киімге, iшкиiмге және ыдысқа арналған шкафтармен, радионүкте, санитариялық тораппен және қолжуғышпен жабдықталады. Әрбір корпус монша қондырғыларымен және душтармен жабдықталады.
      147. Камералық ұстау мекемесiне келген сотталғандарды кезекшi немесе оның орынбасары жедел бөлініс қызметкерінің және психологтың келiсімі бойынша карантин бөлiмшесінің камераларына орналастырады. Карантинде болудың белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн сотталғандарды мекеме комиссиясы камералар бойынша бөледi. Бiрге қылмыс жасаған, сондай-ақ туыстық байланыстары бар сотталғандар жеке (бөлек корпустарға) орналастырылады. Мекеме әкiмшiлiгi олардың арасында байланыстарды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
      148. Камераларда ұсталатын сотталғандардың телебағдарламаларды көруі және радиобағдарламаларды тыңдауы жұмыстан бос уақытта және күн тәртiбiнде түнгi демалуға бөлiнген уақыттан басқа, міндетті бұқаралық іс-шаралар кезінде жүзеге асырылады.
      149. Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тергеу изоляторларына ауыстырылған, оларға ұстау жағдайларына қарамастан күнделікті ұзақтығы бір жарым сағаттық сейілге шығу құқығы берілетін сотталғандарды қоспағанда, мекеменің камераларында ұсталатын сотталғандардың сейілге шығулары ҚАК-нің 111134138140141145146150159-баптарына сәйкес жүргiзiледi.
      150. Камерадан шығару және камераға қамау кезінде сотталғандар толық емес тiнтуден өткiзiледi. Сотталғандардың сатуына және пайдалануына тыйым салынған заттарды, бұйымдарды, заттектерді, құжаттар мен тамақ өнімдерін, қашуға дайындалуға арналған нәрселерді анықтау мақсатында камераларды тексеру жүргiзiледi, сондай-ақ құлыптардың, терезе торларының және басқа да жабдықтардың дұрыстығы тексерiледi.
      151. Мекемелердің камераларында сотталғандарды тексеру корпустарда тексеру карточкалары бойынша жүргiзiледi.
      152. Сотталғандардың жеке гигиена заттарын және тамақ өнімдерін қоспағанда, жеке заттары сақтау камераларына тапсырылады. Сотталғандарға тиесiлi темекi бұйымдары мен сiрiңке, оттықтар сақтау камераларындағы арнайы жабдықталған шкафтарда (жәшiктерде) сақталады. Сотталғандардың сақтау камераларынан заттарын алуы бекiтiлген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
      153. Сотталғандарды дәрiгердiң қабылдауына (медициналық тексеруге) алдын ала жазу бақылау қызметінің кезекшiлiгін қабылдау-тапсыру және сотталғандарды салыстырып тексеру кезiнде сотталғандардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Ауруханаға жатқызылған жағдайда сотталған мекеменің медициналық санитарлық бөлiмiнің стационарына ауыстырылады.
      154. Сотталғандарға темекі шегуге осы мақсаттарға арналған арнайы орындарда ғана рұқсат етіледі.

9. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына, сондай-ақ қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандардың жазаны өтеу ерекшеліктері

1-Параграф. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына сотталғандардың жазаны өтеу ерекшеліктері

      155. ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандар:
      1) мекеменің аумағы бойынша міндетті еріп жүрумен және қолына артқы жағынан тағылған қол кісендерімен, сондай-ақ көзіне киілген селдір емес материалдан жасалған таңғышпен (сейілдеу алаңдарында, монша бокстарында, тұрғын және жұмыс камераларында болу уақыттарынан басқа) алып жүргізіледі;
      2) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға камераларда ұстауға рұқсат берілген Заттар мен нәрселердің тізбесінде белгіленген нормаларға сәйкестікте заттар мен нәрселерді камераларда сақтайды.
      156. Жазаны өтеу кезеңінде қылмыс жасаған ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандар тергеу изоляторына ауыстырылмайды. Тергеу амалдары жазаны өтеу орны бойынша жүргізіледі.
      157. ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандарға медициналық көмек көрсету бекет дәлізінде орналасқан арнайы уақытша ұстау камерасында жүргізіледі, онда сотталғандарға қажетті көмек көрсетіледі. Сотталғандарды мекемелер аумағынан тыс жерге этаппен жөнелтуге жол бермеу мақсатында мекемеде арнайы кабинеттер жабдықталады, онда хирургиялық үстел, стоматологиялық кресло, рентген аппараты сотталғандарға қол кісенін бекітуге арналған кронштейнмен жабдықталған.
      Туберкулездің ауыр түріне және ішкі ағзаларының қабынуына шалдыққан ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандар камералық ұстау мекемелерінің медициналық изоляторларында болады. Камераларға әкімшілік келген кезде осы санаттағы сотталғандарды сапқа тұрғызу көзделмейді.

2-Параграф. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандардың жазаны өтеу ерекшеліктері

      158. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандарға:
      1) мекемелер аумағын өз бетiмен тастап кетуге;
      2) қызметтікті көлікті қоспағанда, көлiк құралдарын басқаруға;
      3) мекеменің аумағында ұялы байланыс құралдарын сақтауға және пайдалануға. Мекеме аумағында олар бақылау-өткізу пунктінде арнайы жабдықталған құлыптанатын ұяшықтарда сақталады;
      4) атыс және суық қаруды, есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттарды сатып алуға, сақтауға, сондай-ақ оны пайдалануға;
      5) әскери үлгiдегi киiмді киюге;
      6) алкагольдi iшiмдiктердiң барлық түрiн, сыра өндiруге, сатып алуға және пайдалануға;
      7) дәрiгердiң рұқсатынсыз құрамында есiрткi бар медициналық препараттарды сатып алуға және пайдалануға;
      8) жұмыс уақытында мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз жұмыс объектісін тастап кетуге жол берілмейді.
      159. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердегі сотталғандарда осы мекеменiң мөрiмен расталған, сотталғанның жеке басын куәландыратын мекеме әкімшілігінен суреті бар анықтамасы болады. Қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің аумағынан тыс жерде тұратын сотталғандарға осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетiлген анықтама берiледi.
      Сотталғандар тұратын жерiнiң мекенжайы өзгергенi туралы уақтылы қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің әкімшілігіне хабарлайды.
      Сотталғанның жеке басын куәландыратын құжаттар олардың жеке істерінде сақталады.
      160. Жеңілдетілген жағдайларда қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жеке басын зерделеген кейін, алайда жеңілдетілген жағдайға ауыстыру сәтінен бастап кемінде 3 ай өткеннен кейін мекеме бастығының қаулысымен мекеме орналасқан елдi мекеннiң шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен бірге тұруға осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат берiледі. Сотталғандар режимдi бұзған жағдайда, осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің бастығы жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында отбасымен бірге тұру құқығынан айыру туралы қаулы шығарады.
      161. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жеңілдетілген жағдайларда жазасын өтеп жатқан сотталғандар жатақханаларда немесе камераларда тұрады. Оларға ҚАК 143-бабының төртінші бөлігінде көрсетілгендерден басқа:
      1) апта сайын бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға;
      2) мекеме орналасқан елдi мекеннiң шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен бірге тұруға рұқсат етіледі. Бұл ретте, олар айына төрт рет мекемеге тіркеу үшін келіп тұрады, оның жиілігі мекеме бастығының қаулысымен белгіленеді және сағат 21-00-ден 07-00 дейін тұрғылықты жерінде болады. Мекемелер әкімшілігінің уәкілі сотталғандар тұрып жатқан тұрғын үй-жайларға тәуліктің кез келген уақытында келеді.
      162. Отбасы бар сотталғандарға мекеме орналасқан елдi мекеннiң шегiнде тұруға мынадай жағдайларда:
      1) сотталғанның және онымен бiрге тұратын туыстарының өтiнiштерi болған кезде. Сотталғанның өтiнiшiне онымен бiрге тұратын барлық кәмелетке толған отбасы мүшелерi мен туыстары қол қояды, онда олардың ҚАК 143-бабының талаптарымен танысқаны көрсетіледі;
      2) белгiленген тәртiпте расталған арызданушының немесе отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы) және тұру жағдайын (тұрғын үйге құқық белгілеуші құжаттардың немесе тұрғын алаңны, тұрғын үй-жайды жалға алу келісімшартының, неке, туу туралы куәліктердің көшірмелері) растайтын құжат;
      3) сотталғанның тұрғын алаңда тұру мүмкіндігін мекеме қызметкерлерінің комиссиялық тексеру актісі;
      4) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерден тыс аумақта отбасымен тұруға қаулы шыққаннан кейiн учаскелiк полиция инспекторының оның учаскесінде қадағалаудағы адамның тұратынынан хабардар екендігі туралы анықтамасы;
      5) сотталғанның қауіпсіздігі барынша төмен мекеме аумағынан тыс тұратын кезеңдегі мінез-құлық қағидаларымен және шектеулермен танысқаны туралы қолхаты;
      6) жұмыс орнынан берілген мінездеме;
      7) еңбек келісімшарты болған жағдайда рұқсат беріледі.

10. Мекемелердің шегінен тыс жерде тұру құқығы берілген жеңілдікті жағдайларда жазаны өтейтін сотталғандардың мінез-құлық тәртібі

      163. Орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары немесе төтенше қауіпсіз мекемелерде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жеңiлдiктi жағдайларда жазаны өтейтін сотталғандар нысаны қылмыстық-атқару қызметі саласында уәкілетті органмен белгіленетін рұқсатнама негізінде мекемелер шегінен тыс жерде тұру және қозғалу құқығына ие болады, рұқсатнама нысаны ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру қағидаларында көрсетілген.
      164. Жеңілдікті жағдайлардағы сотталғандарға мекемелерден тыс жерде тұру мекемеге іргелес аумақта арнайы жатақханалар болған кезде мекеме бастығының қаулысы бойынша рұқсат етіледі.
      165. Жұмыстан бос уақытында осы сотталғандар мекеме әкімшілігі белгілеген жатақхана аумағында (тұру объектісінде) болады және ҚАК-нің 11104-баптарында белгіленген талаптарды сақтайды.
      166. Жатақханадан (тұру объектісінен) тыс, сотталғандар:
      1) қозғалыс бағытын және уақытын, қоғамдық тәртіп қағидаларын, белгіленген киім нысанын сақтайды;
      2) жұмыстан кейін жатақханаға уақтылы оралады және келгені туралы мекеме әкімшілігінің өкіліне хабарлайды;
      3) мекеме жұмыскерлері және полиция қызметкерлерінің бірінші талабы бойынша рұқсатнаманы көрсетеді. Оны жатақханаға оралған кезде қадағалауды жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің өкіліне тапсырады.
      167. Сотталғандарға:
      1) күн тәртібінде белгіленбеген уақытта жатақханадан (тұру объектісінен) шығуға, ал жұмыс уақытында жұмыс объектісін тастап кетуге;
      2) сотталғандар мен өзге адамдардан жөнелту, беру үшін хаттар алуға және басқа тапсырмаларды орындауға;
      3) рұқсатнаманы басқа адамдарға беруге жол берілмейді.
      168. Мекемелерден тыс жерде тұру құқығына рұқсат етілген сотталғандардың осы мінез-құлық қағидалары сотталғанға қол қойғыза отырып хабарланады, ол күзетілетін периметр шегінен тыс жерде тұру және еркін қозғалу құқығын беру туралы қаулымен бірге оның жеке ісіне тігіледі.
      169. Мекеме шегінен тыс жерде тұратын сотталғандарға қысқа мерзімді кездесу сотталғандардың тұратын орындарында мекеме әкімшілігінің бақылауымен, ұзақ мерзімді кездесулер мекемелерде арнайы жабдықталған кездесулер өткізуге арналған бөлмелерде беріледі.
      170. Мекеме шегінен тыс жерде тұратын сотталғандарға телефон арқылы сөйлесулер осы Қағидалардың 101-105-тармақтарының талаптарына сәйкес тұратын орындарындағы жабдықталған үй-жайларда ұсынылады.
      171. Сотталғандардың шомылуы кесте бойынша тұратын орындарындағы жабдықталған душ бөлмелерінде жүзеге асырылады. Душ бөлмелері болмаған жағдайда жуыну мекеме аумағындағы моншада жүргізіледі.
      172. Мекемелер шегінен тыс жерде тұратын сотталғандарға медициналық қызмет көрсету мекеме аумағындағы медициналық бөлімдерде жүзеге асырылады.
      173. Мекеме шегінен тыс жерде тұру құқығы ұсынылған жеңілдікті жағдайларда жазасын өтейтін сотталғандар мекеме аумағындағы жалпы және кәсіби білім беру мектептерінде оқиды.
      174. Жазалау шарасы қолданылған мекемелер шегінен тыс жерде тұру құқығымен жеңілдікті жағдайларда жазасын өтейтін сотталғандар дереу айдауылдауға жатады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің
iшкi тәртіптеме қағидаларына 1-қосымша

нысаны

Жеке істе құжаттардың барын тексеруге арналған салыстыру
АКТІСІ

20__жылғы «__»_______     ____________облысы бойынша ҚАЖД __ мекемесі

      Бiз төменде қол қойғандар _____________________________________
                              (лауазымы, атағы, аты-жөнi көрсетiлсін)

________________ облысы бойынша ҚАЖД __________ мекемесінен,
________________ облысы бойынша ҚАЖД __________ мекемесіне келген
_____________________________________________________________________
(жеке iсiнде кемшiлiктер, аурулары, киiмiнiң маусымға сәйкестігі
                           көрсетiледi)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
сотталған ___________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, бабы, мерзiмi)
_____________________________________________________________________
қабылдау кезінде осы актiнi жасадық.

      _____________________________ _______________________________
           (лауазымы, атағы,            (лауазымы, атағы,
      _____________________________ _______________________________
              аты-жөнi)                      аты-жөнi)

      Ескерпе: актi 3 данада жасалады, бiрiншi данасы _______________ облысы, Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ға, екiншi данасы сотталған келген мекемеге және үшiншiсi сотталғанның жеке iсiне тiгiледi.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің
iшкi тәртіптеме қағидаларына 2-қосымша

нысаны

Кереуетті жинау
ҮЛГІСІ


 

Кереуетті жинау үлгісінің сипаттамасы

      Кереуетке кереуеттің негізімен түзетілетін матрас төселеді. Бұдан кейін кереуеттің жоғарғы бөлігінде матрас толық жабылу үшін ақжайма төселеді және конверт үлгісі бойынша матрастың астына қайырылады, бұл ретте ақжайма керіп тартылуы тиіс, осыдан кейін кереует қара-қоңыр түсті көрпешемен жабылады да керіп тартылуы тиіс. Жастық қағылып, жастықтың бір бұрышын жинап, кереуеттің бас жағына үш бұрышты етіп қойылады. Кереует арқалығының жоғарғы жағына сүлгі ілінеді, төменгі бөлігінің оң жағына сотталғанның деректері жазылған кереуеттік тақтайша орнатылады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің
iшкi тәртіптеме қағидаларына 3-қосымша

нысаны

Сотталғандардың күн тәртібі үлгiсі

Ұйқыдан тұру - таңғы сағат 6-да.(жексенбі және мереке күндері ұйқыдан тұру бір сағатқа кеш жүзеге асырылады)
Дене шынықтыру - 15 минутқа дейiн.
Дәретхана, төсек жинау - 10 минутқа дейiн.
Таңертеңгi және кешкi тексеру 40 минутқа дейiн.
Таңғы ас - 30 минутқа дейiн.
Жұмысқа тарату - 30 минутқа дейiн.
Жұмыс уақыты - еңбек заңнамасына сәйкес.
Түскi үзiлiс - 1 сағатқа дейiн.
Жұмыстан қайту, кешкi туалет - 30 минутқа дейiн.
Кешкi ас - 30 минутқа дейiн.
Жеке уақыты – күн тәртібінде белгіленбеген іс-шаралардан бос уақыт.
Тәрбие іс-шаралары - 1 сағатқа дейiн.
Мәдени-бұқаралық жұмыс, мектептегi, КТУ-дағы оқу - жеке кесте бойынша.
Ұйқыға дайындалу - 15 минутқа дейiн.
Ұйқы (үзiлiссiз) - 8 сағат.
Ескертпе:
      1. Күн тәртiбi әр мекемеде жергiлiктi жағдайларға, күннiң ұзақтығына, жыл маусымына қарай жасалады.
      2. Егер сотталғандар өндiрiсте бiрнеше ауысыммен жұмыс iстеген жағдайда, күн тәртiбi әр ауысым үшiн жасалады.
      3. Карантин бөлiмшесiнде, жазаны өтеудiң қатаң жағдайында, жалғыз адамдық камераларда, тәртiптiк изоляторларда және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұсталатын сотталғандардың күн тәртiбi жеке белгiленедi.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің
iшкi тәртіптеме қағидаларына 4-қосымша

Сотталғандарды пайдалануға жол берілмейтін
жұмыстар мен лауазымдардың
тiзбесi

      Сотталғандарды:
      қадағалау, бақылау және күзет техникалық құралдарын күту және жөндеу бойынша;
      оларға ерiктi жалданушы қызметкерлердi бағындырумен байланысты;
      сатушы, бухгалтерлер-операционисттер, кассирлер, азық-түлiк, зат қоймаларының меңгерушісі ретінде, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде күрделi және қымбат жабдықтармен жұмысқа пайдалануға жол берілмейді
      Сондай-ақ сотталғандарды:
      құпия және таралуы шектеулі құжаттарды, қызметкерлер мен сотталғандардың жеке істерін сақтау, сондай-ақ олармен жұмыс істеу;
      қару, оқ-дәрілер, қадағалау, бақылау және күзеттің арнайы құралдары мен техникалық құралдарын сақтау және есебін жүргізу, сондай-ақ дәрi-дәрмектердi, жарылғыш, уландырғыш және улы заттарды есепке алуды, сақтау және беру;
      ҚАЖ объектілерінді күзетуге тартылған жеке құрамды орналастыру жүзеге асырылатын үй-жайларда тікелей жұмыс істеуге тартуға жол берілмейді.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің
iшкi тәртіптеме қағидаларына 5-қосымша

нысаны

Сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
журналы

_____________________________________________________________________
(қабылдауды жүзеге асыратын лауазымды адамның лауазымы, атағы және тегi)

Басталды___________________
Аяқталды___________________


р/с

Қабылдау күні

Қабылдауға келген адамның тегi, аты-жөнi

Қойылған сұрақтардың мазмұны

Қабылданған шешiмдер

Орындалуы туралы белгi

1

2

3

4

5

6

Ескертпе:
Журнал екi бөлiмнен тұрады, нөмірленген, бау өткiзiлген, мөрленген және мекеменің кеңсе жұмыскерiнiң қолымен расталған болуы тиiс.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің
iшкi тәртіптеме қағидаларына 6-қосымша

нысаны

Сотталғандарға арналған омырауға және қолға тағатын
айыру белгiлерiнiң
ҮЛГIЛЕРI

Сотталғандардың омырауға және қолға тағатын белгілері үлгілерінің сипаттамасы

      Омырау белгiсі қолда бар өлшемі 90х40 мм тiкбұрыш түріндегі ақ түстi материалдан дайындалады.
      Белгi жасалатын жерде баспахана бояуымен сотталғанның тегі, аты-жөні және жасақ (бөлiмше) нөмірi көрсетiледi, ал шет-шетi бойынша ені 5 мм жиек жасалады.
      Сотталғандардың қатарындағы бригадирлер және шеберлер тек жұмыс орнында ғана өлшемі 300х120 мм тiкбұрышты нысанда «Бригадир», «Шебер», «Сотталғандардың ерікті ұйымы» деген тиiстi жазулары бар байланатын шүберек тағып жүредi.
      Омырау белгiлері киiмге кеуденiң оң жағына тiгiледi, қолға тағатын белгiлер сол қолдың жеңiне тағылады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің
iшкi тәртіптеме қағидаларына 7-қосымша

нысаны

Тексеру карточкасы

Карточка өлшемі 7х10 см қатты картоннан жасалады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің
iшкi тәртіптеме қағидаларына 8-қосымша

Сотталғандардардың өздерiнде болуға, сауқаттар,
сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы және мекемелердің дүкендерiнен сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің
тізбесі

      1) темекi бұйымдары, сіріңке, оттықтар (кәмелетке толмаған сотталғандардан басқа);
      2) белгiленген үлгiдегi киiм, бас киiм, шарф, аяқ киiм және төсек-орын жабдықтары, қолғап немесе биялай, бөлмеде киетін аяқ киім (бір дана) және, іш киiм (жылы және қарапайым), тұтастай қара, қою көк немесе қою қоңыр түсті футболка, свитер, спорт костюмі, спорт аяқ киімі бір жиынтықтан, (спорт костюмдері мен аяқ киім спорттық іс-шараларда қолданылады);
      3) бет орамал, белдiк, шұлық-ұйық бұйымдары, колготка, жiп, сүлгi;
      4) жуыну жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, дәретхана қағазы, тiс щеткасы, тiс ұнтағы, тiс пастасы, су сабын, шомылуға арналған гель, крем, қырынуға арналған көбік, металдан басқа тарақ, жөке немесе ысқыш, шарикті, гельді дезодорант);
      5) үш бұрышты орамал, рейтуз, белдiк, бюстгальтерлер, дәке, гигиеналық пакеттер, резеңкеден жасалған шаш қыстырғыш, мақта, спирттік негізде емес косметикалық қажеттіліктер, пластмассалық бигудилар (әйел үшін);
      6) жасақ бастықтарының есебінде сақталатын электр немесе механикалық ұстара, қауiпсiз ұстара (бiр рет қолданылатын);
      7) етiк щеткасы және киiм щеткасы, аяқ киiм кремi;
      8) көзілдірік, сабын және тiс щеткасының қаптары;
      9) жасақтың ас ішетін бөлмесінде сақталатын алюминии ыдыс (кружка, қасық, тәрелке), электр шәйнегі, зауытта жасалған электр су қайнатқыштар;
      10) үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нард);
      11) оқулықтар, оқушы дәптерi, пошта конверті, ашық хаттар, маркалар, қарындаш, автоқаламсап, сия және стерженьдер;
      12) кітапхананың оқу залында пайдалануға болатын көркем және өзге де әдебиеттер;
      13) соттың үкімдері мен ұйғарымдарының көшірмелері, ақша мен бағалы заттарды сақтауға берілген түбіртектер, фотокарточкалар, фотоальбомдар;
      14) бағалы емес металдардан жасалған денеге тағатын кресттер және табынатын заттар;
      15) балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектерге арналған арбалар, оправасы бағалы емес металдардан жасалған көзілдіріктер, контактiлiк линзалар және оларды күтiп-баптау құралдары (дәрiгердiң рұқсаты бойынша);
      16) телефонның Smаrt-карталары, банктік төлем карталары;
      17) жеке заттарды сақтайтын бөлмелерде сақталатын киім-кешек қабы немесе сөмке;
      18) мекеменің медициналық бөлімінде сақталатын дәрігерлерінің тағайындауы бойынша дәрілік препараттар;
      19) бала күтіміне арналған заттар (өздерімен бірге 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге дәрігердің рұқсатымен);
      20) жылытуды қажет етпейтін тамақ өнімдері (қайнатуды немесе пісіруді қажет етпейтін тез дайындалатын азықтық концентраттар), шай, ерігіш кофе, құрғақ сүт, табиғи шырын, балшырын, қантсыз және спиртсіз негіздегі шәрбат, металл немесе шыны ыдыстағы емес алкогольсіз ішімдіктер;
      21) бір адамға 0,5 литр есебінен өсімдік май және кемінде 0,75 кг. есебінен аспайтын тоң май;
      22) бір адамға кемінде 1 кг. есебінен жемістер мен көкөністер;
      23) бір адамға кемінде 1 кг. есебінен шұжық бұйымдары (ысталған және жартылай ысталған), шошқа майы, ірімшік;
      24) бір адамға кемінде 2 банка есебінен консервіленген ботқа, ет және өсімдік (көкөніс, жеміс) консервілері;
      25) нан өнімдері, кондитерлік өнімдер, кремделген кондитерлік өнімдерді қоспағанда;
      26) тұздықтар, майонез, бал.

Ескертпе:
      1. Көрсетiлген тiзбе мекемелердің дүкендерiнде қамтамасыз етiледi. Сотталғандар көрсетілген азық-түліктердің сақталу тәртібін бұзған, сондай-ақ бүлінген жағдайда бұзылған азық-түліктер тәркіленеді және жойылады;
      2. Басқа мекемеге ауыстыру кезiнде сотталғандар өзiмен бiрге тек жеке заттарын, тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажетті заттарын алады.
      3. Сотталғанға тиесілі тамақ өнiмдерiнiң, бiрiншi кезекте қажетті заттардың, аяқ киiмнiң, киiмдердiң және басқа да өндiрiстiк тауарлардың жалпы салмағы қоймадағыны қоса есептегенде 35 килограмнан, сонымен қатар кофе мен шай 2 килограмнан, сигарет пен папирос кемінде 20 қорап, темекі (табак) 2 килограмнан аспауы тиіс.
      4. Сотталғандардың осы тiзбеде көрсетiлмеген тамақ өнімдерін, бiрiншi кезекте қажеттi заттарды, өндiрiстiк тауарларды және өзге де заттар мен бұйымдарды сақтауларына жол берiлмейдi, тамақ өнімдерінің, заттар мен нәрселердің осы тізбесі түбегейлі болып табылады.
      5. Жұмысқа орналасқан сотталғандарға мекеме бастығының рұқсатымен өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс орнында міндетті түрде мүлік тізбесіне енгізілетін өзге де заттарды, құралдар мен материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі.
      6. Сотталғандардың меншігіндегі музыкалық аспаптар сақтау үшін қоймаға тапсырылады немесе клубтарға сақтауға беріледі. Оларды арнайы бөлінген үй-жайларда күн тәртібінде белгіленген уақытта пайдалануға рұқсат етіледі.
      7. Жалпы пайдаланудағы айналар монша үй-жайында және жасақтар мен камералардың жуынатын бөлмелерінде орнатылады (ТИ мен ЖАК-ден басқа).

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің
iшкi тәртіптеме қағидаларына 9-қосымша

нысаны

Ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында_______ теңге

Түбіртек №____________
оның iшiнде мекемедегі тапқан табысы _____________ теңге
Бухгалтер__________________          Сотталған_______________________
20___ жыл _________________

Өтiнiш

      Маған төмендегiдей тауарларды сатып алуға рұқсат етуiңiздi
сұраймын:


р/с

Тауардың атауы

Саны

Босатылғаны

Сомасы

1

2

3

4

5

Барлығы ___________________

      ____________________________________
              (сотталғанның қолы)

---------------------------------------------------------------

Қолхат

________________________________________ сомаға тауар алдым.
              (жазумен)

      Осы соманы менiң жеке есеп шотымнан шығаруды сұраймын.
      ___________________
      (сотталғанның қолы)

20__ жылғы _____________

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 10-қосымша

нысаны

Мекемелерден жолданған және келіп түскен сотталғандардың
хаттарын тiркеу журналы

Жолданған/келіп түскен күні

Сотталғанның
Т.А.Ә. (әкесінің аты болған кезде)

Адресаттың Т.А.Ә. (әкесінің аты болған кезде)

Жолдау мекенжайы

Ескертпе







Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 11-қосымша

нысаны

№ _______рұқсаттама

19___жылы ___________________ туған, Қазақстан Республикасы
ҚК-нің _________ бабы бойынша сотталған____________________________
___________________________________________________________________
            (сотталғанның тегi, аты, әкесiнiң аты)
      мерзiмінiң басталуы___________, мерзiмінiң аяқталуы _________, ___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы ҚАК-тің 106-бабына сәйкес кездесу ұсынудың
негізін көрсету, көтермелеу ҚАК 128 және 155-баптарына сәйкес)
байланысты_______ тәулiкке оған мекемеден тыс жерге ұзақ мерзiмді
кездесуге (көтермелеу тәртібінде мекемеден тыс жерге шығу құқығы)
      (керегiнiң асты сызылсын)
___________________________________________________________________
               (сотталғанның келетiн жерi)

рұқсат етiлді.
      Ол 20__ жылғы _______________________________________________
__________________________________ мекенжайдағы жазасын өтеу орнына
            (атауы)
мекемесiне қайтуға мiндеттi.

Мекенжайы бойынша _______________________________
телефон, телефакс _______________________________

Фотосуретке       Мекеме бастығы_________________
арналған                             (тегi)
   орын                         _____________
                                   (қолы)
      200___жылғы __________________
                        (қолы)

Iшкi iстер органы бастығының
сотталғанның келуi және кетуi
туралы белгiсi

Мекеменiң елтаңбалы               Келдi_____________________________
мөрiне арналған орын                    (күні, қолы, елтаңбалы мөр)
___________________________       Кеттi_____________________________
(сотталған қол қоятын орын)             (күні, қолы, елтаңбалы мөр)
 

№ ___ рұқсатнаманың түбiршегi

      Мекеме бастығының 20__ жылғы_______ №____бұйрығының негiзiнде
сотталғанға__________________________________________________________
             (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), туған жылы,
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы ҚК-нiң бабы, мерзiмi, мерзiмiнiң басталуы және
аяқталуы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы ҚАК-ге сәйкес шығу негiзiн көрсетілсін)
байланысты ұзақтығы ____ тәулiкке мекеме шегінен тыс жерге ұзақ
мерзiмді (немесе көтермелеу тәртібінде мекемеден шегінен тыс жерге
шығу құқығы)
        (керегiнiң асты сызылсын)
____________________________________________________________ берiлдi.               (сотталғанның келетiн жерi)

      Рұқсатнама 20_____ жылғы _______________ берiлдi.
      ________________________________________
              (сотталғанның қолы)
      20_____ жылғы__________________келдi.
      20_____ жылғы__________________кеттi.

      Арнайы есепке алу бөлiмiнiң бастығы____________________________
                                                   (тегi)
                                         ____________________________
                                                   (қолы)

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 12-қосымша

нысаны

Кездесулер беру туралы өтiнiштердi тiркеу
журналы

Өтiнiш берген сотталғанның (не өзге адамның) Т.А.Ә. (әкесінің аты болған кезде)

Кездесуге келген адамдардың Т.А.Ә. (әкесінің аты болған кезде)

Кездесуге кiм рұқсат бердi

Бас тарту себебi, егер ондай орын алса

Ескертпе







Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 13-қосымша

нысаны

№____ КУӘЛIК

19___жылы, ___________________________ туған, Қазақстан Республикасы
ҚК-ның _________ бабы бойынша сотталған _____________________________
____________________________________________________________.
    (сотталғанның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде))
      Мерзiмнiң басталуы___________, мерзiмнiң аяқталуы ____________,
_____________________________________________________________________
      (ҚР ҚАК-тың 113-бабына сәйкес шығу негiзiн көрсетілсін)
байланысты_______ тәулiкке, оның _______ тәулiгi жолға, оған
мекемеден ұзақ мерзiмге, қысқа мерзiмге
      (керегiнiң асты сызылсын)
_____________________________________________________________________
                 (сотталғанның келетiн жерi)
шығуға рұқсат берiлдi.
Ол 20__ жылғы _______________________________________________________
___________________________________ мекенжайдағы жазасын өтеу орнына
___________________________________ мекемеге қайтуға мiндеттi.
              (атауы)
Мекенжайы _______________________________________
телефон, телефакс _______________________________

Фотосуретке       Мекеме бастығы_________________
арналған                             (тегi)
   орын                         _____________
                                   (қолы)
      20___жылғы __________________
                          (қолы)

Iшкi iстер органы бастығының
сотталғанның келуi және кетуi
жөнiндегi белгiсi

Мекеменiң елтаңбалы            Келдi_______________________________
мөрiне арналған орын                  (күні, қолы, елтаңбалы мөр)
____________________________   Кеттi_______________________________
(сотталған қол қоятын орын)           (күні, қолы, елтаңбалы мөр)

№ ___ куәлiк түбiртегi

Мекеме бастығының 20__ жылғы____________ №____ бұйрығының негiзiнде
сотталғанға _______________________________________________________
                          (тегi, аты, әкесiнiң аты,
___________________________________________________________________
   туған жылы, ҚР ҚК-нiң бабы, мерзiмi, мерзiмiнiң басталуы және
___________________________________________________________________
                            аяқталуы)
___________________________________________________________________
      (ҚР ҚАК 113-бабына сәйкес шығу негiзiн көрсетілсін)
байланысты ұзақтығы ____ тәулiк, оның ____ тәулiгi жолға,
мекемеден ұзақ мерзiмге, қысқа мерзiмге
      (керегiнiң асты сызылсын)
___________________________________________________________________
                    (сотталғанның келетiн жерi)
шығуға рұқсат берiлдi.

      Куәлiк 200___ жылғы _______________ берiлдi.
      _____________________________________
             (сотталғанның қолы)
      20_____ жылғы__________________келдi.
      20_____ жылғы__________________кеттi.
      Арнайы есепке алу бөлiмiнiң бастығы____________________________
                                                  (тегi)
                                         ____________________________
                                                  (қолы)

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 14-қосымша

нысаны

Қолхат

      Мен, төменде қол қоюшы сотталған_______________________________
                                         (тегi, аты, әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
осы қолхатты қысқа (ұзақ) мерзiмге мекеменiң шегiнен тыс жерге
шығудың тәртiбi маған түсiндiрiлгендiгi жөнiнде беремiн.

      Маған бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден
жалтарғаным үшiн Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 427-бабы бойынша
жауапқа тартылатыным ескертiлдi.

      20___ жылғы______________ __________________________
                                   (сотталғанның қолы)

      Қолхатты алдым _____________________________________
                          (лауазымы, атағы, тегi)
                     ___________________
                           (қолы)

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 15-қосымша

нысаны

Сотталғандардың кезекшілігі

      Камераларда, жасақтарда, тәртіптік изоляторларда, жазаны өтеудің қатаң жағдайларында, карантин бөлімшелерінде, уақытша оқшаулау үй-жайларында тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында, кезекші жасақ бастығы бекіткен кестеге сәйкес:
      1) үй-жайларды тазартады (еден, раковина, унитаз жуу, бөлмені желдету, ауыз суға арналған бөшкені тазалау және жуу, оны қайнаған сумен толтыру), сейілдеу аяқталған соң сейілдеу алаңына тазалық жұмыстарын жүргізеді;
      2) мекемелер әкімшілігі қызметкерлеріне барлық оқиғалар мен бұзушылықтар туралы дереу хабарлайды;
      3) үй-жайларға мекеме әкімшілігінің қызметкерлері келген кезде «назар аударыңдар» деген команда береді және жатақханада ұсталынатындар саны, олардың қазір қайда екендіктері туралы мәлімдейді (ұйқыға жатқан кезден бастап таңғы тұруға дейінгі уақытта «назар аударыңдар» деген команда берілмейді).

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 16-қосымша

ӨББА-ға және ӨЖ-ге сотталғандардың камераларында болуға
рұқсат етiлетiн заттар мен нәрселердің
тiзбесi

      1. Төсек-орын жабдықтары:
      1) матрац, көрпе, жастық, жастық тысы - бір жинақтан, ақжайма, сүлгi (әрқайсысы кемінде 50 см.) екі жинақтан.
      2. Жеке гигиена бұйымдары:
      1) тiс пастасы (пластмасса ыдыста) - 1 дана;
      2) тiс щеткасы (құрамды, сабы жиналмалы) - 1 дана;
      3) электр ұстарасы - 1 дана;
      4) сабын, губкадан жасалған жөке (монша боксында, камераның артында бекiтiлген ұяшықта болады);
      5) бiр жолғы ұстара станогы (бекеттегi кезекшi бақылауымен моншаға түскен кезде берiледi);
      3. Жазу керек-жарақтары:
      1) жазу қағазы (металл скрепкаларсыз);
      2) пластмассалық корпустағы көк түстi пастасы бар автоқалам;
      3) қарындаш;
      4. Ыдыс-аяқ:
      1) пластмасса тәрелке (тамақ iшу уақытында берiледi);
      2) пластмассадан немесе ағаштан жасалған бокалдар мен қасықтар (камерада болады).
      5. Өзге де керек-жарақтар:
      1) ине мен жiп (корпус бойынша аға қызметкер белгiлi бiр уақытқа бередi);
      2) сотталғандардың жеке хаттары;
      3) туыстарының фотосуреттерi;
      4) үстел ойындары: шахмат, шашки, домино (картоннан жасалған);
      5) мекеме әкiмшiлiгi темекi керек-жарақтарымен қамтамасыз етпейдi, ал олар сотталғандарда болған кезiнде олар сейілдеу ауласына жақын камераға бекiтiлген ұяшықта сақталады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 17-қосымша

нысаны

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер аумағынан тыс жерде тұратын сотталғандарға берілетін анықтама №____АНЫҚТАМА

Құжаттың бірінші (беткі) бетінде «АНЫҚТАМА» жазуы бар

Мекеме _________________________________________________________
                            (шартты атаулар)

Осыны ұсынған сотталған _____________________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
мекеменің есебінде тұр___________________________________________
                                   (шартты атаулар)

3х4 фотосуретке      Оған осы мекенжай бойынша тұруға рұқсат берілді:
арналған орын       ________________________________________________
                                      (мекенжай)

Мөр орны___________   Мекеме бастығы_________________________________
                                      (атағы, тегі, аты-жөні, қолы)

___________________________
  (анықтама иесінің қолы)

20___жылғы «____»___________дейін жарамды

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 18-қосымша

нысаны

Мекеме аумағында немесе одан тыс жерде жалға алынған
немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұруға арналған
Қ А У Л Ы

      Сотталған _____________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
еңбек етуге адал қарайды және жазаны өтеу режимінің барлық талаптарын
сақтайды және отбасы бар.
      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 143-бабын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      Сотталған _____________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
еңбек етуге адал қарағаны және үлгiлi мiнез-құлқы үшiн мына мекенжай
бойынша отбасымен бiрге тұруға рұқсат етiлсiн:
_____________________________________________________________________
                (тұратын мекенжайы көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
Мекеме бастығы ______________________________________________________
                             (атағы, аты-жөнi, қолы)
20 ___ жылғы «___» _____________

Қаулы маған хабарланды, мекемеден тыс жерде тұру тәртiбi
түсiндiрiлдi. Мекемеге тiркелу үшiн айына 4 рет келуге мiндеттенемiн.
20___жылғы «___» ____________
      _____________________________
      (сотталғанның аты-жөнi, қолы)

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің 
iшкi тәртіптеме қағидаларына 19-қосымша

нысаны

Мекемеден тыс жерде жалға алынған немесе меншікті тұрғын
алаңында өз отбасымен тұру құқығынан айыру туралы
Қ А У Л Ы

Сотталған ___________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

20___жылғы «___» ___________ ________________________________________
      (мінез-құлық қағидасын бұзуға жол берiлген
_____________________________________________________________________
      мән-жайлар және сипаты не мекемеден тыс жерде тұру
_____________________________________________________________________
      құқығынан айыруға негiз болған себептер баяндалады)
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 131-бабын
басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      Сотталған _____________________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
20___ жылғы «__» __________ бастап мекеменің тыс жерде тұру құқығынан
айырылсын.
      Мекеме бастығы ________________________________________________
                               (атағы, аты-жөнi, қолы)

20___ жылғы «__» _____________